"Балаларды зорлық-зомбылықтан қорғау, суицидтің алдын алу және олардың құқықтары мен саламаттығын қамтамасыз ету жөніндегі 2023 – 2025 жылдарға арналған кешенді жоспарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 31 тамыздағы № 748 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 30 мамырдағы № 392 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Балаларды зорлық-зомбылықтан қорғау, суицидтің алдын алу және олардың құқықтары мен саламаттығын қамтамасыз ету жөніндегі 2023 – 2025 жылдарға арналған кешенді жоспарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 31 тамыздағы № 748 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Балаларды зорлық-зомбылықтан қорғау, суицидтің алдын алу және олардың құқықтары мен саламаттығын қамтамасыз ету жөніндегі 2023 – 2025 жылдарға арналған кешенді жоспарда:

      "Балалардың зорлық-зомбылықтан, жәбірленуден және оларға қатыгездікпен қараудан қорғалу құқығын іске асыру" деген 1-бөлімде:

      реттік нөмірі 6-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

6.

Балаларға қатысты зорлық-зомбылық пен жәбірлеуге қарсы ұлттық ақпараттық науқан жүргізу

ақпараттық науқан

жыл сайын желтоқсан

ОМ, МАМ, ЖАО

талап етілмейді

-

      ";

      "1.2. Орта мерзімді шаралар" деген кіші бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 23-1-жолмен толықтырылсын:

      "

23-1.

Ата-аналары немесе басқа заңды өкілдері бас тартқан кезде суицидтік қауіп болған жағдайда балаға қамқоршылық және қорғаншылық қызметтерін жүзеге асырушы органдардың шешімімен психологиялық көмек көрсету мүмкіндігін заңнамамен бекіту жөніндегі норманы заңнамалық бекіту

Қазақстан Республикасы Заңының жобасы

2025 жылғы желтоқсан

ОМ, ДСМ
 

талап етілмейді

-

      ";

      "Балалардың суицидтік және аутоагрессивті мінез-құлқының профилактикасы және оны түзету" деген 2-бөлімде:

      реттік нөмірі 28-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

28.

Өз-өзіне қол жұмсау құралдарына қол жеткізуді шектеу бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмысын жүргізу (шатырға шығуды бақылау, қошталмайтын контентті бұғаттау, дәрілік препараттарды жауапты қолдану)

ОМ-ге ақпарат

жыл сайын маусым, желтоқсан

ЖАО, ІІМ, ӨҚМ, ТЖМ, ДСМ, МАМ
 

талап етілмейді

-

      ";

      "2.1. Қысқа мерзімді шаралар" деген кіші бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 29-1, 29-2 және 29-3-жолдармен толықтырылсын:

      "

29-1.

Суицидтік мінез-құлқы бар балаларды медициналық ұйымдарға есепке қою бойынша педагогтер мен ата-аналар арасында кең ауқымды ақпараттық-түсіндіру науқанын өткізу

ОМ-ге ақпарат

2025 жылғы желтоқсан

ОМ, ДСМ, ЖАО

талап етілмейді

-

29-2.

Ұлттық фильмдердің басым тақырыптарының тізбесіне "Балалардың қауіпсіздігі" (қамқор ата-ана, бақытты балалық шақ, қателік құқығы) тақырыбын енгізу

фильм

2025 жылғы желтоқсан

МАМ

-

РБ (бюджет қаражаты шегінде)

29-3.

Кәмелетке толмағандардың денсаулығы мен дамуына зиян келтіретін ақпаратты қарайтын кәмелетке толмағандардың аккаунттарын анықтайтын цифрлық талдамалық бағдарламаларды жасау және енгізу бойынша әдістемелік ұсынымдар әзірлеу

әдістемелік ұсынымдар

2025 жылғы желтоқсан

ОМ
 

талап етілмейді

-

      ";

      "2.2. Орта мерзімді шаралар" деген кіші бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 37-1, 37-2, 37-3 және 37-4-жолдармен толықтырылсын:

      "

37-1.

Қазақстандағы жасөспірімдер арасындағы суицид мәселелері бойынша нақты кейстер негізінде жасөспірімдер суицидінің себептерін анықтауға бағытталған кешенді ғылыми зерттеу жүргізу

зерттеу нәтижелері бойынша ОМ-ге ақпарат

2025 жылғы желтоқсан

ҒЖБМ,
ДСМ, ОМ

-

РБ (бюджеттік қаражат шегінде)

37-2.

