1. Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi:
- Қазақстан Республикасының мемлекеттiк Медетшi банкiн төрт жылдан аспайтын мерзiмге құрсын;
- жыл сайын бюджеттердiң жобаларында Қазақстан Республикасының
мемлекеттiк Медетшi банкiнiң жарғылық қорын қалыптастыру мен
толықтыруға қаражат көзделсiн;
- Қазақстан Республикасының мемлекеттiк Медетшi банкiнiң
аппаратын орналастыру үшiн Алматы қаласынан үй-жай бөлсiн және
осы қаулыдан туындайтын өзге де қажеттi шараларды жүзеге асыратын
болсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Президентi