1-БӨЛІМ. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1-бап. Осы Кодекспен реттелетін қатынастар
1. Осы Кодекс цифрлық деректер мен цифрлық объектілерді құру, олардың айналымы, сақтау, беру және пайдалану кезінде цифрлық ортада туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейді.
Цифрлық орта деп осы Кодекспен реттелетін қоғамдық қатынастарды қозғайтын бөлікте цифрлық деректер мен цифрлық объектілерді орналастыру немесе оларға құқықтарды тіркеу аумағына қарамастан, оларды құру, олардың айналымы, сақтау, беру және пайдалану, оларға құқықтарды жүзеге асыру және беру үшін инфрақұрылымның, технологиялардың, процестер мен шарттардың жиынтығы түсініледі.
2. Цифрлық ортада туындайтын мүліктік және өзге де азаматтық-құқықтық қатынастар осы Кодексте белгіленген ерекшеліктер ескеріле отырып, Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасымен реттеледі.
3. Егер Қазақстан Республикасының Конституциясында, осы Кодексте, Қазақстан Республикасының заңдарында және Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасының аумағында цифрлық деректер мен цифрлық объектілерді құру, олардың айналымы, сақтау, беру және пайдалану жөніндегі қызметті жүзеге асыратын шетелдіктер, азаматтығы жоқ адамдар және шетелдік заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының азаматтары мен заңды тұлғалары үшін Қазақстан Республикасында белгіленген құқықтар мен бостандықтарды пайдаланады, сондай-ақ міндеттерді атқарады.
2-бап. Қазақстан Республикасының цифрлық заңнамасы
1. Қазақстан Республикасының цифрлық заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және осы Кодекстен және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.
2. Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттар осы Заңнан басым болады. Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық шарттардың Қазақстан Республикасының аумағында қолданылу тәртібі мен талаптары Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалады.
3. Осы Кодекс пен Қазақстан Республикасының өзге де заңдары арасында цифрлық ортадағы қатынастарды реттеу мәселелері бойынша қайшылықтар болған жағдайларда осы Кодекстің ережелері қолданылады.
3-бап. Қазақстан Республикасы цифрлық заңнамасының мақсаты мен міндеттері
1. Қазақстан Республикасы цифрлық заңнамасының мақсаты жеке және заңды тұлғалардың, қоғам мен мемлекеттің мүддесі үшін цифрлық ортаның орнықты дамуы мен жұмыс істеуін қамтамасыз ету болып табылады.
2. Мыналар Қазақстан Республикасы цифрлық заңнамасының міндеттері болып табылады:
1) цифрлық ортада туындайтын қоғамдық қатынастарды құқықтық реттеу;
2) цифрлық ортада бірыңғай мемлекеттік саясатты іске асыру тетіктерін айқындау;
3) цифрлық ортада заңдылық пен құқықтық тәртіпті нығайту;
4) Қазақстан Республикасында цифрлық ортаны дамытуға инвестициялар тарту үшін жағдайлар жасау;
5) қоғамдық қатынастардың барлық салаларын цифрлық трансформациялауды құқықтық қамтамасыз ету.
4-бап. Қазақстан Республикасы цифрлық заңнамасының қағидаттары
Цифрлық ортадағы қоғамдық қатынастарды құқықтық реттеу мынадай негізгі қағидаттарға негізделеді:
1) цифрлық ортада адамның құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін сақтау;
2) цифрлық технологияларды қолдану кезінде адамның, қоғамның және мемлекеттің қауіпсіздігі;
3) цифрлық деректердің айналым еркіндігі;
4) цифрлық технологияларды құру, дамыту және қолдану еркіндігі;
5) жеке және көпшілік мүдделерінің теңгерімі;
6) цифрлық ортаның қолжетімділігі мен инклюзивтілігі;
7) мемлекеттің цифрлық ортаға пропорционалды және негізді қатысуы;
8) құқықтық реттеудің технологиялық бейтараптығы;
9) цифрлық әдеп және әлеуметтік жауапкершілік.
5-бап. Цифрлық ортада адамның құқықтарын, бостандықтары мен заңды
1. Адамның цифрлық ортадағы құқықтары, бостандықтары мен заңды мүдделері ең жоғары құндылық деп танылады және олардың шектелуі тек Қазақстан Республикасының заңдарымен және конституциялық құрылысты қорғау, қоғамдық тәртіпті, адамның құқықтары мен бостандықтарын, халықтың денсаулығы мен имандылығын сақтау мақсаттарында қажетті шамада ғана мүмкін болады.
2. Цифрлық ортадағы қатынастар адамның еркін, саналы және айқын ерік-жігеріне негізделеді.
3. Цифрлық ортадағы адамның құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қозғайтын алгоритмдік және автоматтандырылған шешімдер ашықтық, кемсітпеу және цифрлық орта субъектісі тарапынан бақылау мүмкіндігі сақтала отырып қолданылады.
6-бап. Цифрлық технологияларды қолдану кезіндегі адамның, қоғамның және
1. Цифрлық технологияларды қолдану кезіндегі адамның, қоғамның және мемлекеттің қауіпсіздігі цифрлық ортаның тұрақты жұмыс істеуінің ажырамас элементі болып табылады.
2. Мемлекет адамның, қоғамның және мемлекеттің құқықтарына, бостандықтары мен заңды мүдделеріне цифрлық технологиялардың теріс әсері мен қолдану тәуекелдерінің алдын алу және азайту жөнінде шаралар қабылдайды, олардың қажеттілігі мен қол жеткізілетін мақсаттарға мөлшерлeстігін қамтамасыз етеді.
7-бап. Цифрлық деректердің айналым еркіндігі
1. Қазақстан Республикасында осы Кодексте және Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген шектерде цифрлық деректерді іздеу, қалыптастыру, беру, сақтау және пайдалану еркіндігі қамтамасыз етіледі.
2. Цифрлық деректерге қол жеткізуді шектеуге Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жол беріледі.
3. Мемлекет цифрлық деректердің ашықтығы, анықтығы, қолжетімділігі, өзектілігі, толықтығы, олардың цифрлық үйлесімділігі және цифрлық деректермен еркін алмасу тетігін дамытуға жәрдемдеседі.
8-бап. Цифрлық технологияларды құру, дамыту және қолдану еркіндігі
1. Егер осы Кодексте және Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгіленбесе, цифрлық технологияларды құру, дамыту және қолдану еркін жүзеге асырылады.
2. Мемлекет ғылыми зерттеулер жүргізуге, инновациялық қызметті жүзеге асыруға және цифрлық технологияларды дамытуға жағдай жасайды.
3. Мемлекет халықтың цифрлық сауаттылығын арттыру, қолжетімді инфрақұрылымды дамыту және цифрлық теңсіздікті жою жөніндегі шараларды іске асыруды, сондай-ақ цифрлық ортадағы жеке бастамалар мен бәсекелестікті дамытудың тең жағдайларын қамтамасыз етеді.
9-бап. Жеке және көпшілік мүдделерінің теңгерімі
1. Цифрлық ортадағы қоғамдық қатынастарды реттеу жеке және көпшілік мүдделері арасындағы теңгерім сақтала отырып жүзеге асырылады.
2. Көпшілік мүдделерін іске асыру жеке тұлғалардың құқықтарын негізсіз шектеуге алып келмеуге тиіс.
3. Мемлекеттік реттеуді жүзеге асыру кезінде оның мақсаттарының және адам мен азамат үшін салдары, қоғам мен мемлекет мүдделері арасындағы мөлшерлестік қамтамасыз етіледі.
4. Мемлекеттік органдар мен ұйымдар цифрлық технологияларды пайдалана отырып қабылданатын шешімдердің айқындығын, ашықтығын және уәжділігін қамтамасыз етеді.
10-бап. Цифрлық ортаның қолжетімділігі мен инклюзивтілігі
1. Мемлекет азаматтардың цифрлық технологияларға, өнімдерге, көрсетілетін қызметтер мен цифрлық ортадағы мүмкіндіктерге тең қолжетімділігін қамтамасыз етеді.
2. Қазақстан Республикасының заңнамасында қолжетімділік жөніндегі талаптар белгіленген цифрлық объектілер мүгедектігі бар адамдар, сондай-ақ көру, есту, сөйлеу қабілеттері бұзылған және басқа да функционалдық шектеулері бар адамдар және халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтарына жататын адамдар үшін қолжетімділік ескеріле отырып әзірленеді және пайдаланылады.
11-бап. Мемлекеттің цифрлық ортаға пропорционалды және негізді түрде
1. Мемлекет осы Кодексте және Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген шектерде цифрлық ортаға қатысады.
2. Цифрлық ресурстар мен жүйелерді құруға және пайдалануға мемлекеттің қатысуына бәсекелестік ортаға негізсіз араласуға жол бермеу талаптары сақталған кезде мемлекеттік функцияларды іске асыру, мемлекеттік қызметтер көрсету, цифрлық инфрақұрылымның қауіпсіздігін, орнықтылығы мен қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында жол беріледі.
12-бап. Құқықтық реттеудің технологиялық бейтараптығы
1. Құқықтық реттеудің технологиялық бейтараптығы қағидаты әртүрлі цифрлық технологияларға тең қатынасты болжайды.
2. Цифрлық ортадағы қатынастарды құқықтық реттеу цифрлық технологиялардың функционалдық сипаттамалары негізге алына отырып жүзеге асырылады.
3. Мемлекет жаңа цифрлық технологиялар пайда болған кезде олардың дамуына кедергі келтірмей, құқықтық реттеудің болжамдылығы мен тұрақтылығын қамтамасыз етеді.
13-бап. Цифрлық әдеп және әлеуметтік жауапкершілік
1. Цифрлық технологияларды құру, дамыту және қолдану адамның құқықтары мен қадір-қасиетін құрметтеу, кемсітушілікке жол бермеу, әділдік, адалдық, ашықтық пен жауапкершілік қағидаттары сақтала отырып жүзеге асырылады.
