ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз.
"Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 101-1-бабының 3-тармағына және "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 55-бабының 6, 7-тармақтарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 08.05.2026 № 376 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.1. Қоса беріліп отырған Ақшалай өтемақыны жүзеге асыру қағидалары бекітілсін.
2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiнiң күшi жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және қоса беріліп отырған Қағидалардың 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 3-тармағының 2) тармақшасын қоспағанда, 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап туындайтын қатынастарға қолданылады.
| Қазақстан Республикасының | |
| Премьер-Министрі | Б. Сағынтаев |
| Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 12 ақпандағы № 50 қаулысымен бекітілген |
Ақшалай өтемақыны жүзеге асыру қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Ақшалай өтемақыны жүзеге асыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) 101-1-бабының 3-тармағына, "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 55-бабының 6, 7-тармақтарына сәйкес әзірленді және ақшалай өтемақыны жүзеге асыру тәртібін айқындайды.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 08.05.2026 № 376 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) ақшалай өтемақы – Заңның 101-1-бабының 3-тармағында және "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 55-бабының 6, 7-тармақтарында көзделген жағдайда жүзеге асырылатын біржолғы сипаттағы тұрғын үй төлемдері;
2) мемлекеттік мекеме – ақшалай өтемақыны алушы әскери қызмет өткеретін немесе өткерген республикалық мемлекеттік мекеме.
Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 08.05.2026 № 376 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.3. Ақшалай өтемақыны алушылар:
1) 2013 жылғы 1 қаңтарға күнтізбелік есептеумен он және одан көп жыл әскери қызметте болған және күнтізбелік есептеумен жиырма жыл әскери қызметте болғаннан кейін қызметтік тұрғынжайды өтеусіз жекешелендіруге құқығы бар, жекешелендіруге жатпайтын қызметтік тұрғынжайда тұратын әскери қызметшілер;
2) әскери қызметте күнтізбелік есептеумен жиырма және одан көп жыл болған және жекешелендіруге жатпайтын, оның ішінде жабық және оқшауланған әскери қалашықтардың, шекара бөлімшелерінің және өзге де жабық объектілердің аумағында орналасуы салдарынан жекешелендіруге жатпайтын қызметтік тұрғынжайда тұратын және әскери қызметте болудың шекті жасына толуына, денсаулық жағдайына немесе штаттардың қысқартылуына байланысты 2018 жылғы 1 қаңтарға дейін әскери қызметтен шығарылған адамдар;
3) әскери қызметте күнтізбелік есептеумен жиырма және одан көп жыл болған, қызметтен шығару кезінде қызметтік тұрғынжаймен қамтамасыз етілмеген және тұрғынжайды жекешелендіру құқығын бұрын іске асырмаған, әскери қызметте болудың шекті жасына толуына, денсаулық жағдайына немесе штаттардың қысқартылуына байланысты 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап 2018 жылғы 1 қаңтарға дейінгі кезеңде әскери қызметтен шығарылған адамдар болып табылады.
Осы тармақтың 2) немесе 3) тармақшаларында көрсетілген адам қаза тапқан (қайтыс болған) жағдайда ақшалай өтемақы алу құқығы қаза тапқан (қайтыс болған) адамның отбасы мүшелеріне өтеді.
Ескерту. 3-тармаққа өзгерістер енгізілді – ҚР Үіметінің 29.04.2020 № 259 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.09.2024 № 800 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 08.05.2026 № 376 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.4. Ақшалай өтемақының мөлшері бұрын жүзеге асырылған ағымдағы тұрғын үй төлемдерінің сомасы шегеріліп, мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органның интернет-ресурсында жарияланатын ағымдағы жылғы қаңтардағы деректеріне сәйкес жаңа тұрғынжайды сатудың бір шаршы метрінің Қазақстан Республикасы бойынша орташа құнын әскери қызметшінің өзін қоса алғанда, отбасының әрбір мүшесіне он сегіз шаршы метр алаң есебінен тұрғынжай алаңына көбейту арқылы айқындалады.
Осы Қағидалардың 3-тармағының 2) және 3) тармақшаларында көзделген ақшалай өтемақы алушылардың отбасы мүшелері әскери қызметтен шығарылуына байланысты әскери бөлімнің тізімдерінен шығарылған күні Заңның 101-10-бабына сәйкес айқындалады.
Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 08.05.2026 № 376 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.2-тарау. Ақшалай өтемақы алу үшін қажетті құжаттарды беру тәртібі
5. Алушылар ақшалай өтемақы алу үшін қажетті құжаттарды мемлекеттік мекеменің басшысына ұсынады.
6. Ақшалай өтемақы төлеу үшін алушы белгіленген тәртіппен мынадай құжаттарды ұсынады:
1) баянат (өтініш);
2) алушының және оның отбасы мүшелерінің жеке басын куәландыратын құжаттардың, алушының отбасы мүшелері бар болса, некеге тұру (некені бұзу), балаларының туу туралы куәліктерінің көшірмелері.
Бұл ретте осы Қағидалардың 3-тармағының 2) немесе 3) тармақшаларында айқындалған адам қаза тапқан (қайтыс болған) жағдайда қайтыс болу туралы куәлік ұсынылады;
3) баянат тіркелген күнге дейін алынғанына күнтізбелік он күн толмаған отбасы құрамы бойынша жылжымайтын мүліктің жоқ (бар) екені туралы (Қазақстан Республикасы бойынша) анықтама;
4) баянат тіркелген күнге дейін алынғанына күнтізбелік он күн толмаған отбасы құрамы бойынша мемлекеттік тұрғын үй қоры объектілерін жалдау шарттары тізілімінен жалдаушы бойынша ақпарат;
5) қызметтік тізім;
6) мемлекеттік мекеменің кадр бөлімшесі (жасақтау бөлімшесі) берген әскери қызметте болуы, отбасы құрамы және Заңның 101-1-бабының 3, 4 және 5-тармақтарында көзделген тұрғын үй төлемін алу туралы мәліметтер көрсетілген қызмет орнынан анықтама;
7) егер зайыбы (жұбайы) құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік органның, азаматтық қорғау органының қызметкері және әскери қызметші болған жағдайда Заңның 101-1-бабының 3, 4 және 5-тармақтарында көзделген тұрғын үй төлемдерін алғаны туралы мәліметтер көрсетілген қызмет орнынан анықтама;
8) осы Қағидалардың 3-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген алушыны қоспағанда, қызметтік тұрғынжайды жалға алу шартының көшірмесі;
9) егер жұбайы (зайыбы) әскери қызметті және (немесе) құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік органдарда, азаматтық қорғау органдарында қызметті өткеріп жүрген немесе өткерген жағдайда жұбайының (зайыбының) тұрғын үй төлемдерін алушыны талдамалық есепке алу карточкасы.
Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 27.09.2024 № 800 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен; өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 08.05.2026 № 376 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.3-тарау. Ақшалай өтемақыны төлеу тәртібі
7. Мемлекеттік мекеме баянат (өтініш) тіркелген күннен бастап күнтізбелік он бес күннен кешіктірмей ұсынылған құжаттардың толықтығын салыстырып тексеруді жүзеге асырады. Құжаттарды толық көлемде алмаған жағдайда мемлекеттік мекеме алушыны осы Қағидалардың 6-тармағына сәйкес құжаттарды ұсыну қажеттілігі туралы хабардар етеді.
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің әскери қарсы барлау және әскери полиция алушылары ұсынған құжаттар белгіленген тәртіппен мемлекеттік мекеменің тұрғын үй комиссиясының қарауына шығарылады.
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің әскери қарсы барлау және әскери полиция алушыларына қатысты мемлекеттік мекеменің тұрғын үй комиссиясы отырысының хаттамасы баянат (өтініш) тіркелген күннен бастап жиырма жұмыс күнінен кешіктірілмей бекітіледі.
Алушыларға ақшалай өтемақы төлеу туралы бұйрықты – мемлекеттік мекеменің басшысы, ал Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің әскери қарсы барлау және әскери полиция алушыларына мемлекеттік мекеме басшысының орынбасары баянат (өтініш) тіркелген күннен бастап бір айдан кешіктірмей шығарады.