Профилактикалық тексеру (скрининг) барысында жасөспірімдердің аутодеструктивті бағытталған тұлғалық қасиеттерін ерте анықтау мақсатында жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі медициналық білім беру бағдарламаларына жалпы практика дәрігерлерін психиатрия саласындағы мамандану мәселелері бойынша оқыту бөлігінде өзгерістер енгізу

бағдарламалар

2025 жылғы тамыз

ДСМ

талап етілмейді

-

37-3.

Профилактикалық медициналық тексерудің дәрігерге дейінгі кезеңіне психоактивті заттарды қолдануға байланысты мінез-құлықтық тәуекелдерге бағалау жүргізу, сонымен қатар арнайы кезеңде профилактикалық медициналық тексеруді жүзеге асыратын профильді мамандар құрамына нарколог пен психиатрды қосу мәселелерін пысықтау

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

2025 жылғы желтоқсан

ДСМ, ОМ

талап етілмейді

-

37-4.

Педагог-психологтарды, психологтарды, әлеуметтік педагогтерді даярлайтын жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының білім беру бағдарламаларына "Профайлинг", "Әлеуметтік желілердегі профайлинг", "Жалғандықты анықтау" тақырыптарын енгізу

оқыту бағдарламасы

2025 жылғы желтоқсан

ҒЖБМ

талап етілмейді

-

      ";

      "Қазақстандық балалардың саламаттылық деңгейін арттыру" деген 3-бөлімде:

      реттік нөмірлері 42, 43 және 44-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:

      "

42.

Балалар мен жасөспірімдердің мәдени тәрбиесін арттыруға, шығармашылық әлеуетін дамытуға бағытталған іс-шаралар өткізу

ОМ-ге ақпарат

жыл сайын желтоқсан

ЖАО, МАМ, ОМ

2023 жылы – 22870, 23 млн теңге; 2024 жылы – 23214, 635 млн теңге; 2025 жылы – 23495, 218 млн теңге

ЖБ

43.

Балалар-жасөспірімдер спортын дамыту, мектептік спорт лигаларын құру және мектептік спорт клубтары арасында дене шынықтыру іс-шараларын ұйымдастыру

ОМ-ге ақпарат

жыл сайын желтоқсан

ЖАО, ТСМ, ОМ

2023 жылы – 48878, 783 млн теңге; 2024 жылы – 48339, 729 млн теңге; 2025 жылы – 51577, 685 млн теңге

ЖБ

44.

Кәмелетке толмағандарды қосымша білім берумен 100 % қамту бойынша шаралар қабылдау

ОМ-ге ақпарат

жыл сайын маусым, желтоқсан

ЖАО, ТСМ, МАМ, ОМ

2023 жылы – 81599, 203 млн теңге; 2024 жылы – 92327, 978 млн теңге; 2025 жылы – 1001355, 68 млн теңге

ЖБ

      ";

      "3.1. Қысқа мерзімді шаралар" деген кіші бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 47-1, 47-2 және 47-3-жолдармен толықтырылсын:

      "

47-1.

Балалар мен жасөспірімдерге көмек көрсету үшін психиатр- дәрігерлерді даярлауға арналған мемлекеттік тапсырыстың көлемін арттыру

ДСМ бұйрығы

2025 жылғы тамыз

ДСМ

-

РБ (бюджет қаражаты шегінде)

47-2.

Білім алушылар мен тәрбиеленушілерге өмірдегі төзімділік, коммуникация, бейімделу, тұлғалық өсу дағдыларын және күрделі жағдайларда қауіпсіз мінез-құлықты дамытуға бағытталған тренингтер өткізу

тренингтер, ОМ-ге ақпарат

2025 жылғы желтоқсан

ЖАО

талап етілмейді

-

47-3.

"Журналистика және ақпарат" кадрларын даярлау бағыты бойынша студенттерді трагедиялық оқиғаларды, резонансты қылмыстарды және суицидтерді масс-медиада этикалы түрде жариялау әдістеріне оқыту

ОМ-ге ақпарат

2025 жылғы желтоқсан

ҒЖБМ, МАМ

талап етілмейді

-

      ";

      реттік нөмірі 49-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

49.

