Ескерту. Қаулының күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 12 қарашадағы N 1048 Қаулысымен.
      Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI : 
      1. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер мен толықтыру енгiзiлсiн: 
      1) "Қазына" орнықты даму қоры" акционерлiк қоғамы директорлар кеңесiнiң құрамы туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2006 жылғы 2 мамырдағы N 347 қаулысында : 
      көрсетiлген қаулыға қосымшада: 
"Елемесов                  - Қазақстан Республикасының Қаржы 
Асқар Раушанұлы              вице-министрi" 
деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"Ерғожин                   - Қазақстан Республикасының Қаржы вице- 
Дәулет Едiлұлы               министрi"; 
"Мыңбаев                   - "Самұрық" мемлекеттiк активтердi 
Сауат Мұхаметбайұлы          басқару жөнiндегi қазақстандық 
                             холдингi" акционерлiк қоғамы атқарушы 
                             директорының мiндетiн атқарушы, 
                             тәуелсiз директор" 
деген жолдағы "атқарушы директорының мiндетiн атқарушы" деген сөздер "басқармасының төрағасы" деген сөздермен ауыстырылсын;
"Ахметов                   - "Атамекен" Қазақстан кәсiпкерлерiнiң 
Серiк Нығметұлы               және жұмыс берушiлерiнiң жалпыұлттық 
                              одағы" заңды тұлғалар бiрлестiгiнiң 
                              басқарма төрағасы, тәуелсiз директор" 
      деген жол алынып тасталсын; 
      мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын: 
"Мирчев                    - тәуелсiз директор"; 
Александр Васильевич 
      2) "Қазына" орнықты даму қоры" акционерлiк қоғамы қызметiнiң кейбiр мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 15 қыркүйектегі N 873 қаулысында : 
      көрсетiлген қаулыға 1-қосымшада: 
      2 және 4-тармақтарда: 
      "Палымбетов Болат Әбiлқасымұлы - Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттiк жоспарлау вице-министрi;" 
      деген жол мынадай редакцияда жазылсын: 
      "Супрун Виктор Васильевич - Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттiк жоспарлау вице-министрi;"; 
      5-тармақта: 
      "Смайылов Әлихан Асханұлы - Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрi;" 
      деген жол мынадай редакцияда жазылсын: 
      "Ерғожин Дәулет Eдiлұлы - Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрi;"; 
      3) "Қазақстанның Даму Банкi" акционерлiк қоғамының Директорлар кеңесi құрамының кейбiр мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2006 жылғы 20 қыркүйектегi N 885 қаулысында : 
      1-тармақта: 
      "Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттiк жоспарлау вице-министрi - Болат Әбiлқасымұлы Палымбетовтi" 
      деген жол мынадай редакцияда жазылсын: 
      "Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттiк жоспарлау вице-министрi - Виктор Васильевич Супрунды". 
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.
      Қазақстан Республикасының 
      Премьер-Министрі