Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Арнайы экономикалық аймақтардың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 6 қазандағы № 624 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген "Ақтау теңіз порты" арнайы экономикалық аймағы туралы ережеде:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. "Ақтау теңіз порты" арнайы экономикалық аймағы (бұдан әрі – АЭА) қоса беріліп отырған жоспарға сәйкес Маңғыстау облысының аумағында Маңғыстау облысы Ақтау және Жаңаөзен қалаларының, Мұнайлы, Қарақия және Түпқараған аудандарының әкімшілік-аумақтық шекаралары шегінде орналасқан.
АЭА порттық арнайы экономикалық аймақ болып табылады.
АЭА аумағы Ақтау халықаралық әуежайын қоса алғанда, 4407,503 гектарды құрайды және Қазақстан Республикасы аумағының ажырамас бөлігі болып табылады.";
"Ақтау теңіз порты" арнайы экономикалық аймағы туралы ережеге қосымша осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген қаулымен бекітілген "Ақтау теңіз порты" арнайы экономикалық аймағының нысаналы индикаторлары осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
О. Бектенов |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 10 маусымдағы № 426 қаулысына 1-қосымша "Ақтау теңіз порты" арнайы экономикалық аймағы туралы ережеге қосымша |
"Ақтау теңіз порты" арнайы экономикалық аймағы аумағының жоспары
Р/с | Аймақтардың атауы: | Ауданы, гектар |
1. | Порттық аймақ | 656,3543 |
2. | Индустриялық аймақ | 2021,1487 |
3. | Логистикалық аймақ | 1730 |
Жиыны: | 4407,503 |
____________________
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 10 маусымдағы № 426 қаулысына 2-қосымша |
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 6 қазандағы № 624 қаулысымен бекітілген |
"Ақтау теңіз порты" арнайы экономикалық аймағының нысаналы индикаторлары
Р/с | Мақсаттар, міндеттер және көрсеткіштер | Өлшем бірлігі* | Базалық кезең 2024 жыл | 2027 жылға қарай қол жеткізу | 2032 жылға қарай қол жеткізу | 2037 жылға қарай қол жеткізу | 2042 жылға қарай қол жеткізу | 2047 жылға қарай қол жеткізу | 2052 жылға қарай қол жеткізу |
нысаналы индикатор | нысаналы индикатор | нысаналы индикатор | нысаналы индикатор | нысаналы индикатор | нысаналы индикатор | ||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
1 | Инвестициялардың жалпы көлемі, оның ішінде: | млрд теңге | 290 | 360 | 680 | 730 | 780 | 830 | 980 |
1.1 | шетелдік инвестициялар көлемі | млрд теңге | 170 | 177 | 305 | 320 | 340 | 365 | 395 |
1.2 | Отандық инвестициялар көлемі | млрд теңге | 120 | 183 | 375 | 410 | 440 | 465 | 485 |
2 | АЭА аумағында тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді (жұмыстарды) өндіру көлемі | млрд теңге | 450 | 570 | 900 | 1050 | 1200 | 1400 | 1600 |
3 | Қатысушылар саны (компаниялар) | бірл. | 50 | 58 | 90 | 105 | 120 | 135 | 150 |
4 | АЭА аумағында құрылатын жұмыс орындарының саны | адам | 2300 | 3300 | 5000 | 5200 | 5400 | 5600 | 5800 |
5 | АЭА аумағындағы өндірістің жалпы көлеміндегі қазақстандық қамту үлесі | % | 50 | 53 | 63 | 68 | 73 | 78 | 83 |
* - индикаторлардың көрсеткіштері өсу қорытындысымен келтірілген.