Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. "Қазақстан Республикасы Экономика және сауда министрлiгінiң
республикалық бюджеттiк бағдарламаларының 2002 жылға арналған паспорттарын
бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 30 қаңтардағы
N 138
P020138_
қаулысына мынадай өзгерiс пен толықтыру енгізiлсiн:
1) 1-тармақтағы "25" деген сан "26" деген санмен ауыстырылсын;
2) осы қаулының қосымшасына сәйкес 26-қосымшамен толықтырылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы Yкіметiнiң
2002 жылғы 23 сәуiрдегi
N 138а қаулысына қосымша
Қазақстан Республикасы Yкiметінiң
2002 жылғы 30 қаңтардағы
N 138 қаулысына қосымша
Қазақстан Республикасының
Экономика және сауда министрлiгі
Бюджет бағдарламасының әкiмшiсi
2002 жылға арналған
081 "Орта бизнестің өндiрiстiк және өнеркәсiптік-ұқсату
секторларының кәсiпорындарын екiншi деңгейдегі банктер арқылы
несиелендiру" республикалық бюджет бағдарламасының
ПАСПОРТЫ
1. Бюджет бағдарламасының құны: 618400 мың теңге (алты жүз он сегіз
миллион төрт жүз мың теңге).
2. Бюджет бағдарламасының нормативтік құқықтық негізi: "Қаржы ынтымақтастығы туралы Қазақстан Республикасының Yкiметi мен Германия Федеративтік Республикасының Yкiметі арасындағы займ туралы Келiсiмдi бекiту туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 22 желтоқсандағы Z980330_ Заңы; "2000-2002 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының мемлекеттiк инвестициялар Бағдарламасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметiнiң P001963_ қаулысы.
3. Бюджет бағдарламасын қаржыландырудың көзi: үкіметтiк сыртқы займ
қаражаты.
4. Бюджет бағдарламасының мақсаты: Екіншi деңгей банктерi арқылы
жеңiлдiктi несие ұсыну жолымен бәсекеге жарамды шағын және орта
кәсiпорындарды қолдау.
5. Бюджет бағдарламасының мiндеті: Қазақстан Республикасының
белгіленген заңнамалық тәртібiмен екіншi деңгей банктерi арқылы шағын және
орта кәсiпорындарды несиелеу.
6. Бюджет бағдарламасын iске асыру жөнiндегі іс-шаралар:
---------------------------------------------------------------------------
N !Бағдар.!Кiшi !Бағдарламаның !Бағдарламаны іске !Iске ! Жауапты
!ламаның!бағ. !атауы (кiшi бағ. !асыру жөніндегі !асыру ! орындаушы
!коды !дар. !дарлама) !іс-шара (кіші !мерзiмi!
! !лама.! !бағдарлама) ! !
! !ның ! ! ! !
! !коды !
---------------------------------------------------------------------------
1 ! 2 ! 3 ! 4 ! 5 ! 6 ! 7
---------------------------------------------------------------------------
081 Орта бизнестiң
өндiрiстiк және
өнеркәсiптiк-ұқсату
секторларының
кәсiпорындарын
екiншi деңгейдегі
банктер арқылы
несиелендiру
080 Жобаны iске асыру Екiншi деңгей 2002 жыл Қазақстан
сыртқы займдар банктерi арқылы iшiнде Республика.
есебiнен шағын және орта сының
кәсiпорындарға Экономика
несиелердi ұсыну және сауда
министрлiгі
---------------------------------------------------------------------------
7. Бюджет бағдарламасын орындаудан күтілетiн нәтижелер: 2002 жылғы
республикалық бюджетте көзделген, Қазақстан Республикасында шағын және
орта бизнестi жеңiлдету несие қаражатын жеткiзу жолымен қолдау.
Мамандар:
Багарова Ж.А.,
Қасымбеков Б.А.