Ескерту. Қаулының тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 19.08.2025 № 645 қаулысымен.
"Өнеркәсіптік саясат туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 38-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" акционерлік қоғамы өңдеу өнеркәсібінің Қазақстанда шығарылған жоғары технологиялық тауарларын және көрсетілетін қызметтерін шетелдік сатып алушыларға екінші деңгейдегі банктердің, Қазақстанның Даму Банкінің, лизингтік қызметті жүзеге асыратын өзге де заңды тұлғалардың берілетін кредиттер және жасалатын лизингтік мәмілелер бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялауын жүзеге асыратын қаржы агенті болып айқындалсын.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 19.08.2025 № 645 қаулысымен.2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
Ә. Смайылов |