Ескерту. Қаулының тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 16.09.2020 № 587 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
"Мемлекеттік статистика туралы" 2010 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы 11-бабының 3) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы халқының ұлттық санағы:
1) 2021 жылғы 1 қыркүйектен бастап 15 қазан аралығындағы кезеңде интернет желісі арқылы онлайн режимде;
2) 2021 жылғы 1 – 30 қазан аралығындағы кезеңде планшеттерді пайдалану арқылы өткізілсін.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 26.05.2021 № 350 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.2. Қоса беріліп отырған 2021 жылы Қазақстан Республикасы халқының ұлттық санағын өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспары (бұдан әрі – Жоспар) бекітілсін.
Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 16.09.2020 № 587 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).3. Орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар:
1) Жоспарда көзделген іс-шаралардың уақтылы орындалуын қамтамасыз етсін;
2) есепті тоқсаннан кейінгі айдың 5-күнінен кешіктірмей Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігіне Жоспар іс-шараларының іске асырылу барысы туралы ақпарат берсін.
Ескерту. 3-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 26.05.2021 № 350 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.4. Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі (келісу бойынша):
1) есепті жылдан кейінгі 10 қаңтардан кешіктірмей Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесіне Жоспар іс-шараларының іске асырылу барысы туралы жиынтық ақпарат берсін;
2) 2021 жылы Қазақстан Республикасы халқының ұлттық санағын дайындау мен өткізуге байланысты ұйымдастырушылық және нұсқаушылық мәселелерді шешу үшін арнайы комиссия құрып, оған орталық және жергілікті атқарушы органдардың қызметін үйлестіруді жүктесін.
Ескерту. 4-тармаққа өзгерістер енгізілді – ҚР Үкіметінің 16.09.2020 № 587 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 26.05.2021 № 350 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
А. Мамин |
| Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 19 маусымдағы № 419 қаулысымен бекітілген |
2021 жылы Қазақстан Республикасы халқының ұлттық санағын өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспары
Ескерту. Іс-шаралар жоспары жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 26.05.2021 № 350 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Р/с № | Іс-шара | Аяқталу нысаны | Орындауға жауаптылар | Орындалу мерзімі | Қаржыландыру көлемі (мың теңге) | Қаржыландыру көздері |
| 1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
|---|---|---|---|---|---|---|
1. | 2021 жылы Қазақстан Республикасы халқының ұлттық санағын дайындау мен өткізуге байланысты ұйымдастырушылық және нұсқаушылық мәселелерді шешу үшін арнайы комиссия құру | Премьер-Министр өкімі | СЖРА (келісу бойынша) | 2021 жылғы I – II тоқсандар | - | талап етілмейді |
2. | 2021 жылы Қазақстан Республикасы халқының ұлттық санағын өткізуге жәрдемдесу жөнінде өңірлік комиссиялар құру | әкімдердің өкімдері | облыстар, республикалық маңызы бар қалалар мен астана әкімдіктері | 2021 жылғы I – II тоқсандар | - | талап етілмейді |
3. | Санақ парақтарына, 2021 жылы Қазақстан Республикасы халқының ұлттық санағын өткізу бойынша әдіснамалық құралдарға, сондай-ақ мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл туралы бірлескен актілерге өзгерістер енгізу | бұйрықтар | СЖРА (келісу бойынша), Қорғанысмині, Қаржымині, ІІМ, ТЖМ, ҰҚК (келісу бойынша), СІМ, ДСМ, БҒМ, Еңбекмині, облыстар, республикалық маңызы бар қалалар мен астана әкімдіктері | 2021 жылғы I – II тоқсандар | - | талап етілмейді |
