Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының 2014 жылға арналған жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы № 1547 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының 2014 жылға арналған жоспарында:
      реттік нөмірлері 12, 27, 28-жолдар алып тасталсын;
      реттік нөмірлері 32, 33-жолдарда «ИЖТМ» деген аббревиатура «ЭМ» деген аббревиатурамен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 33-1, 33-2-жолдармен толықтырылсын:
      «
33-1  | 
«Лотерея және лотерея қызметі туралы»  | 
МСМ  | 
Маусым  | 
Шілде  | 
Қазан  | 
С.А. Құранбек  | 
33-2  | 
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне лотереялар және лотерея қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»  | 
МСМ  | 
Маусым  | 
Шілде  | 
Қазан  | 
С.А. Құранбек  | 
»
      реттік нөмірлері 35, 35-1, 35-2, 36-жолдарда «ЭБЖМ», «ҚОСРМ», «Еңбекмині», «ӨДМ» деген аббревиатуралар «ҰЭМ», «ЭМ», «ДСӘДМ» деген аббревиатуралармен ауыстырылсын;
      реттік нөмірі 36-жол мынадай редакцияда жазылсын:
      «
36  | 
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы  | 
ҰЭМ  | 
Маусым  | 
Тамыз  | 
Қараша  | 
Д.В. Вагапов  | 
                                                            »
      реттік нөмірі 37-жолда «Еңбекмині» деген аббревиатура «ДСӘДМ» деген аббревиатурамен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 37-1, 37-2-жолдармен толықтырылсын:
      «
37-1  | 
Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланы туралы  | 
ІІМ  | 
Тамыз  | 
Қыркүйек  | 
Қараша  | 
Р.Т. Жақыпов  | 
37-2  | 
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланы қызметі мәселелері бойынша өзгрістер енгізу туралы  | 
ІІМ  | 
Тамыз  | 
Қыркүйек  | 
Қараша  | 
Р.Т. Жақыпов  | 
                                                            »
      реттік нөмірі 38-жолда «ӨДМ» деген аббревиатура «ҰЭМ» деген аббревиатурамен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 38-1, 38-2-жолдармен толықтырылсын:
      «
38-1  | 
Бағалы металдар мен асыл тастар туралы  | 
ИДМ  | 
Сәуір  | 
Маусым  | 
Желтоқсан  | 
А.П. Рау  | 
38-2  | 
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бағалы металдар мен асыл тастар мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы  | 
ИДМ  | 
Сәуір  | 
Маусым  | 
Желтоқсан  | 
А.П. Рау  | 
                                                            »
      реттік нөмірі 40-жолда «Еңбекмині» деген аббревиатура «ДСӘДМ» деген аббревиатурамен ауыстырылсын;
      реттік нөмірлері 40, 41, 42-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
      «
40  | 
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне халықтың көші-қоны және жұмыспен қамту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы  | 
ДСӘДМ  | 
Қыркүйек  | 
Қазан  | 
Желтоқсан  | 
Д.Р. Арғындықов  | 
41  | 
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қорғаныс және әскери қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы  | 
Қорғанысмині  | 
Қыркүйек  | 
Қазан  | 
Желтоқсан  | 
Т.С. Мұхтаров  | 
42  | 
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне аудиторлық қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы  | 
Қаржымині  | 
Қыркүйек  | 
Қазан  | 
Желтоқсан  | 
Р.Б. Бекетаев  | 
                                                            »
      мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 42-1-жолмен толықтырылсын:
      «
42-1  | 
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруге байланысты өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы  | 
ҰЭМ  | 
Қыркүйек  | 
Қараша  | 
Желтоқсан  | 
Ж.С. Айтжанова  | 
                                                            »;
      реттік нөмірі 43-жол мынадай редакцияда жазылсын:
      «
43  | 
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне экологиялық мәселелер бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы  | 
ЭМ  | 
Қазан  | 
Қараша  | 
Желтоқсан  | 
Т.Ә. Ахсамбиев  | 
                                                            »;
      мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 45-1, 45-2-жолдармен толықтырылсын:
      «
45-1  | 
Жылжымайтын мүліктің меншік иелері жеке тұлғалардың тұрғын үйін міндетті сақтандыру туралы  | 
ҰЭМ  | 
Қазан  | 
Қараша  | 
Желтоқсан  | 
М.Ә. Құсайынов  | 
45-2  | 
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардан сақтандыру жүйесін енгізу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы  | 
ҰЭМ  | 
Қазан  | 
Қараша  | 
Желтоқсан  | 
М.Ә. Құсайынов  | 
                                                            »
      Ескертпе: аббревиатуралардың жазылуы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:
      Әділетмині – Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі;
      МСМ – Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі;
      ІІМ – Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі;
      ЭМ – Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі;
      ИДМ – Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі;
      ДСӘДМ – Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі;
      Қорғанысмині – Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі;
      Қаржымині – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі;
      ҰЭМ – Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі;
      АШМ – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі;
      ЖС – Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты;
      БҒМ – Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі;
      СІМ – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі.».
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     К.Мәсімов