2. Мемлекет, ұйымдар мен азаматтар кемсітуді, манипуляция жасауды, цифрлық технологияларды теріс пайдалануды және адамның, қоғамның және мемлекеттің құқықтарын, бостандықтарын және заңды мүдделерін өзге де бұзушылықтарды болғызбауға бағытталған цифрлық ортадағы іс-қимылдың әдеп стандарттарын қалыптастыруға және сақтауға қатысады.
2-тарау. ЦИФРЛЫҚ ОРТАДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ
14-бап. Цифрландыру саласындағы уәкілетті органның құзыреті
1. Цифрландыру саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – цифрландыру саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган.
2. Уәкілетті орган өз құзыреті шегінде:
1) Қазақстан Республикасының Президенті айқындаған мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттары және Қазақстан Республикасының Үкіметі әзірлеген мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық саясатының, оның қорғаныс қабілеттілігінің, қауіпсіздігінің, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етудің негізгі бағыттары негізінде және оларды орындау үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес цифрландыру саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастырады;
2) стратегиялық, реттеушілік, іске асыру және бақылау функцияларын жүзеге асырады;
3) цифрландыру саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді және бекітеді;
4) осы Кодексте, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
15-бап. Мемлекеттік органдардың цифрландыру саласындағы құзыреті
Мемлекеттік органдар құзыреті шегінде:
1) цифрландыру саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруға қатысады;
2) цифрландыру саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді және бекітеді;
3) құзыреті шегінде мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
4) осы Кодексте, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
2-БӨЛІМ. ЦИФРЛЫҚ ОРТА ОБЪЕКТІЛЕРІ
3-тарау. ЦИФРЛЫҚ ДЕРЕКТЕР
1. Цифрлық нысанда берілген және оны алу тәсіліне және цифрлық ұсыну нысанына қарамастан автоматтандырылған және (немесе) талдамалық жинауға, сақтауға, өңдеуге, пайдалануға, беруге, таратуға немесе алып тастауға жарамды ақпарат цифрлық деректер болып табылады.
2. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгіленбесе, цифрлық деректер еркін құрылуы, жиналуы, сақталуы, өңделуі, пайдаланылуы және берілуі мүмкін.
3. Арнаулы мемлекеттік органдарды қоспағанда, мемлекеттік органдар, мемлекеттік заңды тұлғалар, квазимемлекеттік сектор субъектілері уәкілетті орган мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органмен бірлесіп әзірлейтін, Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін цифрлық деректерді басқару жөніндегі талаптарға сәйкес деректерді талдауды жүзеге асыру үшін "цифрлық үкімет" операторына (бұдан әрі – оператор) цифрлық деректерге және цифрлық жазбаларға рұқсат береді.
4. Мемлекеттік құпияларды, қызметтік немесе құпия ақпаратты, дербес деректерді және заңмен қорғалатын өзге де ақпаратты қамтитын цифрлық деректерді басқару Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген талаптар мен ерекшеліктер ескеріле отырып жүзеге асырылады.
1. Машинада оқылатын нысанда ұсынылған және еркін пайдалануға, өңдеуге, қайта жариялауға және таратуға арналған, ашық қолжетімділікте орналастырылған цифрлық деректер ашық деректер болып табылады.
2. Ашық цифрлық деректерді орталықтандырылған орналастыру, сипаттау, сақтау, іздеу, қол жеткізу және қайта пайдалану, сондай-ақ мұндай деректерге машиналық қол жеткізуге бағдарламалық интерфейстерді ұсыну үшін ашық деректердің интернет-порталы мемлекеттік цифрлық ресурс болып табылады.
3. Ашық деректердің интернет-порталы порталдың тұрақтылығын, қауіпсіздігін немесе өнімділігін қамтамасыз етуге байланысты техникалық шектеулерді қоспағанда, онда орналастырылған ашық деректерге өтеусіз, ашық және кемсітусіз қол жеткізуді қамтамасыз етеді.
4. Оператор оны техникалық сүйемелдеуді, киберқауіпсіздікті, орналастырылған ашық деректердің үздіксіз қолжетімділігін, өзектілігін, сондай-ақ уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен портал пайдаланушыларының іс-әрекеттерін журналға енгізуді қамтамасыз етеді.
5. "Ақпаратқа қол жеткізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңында айқындалған ақпарат иелері Қазақстан Республикасының ақпаратқа қол жеткізу туралы заңнамасына сәйкес ашық деректердің интернет-порталында ашық деректерді тұрақты негізде орналастыруға және уақтылы жаңартып отыруға міндетті.
6. Цифрлық ортаның осы бапта көрсетілмеген өзге субъектілері қолжетімділігі шектеулі ақпаратты қамтымайтын цифрлық деректерді ашық деректердің интернет-порталында жариялау үшін өз еркімен жіберуге құқылы.
7. Таралып кетуі, қателік, қауіпсіздіктің бұзылуы, оларды заңсыз пайдалану, оларға рұқсат беру немесе өзге де құқыққа қайшы әрекеттер салдарынан адамдардың шектелмеген тобына қолжетімді болған цифрлық деректер ашық деректер болып табылмайды және киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті органды және Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетін хабардар ете отырып, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен цифрлық ресурстардан дереу алып тасталуға тиіс.
18-бап. Әкімшілік цифрлық деректер
1. Мемлекеттік органдар, мемлекеттік заңды тұлғалар, квазимемлекеттік сектор субъектілері және оларға жүктелген мемлекеттік функцияларды орындау және мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде субъектілер қалыптастыратын цифрлық деректер әкімшілік цифрлық деректер деп танылады.
2. Әкімшілік цифрлық деректерді жинау, қалыптастыру, сақтау, өңдеу, пайдалану, жаңарту және беру деректерді басқару жөніндегі талаптарға және Қазақстан Республикасының мемлекеттік статистика саласындағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
3. Қазақстан Республикасының мемлекеттік статистика саласындағы заңнамасына сәйкес мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті орган әкімшілік цифрлық деректердің сапасын айқындау саласындағы уәкілетті орган болып табылады.
4. Әкімшілік цифрлық деректер мынадай мақсаттарда тұрақты негізде жүргізілуге және жаңартылуға тиіс:
1) ұлттық тіркелімдердің сапасын қамтамасыз ету;
2) мемлекеттік басқарудың және мемлекеттік қызметтер көрсетудің тиімділігін арттыру;
3) ресми статистикалық ақпаратты қалыптастыру;
4) деректерді талдау;
5) басқарушылық шешімдер қабылдау.
1. Ұлттық тіркелім – "цифрлық үкімет" архитектурасы шеңберінде айқындалған және мемлекеттік функцияларды орындау, мемлекеттік қызметтер көрсету, ведомствоаралық өзара іс-қимыл және мемлекеттік статистика үшін анық ақпараттың бірыңғай көзі ретінде пайдаланылатын, эталондық цифрлық деректерді қамтитын цифрлық ресурс түсініледі.
2. Ұлттық тіркелімдердің тізбесін, олардың құрылымын, эталондық цифрлық деректердің құрамын, сондай-ақ оларды жүргізуге және жаңартып отыруға қойылатын талаптарды мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша уәкілетті орган айқындайды.
3. Ұлттық тіркелімдер үшін цифрлық деректердің ұстаушылары немесе көздері болып табылатын цифрлық объектілердің меншік иелері және (немесе) иегерлері тиісті ұлттық тіркелімдерде қамтылған цифрлық деректердің тиісті сапасын қамтамасыз етеді.
Ұлттық тіркелімдерге енгізілген цифрлық деректердің сапасын айқындауды Қазақстан Республикасының мемлекеттік статистика саласындағы заңнамасына сәйкес мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті орган жүзеге асырады.
4. Ұлттық тіркелімде цифрлық деректер болған жағдайда мұндай деректерді пайдаланатын мемлекеттік цифрлық объектілер оларды тікелей тиісті ұлттық тіркелімнен алуға тиіс.
5. Мемлекеттік органдар, мемлекеттік заңды тұлғалар, квазимемлекеттік сектор субъектілері мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органға статистикалық қызметті жүзеге асыру үшін, сондай-ақ уәкілетті органға деректерді талдау үшін деректер базасын интеграциялау жолымен ұлттық тіркелімдерде қамтылған әкімшілік цифрлық деректерге рұқсат береді.
4-тарау. ЦИФРЛЫҚ ОБЪЕКТІЛЕР
20-бап. Цифрлық объектілер және олардың түрлері
1. Цифрлық объект – цифрлық технологиялар арқылы құрылған, пайдаланылатын немесе берілетін, бірегей цифрлық сипаттамаларға ие және цифрлық орта субъектілеріне Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген көлемде иелену, пайдалану не билік ету құқықтарын жүзеге асыруға мүмкіндік беретін цифрлық ортаның ерекшеленген элементі.
2. Цифрлық объектілерге мыналар жатады:
1) цифрлық жазбалар;
2) цифрлық активтер;
3) цифрлық ресурстар;
4) бағдарламалық қамтылым;
5) цифрлық жүйелер;
6) цифрлық платформалар;
7) цифрлық инфрақұрылым объектілері;
8) цифрлық деректер өнімдері;
9) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де цифрлық объектілер.
3. Цифрлық объектілер уәкілетті орган қалыптастыратын және жүргізетін цифрлық объектілер сыныптауышында оларды сәйкестендіру, санаттау, сипаттау және есепке алу арқылы жүйелендіруге жатады.
4. Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда және тәртіппен және конституциялық құрылысты қорғау, қоғамдық тәртіпті, адамның құқықтары мен бостандықтарын, халықтың денсаулығы мен имандылығын сақтау мақсатында қажетті шамада ғана цифрлық объектілердің жұмыс істеуін тоқтата тұруға немесе пайдаланушылардың оларға қол жеткізуін шектеуге жол беріледі.
1. Жазбаның мазмұнын, дереккөзін, құрылымын немесе мақсатын анықтауға мүмкіндік беретін бірегей сәйкестендіру сипаттамалары бар цифрлық нысанда тіркеп-белгіленген ақпаратты немесе осындай ақпарат туралы мәліметтерді білдіретін ерекшеленген цифрлық объект цифрлық жазба деп танылады.