4. | Әкімшілік-аумақтық бірліктердің тізбесін және шекараларын нақтылау, көше атауларын, орам, үй және пәтер нөмірлерін ретке келтіру бойынша іс-шаралар өткізу, ПИК, ТҚК, басқарушы компаниялармен тұратын халық санын нақтылау бойынша жұмыстарды жүргізу | СЖРА-ға ақпарат | облыстар, республикалық маңызы бар қалалар мен астана әкімдіктері |
2019 жылғы ІІІ – IV тоқсандар | бөлінген қаражат шегінде | жергілікті бюджет |
5. | Жабдықтарды, ұйымдастыру техникасын, портативтік-есептеу құрылғыларын (планшеттер), бағдарламалық өнімдерді сатып алу, бағдарламалық қамтылым (е-Статистика) модульдерін пысықтау және басқалары | орындалған жұмыстар актісі | СЖРА (келісу бойынша), Қаржымині, ЦДИАӨМ | 2019 жылғы ІІІ – IV тоқсандар | 002101 "Статистикалық ақпаратты ұсынуды қамтамасыз ету" бюджеттік бағдарламасы шеңберінде бөлінген қаражат шегінде | республикалық бюджет |
6. | Картографиялық материалдарды (елді мекендердің карталарын және схемалық жоспарларын) дайындау, бекіту және СЖРА-ға ұсыну | бекітілген картографиялық материалдар | облыстар, республикалық маңызы бар қалалар мен астана әкімдіктері, ЦДИАӨМ |
2020 жылғы І – ІІ тоқсандар | бөлінген қаражат шегінде | жергілікті бюджет |
7. | Картографиялық материалдарды (елді мекендердің карталарын және схемалық жоспарларын) тираждау | картографиялық материалдар | СЖРА (келісу бойынша) |
2020 жылғы І – ІІ тоқсандар | 002101 "Статистикалық ақпаратты ұсынуды қамтамасыз ету" бюджеттік бағдарламасы шеңберінде бөлінген қаражат шегінде | республикалық бюджет |
8. | Халық арасында 2021 жылы Қазақстан Республикасы халқының ұлттық санағын өткізу мақсаттары мен тәртібі туралы жаппай түсіндіру жұмыстарын жүргізу | роликтер, баннерлер, жарнама және басқалар | СЖРА (келісу бойынша), АҚДМ, облыстар, республикалық маңызы бар қалалар мен астана әкімдіктері | 2020 жылғы ІІ тоқсан 2021 жылғы ІІ – IV тоқсандар | 002101 "Статистикалық ақпаратты ұсынуды қамтамасыз ету" бюджеттік бағдарламасы шеңберінде бөлінген қаражат шегінде | республикалық және (немесе) жергілікті бюджеттер |
9. | Санақ персоналын іріктеу және оқыту | бұйрық | СЖРА ҰСБ аумақтық бөлімшелері (келісу бойынша) | 2020 жылғы ІІ тоқсан 2021 жылғы ІІ – IV тоқсандар | 002101 "Статистикалық ақпаратты ұсынуды қамтамасыз ету" бюджеттік бағдарламасы шеңберінде бөлінген қаражат шегінде | республикалық бюджет |
10. | Санақ персоналын үй-жайлармен қамтамасыз ету | СЖРА-ға ақпарат | облыстар, республикалық маңызы бар қалалар мен астана әкімдіктері | 2020 жылғы ІІ тоқсан 2021 жылғы ІІ – IV тоқсандар | 002101 "Статистикалық ақпаратты ұсынуды қамтамасыз ету" бюджеттік бағдарламасы шеңберінде бөлінген қаражат шегінде | республикалық және (немесе) жергілікті бюджеттер |
11. | Елді мекендердегі тұрғынжайлар, тұрғын үйлер (тұрғын ғимараттар) және тұрғын емес үй-жайлардың тізімін жасау | СЖРА-ға ақпарат | СЖРА ҰСБ аумақтық бөлімшелері (келісу бойынша), облыстар, республикалық маңызы бар қалалар мен астана әкімдіктері |
2020 жылғы ІІ тоқсан | 002101 "Статистикалық ақпаратты ұсынуды қамтамасыз ету" бюджеттік бағдарламасы шеңберінде бөлінген қаражат шегінде | республикалық бюджет |
12. | Санақ құралдарын (анықтамаларды, түсіндірмелерді, санақ персоналының куәліктерін және басқаларды) тираждау | орындалған жұмыстар актісі | СЖРА (келісу бойынша) | 2020 жылғы I – II тоқсандар | 002101 "Статистикалық ақпаратты ұсынуды қамтамасыз ету" бюджеттік бағдарламасы шеңберінде бөлінген қаражат шегінде | республикалық бюджет |
