Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің отандық өндірушілер мен экспорттаушыларды қаржыландыруды қамтамасыз ету жөніндегі бірлескен іс-қимыл жоспарын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 23 сәуірдегі № 271 қаулысы.

      Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 16.11.2015 № 913 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің отандық өндірушілер мен экспорттаушыларды қаржыландыруды қамтамасыз ету жөніндегі бірлескен іс-қимыл жоспары (бұдан әрі – Жоспар) бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 16.11.2015 № 913 қаулысымен.

      2. "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" акционерлік қоғамы (келісім бойынша) "Қазақстан Даму Банкі" акционерлік қоғамымен келісім бойынша) бірлесіп:

      1) Жоспардың уақтылы орындалуын қамтамасыз етсін;

      2) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігіне тоқсан сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың 10-күніне қарай Жоспардың орындалуы туралы ақпарат берсін.

      3. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Қазақстан Республикасының Үкіметіне тоқсан сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың 20-күніне қарай Жоспардың орындалуы туралы жиынтық ақпарат берсін.

      4. Осы қаулы қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

К. Мәсімов


  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2015 жылғы 23 сәуірдегі
№ 271 қаулысымен
бекітілген

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкінің отандық өндірушілер мен экспорттаушыларды
қаржыландыруды қамтамасыз ету жөніндегі бірлескен
іс-қимыл жоспары

      Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 16.11.2015 № 913 қаулысымен.

Ағымдағы жағдайды талдау

      Ескерту. Бөлімге өзгерістер енгізілді - ҚР Үкіметінің 16.11.2015 № 913; 29.04.2026 № 346 қаулыларымен.

      Соңғы жылдары Қазақстан Республикасында экономикалық өсу қарқынының бәсеңдеуі байқалады - 2007 жылғы дағдарысқа дейінгі деңгеймен салыстырғанда жалпы ішкі өнімнің (бұдан әрі - ЖІӨ) өсу қарқыны екі еседен астамға төмендеді. 2014 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасы ЖІӨ-нің өсу қарқыны 4,3%-ды құрады.

      Дағдарыстан кейінгі кезеңде экономиканың өсуіндегі негізгі рөл соңғы жылдары ЖІӨ жалпы өсімінде ЖІӨ жиынтық өсімінің 70%-ына дейін алатын көрсетілетін қызметтер секторына тиесілі. Бұл ретте, өнеркәсіптің елдің экономикалық өсуіне қосатын үлесі айтарлықтай төмендеді. Өнеркәсіптік өндірістің ЖІӨ өсіміндегі үлесі 2008 жылғы 21 %-дан 2013 жылғы 12 %-ға дейін төмендеді, 2014 жылдың алдын ала қорытындысы бойынша өнеркәсіптің экономикалық өсуге қосқан үлесі теріс мәнде.

      Соңғы жылдары өндірістік салалардың өсу қарқыны көрсетілетін қызметтер саласының дамуынан орташа алғанда 3 есе артта қалып қойғанын атап өту қажет. 2008 жылдың көрсеткіштерімен салыстырғанда Қазақстан Республикасындағы өнеркәсіптік өндірістің көлемі 20 %-ға өсті, сол уақытта сауда секторындағы өсім 79 %-ды құрады. Нәтижесінде ЖІӨ-нің салалық құрылымындағы өнеркәсіптің үлесі 2008 жылғы 35 %-дан 2014 жылғы 29,9 %-ға дейін төмендеді.

      Өңдеу өнеркәсібіндегі басым салалардың дамуы да бәсеңдеген. 2014 жылдың қорытындысы бойынша өңдеу өнеркәсібі 1%-ға артты, ЖІӨ құрылымдағы үлесі 10,5 %-ға дейін төмендеді. Елдің экспортында шикізаттық емес енімнің үлестік салмағы алты жылдың ішінде 28 %-дан 3 %-ға дейін қысқарды.

      Ұлттық валюта бағамына жүргізілген түзету 2014 жылы өңдеуші өнеркәсіп саласына теріс әсер етті, бұл импорттық шикізат пен жинақтаушы материалдар құнының артуына ықпал етті. Қайта өңдеуші секторлар үшін қосымша жағымсыз сәт сұраныстың отандық өндірушілердің пайдасына қайта бөлінбеуіне әсер еткен 2014 жылдың соңғы айларында ресей рублі бағамының құлдырауы болып табылады. Ұлттық валюта бағамының түзетуінен зиян шеккен барынша осал салалар автомобиль жасауды, ұшатын әуе құралдарын өндіруді және теміржол техникасын өндіруді қоса алғанда, машина жасау секторлары болып табылады.

      2014 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанда машина жасау өнімін өндіру көлемі 0,5 %-ға азайды. Бұл ретте жеңіл автомобильдер шығарудың 0,8 %-ға, теміржол жүк вагондары – 5,2 %-ға, жолаушы вагондары – 55 %-ға, дизельді локомотивтер – 44 %-ға азайғаны байқалады.

      Бұдан басқа, отандық машина жасау өнімін өндірушілерге ішкі тұтынушылық сұраныстың төмендеуі мен шығарудың өзіндік құнының өсуінен басқа негізгі сауда әріптестермен байқалатын валюталық сәйкессіздіктер нәтижесінде бәсекеге қабілеттіліктің төмендеуі теріс әсер етуде. 2014 жылғы қаңтар – желтоқсан аралығында отандық өндірушілердің шығару көлемінің азаюы аясында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің деректері бойынша Қазақстан Республикасына жеңіл автомобильдер импорты алдыңғы жылдың осындай кезеңіндегі деңгейге қатысты 0,4 %-ға артқан. Бұл ретте Ресей Федерациясынан автомобильдер импорты 2014 жылы 7,9 %-ға, Өзбекстан Республикасынан – 58 %, Беларусь Республикасынан – 4,4 есеге артты.

      Нарықтың ішкі сыйымдылығының қысқаруынан туындаған теміржол жүк вагондарының жалпы импорты деңгейінің төмендеуіне қарамастан, Ресей Федерациясынан вагондар импорты 2014 жылдың 11 айында 3,1 есеге артқан, қазақстандық нарықтағы Ресей өңдірушілерінің үлесі бір жылдың ішінде 15 %-дан 52 %-ға дейін өскен.