2. Цифрлық жазбалар мынадай болып бөлінеді:
1) сәйкестендіру цифрлық жазбалары – нақты, дербес немесе қызметтік сипаттағы және цифрлық деректерді дараландыруға арналған ақпаратты немесе мәліметтерді тіркеп-белгілеуші;
2) құқық куәландыратын цифрлық жазбалар – заттарды, тауарларды, шикізат ресурстарын және өзге де активтерді қоса алғанда, цифрлық және (немесе) материалдық объектілерге құқықтардың туындауын, тиесілігін, ауысуын, ауыртпалығын немесе тоқтатылуын, сондай-ақ осындай объектілерге байланысты талап ету құқықтарын куәландыратын жазбалар.
3. Сәйкестендіру цифрлық жазбалары, оның ішінде дербес деректері бар жазбалар азаматтық айналымға қатыспайды, ал олардың мазмұнына (ақпаратқа) құқықтар материалдық емес игіліктер (жеке мүліктік емес құқықтар) не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қолжетімділігі шектеулі ақпарат ретінде қорғалады.
4. Дербес деректерді қамтитын және мемлекеттік органдарға берілген цифрлық жазбаларды мемлекеттік органдар, Қазақстан Республикасының заңдарында тікелей көзделген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттің осындай деректерге меншік құқығы туындамай, Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген негізде және шектерде ғана пайдаланады.
5. Құқық куәландыратын цифрлық жазбалар тиісті мүліктік құқықтарды беруге, иеліктен шығаруға, ауыртпалық салуға немесе өзге де иелік етуге жол береді. Құқық куәландыратын цифрлық жазбаларды жасау, пайдалану, есепке алу және олардың айналымының ерекшеліктері Қазақстан Республикасының цифрлық активтер туралы заңнамасында белгіленеді.
1. "Қазақстан Республикасындағы цифрлық активтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес цифрлық активтерге жатқызылған цифрлық объектілер цифрлық активтер деп танылады.
2. Цифрлық активтерді және олардан туындайтын қаржы құралдарын құру (эмиссиялау), шығару, айналымға жіберу, сақтау, есепке алу, айналымды тоқтату ерекшеліктері және цифрлық активтерге және олардан туындайтын қаржы құралдарымен байланысты өзге де қатынастар "Қазақстан Республикасындағы цифрлық активтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен және қаржы активтерінің және олармен байланысты қаржы құралдарының құқықтық режимін белгілейтін Қазақстан Республикасының өзге де заңдарымен реттеледі.
3. Осы Кодекстің цифрлық объектілер туралы ережесі цифрлық активтерге "Қазақстан Республикасындағы цифрлық активтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен реттелмеген бөлігінде қолданылады.
23-бап. Бағдарламалық қамтылым
1. Бағдарламалық қамтылым – белгілі бір функциялардың орындалуын, цифрлық деректерді өңдеуді, сақтауды, қайта көшіруді және (немесе) беруді қамтамасыз ететін алгоритмдерді іске асыратын, пайдалану үшін дайындалған кодтардың жиынтығы болып табылатын сандық объект.
2. Бағдарламалық қамтылым құқығы құқық иесіне тиесілі және Қазақстан Республикасының авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңнамасына сәйкес қорғалады.
3. Ашық бастапқы коды бар бағдарламалық қамтылымды оны әзірлеуге немесе өзгертуге бірлесіп қатысатын бірнеше субъектілер құра алады және қолдап отыра алады.
Авторлық құқық иесі және осындай кодты әзірлеуге қатысу қағидалары айқындаған шарттарда қарау, зерделеу, пайдалану, көшіру және (немесе) өзгерістер енгізу үшін қолжетімді код ашық бастапқы код деп танылады.
Бастапқы код деп бағдарламалау тілінде көрсетілген, бағдарламалық қамтылымды құруға және өзгертуге арналған бағдарлама мәтіні түсініледі.
4. Ашық бастапқы коды бар бағдарламалық қамтылым ашық лицензия шарттарымен таратылады және пайдаланылады.
5. Осындай лицензияда белгіленген шарттар мен шектеулер сақталған жағдайда ашық бастапқы коды бар бағдарламалық қамтылымды пайдалануға, зерделеуге, көшіруге, модификациялауға және таратуға адамдардың шектелмеген тобына құқық беретін құқық иеленушінің лицензиясы ашық лицензия деп танылады.
1. Цифрлық ресурс – реттелген цифрлық деректер, цифрлық жазбалар мен оларды жасауға, сақтауға, өңдеуге, көрсетуге және таратуға арналған бағдарламалық қамтылым жиынтығы.
2. Цифрлық инфрақұрылымда орналастырылған және домен атауы, Интернет мекенжайы немесе өзге де цифрлық сәйкестендіргіш арқылы сәйкестендірілетін цифрлық ресурс интернет-ресурс деп танылады.
3. Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген шектеулерді ескере отырып, цифрлық ресурстың меншік иесі және (немесе) иегері:
1) цифрлық ресурсқа қол жеткізудің тәртібі мен шарттарын, сондай-ақ осындай цифрлық ресурсты пайдалану қағидаларын белгілеуге;
2) Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынбаған цифрлық ресурстың белгілерін, сәйкестендіргіштерін және дараландырудың өзге де құралдарын пайдалануға;
3) өз құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін заңсыз араласудан, әсерден, бұғаттаудан, көшіруден, модификациялаудан, қауіпсіздікті бұзудан немесе цифрлық ресурсты өзге де заңсыз пайдаланудан қорғауға құқылы.
4. Цифрлық ресурстың меншік иесі және (немесе) иегері:
1) цифрлық ресурста орналастырылған немесе өңделетін цифрлық деректердің, цифрлық жазбалардың сақталуын, тұтастығын, қорғалуын және құпиялылығын қамтамасыз етуге;
2) Қазақстан Республикасының дербес деректер және оларды қорғау туралы заңнамасының талаптарын сақтауға;
3) цифрлық ресурс пайдаланушыларына қол жеткізу, цифрлық деректер мен цифрлық жазбаларды өңдеу және оның функционалын пайдалану шарттары туралы ақпарат беруге міндетті.
5. Меншік иесінің және (немесе) иегерінің Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген өзге де құқықтары болады және өзге де міндеттерді атқарады.
6. Цифрлық ресурстарда цифрлық деректер мен цифрлық жазбаларды орналастыру, өңдеу және пайдалану, сондай-ақ осындай цифрлық деректер мен цифрлық жазбаларға қол жеткізу шарттары Қазақстан Республикасының заңнамасында, жария оферта шарттарында, пайдаланушы келісімінде немесе цифрлық ресурсты пайдаланушылармен жасалған өзге де шарттарында айқындалады.
25-бап. Цифрлық инфрақұрылым объектілері
1. Цифрлық объектілерді орналастыруды және олардың жұмыс істеу ортасын қамтамасыз ететін материалдық, техникалық және технологиялық құралдардың жиынтығы цифрлық инфрақұрылым объектісі деп танылады.
2. Цифрлық инфрақұрылым объектілеріне деректерді өңдеу орталықтары, телекоммуникация желілері, байланыс жүйелері және өзге де инфрақұрылым объектілері жатады.
3. Цифрлық инфрақұрылым объектілерін құруға, орналастыруға, пайдалануға, жаңғыртуға, олардың орнықтылығын, тұтастығын және киберқауіпсіздігін қамтамасыз етуге қойылатын талаптар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленеді.
4. Цифрлық инфрақұрылым объектілері мемлекеттік немесе жеке меншікте болуы мүмкін.
5. Мемлекеттік цифрлық инфрақұрылым объектілері мемлекеттік функцияларды іске асыру, мемлекеттік қызметтер көрсету, ұлттық мүдделерді қорғау және мемлекеттік басқарудың үздіксіздігін қамтамасыз ету мақсатында құрылады.
6. Мемлекеттік емес цифрлық инфрақұрылым объектілері Қазақстан Республикасының заңдары негізінде мемлекеттік цифрлық объектілердің жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін пайдаланылуы мүмкін.
26-бап. Бөлінген цифрлық объектілер
1. Бөлінген цифрлық объект деп құрылуы, сақталуы, өңделуі немесе пайдаланылуы цифрлық жазбалардың үйлесімділігін, анықтығын және тұтастығын біртұтас өңдеу орталығынсыз қамтамасыз ететін көптеген өзара байланысты техникалық құралдарды пайдаланумен сипатталатын бөлінген архитектура арқылы жүзеге асырылатын цифрлық объект танылады.
2. Бөлінген цифрлық объектілер цифрлық деректерді жазу, келісу, тексеру, сақтау және пайдалану тәртібін айқындайтын өзара іс-қимылдың ішкі регламенті, сондай-ақ цифрлық жазбалардың үйлесімділігін, анықтығын және өзгермейтіндігін қамтамасыз ету алгоритмдері негізінде жұмыс істейді.
3. Бөлінген цифрлық объектілер:
1) бір субъект қатысушылардың операцияларын үйлестіруді, бақылауды, жұмыс істеуін қамтамасыз етуді немесе растауды жүзеге асыратын орталықтандырылған-бөлінген;
2) цифрлық жазбаларды келісуді, тексеруді және тіркеп-белгілеуді қатысушылар бөлінген үйлестірушісіз консенсус алгоритмдері немесе өзге де тетіктер негізінде тікелей өзара жүзеге асыратын орталықтандырылмаған болып бөлінеді.
4. Бөлінген цифрлық объектілерді иелену, пайдалану және оларға иелік ету ерекшеліктері осы Кодексте және Қазақстан Республикасының заңдарында айқындалады.
5. Бөлінген цифрлық объектілер айналымнан шығарылған, бірлесіп иелік ету объектілері болып табылады.
27-бап. Деректерді өңдеу орталықтары
1. Технологиялық, инженерлік, техникалық құралдар мен бағдарламалық қамтылым арқылы өзге де цифрлық объектілерді орналастыруға және олардың жұмыс істеу ортасын қамтамасыз етуге арналған цифрлық инфрақұрылым объектісі деректерді өңдеу орталығы болып танылады.
