1994 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің (Жалпы бөлім) 193-1-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Ақтау халықаралық теңіз сауда порты" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамына "Қазақстанның Даму Банкі" акционерлік қоғамының пайдасына қарызды қайтару жөніндегі міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз етуде осы қаулыға 1-қосымшада көрсетілген жылжымайтын мүлік объектілеріне үшінші тұлғалардың құқықтарымен ауыртпалық caлу жөнінде мәміле жасасуға рұқсат берілсін.
2. "Ақтау халықаралық теңіз сауда порты" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамына осы қаулыға 2-қосымшада көрсетілген жылжымайтын мүлік объектісіне үшінші тұлғалардың құқықтарымен ауыртпалық caлу (10 (он) жыл мерзімге жалға беру) жөнінде мәміле жасасуға рұқсат берілсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
Б. Сағынтаев |
| Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 6 қазандағы № 625 қаулысына 1-қосымша |
Үшінші тұлғалардың құқықтарымен ауыртпалық салу жөніндегі мәміле жасасуға рұқсат етілетін "Ақтау халықаралық теңіз сауда порты" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамының жылжымайтын мүлік объектілері
Р/с № | Объектінің атауы |
Объектінің | Кадастрлық нөмірі |
Координаттар | |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
"Қазақстанның Даму Банкі" акционерлік қоғамына кепілге беру | |||||
1
| "Мол" құрылысы |
Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы, |
13-200-079-
159 |
43°36'40,6" |
51°13'18,1" |
2 | "Волнолом" құрылысы |
Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы, | 13-200-079-110 |
43°36'21,9" |
51°12'12,8" |
| Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 6 қазандағы № 625 қаулысына 2-қосымша |
Үшінші тұлғалардың құқықтарымен ауыртпалық салу жөніндегі мәміле жасасуға рұқсат етілетін "Ақтау халықаралық теңіз сауда порты" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамының жылжымайтын мүлік объектісі
Р/с № | Объектінің атауы |
Объектінің | Кадастрлық нөмірі |
Координаттар | |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
"Hazar Turizm" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне уақытша иелік етуге және пайдалануға (10 (он) жыл мерзімге жалға беру) беру | |||||
1 | Жер учаскесінің ауданы 250,2 шаршы метр бөлігі |
Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы, |
13-200-079- |
43°36'09,5" |
51°13'20,8" |