Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 27.06.2025 № 480 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Жергілікті атқарушы органдардың штат санының лимиттерін бекітудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 15 желтоқсандағы № 1324 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 49, 627-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулыға 1-қосымшада:
"Облыстың, Астана, Алматы қалаларының әкімдері орынбасарларының саны (бірлік)" деген бағанда:
"Ақтөбе" деген жолдағы "4" деген сан "5" деген санмен ауыстырылсын;
"ЖИЫНЫ:" деген жолдағы "74" деген сандар "75" деген сандармен ауыстырылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының | |
Премьер-Министрі | К.Мәсімов |