2. Деректерді өңдеу орталықтары Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетімен келісу бойынша уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен ұлттық немесе халықаралық техникалық аудиттен өтуі мүмкін.
3. Деректерді өңдеу орталығы оның үздіксіз, ақауларға төзімді және қауіпсіз жұмыс істеуін қамтамасыз ететін инженерлік, энергетикалық, телекоммуникациялық және технологиялық инфрақұрылымға ие болуға тиіс.
4. Мемлекеттік цифрлық деректерді, қолжетімділігі шектеулі деректерді немесе аса маңызды цифрлық объектілерді қамтитын цифрлық объектілерді орналастыру үшін пайдаланылатын деректерді өңдеу орталықтары Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетімен келісу бойынша уәкілетті орган айқындайтын талаптарға сәйкес келуге тиіс.
1. Цифрлық деректерді құруды, жинауды, өңдеуді, сақтауды және таратуды қамтамасыз ету мақсатында цифрлық инфрақұрылым объектілерін пайдаланатын, сондай-ақ цифрлық орта субъектілерінің өзара іс-қимылын автоматтандыратын және (немесе) цифрлық ортада қызметтер көрсетуді қамтамасыз ететін функционалдық байланысты цифрлық ресурстар кешені цифрлық жүйе болып табылады.
2. Цифрлық жүйенің иегері және (немесе) меншік иесі, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгіленбесе немесе цифрлық ресурстардың иегері және (немесе) меншік иесі өзгешені белгілемесе, онда қамтылған цифрлық ресурстарды ауыстыру және пайдалану шарттарын қоса алғанда, цифрлық жүйенің жұмыс істеу қағидаларын айқындауға құқылы.
Цифрлық жүйенің иегері және (немесе) меншік иесі цифрлық жүйенің сенімділігін, тұтастығын, қорғалуын және киберқауіпсіздігін қамтамасыз етуге, сондай-ақ Қазақстан Республикасының дербес деректер және оларды қорғау туралы заңнамасының талаптарын сақтауға міндетті.
3. Егер цифрлық жүйенің иегері және (немесе) меншік иесі ондағы цифрлық ресурстардың иегерлері және (немесе) меншік иелері болып табылмаған жағдайда, цифрлық жүйені пайдалану және цифрлық ресурстарға қол жеткізу тәртібі осындай иегерлер және (немесе) меншік иелері арасындағы келісіммен айқындалады.
4. Егер Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиялар туралы заңнамасында өзгеше көзделмесе, мемлекеттік құпияларға жатқызылған қорғалған орындаудағы цифрлық жүйелерді өнеркәсіптік пайдалану, сүйемелдеу, дамыту, интеграциялау, өнеркәсіптік пайдалану мен қорғауды тоқтату осы Кодекске сәйкес жүзеге асырылады.
1. Цифрлық платформа – цифрлық орта субъектілері орналастыратын цифрлық ортадағы көрсетілетін қызметтерге, деректерге, сервистерге, тауарларға (жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге) қол жеткізуді және олардың өзара іс-қимылын қамтамасыз ететін цифрлық объект.
2. Цифрлық платформа пайдаланушылары платформадағы қызметке байланысты цифрлық платформаны пайдаланушылар мен бизнес-пайдаланушы болып бөлінеді:
1) цифрлық платформаны пайдаланушылар – цифрлық платформаны тауарларды іздеу, тапсырыс беру немесе сатып алу, жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету үшін, сондай-ақ табыс алумен, оның ішінде кәсіпкерлік қызметпен байланысты емес өзге де тұтынушылық немесе қосалқы мақсаттар үшін пайдаланатын жеке немесе заңды тұлғалар;
2) цифрлық платформаның бизнес-пайдаланушысы – тауарларды сату, жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету немесе табыс алуға байланысты өзге де қызметті, оның ішінде кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру мақсатында цифрлық платформаны пайдаланатын жеке немесе заңды тұлға.
3. Цифрлық платформада жүзеге асырылатын қызмет, сондай-ақ цифрлық платформаны пайдаланушыларға қойылатын талаптар Қазақстан Республикасының салалық заңнамасында айқындалады.
4. Цифрлық платформаларға қойылатын талаптар орындалатын функцияларға, адамдардың айқындалмаған тобының құқықтарына әсер ету дәрежесіне және цифрлық деректерге, көрсетілетін қызметтерге, тауарларға немесе өзара іс-қимыл нәтижелеріне бақылау сипатына сәйкес көлемде белгіленеді.
5. Цифрлық платформалардың иегерлері пайдаланушы келісімінде көрсетілген пайдалану шарттарының ашықтығын қамтамасыз етуге міндетті.
6. Бизнес-пайдаланушы, цифрлық платформаның иегері және (немесе) меншік иесі Қазақстан Республикасының Салық кодексіне сәйкес салық агентінің немесе салық төлеушінің міндеттерін атқарған жағдайларда, мұндай міндеттер Қазақстан Республикасының Салық кодексінде белгіленген тәртіппен және көлемде жүзеге асырылады.
5-тарау. ЦИФРЛЫҚ ДЕРЕКТЕР ӨНІМДЕРІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ АЙНАЛЫМЫ
30-бап. Цифрлық деректер өнімі
1. Цифрлық деректер өнімі – цифрлық ортада пайдалануға, айырбастауға және (немесе) айналымға жарамды құрылымдық немесе басқаша түрлендірілген цифрлық деректерді қамтитын цифрлық деректерді өңдеудің біріктірілген, қалыпқа келтірілген нәтижесі.
2. Мемлекеттік органдардың, мемлекеттік заңды тұлғалардың және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің цифрлық деректер өнімдерінің құрылымы, сапасы және метадеректері деректерді басқару жөніндегі талаптарға сәйкес реттеледі.
3. Цифрлық деректер өнімдерімен алмасу және олардың айналымы платформасындағы цифрлық деректер өнімі Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жалпыға қолжетімді ақпаратты қоспағанда, иегері айқындаған шарттарда мәмілелердің, иеліктен шығарудың және берудің нысанасы болуы мүмкін.
4. Цифрлық деректер өнімдерімен алмасу және олардың айналымы платформасындағы цифрлық деректер өнімі мынадай қасиеттерге ие болуға тиіс:
1) дербес деректер субъектілерін тікелей және (немесе) жанама әдістермен сәйкестендіру мүмкіндігіне жол беретін дербес деректерді қамтымауға тиіс;
2) цифрлық деректердің қауіпсіздігі мен сапасына қойылатын талаптарға сәйкес жасалған, өңделген және құрылымдалған;
3) құрамы, құрылымы, мақсаты және пайдалану шарттары туралы қажетті метадеректерді қамтиды.
31-бап. Цифрлық деректер өнімдерімен алмасу және олардың айналымы
1. Цифрлық деректер өнімдерімен алмасу және олардың айналымы платформасы – осы Кодекске және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес онда орналастырылған цифрлық деректер өнімдеріне олардың алмасуы мен айналымының белгіленген шарттарымен қол жеткізуді қамтамасыз ететін цифрлық платформа.
2. Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыратын мемлекеттік органдар, мемлекеттік заңды тұлғалар, квазимемлекеттік сектор субъектілері және жеке кәсіпкерлік субъектілері цифрландыру және киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай талаптарды, сондай-ақ уәкілетті органмен келісу бойынша экономиканы дамыту жөніндегі уәкілетті орган бекіткен цифрлық деректер өнімдерімен алмасу және олардың айналымы платформаларының жұмыс істеу қағидаларын сақтай отырып, цифрлық деректер өнімдерімен алмасуы және олардың айналымы платформаларын құруға құқылы.
3. Деректер экономикасын дамыту жөніндегі уәкілетті орган – стратегиялық жоспарлау, реформалар жүргізу салаларында және мемлекеттік статистика саласында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган.
4. Цифрлық деректер өнімдерімен алмасу және олардың айналымы платформалары деректер экономикасын дамыту жөніндегі уәкілетті орган айқындаған өлшемшарттарға сәйкес келген кезде және тәртіппен цифрлық деректер өнімдерімен алмасу және оның айналымы платформаларының тізіліміне енгізілуге тиіс.
5. Цифрлық деректер өнімдерімен алмасу және олардың айналымы платформаларының меншік иелері және (немесе) иегерлері:
1) цифрлық деректер өнімдерінің тізбесін құруды және жүргізуді қамтамасыз етуге;
2) цифрлық деректер өнімдеріне қол жеткізу, алмасу және пайдалану шарттарын қамтамасыз етуге;
3) цифрлық деректер өнімдеріне рұқсатсыз қол жеткізудің, олардың таралып кетуінің және трансшекаралық берудің, егер мұндай беру Қазақстан Республикасының заңдарымен шектелген болса, алдын алуға міндетті.
6. Деректер экономикасын дамыту жөніндегі уәкілетті орган цифрлық деректер өнімдерімен алмасу және олардың айналымы платформаларының мониторингін жүзеге асырады.
7. Қызметі басталған сәттен бастап цифрлық деректер өнімдерімен алмасу және олардың айналымы платформаларының меншік иесі және (немесе) иегері Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес деректер экономикасын дамыту жөніндегі уәкілетті органға қызметтің немесе іс-қимылдың басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарлама жіберуге міндетті.
8. Деректер экономикасын дамыту жөніндегі уәкілетті орган уәкілетті органмен келісу бойынша мемлекеттік органдар, мемлекеттік заңды тұлғалар және квазимемлекеттік сектор субъектілері үшін цифрлық деректер өнімдерінің құнын бағалаудың үлгілік әдістемесін әзірлейді және бекітеді.
9. Цифрлық деректер өнімдерімен алмасу және олардың айналымы платформаларының меншік иелеріне және (немесе) иегерлеріне:
1) егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгіленбесе, дербес деректерді қоса алғанда, бастапқы (өңделмеген) деректердің айналымын жүзеге асыруға;
2) егер мұндай орналастыру немесе сақтау шектелген болса, цифрлық деректер өнімдерін Қазақстан Республикасының аумағынан тыс орналастыруды немесе сақтауды жүзеге асыруға;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, цифрлық деректер өнімі меншік иесінің және (немесе) иегерінің келісімінсіз цифрлық деректер өнімдерін үшінші тұлғаларға беруге тыйым салынады.
