Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 27.06.2025 № 480 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Жергілікті атқарушы органдардың штат санының лимиттерін бекітудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 15 желтоқсандағы № 1324 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 49, 627-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулыға 2-қосымшада:
"Әкімдер аппараттарының штат саны (бірлік)" деген бағанда:
"1,5-ға дейін" деген жолдағы "4" деген сан "5" деген санмен ауыстырылсын;
"1,5-нан 3-ке дейін" деген жолдағы "4-5" деген сандар "5-6" деген сандармен ауыстырылсын;
"3-тен 5-ке дейін" деген жолдағы "5-6" деген сандар "6-7" деген сандармен ауыстырылсын;
"5-тен 10-ға дейін" деген жолдағы "6-8" деген сандар "7-9" деген сандармен ауыстырылсын;
"10-нан 20-ға дейін" деген жолдағы "8-10" деген сандар "9-11" деген сандармен ауыстырылсын;
"20-дан астам" деген жолдағы "10-12" деген сандар "11-13" деген сандармен ауыстырылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының | |
Премьер-Министрі | К. Мәсімов |