Балалардың қоғамдық көліктердегі, вокзалдардағы, әуежайлардағы, адамдар көп жиналатын орындардағы, фильмдердің көрсетілімі алдында кинотеатрлардағы, мектептердегі, ауруханалардағы, балабақшалардағы, колледждердегі, жоғары оқу орындарындағы, алаңдардағы және т.б. қауіпсіздігі тақырыбын жариялау

ОМ-ге ақпарат

жыл сайын желтоқсан

ЖАО, КМ, ТСМ, ОМ, ДСМ, МАМ, ЦДИАӨМ, ТЖМ, ҒЖБМ

талап етілмейді

-

      ";

      Ескертпе: Аббревиатуралардың толық жазылуы мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын:

      "КМ – Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі;

      МАМ – Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі;

      ӨҚМ – Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі;

      ТСМ – Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрлігі".

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
О. Бектенов

О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 31 августа 2023 года № 748 "Об утверждении Комплексного плана по защите детей от насилия, превенции суицида и обеспечению их прав и благополучия на 2023 – 2025 годы"

Постановление Правительства Республики Казахстан от 30 мая 2025 года № 392

      Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Внести в постановление Правительства Республики Казахстан от 31 августа 2023 года № 748 "Об утверждении Комплексного плана по защите детей от насилия, превенции суицида и обеспечению их прав и благополучия на 2023 – 2025 годы" следующие изменения и дополнения:

      в Комплексном плане по защите детей от насилия, превенции суицида и обеспечению их прав и благополучия на 2023 – 2025 годы, утвержденном указанным постановлением:

      в разделе "1. Реализация права детей на защиту от насилия, буллинга и жестокого обращения с ними":

      строку, порядковый номер 6, изложить в следующей редакции:

      "

6.

Проведение национальной информационной кампании против насилия и буллинга в отношении детей

информационная кампания

декабрь ежегодно

МП, МКИ, МИО

не требуется

-

      ";

      подраздел "1.2. Среднесрочные меры" дополнить строкой, порядковый номер 23-1, следующего содержания:

      "

23-1.

Законодательное закрепление нормы по оказанию психологической помощи ребенку в случае суицидального риска по решению органа, осуществляющего функции по опеке или попечительству, при отказе родителей или других законных представителей

Законопроект Республики Казахстан

декабрь
2025 года

МП, МЗ
 

не требуется

-

      ";

      в разделе "2. Профилактика и коррекция суицидального и аутоагрессивного поведения детей":

      строку, порядковый номер 28, изложить в следующей редакции:

      "

28.

Проведение информационно-разъяснительной работы по ограничению доступа к средствам совершения самоубийств (контроль за доступом на крыши, блокирование нежелательного контента, ответственное применение лекарственных препаратов)

информация в МП

июнь, декабрь ежегодно

МИО, МВД, МПС, МЧС, МЗ, МКИ

не требуется

-

      ";

      подраздел "1.1. Краткосрочные меры" дополнить строками, порядковые номера 29-1, 29-2 и 29-3, следующего содержания:

      "

29-1.

Проведение широкомасштабной информационно-разъяснительной кампании среди педагогов и родителей по постановке детей с суицидальным поведением на учет в медицинские организации

информация в МП

декабрь 2025 года

МП, МЗ, МИО

не требуется

-

29-2.

Включение темы "Безопасность детей" (бережное родительство, счастливое детство, право на ошибку) в перечень приоритетных тем национальных фильмов

фильм

декабрь 2025 года

МКИ

-

РБ
(в пределах предусмотренных бюджетных средств)

29-3.

Разработка методических рекомендаций по созданию и внедрению цифровых аналитических программ, выявляющих аккаунты несовершеннолетних, просматривающих информацию, причиняющую вред их здоровью и развитию

методические рекомендации

декабрь 2025 года

МП
 

не требуется

-

      ";

      подраздел "2.2. Среднесрочные меры" дополнить строками, порядковые номера 37-1, 37-2, 37-3 и 37-4, следующего содержания:

      "

37-1.

Проведение комплексного научного исследования по вопросам подросткового суицида в Казахстане, направленного на выявление причин подросткового суицида на основании реальных кейсов

информация в МП по итогам исследования

декабрь 2025 года

МНВО МЗ,
МП

-

РБ
(в пределах предусмотренных бюджетных средств)

37-2.