      Сондай-ақ экономика дамуындағы және өңдеу өнеркәсібіндегі жағымсыз сәт, атап айтқанда, елдегі инвестициялық белсенділіктің төмендеуі болып табылады. Соңғы алты жылдың ішінде инвестициялардың жыл сайынғы өсімі 9%-дан 2014 жылы 3,9%-ға дейін төмендеді, ал өңдеуші өнеркәсібіне салынған инвестициялардың өсуі 2014 жылы 0,9%-ды құрады. Бұл ретте 2014 жылдың қорытындысы бойынша ірі компаниялардың негізгі капиталына салынған инвестициялар көлемі 7,5%-ға дейін төмендеген.

      Екінші деңгейдегі банктердің (бұдан әрі - ЕДБ) консервативтік саясатының нәтижесінде негізгі капиталға салынған инвестицияларды қаржыландырудың негізгі көзі үлесіне барлық күрделі салымдардың жартысынан астамы тиесілі кәсіпорындардың меншікті қаражаты болып қалуда.

      Инвестициялық белсенділіктің төмендеуімен қатар, Қазақстанда банктік кредит берудің төмен серпіні байқалатынын атап өту қажет. 2014 жылдың соңғы айларындағы төмен кредиттік белсенділіктің негізгі себебі нарықтың ұлттық валюта бағамының қайта түзетілуін және тиісінше, теңгеде тартылатын қарыз капиталының жоғары құнын күтуі болды. Осылайша, өңдеу өнеркәсібіне және машина жасау секторларына ұлттық валютадағы кредиттік қаражаттың қолжетімділігін арттыру қажеттігіне байланысты, атап айтқанда, Қазақстан Республикасы Үкіметінің айналым капиталын толықтыруда және негізгі қорларды жаңартуда кәсіпорындар қажеттілігін ескеретін қаржы қаражатын бөлу бойынша қосымша шараларды қабылдау қажеттігі атап өтіледі.

      Осы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің (бұдан әрі – ҚР ҰБ) отандық өндірушілер мен экспорттаушыларды қаржыландыруды қамтамасыз ету жөніндегі бірлескен іс-қимыл жоспары (бұдан әрі – Жоспар) "Қазақстанның Даму Банкі" акционерлік қоғамының (бұдан әрі – "ҚДБ" АҚ) еншілес ұйымы – "Өнеркәсіпті дамыту қоры" акционерлік қоғамымен (бұдан әрі – "ӨДҚ" АҚ) бірлесіп лизинг және/немесе қарыз тетігі арқылы мынадай үш бағыт бойынша қаржыландыруды ұсынуы арқылы 2015 – 2016 жылдары орта және ірі кәсіпкерлік субъектілерін (бұдан әрі – ОІКС) қолдауға бағытталған шаралар кешенін айқындайды:

      1) бірінші бағыт: отандық автоөндірушілерді қолдау;

      2) екінші бағыт: жолаушы вагондарының өндірісін қолдау;

      3) үшінші бағыт: экспорттаушыларды қолдау.

Жалпы ережелер
Мақсатқа қол жеткізу және қойылған міндеттерді іске асыру тетіктері

      Ескерту. Кіші бөлім жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 29.04.2026 № 346 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының (бұдан әрі – Ұлттық қор) қаражатынан 2015 – 2016 жылдары отандық өндірушілер мен экспорттаушыларды қолдау үшін ОІКС жалпы қаржыландыру көлемі 100 (жүз) миллиард теңгені құрайды.

      Осы мақсаттар үшін "Бәйтерек" ұлттық инвестициялық холдингі" акционерлік қоғамы (бұдан әрі – "Бәйтерек" ҰИХ" АҚ) облигациялар айналысы басталған күннен бастап 20 жылға дейінгі мерзімге жылдық 0,1 % сыйақы мөлшерлемесі бойынша 100 (жүз) миллиард теңге сомасына (2015 жылы 85 (сексен бес) миллиард теңге және 2016 жылы 15 (он бес) миллиард теңге) облигациялар шығару арқылы Ұлттық қордан қарыз алуды жүзеге асырады. Облигациялық қарыздарды өтеу мерзімі – эмитенттің бастамасы бойынша мерзімінен бұрын өтеу құқығымен айналыс мерзімінің соңында.

      Қаражат алғаннан кейін "Бәйтерек" ҰИХ" АҚ жоғарыда аталған үш бағыт бойынша шараларды іске асыру үшін мынадай негізгі шарттарда қарыз шартын жасасу арқылы "ҚДБ" АҚ-ға 2015 жылы 85 (сексен бес) миллиард теңге және 2016 жылы 15 (он бес) миллиард теңге көлемінде қарыз қаражатын береді:

      1) сыйақы мөлшерлемесі – жылдық 0,15 %;

      2) қарыз мерзімі – 20 жылға дейін;

      3) негізгі қарызды төлеу – қарыз алушының бастамасы бойынша мерзімінен бұрын өтеу құқығымен айналыс мерзімінің соңында;

      4) қарыз бойынша сыйақыны төлеу – жылына 2 рет;

      5) қарыздың нысаналы мақсаты – отандық автоөндірушілер, жолаушы вагондарын өндірушілер үшін лизинг және/немесе қарыз тетігі арқылы қаржыландыруды ұсыну; экспорттық және экспорт алдындағы кредит беру;

      6) қарыз көлемі – 100 (жүз) миллиард теңге, оның ішінде 2015 жылы: отандық автоөндірушілерді қолдауға – 30 (отыз) миллиард теңге, жолаушы вагондарының өндірісін қолдауға – 5 (бес) миллиард теңге және экспорттаушыларды қолдауға – 50 (елу) миллиард теңге; 2016 жылы экспорттаушыларды қолдауға – 15 (он бес) миллиард теңге.

      "ҚДБ" АҚ Ұлттық қордан бөлінетін қаражаттан төлемдер жасау үшін ҚР ҰБ-да жеке банктік шот ашады.

      "Бәйтерек" ҰИХ" АҚ жасалған қарыз шартының талаптарына сәйкес қаражат сомасын "ҚДБ" АҚ-ның ҚР ҰБ-дағы жеке банктік шотында орналастырады.

      "ҚДБ" АҚ осы Жоспарда айқындалған шарттарда үш бағыт бойынша ОІКС-ны қаржыландыруды ұсынады.


Қаржыландыру тетіктері мен шарттары
1. Отандық автоөндірушілерді қолдау
Екінші деңгейдегі банктер арқылы отандық автоөндірушілерді қолдау шеңберінде негізделген қаржыландыру

      Ескерту. Кіші бөлім жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 29.04.2026 № 346 қаулысымен.

      Ұлттық қор қаражаты отандық өндірістің жеңіл автокөлігін сатып алушы жеке тұлғаларға кредит беру үшін екінші деңгейдегі банктерді (бұдан әрі – ЕДБ) негізделген қаржыландыру арқылы отандық автоөндірушілерді қолдау үшін бөлінеді.