13. | 2021 жылы Қазақстан Республикасы халқының ұлттық санағын өткізу бойынша күнтізбелік жоспарды әзірлеу және бекіту | бұйрық | СЖРА (келісу бойынша) | 2020 жылғы IV тоқсан | - | талап етілмейді |
14. | 2021 жылы Қазақстан Республикасы халқының ұлттық халық санағын өткізу бойынша ұйымдастыру жоспарларын әзірлеу, бекіту және келісу | бұйрықтар | СЖРА (келісу бойынша) | 2021 жылғы III тоқсан | - | талап етілмейді |
15. | 2021 жылы Қазақстан Республикасы халқының ұлттық санағын өткізу, оның ішінде әскери бөлімдер аумақтарында және жабық әкімшілік-аумақтық бірліктерде тұратын әскери қызметшілер (олардың отбасы мүшелерін қоса алғанда) мен азаматтық халық; бас бостандығынан айыру түрінде жазасын өтеп жатқан және тергеу изоляторларында отырған адамдар; өзге де институционалдық бірліктерде емдеуде жүрген адамдар; қызметтік іссапармен немесе қызметтік міндеттерін орындауға байланысты оқуда және өзге де себептермен елден тыс жерлерде жүрген Қазақстан Республикасының азаматтары (олардың отбасы мүшелерін қоса алғанда); әлеуметтік бейімделу немесе қамсыздандыру мекемелерінде тұратын және (немесе) орналасқан адамдар санағын жүргізу | 2021 жылғы Қазақстан Республикасы халқының ұлттық санағы дерекқорын қалыптастыру | СЖРА (келісу бойынша), Қорғанысмині, Қаржымині, ІІМ, ТЖМ, ҰҚК (келісу бойынша), СІМ, ДСМ, БҒМ, Еңбекмині, облыстар, республикалық маңызы бар қалалар мен астана әкімдіктері | 2021 жылғы 1 қыркүйектен бастап 15 қазан аралығындағы кезеңде интернет желісі арқылы онлайн режимінде, 2021 жылғы 1 – 30 қазан аралығында планшеттерді пайдалану арқылы | 002101 "Статистикалық ақпаратты ұсынуды қамтамасыз ету" бюджеттік бағдарламасы шеңберінде бөлінген қаражат шегінде |
республикалық бюджет |
16. | 2021 жылғы Қазақстан Республикасы халқының ұлттық санағының дерекқорын өңдеу | 2021 жылғы Қазақстан Республикасы халқының ұлттық санағының дерекқоры | СЖРА (келісу бойынша) | 2021 жылғы IV тоқсан, 2022 жыл | 002101 "Статистикалық ақпаратты ұсынуды қамтамасыз ету" бюджеттік бағдарламасы шеңберінде бөлінген қаражат шегінде | республикалық бюджет |
17. | 2021 жылғы Қазақстан Республикасы халқының ұлттық санағы қорытындыларын жиынтық деректер түрінде қалыптастыру және жариялау | қағаз және электрондық жеткізгіштердегі статистикалық жинақтар | СЖРА (келісу бойынша) | 2022 жылғы ІІ тоқсан –2023 жылғы IV тоқсан | 002101 "Статистикалық ақпаратты ұсынуды қамтамасыз ету" бюджеттік бағдарламасы шеңберінде бөлінген қаражат шегінде | республикалық бюджет |
Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:
АҚДМ | – | Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі; |
БҒМ | – | Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі; |
ДСМ | – | Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі; |
Еңбекмині | – | Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлігі; |
Қаржымині | – | Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі; |
Қорғанысмині | – | Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгi; |
СЖРА | – | Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі |
СІМ | – | Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі; |
ТЖМ | – | Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігі; |
ҰҚК | – | Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті; |
ҰСБ | – | Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы; |
ЦДИАӨМ | – | Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі; |
ІІМ | – | Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі; |
ПИК | – | үй-жайлар (пәтерлер) иелерінің кооперативі; |
ТҚК | – | тұрғын үй кооперативі (тұрғын үй-құрылыс кооперативі). |