6-тарау. ЦИФРЛЫҚ ОБЪЕКТІЛЕРДІҢ АРНАУЛЫ РЕЖИМДЕРІ
32-бап. Сенімді цифрлық объектілер
1. Уәкілетті орган белгілеген қауіпсіздік, сенімділік, оқшаулау және техникалық қолдау өлшемшарттарына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы заңнамасының өзге де талаптарына сәйкес келетін цифрлық жазбалар мен цифрлық активтерді қоспағанда, цифрлық объектілер сенім білдірілген цифрлық объектілер деп танылады.
2. Цифрлық объект сенім білдірілген цифрлық объектілерге қойылатын белгіленген талаптарға сәйкес келген кезде уәкілетті орган сенім білдірілген цифрлық объектілерді сенім білдірілген цифрлық объектілер тізіліміне енгізеді. Сенім білдірілген цифрлық объектілердің тізілімін қалыптастыруды және жүргізуді, сондай-ақ тізілімге енгізілетін цифрлық объектілердің түрлерін айқындауды уәкілетті орган тізілімді қалыптастыру және жүргізу қағидаларына сәйкес жүзеге асырады.
3. Мемлекеттік органдар, мемлекеттік заңды тұлғалар және квазимемлекеттік сектор субъектілері Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы және квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілерін сатып алу туралы заңнамасына сәйкес сенімді цифрлық объектілер тізіліміне енгізілген цифрлық объектілерді сатып алуды жүзеге асырады.
4. Цифрлық объектіні сенім білдірілген цифрлық объектілер тізіліміне енгізу мемлекетте осындай цифрлық объектіге айрықша құқықтардың туындауына алып келмейді және оның меншік иесінің құқықтарын шектемейді.
5. Цифрлық объект сенім білдірілген цифрлық объектілерге қойылатын белгіленген талаптарға сәйкестігін жоғалтқан жағдайда уәкілетті орган сенім білдірілген цифрлық объектілер тізілімінен цифрлық объектіні алып тастау туралы шешім қабылдайды және бұл туралы тізілімді қалыптастыру және
жүргізу қағидаларына сәйкес мүдделі мемлекеттік органдарды, цифрлық объектінің иегерлерін және (немесе) меншік иелері мен пайдаланушыларын хабардар етеді.
33-бап. Аса маңызды цифрлық объектілер
1. Аса маңызды цифрлық объектілер – бұзылуы немесе жұмыс істеуін тоқтатуы қолжетімділігі шектеулі дербес деректерді және заңмен қорғалатын құпияны қамтитын өзге де мәліметтерді заңсыз жинауға және өңдеуге, әлеуметтік және (немесе) техногендік сипаттағы төтенше жағдайға немесе қорғаныс, қауіпсіздік, халықаралық қатынастар, экономика, шаруашылықтың жекелеген салалары үшін немесе тиісті аумақта тұратын халықтың тыныс-тіршілігі үшін, оның ішінде жылумен жабдықтау, электрмен жабдықтау, газбен жабдықтау, сумен жабдықтау инфрақұрылымы, өнеркәсіп, денсаулық сақтау, байланыс, банк саласы, көлік, гидротехникалық құрылыстар, құқық қорғау қызметі, "цифрлық үкімет" үшін елеулі теріс салдарларға алып келетін цифрлық объектілер.
2. Аса маңызды цифрлық объектілердің тізбесін, сондай-ақ цифрлық объектілерді аса маңызды объектілерге жатқызу қағидалары мен өлшемшарттарын киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті орган бекітеді.
3. Аса маңызды цифрлық объектілерге жатқызылған, сондай-ақ мемлекеттік цифрлық ресурстарды қалыптастыруға арналған мемлекеттік емес цифрлық объектілер киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы талаптарды сақтауға міндетті.
4. Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда аса маңызды цифрлық объектілердің иегері және (немесе) меншік иесі киберқауіпсіздік аудитін жүргізуге міндетті.
34-бап. Ұлттық цифрлық объектілер
1. Мемлекеттік функцияларды орындау, мемлекеттік қызметтер көрсету не мемлекеттің цифрлық архитектурасының орнықты жұмыс істеуін
қамтамасыз ету үшін аса маңыздылығына байланысты мәртебесі Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мемлекеттік цифрлық объектілер ұлттық цифрлық объектілер болып табылады.
2. Цифрлық объектіні ұлттық деп тану тиісті цифрлық объектілердің мәртебесі белгіленетін және оларды құру, дамыту, пайдалану, модификациялау және қорғау ерекшеліктері айқындалатын Қазақстан Республикасының заңдары негізінде жүзеге асырылады.
3. Ұлттық цифрлық объектілер көпшілік мүддесі объектілері болып табылады және Қазақстан Республикасының заңдарында тікелей көзделген жағдайларды қоспағанда, иеліктен шығаруға, кепілге беруге, оларға қатысты ауыртпалықтарды немесе мүліктік талаптарды белгілеуге, сондай-ақ иегерлерінің немесе өзге де адамдардың міндеттемелері бойынша өндіріп алуға жатпайды.
4. Ұлттық цифрлық объектілерді құру, дамыту, пайдалану, модификациялау және қорғау бюджет қаражаты не Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қаржыландырылады.
1. Цифрлық кондоминиум – өзара іс-қимылдың жалпы ережелері негізінде қатысушылар құрған және пайдаланатын, бөлінген цифрлық объектілерді бірлесіп иелену, пайдалану және оларға билік ету құқықтары жүзеге асырылатын меншік нысаны.
2. Цифрлық кондоминиум құрамына мыналар кіреді:
1) қатысушыларға тиесілі жеке цифрлық объектілер;
2) тиісті инфрақұрылымның жұмыс істеуі үшін қатысушылар бірлесіп пайдаланатын ортақ цифрлық объектілер.
3. Қатысушылар өздеріне тиесілі цифрлық нысандарға иелік етеді, пайдаланады және оларға билік етеді, ал ортақ цифрлық объектілер келісім немесе смарт-келісімшартта белгіленген тәртіппен пайдаланылады.
4. Ортақ цифрлық объектілерді басқаруды цифрлық орта субъектілері тікелей не қатысушылармен жасалған шарт негізінде әрекет ететін уәкілетті тұлға арқылы жүзеге асырады.
5. Қатысушылардың құқықтары мен міндеттері олардың арасындағы келісіммен немесе смарт-келісімшарт талаптарымен айқындалады, тиісті өкілеттіктердің қатысуын және көлемін растайтын цифрлық жазбалармен куәландырылады.
6. Цифрлық кондоминиумдарды құру, жұмыс істеу, есепке алу және тоқтату тәртібін уәкілетті орган айқындайды.
3-БӨЛІМ. ЦИФРЛЫҚ ОРТА СУБЪЕКТІЛЕРІ
7-тарау. ЦИФРЛЫҚ ОРТА СУБЪЕКТІЛЕРІ, ОЛАРДЫҢ ТҮРЛЕРІ, ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ
36-бап. Цифрлық орта субъектілерінің түрлері
1. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес цифрлық сәйкестікке ие мемлекеттік органдар мен ұйымдарды қоса алғанда, жеке және заңды тұлғалар, оның ішінде мыналар цифрлық орта субъектілері болып табылады:
1) цифрлық деректер субъектілері;
2) цифрлық объектілердің меншік иелері және (немесе) иегерлері;
3) цифрлық объектілерді пайдаланушылар;
4) осы Кодексте және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында айқындалған өзге де цифрлық орта субъектілері.
2. Цифрлық орта субъектілерінің құқықтары мен міндеттері осы Кодекске және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес айқындалады.
37-бап. Цифрлық деректер субъектілері
1. Цифрлық деректер субъектісі – цифрлық ортада өңделетін цифрлық деректер жататын және осындай цифрлық деректерді пайдалана отырып сәйкестендірілуі мүмкін жеке немесе заңды тұлға.
2. Дербес деректері өздеріне қатысты жеке тұлғалар дербес деректер субъектілері болып табылады.
3. Дербес деректер цифрлық деректер субъектісінің келісімімен не Қазақстан Республикасының заңдарында тікелей көзделген жағдайларда ғана өңделуі немесе берілуі мүмкін.
4. Цифрлық деректер субъектісі өзінің цифрлық деректерін қалыптастыруға және пайдалануға байланысты туындайтын өзінің жеке мүліктік емес құқықтарын, сондай-ақ оларға қол жеткізуді, бақылауды, алып тастауды, өңдеуді шектеуді, сондай-ақ цифрлық деректерді өңдеудің мақсаттары, құқықтық негіздері мен тәсілдері туралы ақпарат алу құқығын қоса алғанда, осы цифрлық деректерге қатысты құқықтарын қорғауға құқығы бар.
5. Көрсетілген құқықтарды іске асыру цифрлық деректер субъектісінің жеке басы не оның өкілінің өкілеттіктері расталған кезде, сондай-ақ тиісті цифрлық деректердің осындай субъектіге тиесілігі расталған кезде жүзеге асырылады.
6. Цифрлық деректер субъектілерінің құқықтарын іске асыру ерекшеліктері Қазақстан Республикасының заңдарында айқындалады.
38-бап. Цифрлық объектілердің меншік иелері және (немесе) иегерлері
1. Цифрлық объектілердің меншік иелері және (немесе) иегерлері осындай цифрлық объектілерге қатысты Қазақстан Республикасының заңдарында және шарттың талаптарында көзделген меншік құқығына немесе өзге де құқықтарға ие болады.
2. Цифрлық объектінің меншік иесі және (немесе) иегері:
1) дербес деректер мен құпия ақпаратты қорғау жөніндегі талаптарды қоса алғанда, үшінші тұлғалардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін сақтауға;
2) цифрлық деректер мен цифрлық объектілерге заңсыз қол жеткізуді, көшіруді, өзгертуді немесе алып тастауды болғызбау жөнінде шаралар қабылдауға;
3) осы Кодексте және Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген өзге де міндеттерді орындауға міндетті.
