"Қазақстанның Даму Банкi туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 25 сәуiрдегi  Заңының 24-бабына  сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді: 
      1. "Қазақстанның Даму Банкi" акционерлiк қоғамы акционерлерiнiң жалпы жиналысына оның директорлар кеңесiнiң құрамына Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттiк жоспарлау вице-министрi Қайрат Медiбайұлы Әйтекеновтiң кандидатурасын сайлау белгiленсiн. 
      2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi. 
       Қазақстан Республикасы 
      Премьер-Министрі