      1. Қаржыландырудың жалпы лимиті – кемінде 23 (жиырма үш) миллиард теңге.

      2. Қазақстан Республикасының экономикасын жаңғырту мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссия (бұдан әрі – Мемлекеттік комиссия) отандық автоөндірушілердің тізбесін және олардағы лимиттер сомаларын, сондай-ақ ЕДБ тізбесін және ЕДБ-дегі лимиттер сомаларын ұсынады.

      3. "ҚДБ" АҚ және ЕДБ Ұлттық қордан бөлінетін қаражаттан төлемдер жасау үшін ҚР ҰБ-да жеке банктік шоттар ашады.

      4. "Бәйтерек" ҰИХ" АҚ жасалған қарыз шартының талаптарына сәйкес қаражат сомасын "ҚДБ" АҚ-ның ҚР ҰБ-дағы жеке банктік шотында орналастырады.

      5. "ҚДБ" АҚ ЕДБ-мен мынадай негізгі шарттармен банктік қарыз шартын жасасады:

      1) Мемлекеттік комиссия мақұлдаған лимиттер шегінде қарыз қаражатын ЕДБ-нің ҚР ҰБ-дағы жеке банктік шоттарында қамтамасыз етпей орналастыру;

      2) сыйақы мөлшерлемесі – жылдық 1,0 %-дан аспайды;

      3) ЕДБ қарызының мерзімі – 20 жылға дейін;

      4) қарыз бойынша сыйақы төлеу – жылына 2 рет;

      5) ЕДБ-нің кредит қаражатын игеру мерзімі – қарыз сомасын ұлғайту туралы ҚДБ мен ЕДБ арасында банктік қарыз шартын/банктік қарыз шартына қосымша келісім жасалған күнінен бастап 18 айға дейін;

      6) ЕДБ қарыз валютасы – теңге;

      7) негізгі борышты өтеу – мерзімінен бұрын ішінара немесе толық өтеу құқығымен тиісті қарыз шартының талаптарына сәйкес мерзімнің соңында;

      8) "ҚДБ" АҚ мен ЕДБ арасында жасалған банктік қарыз шарты шеңберінде қаражат отандық өндірістің жеңіл автокөлігін сатып алушы жеке тұлғаларға кредит беру мақсаттары үшін ЕДБ-ға жіберіледі.

      6. ЕДБ орналастырылған кредиттік қаражаттың нысаналы пайдаланылуы және игерілуі бойынша "ҚДБ" АҚ алдында есеп береді.

      ЕДБ есептерін ұсыну тәртібі, нысаны және мерзімділігі, сондай-ақ осы Жоспарда көзделмеген ЕДБ кредиттерін берудің өзге шарттары тиісті банктік қарыз шартында белгіленеді.

      ЕДБ-ның бөлінетін қаражатты шетел валютасына инвестициялауға жіберуіне тыйым салынады.

      Түпкілікті қарыз алушылардың бұрын берілген қарыздарды өтеуі есебінен босаған қаражатты ҚР ҰБ-дағы өзінің жеке банктік шоттарына есепке жазуды ЕДБ ай сайынғы негізде жүзеге асырады.

      7. Түпкілікті қарыз алушылар отандық өндірістің жеңіл автокөлігін сақтандыру және кепілге ресімдеу бойынша шығыстарды төлейді.

      8. Бөлінген қаражат мақсатқа сай пайдаланылмаған және/немесе уақтылы игерілмеген жағдайда, сондай-ақ "ҚДБ" АҚ мен ЕДБ арасындағы банктік қарыз шартында көзделген жағдайлар орын алғанда "ҚДБ" АҚ тиісті банктік қарыз шартын мерзімінен бұрын бұзуға және жоғарыда аталған бұзушылықтар анықталған орналастырылған қаражатты кері қайтарып алуға құқылы.

      9. "ҚДБ" АҚ мен ЕДБ арасында жасалған банктік қарыз шарттары бойынша қарыздарды ЕДБ мерзімінен бұрын өтеген жағдайда аталған қаражатты қайта пайдалану Мемлекеттік комиссияның тиісті шешімінің негізінде жүзеге асырылады.

Отандық өндірістің автомобильдерін сатып алушыларды – түпкілікті қарыз алушыларды қаржыландыру шарттары

      Ескерту. Кіші бөлім жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 29.04.2026 № 346 қаулысымен.

      Нысаналы топ – отандық өндірістің жеңіл автокөлігін сатып алушы жеке тұлғалар.

      1. Түпкілікті қарыз алушылардың мақұлданған өтінімдеріне кредит беру мақсатында қаражатты ЕДБ-ның ҚР ҰБ-дағы жеке банктік шотынан есептен шығару үшін қажетті сомаларды ЕДБ "ҚДБ" АҚ-мен алдын ала келісуді жүзеге асырады.

      2. Кредиттер түпкілікті қарыз алушыларға мақсатқа сай пайдалану, ақылылық, мерзімділік, қайтарымдылық және қамтамасыз етілу шарттарымен беріледі, оның ішінде:

      1) жеңіл автокөліктің 1 бірлігінің құны 15 (он бес) миллион теңгеден аспайды;

      2) кредит беру мерзімі – 7 жылдан аспайды;

      3) түпкілікті қарыз алушы үшін номиналды сыйақы мөлшерлемесі жылдық 12,6 %-дан аспауға тиіс, бұл ретте сыйақы мөлшерлемесінің көрсетілген мөлшері Ұлттық қор қаражатын ЕДБ-нің қаражатымен микширлеу есебінен белгіленеді;

      4) кредит беру валютасы – теңге;

      5) түпкілікті қарыз алушы ЕДБ алдындағы қарызды өтеген кезде ЕДБ-нің қайтарылған қаражат есебінен және осы Жоспарда айқындалған шарттарда отандық өндірістің жеңіл автокөлігін сатып алушыларға қайта кредит беруіне жол беріледі.

ЕДБ-ге қойылатын талаптар

      Ескерту. Кіші бөлімге өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 16.11.2015 № 913 қаулысымен.

      1. Халықаралық рейтинг агенттіктерінің бірі берген "В-"-дан төмен емес кредиттік рейтингтің болуы.

      2. Кредитті игеру кезінде Қазақстан Республикасының барлық өңірлерінде филиалдық желінің болуы.