8. Өтеусіз жекешелендіру құқығының орнына ақшалай өтемақы, егер әскери қызметшінің не оның жұбайының (зайыбының):
1) тұрғынжайда елу пайыздан аз үлесінің болуын не тұрғынжайды мұрагерлік бойынша алуды қоспағанда, Қазақстан Республикасының аумағында меншік құқығында тұрғынжайы болса;
2) тұрғынжайды купондық тетік арқылы жекешелендіруді жүзеге асыруды қоспағанда, тұрғынжайды жекешелендіру құқығын іске асырса;
3) біржолғы тұрғын үй төлемін, біржолғы ақшалай өтемақыны немесе ақшалай өтемақыны алса;
4) соңғы бес жыл ішінде Қазақстан Республикасының аумағында меншік (пайда болу) құқығында өзіне тиесілі тұрғынжайды иеліктен шығарса, төленбейді.
Бұл ретте әскери қызметшіге Заңның 101-1-бабының 3-тармағында көзделген ақшалай өтемақы, егер оның тұрғынжайға құқығы олар некеге тұрғанға (ерлі-зайыпты болғанға) дейін іске асырылса, оның зайыбы (жұбайы), сондай-ақ оның баласы (балалары) есепке алынбай төленеді.
Ақшалай өтемақы төлеуден бас тартылған жағдайда мемлекеттік мекеме баянат (өтініш) тіркелген күннен бастап бір айдан кешіктірмей, алушыға дәлелді жазбаша хабарлама жолдайды.
Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 27.09.2024 № 800 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен; өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 08.05.2026 № 376 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.9. Ақшалай өтемақы төлеу туралы бұйрық шығарылған күннен бастап бір айдан кешіктірілмей ақшалай өтемақы алушының жеке арнайы шотына аудару арқылы төленеді.
Тұрғын үй төлемін алушылар екінші деңгейдегі банкте бір ғана жеке арнайы шот ашады және оны пайдаланады.
Ақшалай өтемақының нысаналы мақсаты бар.
Ақшалай өтемақы төленген алушылар алты ай ішінде нысаналы пайдаланылғанын растау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын мақсаттар бойынша тұрғын үй төлемінің пайдаланылғанын растайтын құжаттарды ұсынады.
Ескерту. 9-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Үкіметінің 01.09.2020 № 548 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.09.2024 № 800 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 08.05.2026 № 376 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.10. Ақшалай өтемақы төленген алушылар алушыға ақшалай өтемақы жүзеге асырылған сәттен бастап үш айдан кешіктірмей қызметтік тұрғын үйді белгіленген тәртіппен тапсырады.
11. Егер ерлі-зайыптының екеуі де әскери қызметші немесе әскери қызметтен шығарылған адам болса, өтеусіз жекешелендіру құқығының орнына ақшалай өтемақы ерлі-зайыптының таңдауы бойынша олардың біреуіне төленеді.
Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 27.09.2024 № 800 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.12. Мемлекеттік мекеме әскери қызметтен шығарылған адамдарды есепке алу орны бойынша жергілікті әскери басқару органына ақшалай өтемақы төлеу туралы бұйрықтан үзіндіні жолдайды.
13. Мемлекеттік мекеменің кадр бөлімшесі (жасақтау бөлімшесі) не жергілікті әскери басқару органы ақшалай өтемақы төлеу туралы бұйрықтан үзіндіні алушының жеке ісіне қоса тіркейді және қолтаңба мен мемлекеттік мекеменің елтаңбалы мөрімен расталатын тиісті жазба жасайды.
| Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 12 ақпандағы № 50 қаулысына қосымша |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір күші жойылған шешімдерінің тізбесі
1. "Жекешелендіруге жатпайтын, оның ішінде оның жабық және оқшауланған әскери қалашықтарда, шекара заставалары мен комендатураларда орналасуы салдарынан қызметтік тұрғын үйді өтеусіз жекешелендіру құқығын өтеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 28 тамыздағы № 1092 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 67, 968-құжат).
2. "Жекешелендіруге жатпайтын, оның ішінде оның жабық және оқшауланған әскери қалашықтарда, шекара заставалары мен комендатураларда орналасуы салдарынан қызметтік тұрғын үйді өтеусіз жекешелендіру құқығын өтеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 28 тамыздағы № 1092 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 26 наурыздағы № 159 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2015 ж., № 15, 88-құжат).
3. "Жекешелендіруге жатпайтын, оның ішінде оның жабық және оқшауланған әскери қалашықтарда, шекара заставалары мен комендатураларда орналасуы салдарынан қызметтік тұрғын үйді өтеусіз жекешелендіру құқығын өтеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 28 тамыздағы № 1092 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 10 шілдедегі № 417 қаулысы (Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі, 2017 жылғы 12 шілде).