1. Қазақстан Республикасынан тұрмыстық пештік отыннан басқа, дизель
отынын (ТМД СЭҚ ТН коды 2710 00 610 - 2710 00 690) әкетуге 2002 жылғы 1
маусымға дейін тыйым салынсын.
2. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрлігінің Кеден
комитеті осы қаулының 1-тармағын орындау жөнінде қажетті шаралар
қабылдасын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары К.Қ.Мәсімовке жүктелсін.
4. Осы қаулы жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Мамандар:
Багарова Ж.А.,
Қасымбеков Б.А.