1. "Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 16 қарашадағы N 1731 P991731_ қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 51, 498-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі туралы ережеге:
1-тармақта:
"заңдарда көзделген шектерде" деген сөздерден кейін "астық рыногы саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды, оған қатысушылардың қызметін үйлестіру мен реттеуді, сондай-ақ мемлекеттік астық ресурстарын басқаруды" деген сөздер толықтырылсын;
"мемлекеттік астық ресурстарын сақтау және сату" деген сөздер алынып
тасталсын;
9-тармақта:
2) тармақша "кешенін" деген сөзден кейін "және астық рыногын
реттеуді" деген сөздермен толықтырылсын;
5) тармақшада:
"мемлекеттік астық ресурстарын сақтау және сату" деген сөздер "тұқым
шаруашылығы, мемлекеттік астық ресурстарын басқару" деген сөздермен
ауыстырылсын;
"жобалардан" деген сөзден кейін ", сондай-ақ астық сапасы мемлекеттік
стандарттарының жобаларын" деген сөздермен толықтырылсын;
8) тармақша "астық," деген сөзбен басталсын;
10) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"10) астықтың сапасын, сондай-ақ мемлекеттік азық-түліктік астық
резервін қоса алғанда, мемлекеттік астық ресурстарының сақталуын
мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады";
мынадай мазмұндағы 10-2) - 10-6) тармақшалармен толықтырылсын:
"10-2) астық рыногының мониторингін жүргізеді;
10-3) ауыл шаруашылығы техникасының лизингін ұйымдастыру, селекция мен тұқым шаруашылығын, дәнді дақылдарды өсіру және өсімдіктерді қорғау технологиясын дамыту жөніндегі мемлекеттік бағдарламаларды әзірлейді әрі іске асыруға қатысады;
10-4) астық сапасы сертификаттарының нысанын, оларды беру мен қолдану тәртібін белгілейді;
10-5) астықты сертификаттау жөніндегі органдарды, зертханаларды (орталықтарды) астық сапасының сертификаттарын беру құқығына тіркеуді жүргізеді;
10-6) заңнамалық кесімдерде белгіленген жағдайларда астық қабылдау кәсіпорындарын уақытша басқаруды енгізуге бастама жасайды, оны жүзеге асыруға қатысады және тоқтату туралы шешім қабылдайды";
10-тармақта:
1) тармақша "өндірісінде," деген сөзден кейін "астық өндіруде, элиталық тұқым шаруашылығында," деген сөздермен толықтырылсын;
7) тармақшада "астық пен оның өңделген өнімдерінің сақталу сапасына" деген сөздер "астық сапасына" деген сөздермен ауыстырылып, "және олардың мониторингін жүргізу" деген сөздер алынып тасталсын;
11-тармақта:
мынадай мазмұндағы 4-1) - 4-5) тармақшалармен толықтырылсын:
"4-1) мемлекеттік астық ресурстарын сақтауды қамтамасыз ету
мақсатында мемлекеттік астық ресурстарын сақтаушы астық қабылдау
кәсіпорындарынан оны тиеп жөнелтуді келісуге;
4-2) астық қолхаттарының нысанын бекітуге;
4-3) элиталық тұқым өндіру және сатумен айналысатын жеке және заңды
тұлғаларды аттестаттауды өткізуге;
4-4) тұқым шаруашылығында сорттылық және тұқымдық бақылауды жүзеге
асыруға;
4-5) тұқымға сорт үстемесінің нормаларын белгілеуге";
7-тармақшада:
екінші абзац "астық туралы," деген сөзбен басталсын;
үшінші абзацтағы "шығаруға" деген сөзден кейін нүктелі үтір қойылып,
"мемлекеттік" деген сөздің алдынан мынадай мазмұндағы абзацтармен
толықтырылсын:
"мемлекеттік астық ресурстарын тиеп жөнелту мен тасуға;
астықтың сапасына".
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Мамандар:
Багарова Ж.А.
Қасымбеков Б.А.