Внесение изменений в образовательные программы медицинских организаций высшего и послевузовского образования в части обучения врачей общей практики вопросам специализации по психиатрии с целью раннего выявления аутодеструктивной направленности личности несовершеннолетнего в ходе профилактического осмотра (скрининга)

программы

август 2025 года

МЗ, МП

не требуется

-

37-3.

Проработка вопросов проведения оценки поведенческих рисков, связанных с употреблением психоактивных веществ, в доврачебном этапе профилактического медицинского осмотра, а также включения нарколога и психиатра в состав врачей профильных специальностей,
осуществляющих профилактический медицинский осмотр на специализированном этапе

информация в Аппарат Правительства Республики Казахстан

декабрь 2025 года

МЗ, МП

не требуется

-

37-4.

Включение тем "Профайлинг", "Профайлинг в социальных сетях", "Детекция лжи" в образовательные программы организаций высшего и (или) послевузовского образования по подготовке педагогов-психологов, психологов, социальных педагогов

программа обучения

декабрь 2025 года

МНВО

не требуется

-

      ";

      в разделе "3. Повышение уровня благополучия казахстанских детей":

      строки, порядковые номера 42, 43 и 44, изложить в следующей редакции:

      "

42.

Проведение мероприятий, направленных на повышение культурного воспитания, развитие творческого потенциала детей и подростков

информация в МП

декабрь ежегодно

МИО, МКИ, МП

2023 год – 22870, 23 млн тенге; 2024 год – 23214, 635 млн тенге; 2025 год – 23495, 218 млн тенге

МБ

43.

Развитие детско-юношеского спорта, создание школьных спортивных лиг и организация физкультурных мероприятий среди школьных спортивных клубов

информация в МП

декабрь ежегодно

МИО, МТС, МП

2023 год – 48878, 783 млн тенге; 2024 год – 48 339, 729 млн тенге; 2025 год – 51577, 685 млн тенге

МБ

44.

Принятие мер по 100 % охвату несовершеннолетних дополнительным образованием

информация в МП

июнь, декабрь ежегодно

МИО, МТС, МКИ, МП

2023 год – 81599, 203 млн тенге; 2024 год – 92327, 978 млн тенге; 2025 год – 101355, 68 млн тенге

МБ

      ";

      подраздел "3.1. Краткосрочные меры" дополнить строками, порядковые номера 47-1, 47-2 и 47-3, следующего содержания:

      "

47-1.

Увеличение объема государственного заказа на подготовку врачей-психиатров для оказания помощи детям и подросткам

приказ МЗ

август 2025 года

МЗ

-

РБ
(в пределах предусмотренных бюджетных средств)

47-2.

Проведение тренингов для обучающихся и воспитанников организаций образования, направленных на развитие навыков жизнестойкости, коммуникации, адаптации, личностного роста и безопасного поведения в сложных ситуациях

тренинги, информация в МП

декабрь 2025 года

МИО

не требуется

-

47-3.

Обучение студентов по направлению подготовки кадров "Журналистика и информация" методам этического освещения трагических событий, резонансных преступлений и суицидов в масс-медиа

информация в МП

декабрь 2025 года

МНВО, МКИ

не требуется

-

      ";

      строку, порядковый номер 49, изложить в следующей редакции:

      "

49.

Освещение темы безопасности детей в общественном транспорте, на вокзалах, в аэропортах, местах массового скопления людей, кинотеатрах перед показом фильмов, школах, больницах, детских садах, колледжах, организациях высшего и послевузовского образования, площадях

информация в МП

декабрь ежегодно

МИО, МТ, МТС, МП, МЗ, МКИ, МЦРИАП, МЧС, МНВО

не требуется

-

      ";

      Примечание: расшифровку аббревиатур дополнить строками следующего содержания:

      "МТ – Министерство транспорта Республики Казахстан;

      МКИ – Министерство культуры и информации Республики Казахстан;

      МПС – Министерство промышленности и строительства Республики Казахстан;

      МТС – Министерство туризма и спорта Республики Казахстан".

      2. Настоящее постановление вводится в действие со дня его подписания.

      Премьер-Министр
Республики Казахстан
О. Бектенов