      3. Қарыз қаражатын беру күніне негізгі қарыз және (немесе) есептелген сыйақы бойынша 90 күннен астам мерзімі өтіп кеткен берешегі бар кредиттер деңгейі ЕДБ-нің кредиттік қоржынының 15%-ынан жоғары ЕДБ үшін қосымша талап белгіленеді - ҚР ҰБ-мен жазбаша келісімдер жасасу. Жазбаша келісім негізгі қарыз және (немесе) есептелген сыйақы бойынша 90 күннен астам мерзімі өтіп кеткен берешегі бар кредиттер деңгейін ҚР ҰБ белгілеген мерзімде ЕДБ-нің кредиттік қоржынының 15%-ына дейін төмендету бойынша ЕДБ-нің міндетін көздейтін болады.

ЕДБ арқылы отандық автоөндірушілерді қолдау шеңберінде негізделген қаржыландыру қаражатын мониторингтеу

      Ескерту. Кіші бөлімге өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 16.11.2015 № 913; 21.10.2016 № 599 қаулыларымен.

      ЕДБ арқылы отандық автоөндірушілерді қолдау шеңберінде негізделген қаржыландыру қаражатын мониторингтеу мынадай тәртіппен жүзеге асырылады:

      1. "ҚДБ" АҚ ЕДБ-нің банктік қарыз шарттары бойынша өзінің қаржылық және қаржылық емес міндеттемелерін орындауын мониторингтеуді жүзеге асырады.

      2. "ҚДБ" АҚ ҚР ҰБ-да ашылған ЕДБ арнайы шоттарынан қаражатты есептен шығаруды алдын ала келісуді мынадай тәртіппен жүзеге асырады:

      ЕДБ "ҚДБ" АҚ-пен белгілеген нысанға сәйкес қаржыландыруға мақұлданған қарыз алушылардың тізімі бар хат пен қарыз алушыларды мақұлдау туралы ЕДБ-нің уәкілетті органдарының шешімдерін ұсыну арқылы ҚР ҰБ-да ашылған ЕДБ-нің арнайы шотынан қарыз қаражатын есептен шығару үшін қажетті сомаларды алдын ала келісуді жүзеге асырады;

      "КДБ" АҚ ЕДБ ұсынған деректердің мынадай шарттарға сәйкес келуі тұрғысынан тексереді: автомобильдің 1 (бір) бірлігінің ең жоғары құны, сыйақы мөлшерлемесі, кредит беру мерзімі және ескертулер болмаған жағдайда, ҚР ҰБ-ға тиісті хат жібереді.

      3. Апта сайынғы негізде "ҚДБ" АҚ ЕДБ-нен мақұлданған және берілген қарыздар бойынша ақпаратты жинау мен жинақтауды жүзеге асырады.

      Жиынтық ақпарат апта сайынғы негізде ҚР ҰБ-ге жіберіледі.

Отандық автомобильдер өндірісін қолдау шеңберінде лизингтік қаржыландыру

      Ескерту. Кіші бөлім жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 29.04.2026 № 346 қаулысымен.

      Нысаналы топ – отандық өндірістің ауыл шаруашылығы техникасын қоспағанда, автокөлік құралдарын және арнайы мақсаттағы автотехниканы лизингке сатып алатын заңды тұлғалар және дара кәсіпкерлер.

      "ҚДБ" АҚ мынадай шарттарда "ӨДҚ" АҚ-мен қарыз шартын жасасады:

      1) қарыз сомасы – 7 (жеті) миллиард теңгеден аспайды;

      2) сыйақы мөлшерлемесі — жылдық 0,25 %;

      3) қарыз мерзімі – 20 жылға дейін;

      4) қарыз бойынша сыйақы төлеу – жылына 2 рет;

      5) негізгі қарызды өтеу – "ӨДҚ" АҚ бастамасы бойынша мерзімінен бұрын ішінара немесе толық өтеу құқығымен тиісті қарыз шартының талаптарына сәйкес мерзімнің соңында;

      6) қарыз валютасы – теңге.

      "ӨДҚ" АҚ ауыл шаруашылығы техникасын қоспағанда, көлік құралдары мен арнайы мақсаттағы автотехниканы отандық автоөндірушілерден автокөлік құралдарын және арнайы мақсаттағы автотехниканы сатып алып, кейіннен мақсатқа сай пайдалану, ақылылық, мерзімділік, қайтарымдылық және қамтамасыз етілу шарттарымен агенттерді тарта отырып лизингке береді, оның ішінде:

      1) лизинг беруші – "ӨДҚ" АҚ;

      2) лизингтің мәні – ауыл шаруашылығы техникасын қоспағанда, автокөлік құралдары және арнайы мақсаттағы автотехника (бұдан әрі – автокөлік құралдары);

      3) лизинг алушы – автокөлік құралдарын лизингке сатып алатын заңды тұлғалар және дара кәсіпкерлер;

      4) лизинг мерзімі – 3 жылдан 5 жылға дейін;

      5) номиналды сыйақы мөлшерлемесі – жылдық 12,6 %-дан аспайды;

      6) қаржыландыру валютасы – теңге;

      7) лизинг бойынша бастапқы жарна (аванс) – лизинг мәні құнының 30 %-ы;

      8) негізгі борышты төлеу бойынша жеңілдікті кезең – 6 айға дейін;

      9) сыйақы төлеу бойынша жеңілдікті кезең – жоқ;

      10) қосымша шығыстар (сақтандыру, сервистік және агенттік қызмет көрсету) – лизинг алушының есебінен;

      11) лизинг алушылар "ӨДҚ" АҚ алдындағы төлемдерді өтеген кезде қайтарылған қаражат есебінен және осы Жоспарда айқындалған шарттарда қайта лизингтік қаржыландыруға жол беріледі.

2. "Еурокоптер" тікұшақтарының өндірісін қолдау

      Ескерту. Тарау алып тасталды - ҚР Үкіметінің 16.11.2015 № 913 қаулысымен.

3. Жолаушылар вагондарының өндірісін қолдау

      Ескерту. Кіші бөлімге өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 29.04.2026 № 346 қаулысымен.

      Нысаналы топ - "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы (бұдан әрі - "ҚТЖ" ҰК" АҚ) не "ҚДБ" АҚ ішкі актілерінің талаптарына сәйкес келетін "ҚТЖ" ҰК" АҚ-ның еншілес ұйымы.