3. Цифрлық объектілерге құқықтарды беру Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде, осы Кодексте және шарттың талаптарында көзделген негіздерде және тәртіппен жүзеге асырылады.
4. Цифрлық объектінің меншік иесі және (немесе) иегері Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларда және шектерде цифрлық объектіні құру, пайдалану немесе оған билік ету кезінде оның заңсыз әрекеттері (әрекетсіздігі) салдарынан келтірілген зиян үшін жауапты болады.
39-бап. Цифрлық объектілерді пайдаланушылар
1. Осы баптың 2-тармағына сәйкес цифрлық объектілерді заңды негіздерде пайдаланатын жеке немесе заңды тұлғалар цифрлық объектілерді пайдаланушылар деп танылады.
2. Цифрлық объектіні пайдаланушы:
1) цифрлық объектілерді Қазақстан Республикасының заңнамасында, цифрлық объектінің меншік иесі және (немесе) иегері белгілеген шарттарда пайдалануға;
2) цифрлық объектінің сипаттамалары мен тәуекелдері туралы анық ақпарат алуға;
3) өз құқықтарын цифрлық объектінің меншік иесі және (немесе) иегері немесе өзге де пайдаланушылары тарапынан қол жеткізуді заңсыз шектеуден немесе теріс пайдаланудан қорғауға;
4) осы Кодексте және Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген өзге де құқықтарды пайдалануға құқылы.
3. Цифрлық объектілерді пайдаланушы:
1) Қазақстан Республикасы заңнамасының дербес деректерді және құпия ақпаратты қорғау жөніндегі талаптарын сақтауға;
2) цифрлық объектінің жұмыс істеуіне араласпауға және оны цифрлық объектінің меншік иесінің және (немесе) иегерінің рұқсатынсыз өзгертпеуге;
3) адал әрекет етуге және цифрлық объектінің басқа пайдаланушыларына зиян келтірмеуге;
4) осы Кодекске және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарына сәйкес өзге де міндеттерді орындауға міндетті.
8-тарау. ЦИФРЛЫҚ ОРТА СУБЪЕКТІСІНІҢ НЕГІЗГІ ҚҰҚЫҚТАРЫ
40-бап. Цифрлық сәйкестік және оны қорғау құқығы
1. Цифрлық сәйкестік – цифрлық әрекеттердің, құқықтардың немесе объектілердің нақты бір цифрлық орта субъектісіне жататындығын анықтауға немесе растауға мүмкіндік беретін цифрлық жазбалардың жиынтығы. Цифрлық сәйкестік жеке мүліктік емес игілік ретінде қорғалады.
2. Ешкімді цифрлық сәйкестендіруге мәжбүрлеуге, мұндай міндет Қазақстан Республикасының заңдарында тікелей көзделген жағдайларды қоспағанда, болмайды.
3. Цифрлық ортадағы өзара қарым-қатынастарға сәйкестендірусіз қатысуға тек іске асырылуы сәйкестендіруді талап ететін құқықтар мен міндеттердің туындауына алып келмейтін көрсетілетін қызметтер мен іс-қимылдарға қатысты жол беріледі.
4. Цифрлық сәйкестендіру мүмкіндігі болмаған кезде цифрлық орта субъектісі сәйкестендіруден Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзге тәсілмен өткен жағдайда мемлекеттік және Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де көрсетілетін қызметтерді алуға құқылы.
5. Мемлекет цифрлық сәйкестікті цифрлық орта субъектілерін өздерінің келісімінсіз сәйкестендіруге мүмкіндік беретін цифрлық жазбаларға заңсыз қол жеткізуден қорғауды қамтамасыз етеді.
41-бап. Дербес деректерді алып тастау, анонимдеу және өңдеуді шектеу құқығы
1. Дербес деректер субъектісі, Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, олардың алыну негізіне қарамастан, цифрлық ортада орналастырылған немесе өңделетін өзінің дербес деректерін алып тастауды, анонимдеуді немесе өңдеуді шектеуді талап етуге құқылы.
Дербес деректерді анонимдеу деп оны жасаудың нәтижесінде дербес деректердің дербес деректер субъектісіне тиесілігін анықтау мүмкін болмайтын іс-қимыл түсініледі.
2. Цифрлық объектілердің иегері немесе дербес деректерді өңдеуді жүзеге асыратын өзге тұлға дербес деректер субъектісінің дербес деректерді алып тастау, анонимдеу немесе өңдеуді шектеу туралы талабын Қазақстан Республикасының дербес деректер және оларды қорғау туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен орындауға міндетті.
3. Егер Қазақстан Республикасының заңнамасында цифрлық деректерді сақтаудың міндетті мерзімдері белгіленген болса, тиісті цифрлық объектінің иегері немесе дербес деректерді өңдеуді жүзеге асыратын өзге тұлға:
1) заңды күшіне енген сот актісі негізінде;
2) Қазақстан Республикасының заңдарында немесе шартында көзделген міндеттемелерді орындау үшін;
3) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес архивтік сақтауды қамтамасыз ету мақсатында өңдеуді қоспағанда, мұндай деректерге қол жеткізуді шектеуге және дербес деректер субъектісінің талабы бойынша оларды өңдеуді тоқтата тұруға міндетті.
4. Дербес деректерді алып тастау, анонимдеу немесе өңдеуді шектеу туралы талап, егер дербес деректерді сақтау:
1) үшінші тұлғалардың өмірін қорғау, денсаулығын сақтау, құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғау;
2) құқық бұзушылық бойынша істерді қарау;
3) сот төрелігін жүзеге асыру немесе заңды күшіне енген сот актілерін орындау;
4) Қазақстан Республикасының заңдарында тікелей белгіленген көпшілік мүддесін қамтамасыз ету;
5) дербес деректерді анонимдеу жағдайында мемлекеттік статистиканың немесе ғылыми-зерттеу қызметінің мақсаттары;
6) мемлекеттік функцияларды іске асыру және мемлекеттік қызметтер көрсету үшін қажет болса, орындалуға жатпайды.
42-бап. Мүгедектігі бар адамдардың цифрлық ортадағы цифрлық қолжетімділігі
1. Мемлекеттік органдар, мемлекеттік заңды тұлғалар, квазимемлекеттік сектор субъектілері және мемлекеттік қызметтер көрсетуге қатысатын өзге де тұлғалар пайдаланушылардың барлық санаттары үшін, оның ішінде мүгедектігі бар адамдар үшін цифрлық жүйелердің, цифрлық ресурстардың және цифрлық ортада көрсетілетін қызметтердің қолжетімділігін қамтамасыз етеді.
2. Мемлекеттік қызметтер көрсетілетін цифрлық объектілерді құру, дамыту, модификациялау, пайдалану кезінде цифрландыру және киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай талаптарда көзделген цифрлық ортадағы көрсетілетін қызметтердің қолжетімділігін қамтамасыз етуге қойылатын талаптар ескеріледі.
Цифрландыру және киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай талаптар цифрлық ортаның қолжетімділігі саласындағы халықаралық тәсілдер мен ұсынымдар ескеріле отырып әзірленеді және жаңартылып отырады.
43-бап. Цифрлық орта субъектілерінің алгоритмдік жүйелер мен толық
автоматтандырылған шешімдерді пайдалану кезіндегі құқықтары
1. Алгоритмдік жүйе – жасанды интеллект жүйелерін қоса алғанда, деректерді автоматтандырылған түрде өңдеу негізінде шешімдер қабылдайтын немесе қабылдауға әсер ететін цифрлық жүйе.
2. Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген белгілер бойынша кемсітушілікті қоса алғанда, алгоритмдік жүйелерді пайдалана отырып қабылданатын шешімдер кемсітушілікке алып келмеуге тиіс.
3. Қабылдануы адамның мән-жайларды бағалауға не Қазақстан Республикасының заңдарында немесе келісімде көзделген жағдайларда нәтижені бекітуде адамның қатысуынсыз жүзеге асырылатын шешім толық автоматтандырылған шешім деп танылады.
4. Өзіне қатысты толық автоматтандырылған алгоритмдік жүйе қабылданатын субъект Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларда және тәртіппен:
1) алгоритмдік жүйені қолдану фактісі туралы ақпарат алуға;
2) алгоритмдерді, бастапқы кодты немесе заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді ашпай шешімге әсер еткен негізгі факторлар мен өлшемшарттардың түсіндірмесін алуға;
3) егер шешім заңды салдарларға алып келетін болса не адамның құқықтары мен заңды мүдделеріне ықпал етуге қабілетті болса, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімдерде уәкілетті маманның (мамандардың) қатысуымен шешімді қайта қарауды талап етуге құқылы.
5. Алгоритмдік жүйелерді, толық автоматтандырылған шешімдерді қолдану ерекшеліктері Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленеді.
4-БӨЛІМ. ЦИФРЛЫҚ ОРТАДАҒЫ ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚАТЫНАСТАР
9-тарау. ЦИФРЛЫҚ СӘЙКЕСТЕНДІРУ
44-бап. Цифрлық ортада құқықтардың туындауы, жүзеге асырылуы және
1. Цифрлық жазбаларда көрсетілген заңдық маңызы бар фактілер цифрлық ортада құқықтық қатынастардың туындауының, өзгеруінің және тоқтатылуының негіздері болып табылады.
2. Цифрлық ортадағы құқықтық қатынастар цифрлық объектілерді құруға, алуға немесе пайдалануға және іс-әрекеттер жасауға байланысты, сондай-ақ осы Кодексте көзделген өзге де жағдайларда туындайды.
3. Цифрлық ортада туындаған құқықтық қатынастар қатысушыларды сәйкестендіруді, олардың ерік білдіруін растауды және заңдық маңызы бар фактілерді тіркеп-белгілеуді қамтамасыз ететін цифрлық технологиялар пайдаланыла отырып жүзеге асырылады.
