Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "PSA" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі мемлекеттік мүлікті бухгалтерлік есепке алуды жүргізу, мұнай-газ жобалары бойынша мердігерлерге берілуге тиіс иелену және пайдалану құқықтарын және мұнай-газ операциялары бойынша шығындар өтелгеннен кейiн мердiгерлер мемлекетке беретiн мүлiктi есепке алу мәселелерін қоспағанда, өнімді бөлу туралы келісімдерде Қазақстан Республикасының мүддесінде әрекет ететін өкілетті орган ретінде айқындалсын.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 28.10.2025 № 904 қаулысымен.2. "Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 994 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 55-56, 544-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі туралы ережеде:
16-тармақтың 37) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"37) өнімді бөлу туралы келісімдерде өкілетті орган ретінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған компанияның қатысу үлесін сенімгерлік басқаруды жүзеге асырады;".
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының | |
Премьер-Министрі | К.Мәсімов |