Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Арнайы экономикалық аймақтардың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 6 қазандағы № 624 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген "Ақтау теңіз порты" арнайы экономикалық аймағы туралы ережеде:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. "Ақтау теңіз порты" арнайы экономикалық аймағы (бұдан әрі – АЭА) қоса беріліп отырған жоспарға сәйкес Маңғыстау облысының аумағында Маңғыстау облысы Ақтау қаласының, Мұнайлы, Қарақия және Түпқараған аудандарының әкімшілік-аумақтық шекаралары шегінде орналасқан.
АЭА порттық арнайы экономикалық аймақ болып табылады.
АЭА аумағы 2322,1719 гектарды құрайды және Қазақстан Республикасы аумағының ажырамас бөлігі болып табылады.";
көрсетілген қаулымен бекітілген "Ақтау теңіз порты" арнайы экономикалық аймағы туралы ережеге қосымша осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
Ә. Смайылов |
| Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 10 ақпандағы № 107 қаулысына қосымша "Ақтау теңіз порты" арнайы экономикалық аймағы туралы ережеге қосымша |
"Ақтау теңіз порты" арнайы экономикалық аймақ аумағының жоспары

Р/с № | Аймақтардың атауы | Ауданы, гектар |
1. | Порт аймағы | 371,6719 |
2. | Индустриялық аймақ | 1950,5 |
Жиыны: | 2322,1719 |