4. Цифрлық ортадағы құқықтық қатынастардың тоқтатылуы міндеттемелерді орындау, цифрлық объектіні жоғалту, құқықтың қолданылу мерзімінің аяқталуы не осы Кодексте, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында немесе шартта белгіленген өзге де заңдық маңызы бар фактілер нәтижесінде туындайды.
45-бап. Цифрлық деректер сәйкестендіргіштері
1. Сәйкестендіргіштер және оларды қамтитын цифрлық жазбалар осы Кодексте белгіленген ерекшеліктер ескеріле отырып, Қазақстан Республикасының дербес деректер және оларды қорғау туралы заңнамасына сәйкес өңделеді.
2. Қазақстан Республикасында мыналар бірегей сәйкестендіргіш болып табылады:
1) жеке тұлғалар үшін – жеке сәйкестендіру нөмірі;
2) заңды тұлғалар (филиалдар мен өкілдіктер және бірлескен кәсіпкерлік түріндегі қызметті жүзеге асыратын дара кәсіпкер) үшін – бизнес-сәйкестендіру нөмірі.
3. Мемлекеттік цифрлық объектілерде пайдаланылатын сәйкестендіргіштер, сондай-ақ әртүрлі иегерлердің цифрлық объектілері арасында цифрлық жазбаларды алмасу үшін қолданылатын сәйкестендіргіштер жария сәйкестендіргіштер деп танылады.
4. Жеке цифрлық ресурстарда немесе шектеулі цифрлық жүйелерде ғана пайдаланылатын сәйкестендіргіштер жеке сәйкестендіргіштер болып танылады.
5. Цифрлық жазбаға қосу үшін сәйкестендіргіштерді таңдауды:
1) цифрлық жазбалардың иегері дербес деректер субъектісі туралы деректерді жинау кезінде дербес деректер субъектісі;
2) иегердің өзі цифрлық деректерді жасаған кезде, оның ішінде сәйкестендіргіш жасалған немесе берілген кезде цифрлық жазбалардың иегері;
3) дербес деректер субъектісінен алынбаған цифрлық деректердің цифрлық жазбаларын иегеріне беру кезінде үшінші тұлға жүзеге асырады.
6. Цифрлық жазбалардың иегері өзінің цифрлық объектісі шегінде пайдаланылатын сәйкестендіргіштердің бірегейлігі мен дәйектілігін, сондай-ақ цифрлық объектілер арасында цифрлық жазбаларды алмасу кезінде олардың дұрыс салыстырылуын қамтамасыз етуге міндетті.
46-бап. Цифрлық аутентификация
1. Цифрлық аутентификация Қазақстан Республикасының заңнамасында немесе тараптардың келісімінде көзделген жағдайларда цифрлық ортадағы көрсетілетін қызметтер мен объектілерге қол жеткізу кезінде жеке тұлғаның жеке басын немесе заңды тұлғаның құқық қабілеттілігін растау рәсімі деп танылады.
2. Цифрлық аутентификация Қазақстан Республикасының киберқауіпсіздік, дербес деректер және оларды қорғау туралы заңнамасының талаптарына сәйкес келетін цифрлық объектілер мен сәйкестендіру құралдары пайдаланыла отырып жүзеге асырылады.
3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алуға өтініш білдірген кезде цифрлық аутентификация цифрландыру және киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай талаптарға сәйкес орындалған жағдайда, адамның көрсетілетін қызметті алуға тиісті ерік білдіруі деп танылады.
4. Көп факторлы құралдар пайдаланыла отырып орындалған цифрлық аутентификация цифрлық ортада құқықтық қатынастардың туындауы, өзгеруі немесе тоқтатылуы үшін, сондай-ақ цифрлық форматта жасалған заңды маңызы бар іс-әрекеттерді дәлелдеу мақсаттары үшін негіз болып табылады.
5. Цифрлық аутентификация фактілері туралы цифрлық жазбаларды олардың цифрлық деректер ретінде ұсынылғаны негізінде ғана заңды күші жоқ деп тануға болмайды.
1. Цифрлық растау – цифрлық технологиялар құралдарын пайдалана отырып, цифрлық аутентификациядан өткеннен кейін жасалатын келісімді немесе өзге де ерік білдіруді білдіретін цифрлық орта субъектісінің іс-қимылы.
2. Цифрлық растауларға кодтар, парольдер, бір реттік цифрлық сәйкестендіргіштер, пуш – хабарламалар, биометриялық растаулар, бөлінген тізілімдердегі цифрлық жазбалар және цифрлық жүйелер қалыптастыратын және:
1) ұялы байланыстың абоненттік құрылғыларына, оның ішінде "цифрлық үкіметтің" веб-порталында тіркелген құрылғыларға;
2) жедел хабар алмасу сервистеріне;
3) электрондық поштаға;
4) бөлінген цифрлық объектілерге және өзге де жүйелерге жіберетін өзге де құралдар жатады.
3. Цифрлық растауды цифрлық орта субъектісі Қазақстан Республикасының заңдарында немесе тараптардың келісімі бойынша белгіленген жағдайларда пайдалана алады.
4. Цифрлық растау электрондық цифрлық қолтаңба болып табылмайды және цифрлық жазба мазмұнының дұрыстығы мен өзгермейтіндігін қамтамасыз етпейді.
48-бап. Биометриялық аутентификация
1. Цифрлық аутентификация үшін пайдаланылатын биометриялық деректер дербес деректер болып танылады және "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қорғалуға жатады.
2. Қазақстан Республикасының әрбір азаматының цифрлық аутентификация мақсатында биометриялық тіркелуге құқығы бар.
3. Биометриялық деректерді міндетті түрде өңдеуге және биометриялық аутентификацияны жүргізуге Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларда ғана жол беріледі.
4. Биометриялық аутентификация – жеке тұлғаны анықтау мақсатында биометриялық деректердің сәйкестігін салыстыру және тексеру процесі.
5. Егер осы баптың 6-тармағында өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген биометриялық аутентификация мемлекеттік органның қызметін цифрландыру кезінде, оның ішінде мемлекеттік функцияларды жүзеге асыру және уәкілетті орган бекіткен ұлттық биометриялық аутентификация жүйесінің жұмыс істеуі және оған қосылу қағидаларына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде ұлттық биометриялық аутентификация жүйесі қолданыла отырып жүзеге асырылады.
6. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің сәйкестендіру деректерімен алмасу орталығы алған ұлттық биометриялық аутентификация жүйесінің биометриялық деректерін міндетті пайдалану және (немесе) толықтыру жағдайларын қоса алғанда, қаржы және төлем ұйымдарының биометриялық аутентификация жүргізу тәртібін қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі айқындайды.
7. Ұлттық биометриялық аутентификация жүйесі адам бет-әлпетінің негізінде биометриялық аутентификациялауға арналған "цифрлық үкіметтің" цифрлық объектісі болып табылады, оны құруды, дамытуды, сүйемелдеуді және оған жүйелік-техникалық қызмет көрсетуді оператор жүзеге асырады.
8. Осы баптың қолданысы барлау, қарсы барлау, жедел-іздестіру қызметі барысында биометриялық деректерді жинау, өңдеу және қорғау, сондай-ақ күзетілетін адамдар мен объектілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі күзет іс-шараларын жүзеге асыру кезінде туындайтын қатынастарға қолданылмайды.
10-тарау. ЭЛЕКТРОНДЫҚ ЦИФРЛЫҚ ҚОЛТАҢБА
49-бап. Электрондық цифрлық қолтаңба
1. Электрондық цифрлық қолтаңба – электрондық цифрлық қолтаңбаның жабық кілті мен электрондық цифрлық қолтаңба құралдарын пайдалана отырып жасалған, электрондық құжаттың анықтығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын цифрлық жазба (цифрлық деректер жиынтығы).
2. Электрондық цифрлық қолтаңба қол қоюшы адамның өз қолымен қойылған қолтаңбасына тең және мынадай шарттар бір мезгілде сақталған кезде:
1) электрондық цифрлық қолтаңбаның ашық кілті сертификаты бар ашық кілттің көмегімен электрондық цифрлық қолтаңбаның түпнұсқалығы расталғанда;
2) электрондық құжатқа қол қойған адам электрондық цифрлық қолтаңбаның жабық кілтін заңды түрде иеленгенде;
3) электрондық цифрлық қолтаңба электрондық цифрлық қолтаңбаның ашық кілті сертификатында көрсетілген мәліметтерге сәйкес пайдаланылғанда;
4) электрондық цифрлық қолтаңбаның ашық кілті сертификатын Қазақстан Республикасында аккредиттелген куәландырушы орталық не Қазақстан Республикасының сенімді үшінші тарапында тіркелген шетелдік куәландырушы орталық бергенде тең дәрежелі заңды күшке ие болады.
3. Цифрлық объектінің электрондық цифрлық қолтаңбасының ашық кілті сертификатын пайдалана отырып жасалған электрондық цифрлық қолтаңба осындай цифрлық объект иегерінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен теңестіріледі. Мұндай электрондық цифрлық қолтаңбаны азаматтық құқықтар мен міндеттерді белгілеуге, өзгертуге немесе тоқтатуға бағытталған ерік білдіруді қамтымайтын бір үлгідегі электрондық құжаттарға автоматты түрде қол қою үшін пайдалануға жол беріледі.
50-бап. Электрондық цифрлық қолтаңба құралдары
1. Электрондық цифрлық қолтаңба құралдары – электрондық цифрлық қолтаңбаны жасау және оның түпнұсқалығын тексеру үшін пайдаланылатын бағдарламалық қамтылым мен цифрлық инфрақұрылым объектілерінің жиынтығы.
2. Электрондық цифрлық қолтаңба құралдары Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы заңнамасында белгіленген жағдайларда және тәртіппен сәйкестігін растауға жатады.