      "ҚДБ" АҚ "ҚТЖ" ҰК" АҚ-қа не "ҚДБ" АҚ ішкі актілерінің талаптарына сәйкес келетін "ҚТЖ" ҰК" АҚ еншілес ұйымына нысаналы пайдалану, ақылылық, мерзімділік, кайтарымдылық және қамтамасыз етілу шарттарында кредит береді, оның ішінде:

      1) кредит сомасы - 5 млрд. теңгеге дейін;

      2) номиналды сыйақы мөлшерлемесі – жылдық 12,6 %-дан аспайды;

      3) кредит беру мерзімі - 20 жылға дейін;

      4) негізгі қарызды төлеу бойынша жеңілдікті кезең - 120 айға дейін;

      5) сыйақы төлеу бойынша жеңілдікті кезең - жоқ;

      6) кредит беру валютасы - теңге;

      7) кредит бойынша қамтамасыз ету - белгіленген тәртіппен "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамының немесе "ҚТЖ" ҰК" АҚ-ның кепілдігін беру.

4. Отандық экпорттаушыларды қолдау
Отандық экспорттаушыларды қолдау шеңберінде тікелей кредит беру, негізделген және лизингтік қаржыландыру

      Ескерту. Кіші бөлімге өзгерістер енгізілді - ҚР Үкіметінің 16.11.2015 № 913; 21.10.2016 № 599; 13.05.2019 № 274; 29.04.2026 № 346 қаулыларымен.

      Нысаналы топ – өңдеу өнеркәсібі саласында Қазақстан Республикасының аумағында шығарылатын отандық тауарлардың экспортын және өнімдер импортын жүзеге асыратын ОІКС (оның ішінде резидент емес). Қаржыландырудың жалпы сомасы – 2015 жылы 50 миллиард теңге және 2016 жылы 15 миллиард теңге.

      1. Экспорттаушыларды қолдау "ҚДБ" АҚ және/немесе "ҚДБ-Лизинг" АҚ-ның (бұдан әрі - кредиторлар) ішкі актілерінің талаптарына сәйкес қолданыстағы құралдар арқылы қаржыландыру ұсыну, оның ішінде қаржы институттарына/Қазақстан Республикасының аумағында шығарылатын өнімдерді импорттаушы (резидент емес) ұйымдарға кредит беру жолымен жүзеге асырылатын болады.

      2. Кредит беру және/немесе лизигтік қаржыландыру нысаналы пайдалану, ақылылық, мерзімділік, қайтарымдылық және қамтамасыз етілу шарттарында беріледі, оның ішінде:

      1) кредит беру/лизинг мерзімі - 20 жылға дейін;

      2) номиналды сыйақы мөлшерлемесі – жылдық 12,6 %-дан аспайды;

      3) кредит беру/лизинг валютасы - теңге немесе мәміле шарттарына байланысты өзге валюта;

      4) қарыз/лизинг бойынша қамтамасыз ету – "ҚДБ" АҚ және/немесе "ӨДҚ" АҚ талаптарына сәйкес.

      3. Отандық экспорттаушыларды қолдауды қаржыландыру бойынша рәсімдер мен қарау мерзімдерін оңайлату мақсатында "ҚДБ" АҚ-ның және/немесе "ӨДҚ" АҚ-ның жобаларды қарау тәртібін және оларға қойылатын талаптарды регламенттейтін ішкі қағидаларына тиісті өзгерістер мен толықтырулар енгізу көзделеді.

      4. Бейрезидент-импорттаушыларға/бейрезидент-импорттаушылардың қаржы институттарына (ұйымдарына) шетелдік валютада кредит беру мақсатында бейрезидент-импорттаушыларға/отандық өнімнің бейрезидент-импорттаушыларының қаржы институттарына (ұйымдарына) кейіннен кредит беру мақсатында осы ұйымдардан шетелдік валютада қаражат тарту үшін "ҚДБ" АҚ ішкі қағидаларына сәйкес "ҚДБ" АҚ-ға халықаралық қаржы институттарына және басқа ұйымдарға ұлттық валютада қарыз беру мүмкіндігіне рұқсат етіледі.

Об утверждении Плана совместных действий Правительства Республики Казахстан и Национального Банка Республики Казахстан по обеспечению финансирования отечественных производителей и экспортеров

Постановление Правительства Республики Казахстан от 23 апреля 2015 года № 271.

      Сноска. Заголовок в редакции постановления Правительства РК от 16.11.2015 № 913.

      Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Утвердить прилагаемый План совместных действий Правительства Республики Казахстан и Национального Банка Республики Казахстан по обеспечению финансирования отечественных производителей и экспортеров (далее – План).

      Сноска. Пункт 1 в редакции постановления Правительства РК от 16.11.2015 № 913.

      2. Акционерному обществу "Национальный управляющий холдинг "Байтерек" (по согласованию) совместно с акционерным обществом "Банк Развития Казахстана" (по согласованию):

      1) обеспечить своевременное выполнение Плана;

      2) ежеквартально, к 10 числу месяца, следующего за отчетным периодом, представлять в Министерство по инвестициям и развитию Республики Казахстан информацию об исполнении Плана.

      3. Министерству по инвестициям и развитию Республики Казахстан ежеквартально, к 20 числу месяца, следующего за отчетным периодом, представлять в Правительство Республики Казахстан сводную информацию об исполнении Плана.

      4. Настоящее постановление вводится в действие со дня его подписания и подлежит официальному опубликованию.

     
      Премьер-Министр
Республики Казахстан
К. Масимов

  Утвержден
постановлением Правительства
Республики Казахстан
от 23 апреля 2015 года № 271

План совместных действий Правительства Республики Казахстан и
Национального Банка Республики Казахстан по обеспечению
финансирования отечественных производителей и экспортеров

      Сноска. Заголовок в редакции постановления Правительства РК от 16.11.2015 № 913.

Анализ текущей ситуации

      Сноска. Раздел с изменениями, внесенными постановлением Правительства РК от 16.11.2015 № 913; от 29.04.2026 № 346.

      В последние годы в Республике Казахстан наблюдается замедление темпов экономического роста – по сравнению с докризисным уровнем 2007 года темпы роста валового внутреннего продукта (далее – ВВП) снизились более чем в два раза. По итогам 2014 года темпы роста ВВП Республики Казахстан составили 4,3 %.

      Ключевую роль в росте экономики в посткризисный период занимает сектор услуг, который в общем приросте ВВП в последние годы занимает до 70 % от совокупного прироста ВВП. При этом значительно снизился вклад промышленности в экономический рост страны. Доля промышленного производства в приросте ВВП снизилась с 21 % в 2008 году до 12 % в 2013 году, по предварительным итогам 2014 года вклад промышленности в экономический рост отрицателен.

      Необходимо отметить, что темпы роста производственных отраслей в последние годы в среднем в 3 раза отстают от развития сферы услуг. По сравнению с показателями 2008 года объемы промышленного производства в Республике Казахстан выросли на 20 %, в то время как прирост в секторе торговли составил 79 %. В результате доля промышленности в отраслевой структуре ВВП снизилась с 35 % в 2008 году до 29,9 % в 2014 году.

