Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәселелері туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2255 Қаулысы.

      "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай толықтыру мен өзгерістер енгізілсін:

      1) Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 18.06.2013 № 608 қаулысымен (қолданысқа енгізілу тәртібін 7-тармақтан қараңыз).
      2) Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 27.06.2025 № 480 қаулысымен.

      3) "Министрліктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың олардың аумақтық органдарындағы және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелердегі адам санын ескере отырып, штат санының лимиттерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 15 сәуірдегі № 339 қаулысында:

      көрсетілген қаулымен бекітілген министрліктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың олардың аумақтық органдарындағы және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелеріндегі адам санын ескере отырып, штат санының лимиттерінде:

      реттік нөмірі 6-жолдың 3-бағанындағы "13355" деген сандар "12599" деген сандармен ауыстырылсын.

      Ескерту. 1-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Үкіметінің 18.06.2013 № 608 (қолданысқа енгізілу тәртібін 7-тармақтан қараңыз); 27.06.2025 № 480 қаулыларымен.

      2. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері:

      1) өз актілерін осы қаулыға сәйкес келтірсін;

      2) мынадай тәртіппен қосымша бөлінген штат саны және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінен бұрын берілген бірлік есебінен ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органдардың бөлімшелерін құрсын:

      облыстар (республикалық маңызы бар қала, астана) деңгейінде Ауыл шаруашылығы басқармасының құрамындағы ветеринария бөлімдері кемінде 3 штаттық бірлік штат санымен;

      аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) деңгейінде дербес ветеринария бөлімдері кемінде 3 штаттық бірлік штат санымен;

      аудандық маңызы бар қалалар, кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ деңгейінде әкім аппаратының құрамында 1 штаттық бірлік бойынша;

      3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.

      3. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі:

      1) осы қаулының қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің аудандық аумақтық инспекцияларының 756 қызметкерін заңнамада белгіленген тәртіппен аудандық маңызы бар қалалар, кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ деңгейіндегі жергілікті атқарушы органдардың тиісті бөлімшелеріне ауыстыруды қамтамасыз етсін;

      2) жергілікті атқарушы органдармен мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажыратуды ескере отырып, ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органдардың құрылатын бөлімшелерінің қызметін ұйымдастыру жөнінде тиісті түсіндіру жұмысын жүргізсін;

      3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.

      4. Осы қаулы 2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

К. Мәсімов


  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2009 жылғы 30 желтоқсандағы
№ 2255 қаулысына
қосымша

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің
Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті
аудандық аумақтық инспекцияларының аудандық маңызы бар
қалалар, кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ
деңгейінде ветеринария саласындағы қызметті жүзеге
асыратын жергілікті атқарушы органдардың бөлімшелеріне
берілетін штат саны

Р/с

Өңірлер

Барлығы, берілетін штат саны (бірлік)

1

2

3

1.

Ақмола

65

2.

Ақтөбе

50

3.

Алматы

76

4.

Атырау

10

5.

Шығыс Қазақстан

75

6.

Жамбыл

51

7.

Батыс Қазақстан

65

8.

Қарағанды

67

9.

Қостанай

70

10.

Қызылорда

-

11.

Маңғыстау

-

12.

Павлодар

71

13.

Солтүстік Қазақстан

77

14.

Оңтүстік Қазақстан

79

15.

Алматы қаласы

-

16.

Астана қаласы

-


ЖИЫНЫ:

756


О вопросах Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан

Постановление Правительства Республики Казахстан от 30 декабря 2009 года № 2255.

      В соответствии с Законом Республики Казахстан от 10 июля 2002 года "О ветеринарии" Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Внести в некоторые решения Правительства Республики Казахстан следующие дополнение и изменения:

      1) исключен постановлением Правительства РК от 18.06.2013 № 608 (порядок введения в действие см. п. 7).
      2) утратил силу постановлением Правительства РК от 27.06. 2025 № 480.

      3) в постановлении Правительства Республики Казахстан от 15 апреля 2008 года № 339 "Об утверждении лимитов штатной численности министерств и иных центральных исполнительных органов с учетом численности их территориальных органов и подведомственных им государственных учреждений":

      в лимитах штатной численности министерств и иных центральных исполнительных органов, с учетом численности их территориальных органов и подведомственных им государственных учреждений, утвержденных указанным постановлением:

      в графе 3 строки, порядковый номер 6, цифры "13355" заменить цифрами "12599".

      Сноска. Пункт 1 с изменениями, внесенными постановлениями Правительства РК от 18.06.2013 № 608 (порядок введения в действие см. п. 7); от 27.06. 2025 № 480.

      2. Акимам областей, городов Астаны и Алматы:

      1) привести свои акты в соответствие с настоящим постановлением;

      2) создать подразделения местных исполнительных органов, осуществляющих деятельность в области ветеринарии за счет выделенной дополнительной штатной численности и ранее переданных единиц из Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан в следующем порядке:

      на уровне областей (города республиканского значения, столицы) отделы ветеринарии в составе Управления сельского хозяйства со штатной численностью не менее 3 штатных единиц;

      на уровне районов (городов областного значения) самостоятельные отделы ветеринарии со штатной численностью не менее 3 штатных единиц;

      на уровне городов районного значения, поселка, аула (села), аульного (сельского) округа в составе аппарата акима по 1 штатной единице;

      3) принять иные меры, вытекающие из настоящего постановления.

      3. Министерству сельского хозяйства Республики Казахстан:

      1) в установленном законодательством порядке обеспечить перевод 756 сотрудников районных территориальных инспекции Комитета государственной инспекции в агропромышленном комплексе Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан в соответствующие подразделения местных исполнительных органов на уровне городов районного значения, поселка, аула (села), аульного (сельского) округа согласно приложению к настоящему постановлению;

      2) провести соответствующую разъяснительную работу с местными исполнительными органами по организации деятельности создаваемых подразделений местных исполнительных органов, осуществляющих деятельность в области ветеринарии с учетом разграничения полномочий между уровнями государственного управления;

      3) принять иные меры, вытекающие из настоящего постановления.

      4. Настоящее постановление вводится в действие с 1 января 2010 года.

Премьер-Министр


Республики Казахстан

К. Масимов


  Приложение
к постановлению Правительства
Республики Казахстан
от 30 декабря 2009 года № 2255

Штатная численность
районных территориальных инспекций Комитета
государственной инспекции в агропромышленном комплексе
Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан,
передаваемая в подразделения местных исполнительных
органов, осуществляющих деятельность в области
ветеринарии на уровне городов районного значения,
поселка, аула (села), аульного (сельского) округа

п/п

Регионы

Всего, передаваемая

штатная численность (ед.)

1

2

3

1.

Акмолинская

65

2.

Актюбинская

50

3.

Алматинская

76

4.

Атырауская

10

5.

Восточно-Казахстанская

75

6.

Жамбылская

51

7.

Западно-Казахстанская

65

8.

Карагандинская

67

9.

Костанайская

70

10.

Кызылординская

-

11.

Мангистауская

-

12.

Павлодарская

71

13.

Северо-Казахстанская

77

14.

Южно-Казахстанская

79

15.

г. Алматы

-

16.

г. Астана

-


ИТОГО:

756