Орталық және жергілікті атқарушы органдардың штат санын оңтайландыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 27.06.2025 № 480 қаулысымен.2) "Министрліктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың олардың аумақтық органдарындағы және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелердегі адам санын ескере отырып, штат санының лимиттерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 15 сәуірдегі N 339 қаулысында :
көрсетілген қаулымен бекітілген министрліктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың олардың аумақтық органдарындағы және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелеріндегі адам санын ескере отырып, штат санының лимиттерінде:
3-бағанда:
реттік нөмірі 6-жолдағы "13224" деген сандар "13135" деген сандармен ауыстырылсын;
реттік нөмірі 8-жолдағы "1494" деген сандар "1483" деген сандармен ауыстырылсын;
реттік нөмірі 9-жолдағы "23211" деген сандар "22793" деген сандармен ауыстырылсын;
реттік нөмірі 10-жолдағы "406" деген сандар "430" деген сандармен ауыстырылсын;
реттік нөмірі 11-жолдағы "30762" деген сандар "30680" деген сандармен ауыстырылсын;
реттік нөмірі 12-жолдағы "2590" деген сандар "2564" деген сандармен ауыстырылсын;
реттік нөмірі 14-жолдағы "731" деген сандар "726" деген сандармен ауыстырылсын;
реттік нөмірі 15-жолдағы "792" деген сандар "783" деген сандармен ауыстырылсын;
реттік нөмірі 16-жолдағы "882" деген сандар "872" деген сандармен ауыстырылсын;
реттік нөмірі 17-жолдағы "1007" деген сандар "1001" деген сандармен ауыстырылсын;
реттік нөмірі 18-жолдағы "185" деген сандар "169" деген сандармен ауыстырылсын;
реттік нөмірі 19-жолдағы "3926" деген сандар "3730" деген сандармен ауыстырылсын;
реттік нөмірі 20-жолдағы "265" деген сандар "247" деген сандармен ауыстырылсын;
реттік нөмірі 21-жолдағы "105" деген сандар "100" деген сандармен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 23-жолмен толықтырылсын:
"23. Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі 85".
Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 27.06.2025 № 480 қаулысымен.2. Орталық және жергілікті атқарушы органдар осы қаулыдан туындайтын тиісті шараларды қабылдасын, оның ішінде:
1) 2009 — 2011 жылдарға арналған республикалық бюджетте және 2009 жылға арналған жергілікті бюджеттерде осы қаулымен қысқартылатын штат санының лимиттеріне еңбекақы төлеуге көзделген бюджет қаражатын үнемдеу сомасын айқындасын және он күн мерзімде Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігіне тиісті ақпарат берсін;
2) осы қаулының қабылдануына байланысты пайда болған бюджет қаражатының үнемделген сомасын 2009 жылғы желтоқсанға ауыстыру бөлігінде міндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарларына өзгерістер енгізсін және оларды пайдалануға жол бермесін.
3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі орталық және жергілікті атқарушы органдар осы қаулымен қысқартылатын штат санының лимиттеріне еңбекақы төлеуге есептеген қаражаттың өзге мақсаттарға пайдаланылуына жол бермесін.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының | |
Премьер-Министрі | К. Мәсімов |