Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарына автомобиль көлігімен қызмет көрсету тәртібі туралы

Қазақстан Республикасы Президентiнiң Өкімі. 1996 жылғы 16 қаңтар N 2775.

      Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Президентінің 01.07.2026 № 1337 (01.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.

      "Қазақстан Республикасының Құрылтайы және оның депутаттарының мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 51-бабының 6-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарына автомобиль көлігімен қызмет көрсету тәртібі туралы ереже бекітілсін (қоса беріліп отыр).

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Президентінің 01.07.2026 № 1337 (01.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.

      Қазақстан Республикасының
Президентi

  Қазақстан Республикасы
Президентінің
1996 жылғы 16 қаңтардағы
№ 2775 өкімімен
БЕКІТІЛГЕН

Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарына автомобиль көлігімен қызмет көрсету тәртібі туралы ЕРЕЖЕ

      Ескерту. Ереже жаңа редакцияда – ҚР Президентінің 01.07.2026 № 1337 (01.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.

      1. Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарына автомобиль көлігімен қызмет көрсетуді "Қазақстан Республикасы Құрылтайының қызметін шаруашылық қамтамасыз ету департаментінің көлік шаруашылығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны жүзеге асырады.

      2. Осы Ереженің 3-тармағында көрсетілген лауазымды адамдарды қоспағанда, Құрылтай депутаттарына кезекші жеңіл автокөліктермен және автобустармен қызмет көрсетіледі.

      3. Құрылтай Төрағасы мен оның орынбасарларына, сондай-ақ тұрақты комитеттердің төрағаларына оларға дербес бекітілген автокөліктермен қызмет көрсетіледі.

      4. Автокөліктер, депутаттардың Құрылтайдың және оның үйлестіруші әрі жұмыс органдарының тапсырмаларын орындауы үшін шығуын қоспағанда, тек Қазақстан Республикасы астанасының шегінде беріледі.

      5. Осы Ереженің 2-тармағында көрсетілген Құрылтай депутаттарына айына 75 сағат мөлшерінде автокөлікті пайдалану лимиті белгіленеді.

      6. Кезекші автокөліктер қызметтік сапарлар үшін жұмыс күндері сағат 8:00-ден 20:00-ге дейін, сенбі күні сағат 8:00-ден 15:00-ге дейін, жұмыстан тыс уақытта тек әуежайға, теміржол вокзалдарына немесе автовокзалдарға бару үшін ғана пайдаланылады.

      7. Демалыс және мереке күндері, сондай-ақ қызметтік емес сапарлар үшін автокөлік белгіленген тарифтер бойынша ақылы негізде беріледі.

      8. Құрылтай депутаттарын, Құрылтай Төрағасы мен оның орынбасарларын және тұрақты комитеттердің төрағаларын қоспағанда, жұмыс орнына және тұратын жеріне жеткізу үшін жеңіл автокөліктер мен автобустар беріледі.

      9. "Қазақстан Республикасы Құрылтайының қызметін шаруашылық қамтамасыз ету департаменті" мемлекеттік мекемесі автокөлік құралдарының санын, жеңіл автокөліктер мен автобустардың қозғалыс бағыттарын айқындайды, автокөлікті пайдаланғаны үшін ақылы қызметтердің тарифтерін белгілейді және оның нысаналы пайдаланылуына бақылауды жүзеге асырады.

     

О порядке обслуживания депутатов Курултая Республики Казахстан автомобильным транспортом

РАСПОРЯЖЕНИЕ ПРЕЗИДЕНТА РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН от 16 января 1996 года № 2775.

      Сноска. Заголовок – в редакции Указа Президента РК от 01.07.2026 № 1337.

      В соответствии с пунктом 6 статьи 51 Конституционного закона Республики Казахстан "О Курултае Республики Казахстан и статусе его депутатов" утвердить Положение о порядке обслуживания депутатов Курултая Республики Казахстан автомобильным транспортом (прилагается).

      Сноска. Преамбула – в редакции Указа Президента РК от 01.07.2026 № 1337.

Президент


Республики Казахстан



  УТВЕРЖДЕНО
распоряжением Президента
Республики Казахстан
от 16 января 1996 года № 2775

ПОЛОЖЕНИЕ
о порядке обслуживания депутатов Курултая Республики Казахстан автомобильным транспортом

      Сноска. Положение– в редакции Указа Президента РК от 01.07.2026 № 1337.

      1. Обслуживание депутатов Курултая Республики Казахстан автомобильным транспортом осуществляется республиканским государственным предприятием на праве хозяйственного ведения "Автохозяйство Департамента хозяйственного обеспечения Курултая Республики Казахстан".

      2. Депутаты Курултая, за исключением должностных лиц, указанных в пункте 3 настоящего Положения, обслуживаются дежурными легковыми автомобилями и автобусами.

      3. Председатель Курултая и его заместители, а также председатели постоянных комитетов обслуживаются персонально закрепленными за ними автомашинами.

      4. Автомашины предоставляются только в пределах столицы Республики Казахстан, за исключением выезда депутатов для выполнения поручений Курултая и его координационных и рабочих органов.

      5. Депутатам Курултая, указанным в пункте 2 настоящего Положения, устанавливается лимит пользования автотранспортом в количестве 75 часов в месяц.

      6. Дежурные автомобили используются для служебных поездок в рабочие дни с 8:00 до 20:00, в субботу с 8:00 до 15:00, в нерабочее время только для поездок в аэропорт, железнодорожные вокзалы или автовокзалы.

      7. В выходные и праздничные дни и для неслужебных поездок автотранспорт выделяется за плату по установленным тарифам.

      8. Для доставки депутатов Курултая, за исключением председателя Курултая, его заместителей и председателей постоянных комитетов, к месту работы и жительства предоставляются легковые автомобили и автобусы.

      9. Государственное учреждение "Департамент хозяйственного обеспечения Курултая Республики Казахстан" определяет количество автотранспортных средств, маршруты движения легковых автомобилей и автобусов, устанавливает тарифы платных услуг за пользование автотранспортом и осуществляет контроль за его целевым использованием.