      Развитие приоритетных отраслей в обрабатывающей промышленности также замедлилось. По итогам 2014 года обрабатывающая промышленность выросла на 1 %, доля в структуре ВВП снизилась до 10,5 %. Удельный вес несырьевой продукции в экспорте страны сократился за шесть лет с 28 % до 23 %.

      Отрицательное воздействие на отрасли обрабатывающей промышленности в 2014 году оказала проведенная корректировка курса национальной валюты, что повлияло на увеличение стоимости импортного сырья и комплектующих материалов. Дополнительным негативным моментом для перерабатывающих секторов является падение курса российского рубля в последние месяцы 2014 года, которое оказало влияние на перераспределение спроса не в пользу отечественных производителей. Наиболее уязвимыми отраслями от корректировки курса национальной валюты являются сектора машиностроения, включая автомобилестроение, производство летательных воздушных средств и производство железнодорожной техники.

      По итогам 2014 года объемы производства машиностроительной продукции в Казахстане снизились на 0,5 %. При этом наблюдается уменьшение выпуска легковых автомобилей на 0,8 %, грузовых железнодорожных вагонов на 5,2 %, пассажирских вагонов на 55 %, дизельных локомотивов на 44 %.

      Кроме того, на отечественных производителей машиностроительной продукции, помимо снижения внутреннего потребительского спроса и роста себестоимости выпуска, отрицательное воздействие оказывает снижение конкурентоспособности в результате наблюдаемых валютных диспропорций с основными торговыми партнерами. На фоне снижения объемов выпуска отечественных производителей в январе – декабре 2014 года, по данным Комитета государственных доходов Министерства финансов Республики Казахстан, импорт легковых автомобилей в Республику Казахстан увеличился на 0,4 % относительно уровня за аналогичный период предыдущего года. При этом импорт автомобилей из Российской Федерации вырос за 2014 год на 7,9 %, импорт из Республики Узбекистан – на 58 %, из Республики Беларусь – в 4,4 раза.

      Несмотря на снижение общего уровня импорта железнодорожных грузовых вагонов, вызванное сокращением внутренней емкости рынка, импорт вагонов из Российской Федерации увеличился за 11 месяцев 2014 года в 3,1 раза, доля российских производителей на казахстанском рынке выросла за год с 15 % до 52 %.

      Также негативным моментом в развитии экономики и обрабатывающей промышленности, в частности, является снижение инвестиционной активности в стране. В течение последних шести лет ежегодный прирост инвестиций снизился с 9 % до 3,9 % в 2014 году, а рост инвестиций в обрабатывающую промышленность в 2014 году составил 0,9 %. При этом объемы инвестиций в основной капитал крупных предприятий по итогам 2014 года снизились на 7,5 %.

      В результате консервативной политики банков второго уровня (далее – БВУ) основным источником финансирования инвестиций в основной капитал остаются собственные средства предприятий, на долю которых приходится более половины всех капитальных вложений.

      Необходимо отметить, что наряду со снижением инвестиционной активности в Казахстане отмечается низкая динамика банковского кредитования. Основной причиной низкой кредитной активности в последние месяцы 2014 года стало ожидание рынком повторной корректировки курса национальной валюты и, соответственно, высокой стоимости заемного капитала, привлекаемого в тенге. Таким образом, в связи с необходимостью повышения доступности кредитных средств в национальной валюте для обрабатывающей промышленности и секторов машиностроения, в частности, отмечается необходимость принятия Правительством Республики Казахстан дополнительных мер по выделению финансовых средств, учитывающих потребность предприятий в пополнении оборотного капитала и обновлении основных фондов.

      Настоящий План совместных действий Правительства Республики Казахстан и Национального Банка Республики Казахстан (далее – НБ РК) по обеспечению финансирования отечественных производителей и экспортеров (далее – План) определяет комплекс мер, направленных на поддержку субъектов среднего и крупного предпринимательства (далее – ССКП) в 2015 – 2016 годах путем предоставления финансирования акционерным обществом "Банк Развития Казахстана" (далее – АО "БРК") совместно с дочерней организацией – акционерным обществом "Фонд развития промышленности" ( далее – АО "ФРП") через механизм лизинга и/или займа по следующим трем направлениям:

      1) первое направление: поддержка отечественных автопроизводителей;

      2) второе направление: поддержка производства пассажирских вагонов;

      3) третье направление: поддержка экспортеров.

Общие положения

Механизмы достижения цели и реализации поставленных задач

      Сноска. Подраздел в редакции постановления Правительства РК от 29.04.2026 № 346346.

      Общий объем финансирования ССКП из средств Национального фонда Республики Казахстан (далее – Нацфонд) в 2015 – 2016 годах для поддержки отечественных производителей и экспортеров составляет 100 (сто) миллиардов тенге.

      Для этих целей акционерное общество "Национальный инвестиционный холдинг "Байтерек" (далее – АО "НИХ "Байтерек") осуществляет заимствование из Нацфонда путем выпуска облигаций на сумму 100 (сто) миллиардов тенге (85 (восемьдесят пять) миллиардов тенге в 2015 году и 15 (пятнадцать) миллиардов тенге в 2016 году) сроком до 20 лет с даты начала обращения облигаций по ставке вознаграждения 0,1 % годовых. Срок погашения облигационных займов – в конце срока обращения с правом досрочного погашения по инициативе эмитента.

      После получения средств АО "НИХ "Байтерек" для реализации мер по трем вышеуказанным направлениям предоставит заемные средства АО "БРК" в размере 85 (восемьдесят пять) миллиардов тенге в 2015 году и 15 (пятнадцать) миллиардов тенге в 2016 году путем заключения договора займа на следующих основных условиях:

      1) ставка вознаграждения – 0,15 % годовых;

      2) срок займа – до 20 лет;

      3) выплата основного долга – в конце срока займа с правом досрочного погашения по инициативе заемщика;

      4) выплата вознаграждения по займу – 2 раза в год;

      5) целевое назначение займа – предоставление финансирования через механизм лизинга и/или займа для отечественных автопроизводителей, производителей пассажирских вагонов; экспортное и предэкспортное кредитование;

      6) объем займа – 100 (сто) миллиардов тенге, из них в 2015 году: 30 (тридцать) миллиардов тенге – на поддержку отечественных автопроизводителей, 5 (пять) миллиардов тенге – на поддержку производства пассажирских вагонов и 50 (пятьдесят) миллиардов тенге – на поддержку экспортеров; в 2016 году: 15 (пятнадцать) миллиардов тенге – на поддержку экспортеров.

      АО "БРК" открывает отдельный банковский счет в НБ РК для проведения платежей из средств, выделяемых из Нацфонда.

      АО "НИХ "Байтерек" размещает на отдельном банковском счете АО "БРК" в НБ РК сумму средств в соответствии с условиями заключенного договора займа.

      АО "БРК" предоставляет финансирование ССКП по трем направлениям на условиях, определенных настоящим Планом..

Механизмы и условия финансирования

1. Поддержка отечественных автопроизводителей
Обусловленное финансирование в рамках поддержки отечественных автопроизводителей через банки второго уровня

      Сноска. Подраздел в редакции постановления Правительства РК от 29.04.2026 № 34646.

      Средства Нацфонда выделяются для поддержки отечественных автопроизводителей путем обусловленного финансирования банков второго уровня (далее – БВУ) для кредитования физических лиц – покупателей легкового автотранспорта отечественного производства.

      1. Общий лимит финансирования – не менее 23 (двадцать три) миллиарда тенге.

      2. Государственная комиссия по вопросам модернизации экономики Республики Казахстан (далее – Госкомиссия) рекомендует перечень отечественных автопроизводителей и суммы лимитов на них, а также перечень БВУ и суммы лимитов на БВУ.

      3. АО "БРК" и БВУ открывают отдельные банковские счета в НБ РК для проведения платежей из средств, выделяемых из Нацфонда.

      4. АО "НИХ "Байтерек" размещает на отдельном банковском счете АО "БРК" в НБ РК сумму средств в соответствии с условиями заключенного договора займа.

      5. АО "БРК" заключает договор банковского займа с БВУ на следующих основных условиях:

      1) размещение заемных средств на отдельных банковских счетах БВУ в НБ РК без обеспечения в пределах лимитов, рекомендованных Госкомиссией;

      2) ставка вознаграждения – не более 1,0 % годовых;

      3) срок займа БВУ – до 20 лет;

      4) выплата вознаграждения по займу – 2 раза в год;

      5) срок освоения БВУ кредитных средств – до 18 месяцев с даты заключения договора банковского займа/дополнительного соглашения к договору банковского займа между БРК и БВУ об увеличении суммы займа;

      6) валюта займа БВУ – тенге;

      7) погашение основного долга – в конце срока, согласно условиям соответствующего договора займа, с правом частичного или полного досрочного погашения;

      8) в рамках договора банковского займа, заключенного между АО "БРК" и БВУ, средства направляются БВУ на цели кредитования физических лиц – покупателей легкового автотранспорта отечественного производства.

      6. БВУ отчитываются перед АО "БРК" по целевому использованию и освоению размещенных кредитных средств.

      Порядок, форма и периодичность представления отчетов БВУ, а также иные условия предоставления кредитов БВУ, не предусмотренные настоящим Планом, устанавливаются соответствующим договором банковского займа.

      БВУ запрещается направлять выделяемые средства на инвестирование в иностранную валюту.

      БВУ на ежемесячной основе осуществляют зачисление средств, высвободившихся за счет погашения ранее выданных займов конечными заемщиками, на свои отдельные банковские счета в НБ РК.

      7. Конечные заемщики оплачивают расходы по страхованию и оформлению в залог легкового автотранспорта отечественного производства.

      8. В случаях нецелевого использования и/или несвоевременного освоения выделяемых средств, а также наступления случаев, предусмотренных договором банковского займа между АО "БРК" и БВУ, АО "БРК" вправе досрочно расторгнуть соответствующий договор банковского займа и отозвать размещенные средства, по которым были выявлены вышеуказанные нарушения.

      9. В случае досрочного погашения БВУ займов по заключенным договорам банковского займа между АО "БРК" и БВУ повторное использование данных средств осуществляется с учетом рекомендаций Госкомиссии.

Условия финансирования конечных заемщиков – покупателей автомобилей отечественного производства

      Сноска. Подраздел в редакции постановления Правительства РК от 29.04.2026 № 346.

      Целевая группа – физические лица – покупатели легкового автотранспорта отечественного производства.

      1. В целях кредитования одобренных заявок конечных заемщиков БВУ осуществляют предварительное согласование с АО "БРК" сумм, необходимых для списания средств с отдельного банковского счета БВУ в НБ РК.

      2. Кредиты предоставляются конечным заемщикам на условиях целевого использования, платности, срочности, возвратности и обеспеченности, в том числе:

      1) стоимость 1 единицы легкового автотранспорта составляет не более 15 (пятнадцать) миллионов тенге;

      2) срок кредитования – не более 7 лет;

      3) номинальная ставка вознаграждения для конечного заемщика не должна превышать 12,6 % годовых, при этом указанный размер ставки вознаграждения устанавливается за счет микширования средств Нацфонда со средствами БВУ;

      4) валюта кредитования – тенге;

      5) при погашении конечным заемщиком займа перед БВУ допускается повторное кредитование БВУ покупателей легкового автотранспорта отечественного производства за счет возвращенных средств и на условиях, определенных настоящим Планом.

Требования к БВУ

      Сноска. Подраздел с изменением, внесенным постановлением Правительства РК от 16.11.2015 № 913.

      1. Наличие кредитного рейтинга, присвоенного одним из международных рейтинговых агентств, не ниже "В-".

      2. Наличие филиальной сети во всех регионах Республики Казахстан на момент освоения кредита.

      3. Для БВУ, у которых уровень кредитов, имеющих просроченную задолженность свыше 90 дней по основному долгу и (или) начисленному вознаграждению выше 15 % от кредитного портфеля БВУ на дату выдачи средств займа, устанавливается дополнительное требование – заключение письменных соглашений с НБ РК. Письменное соглашение будет предусматривать обязанность БВУ снизить уровень кредитов, имеющих просроченную задолженность свыше 90 дней по основному долгу и (или) начисленному вознаграждению до 15 % от кредитного портфеля БВУ, в установленный НБ РК срок.

Мониторинг средств обусловленного финансирования в рамках поддержки
отечественных автопроизводителей через БВУ

      Сноска. Подраздел с изменениями, внесенными постановлениями Правительства РК от 16.11.2015 № 913; от 21.10.2016 № 599.

      Мониторинг средств обусловленного финансирования в рамках поддержки отечественных автопроизводителей через БВУ осуществляется в следующем порядке:

      1. АО "БРК" осуществляет мониторинг исполнения БВУ своих финансовых и нефинансовых обязательств по договорам банковского займа.

      2. АО "БРК" осуществляет предварительное согласование списания средств со специальных счетов БВУ, открытых в НБ РК, в следующем порядке:

      БВУ осуществляют предварительное согласование с АО "БРК" сумм, необходимых для списания со специального счета БВУ, открытого в НБ РК, путем предоставления письма со списком одобренных к финансированию заемщиков согласно установленной форме и копий решений уполномоченных органов БВУ об одобрении заемщиков;

      АО "БРК" проверяет данные, представленные БВУ, на предмет соответствия следующим условиям: максимальная стоимость 1 (один) единицы автомобиля, ставка вознаграждения, срок кредитования и, в случае отсутствия замечаний, направляет в НБ РК соответствующее письмо.

      3. На еженедельной основе АО "БРК" осуществляет сбор и свод информации у БВУ по одобренным и выданным займам. Сводная информация на еженедельной основе направляется в НБ РК.

Лизинговое финансирование в рамках поддержки производства отечественных автомобилей

      Сноска. Подраздел в редакции постановления Правительства РК от 29.04.2026 № 346.

      Целевая группа – юридические лица и индивидуальные предприниматели, приобретающие в лизинг автотранспортные средства и автотехнику специального назначения, за исключением сельскохозяйственной техники отечественного производства.

      АО "БРК" заключает договор займа с АО "ФРП" на следующих условиях:

      1) сумма займа – не более 7 (семь) миллиардов тенге;

      2) ставка вознаграждения – 0,25 % годовых;

      3) срок займа – до 20 лет;

      4) выплата вознаграждения по займу – 2 раза в год;

      5) погашение основного долга – в конце срока, согласно условиям соответствующего договора займа, с правом частичного или полного досрочного погашения по инициативе АО "ФРП";

      6) валюта займа – тенге.

      АО "ФРП" приобретает автотранспортные средства и автотехнику специального назначения, за исключением сельскохозяйственной техники, у отечественных автопроизводителей транспортных средств и автотехники специального назначения с последующим предоставлением в лизинг, в том числе с привлечением агентов, на условиях целевого использования, платности, срочности, возвратности и обеспеченности, в том числе:

      1) лизингодатель – АО "ФРП";

      2) предмет лизинга – автотранспортные средства и автотехника специального назначения, за исключением сельскохозяйственной техники (далее – автотранспортные средства);

      3) лизингополучатель – юридические лица и индивидуальные предприниматели, приобретающие в лизинг автотранспортные средства;

      4) срок лизинга – от 3 до 5 лет;

      5) номинальная ставка вознаграждения – не более 12,6 % годовых;

      6) валюта финансирования – тенге;

      7) первоначальный взнос (аванс) по лизингу – 30 % от стоимости предмета лизинга;

      8) льготный период по оплате основного долга – до 6 месяцев;

      9) льготный период по оплате вознаграждения – отсутствует;

      10) дополнительные расходы (страхование, сервисное и агентское обслуживание) – за счет лизингополучателя;

      11) при погашении платежей лизингополучателями перед АО "ФРП" допускается повторное лизинговое финансирование за счет возвращенных средств и на условиях, определенных настоящим Планом.

2. Поддержка производства вертолетов "Еврокоптер"

      Сноска. Глава 2 исключена постановлением Правительства РК от 16.11.2015 № 913.

3. Поддержка производства пассажирских вагонов

      Сноска. Подраздел с изменениями, внесенными постановлениями Правительства РК от 29.04.2026 № 346

      Целевая группа – акционерное общество "Национальная компания "Қазақстан темір жолы" (далее – АО "НК "ҚТЖ") либо дочерняя организация АО "НК "ҚТЖ", соответствующая требованиям внутренних актов АО "БРК".

      АО "БРК" предоставляет АО "НК "ҚТЖ" либо дочерней организации АО "НК "ҚТЖ", соответствующей требованиям внутренних актов АО "БРК", кредит на условиях целевого использования, платности, срочности, возвратности и обеспеченности, в том числе:

      1) сумма кредита – до 5 миллиардов тенге;

      2) номинальная ставка вознаграждения – не более 12,6 % годовых;

      3) срок кредитования – до 20 лет;

      4) льготный период по оплате основного долга – до 120 месяцев;

      5) льготный период по оплате вознаграждения – отсутствует;

      6) валюта кредитования – тенге;

      7) обеспечение по кредиту – предоставление в установленном порядке гарантии акционерного общества "Фонд национального благосостояния "Самрук-Қазына" или АО "НК "ҚТЖ".

4. Поддержка экспортеров

Прямое кредитование, обусловленное и лизинговое финансирование в рамках
поддержки отечественных экспортеров

      Сноска. Подраздел с изменениями, внесенными постановлениями Правительства РК от 16.11.2015 № 913; от 21.10.2016 № 599; от 13.05.2019 № 274; от 29.04.2026 № 346.

      Целевая группа – ССКП (в том числе нерезиденты), осуществляющие экспорт отечественных товаров и импорт продукции, выпускаемой на территории Республики Казахстан, в сфере обрабатывающей промышленности. Общая сумма финансирования – 50 миллиардов тенге в 2015 году и 15 миллиардов тенге в 2016 году.

      1. Поддержка экспортеров будет осуществляться путем предоставления финансирования через действующие инструменты в соответствии с требованиями внутренних актов АО "БРК" и/или АО "БРК-Лизинг" (далее – кредиторы), в том числе через кредитование финансовых институтов/организаций импортера (нерезидента) продукции, выпускаемой на территории Республики Казахстан.

      2. Кредитование и/или лизинговое финансирование предоставляется на условиях целевого использования, платности, срочности, возвратности и обеспеченности, в том числе:

      1) срок кредитования/лизинга – до 20 лет;

      2) номинальная ставка вознаграждения – не более 12,6 % годовых;

      3) валюта кредитования/лизинга – тенге или иная валюта в зависимости от условий сделки;

      4) обеспечение по займу/лизингу – в соответствии с требованиями АО "БРК" и/или АО "ФРП".

      3. В целях упрощения процедур и сроков рассмотрения по финансированию поддержки отечественных экспортеров предусматривается внесение соответствующих изменений и дополнений во внутренние правила АО "БРК" и/или АО "ФРП", регламентирующие порядок и требования к рассмотрению проектов.

      4. В целях кредитования нерезидентов-импортеров/финансовых институтов (организаций) нерезидентов-импортеров в иностранной валюте допускается возможность АО "БРК" предоставлять займы в национальной валюте международным финансовым институтам и другим организациям в соответствии с внутренними правилами АО "БРК" для привлечения средств от данных организаций в иностранной валюте, с целью последующего кредитования нерезидентов-импортеров/финансовых институтов (организаций) нерезидентов-импортеров отечественной продукции.