3. Электрондық цифрлық қолтаңбаны қалыптастыру кезінде электрондық цифрлық қолтаңба құралдарын пайдаланатын бағдарламалық қамтылым мынадай талаптардың орындалуын қамтамасыз етуге тиіс:
1) электрондық құжатқа қол қоятын адамға қол қойылғанға дейін оның мазмұнымен танысуға мүмкіндік беріледі;
2) электрондық цифрлық қолтаңбаны жасау құжатқа қол қоятын адам оны жасау жөніндегі іс-қимылды анық растағаннан кейін ғана жүзеге асырылады;
3) электрондық құжатқа қол қойылғаннан кейін электрондық цифрлық қолтаңба жасау және оны қолдану туралы хабарлама қалыптастырылады;
4) белгілі бір уақытта электрондық цифрлық қолтаңбаның болуын растау үшін қажетті мәліметтердің болуы қамтамасыз етіледі;
5) Қазақстан Республикасының заңдарында тікелей көзделген жағдайларды қоспағанда, электрондық құжатқа қол қоятын адамға қол қойылған электрондық құжатты сақтау мүмкіндігі беріледі.
4. Электрондық цифрлық қолтаңбаны тексеру кезінде электрондық цифрлық қолтаңба құралдарын пайдаланатын бағдарламалық қамтылым:
1) электрондық құжаттың ішіндегісін шығарып алуды қамтамасыз етуге;
2) электрондық цифрлық қолтаңбаның түпнұсқалығын тексеру нәтижелері туралы хабардар етуге;
3) электрондық құжатқа қол қою кезінде пайдаланылған жабық кілттің иегерін анықтауға мүмкіндік беретін электрондық цифрлық қолтаңбаның ашық кілті сертификатының деректерін көрсетуге тиіс.
5. Осы баптың 3 және 4-тармақтарының талаптары цифрлық жүйелердің электрондық цифрлық қолтаңбаларын жасау немесе тексеру үшін пайдаланылатын электрондық цифрлық қолтаңба құралдарына қолданылмайды.
51-бап. Электрондық цифрлық қолтаңба кілттері
1. Электрондық цифрлық қолтаңбаның ашық кілті – электрондық цифрлық қолтаңбаның түпнұсқалығын растауға арналған цифрлық деректер.
2. Электрондық цифрлық қолтаңбаның жабық кілті – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарын пайдалана отырып, электрондық цифрлық қолтаңбаны жасауға арналған цифрлық деректер.
3. Электрондық цифрлық қолтаңбаның жабық кілттері оларды заңды негіздерде иеленетін адамдардың меншігі болып табылады.
Тұлға электрондық цифрлық қолтаңбаның ашық кілттерінің және оларға сәйкес келетін жабық кілттердің бірнеше сертификаттарына ие болуы мүмкін.
Жабық кілттерді басқа адамдарға беруге, сондай-ақ басқа адамдардың жабық кілттерді пайдалануына жол берілмейді.
Жабық кілттерді уәкілетті орган айқындаған тәртіппен куәландырушы орталықта сақтауға жол беріледі.
11-тарау. КУӘЛАНДЫРУШЫ ОРТАЛЫҚТАР ЖӘНЕ ЭЛЕКТРОНДЫҚ ЦИФРЛЫҚ ҚОЛТАҢБА ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫ
1. Куәландырушы орталық – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылған, электрондық цифрлық қолтаңбаның ашық кілттері сертификаттарының анықтығын, электрондық цифрлық қолтаңбаның ашық кілттерінің тиесілілігін және жарамдылығын растайтын заңды тұлға.
2. Қазақстан Республикасының негізгі куәландырушы орталығы – куәландырушы орталықтардың электрондық цифрлық қолтаңбасының ашық кілттерінің тиесілілігін және жарамдылығын растауды жүзеге асыратын куәландырушы орталық.
3. Мемлекеттік және мемлекеттік емес цифрлық жүйелердегі электрондық құжаттарда электрондық цифрлық қолтаңбаны қалыптастыру және тексеру үшін мемлекеттік органдардың лауазымды адамдарына электрондық цифрлық қолтаңба құралдары мен электрондық цифрлық қолтаңбаның ашық кілттерінің сертификаттарын беретін куәландырушы орталық Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының куәландырушы орталығы болып танылады.
4. Мемлекеттік және мемлекеттік емес цифрлық жүйелердегі электрондық құжаттарда электрондық цифрлық қолтаңбаны қалыптастыру және тексеру үшін жеке немесе заңды тұлғаларға электрондық цифрлық қолтаңба құралдары мен электрондық цифрлық қолтаңба сертификаттарын беретін куәландырушы орталық Қазақстан Республикасының Ұлттық куәландырушы орталығы болып танылады.
5. Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының куәландырушы орталығының, Қазақстан Республикасының Ұлттық куәландырушы орталығының және Қазақстан Республикасының негізгі куәландырушы орталығының функцияларын жүзеге асыруды оператор қамтамасыз етеді.
6. Қазақстан Республикасының негізгі куәландырушы орталығының, Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының куәландырушы орталығының, Қазақстан Республикасының Ұлттық куәландырушы орталығының және Қазақстан Республикасының сенім білдірілген үшінші тарапының қызметін үйлестіруді уәкілетті орган жүзеге асырады.
53-бап. Арнаулы куәландырушы орталық
1. Арнаулы куәландырушы орталық – Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының электрондық цифрлық қолтаңбаның ашық кілтінің электрондық цифрлық қолтаңбаның жабық кілтіне сәйкестігін куәландыратын, мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді пайдалануға байланысты қызметті жүзеге асыратын уәкілетті бөлімшесі.
2. Қазақстан Республикасының арнаулы негізгі куәландырушы орталығы – арнаулы куәландырушы орталықтардың электрондық цифрлық қолтаңбасы ашық кілттерінің тиесілілігін және жарамдылығын растауды жүзеге асыратын куәландырушы орталық.
3. Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті электрондық цифрлық қолтаңбаның ашық кілтінің сертификаттарын беру, сақтау, кері қайтарып алу және Қазақстан Республикасының арнаулы негізгі куәландырушы орталығының электрондық цифрлық қолтаңбаның ашық кілтінің тиесілілігі мен жарамдылығын растау қағидаларын бекітеді.
4. Қазақстан Республикасының арнаулы негізгі куәландырушы орталығының функцияларын жүзеге асыруды Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті қамтамасыз етеді.
5. Арнаулы куәландырушы орталықты аккредиттеу – Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің арнаулы куәландырушы орталықтың қызметті жүзеге асырудағы құзыреттілігін ресми мойындауы.
6. Арнаулы куәландырушы орталықтарды аккредиттеу арнаулы куәландырушы орталықтардың (Қазақстан Республикасының арнаулы негізгі куәландырушы орталығын қоспағанда) өз қызметін Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асыруы үшін міндетті шарт болып табылады.
54-бап. Куәландырушы орталықты аккредиттеу
1. Куәландырушы орталықты аккредиттеу – куәландырушы орталықтың қызметтер көрсетудегі құзыреттілігін киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті органның ресми түрде мойындауы.
2. Куәландырушы орталықтарды аккредиттеу куәландырушы орталықтардың (Қазақстан Республикасының негізгі куәландырушы орталығын қоспағанда) өз қызметін Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асыруы үшін міндетті шарт болып табылады. Аккредиттеуді киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті орган жүзеге асырады.
3. Егер уәкілетті орган бекітетін куәландырушы орталықтарды аккредиттеу туралы куәлікті беру және кері қайтарып алу қағидаларына сәйкес куәландырушы орталықтың өтінішінде неғұрлым қысқа мерзім көрсетілмесе, куәландырушы орталықты үш жыл мерзімге аккредиттеу тегін негізде жүзеге асырылады.
55-бап. Куәландырушы орталықтың функциялары
1. Куәландырушы орталық мынадай функцияларды орындайды:
1) электрондық цифрлық қолтаңба құралдарын береді;
2) электрондық цифрлық қолтаңбаның ашық кілті сертификаттарын береді, сақтайды, кері қайтарып алады;
3) электрондық цифрлық қолтаңбаның ашық кілті сертификаттарын қолдану саясатын бекітеді;
4) уәкілетті орган бекітетін электрондық цифрлық қолтаңбаны қалыптастыру және түпнұсқалығын тексеру қағидаларына сәйкес электрондық құжатта электрондық цифрлық қолтаңбаның болған кезін растайтын уақыт белгісінің сервисін өтеусіз негізде береді;
5) кері қайтарып алынған электрондық цифрлық қолтаңбаның ашық кілті сертификаттарының тізімі сервисін және электрондық цифрлық қолтаңбаның ашық кілті сертификатының кері қайтарып алу мәртебесін тексеру онлайн-сервисін өтеусіз негізде береді;
6) қолданыстағы және кері қайтарып алынған электрондық цифрлық қолтаңбаның ашық кілті сертификаттарын есепке алуды жүзеге асырады;
7) пайдаланушылардың электрондық цифрлық қолтаңбасының сертификаттарын, сондай-ақ оларды Қазақстан Республикасының негізгі куәландырушы орталығына кері қайтарып алу туралы ақпаратты ұсынады;
8) электрондық цифрлық қолтаңба сертификатын Қазақстан Республикасының ұлттық куәландырушы орталығы берген, электрондық цифрлық қолтаңбаның жабық кілтімен қол қойылған, электрондық цифрлық қолтаңба сертификаттарын иегерінен түскен сұрау салу бойынша кері қайтарып алуды жүзеге асырады.
2. Куәландырушы орталық электрондық цифрлық қолтаңбаның сақтаудағы ашық кілттерінің және жабық кілттерінің жоғалуын, модификациялануын немесе қолдан жасалуын болғызбау үшін барлық қажетті шараларды қабылдауға міндетті.
3. Куәландырушы орталық электрондық цифрлық қолтаңба сертификаттарының иегерлері туралы мәліметтерді қорғауды қамтамасыз етеді және оларды Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда ашады.
4. Осы баптың 2-тармағында көзделген міндетті орындамағаны үшін куәландырушы орталық Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылықта болады.
5. Куәландырушы орталықтың электрондық цифрлық қолтаңбаның ашық кілті сертификаттарын беру, сақтау, кері қайтарып алу, электрондық цифрлық қолтаңбаның ашық кілтінің тиесілілігін және жарамдылығын растау қағидаларын уәкілетті орган бекітеді.
6. Электрондық цифрлық қолтаңбаның ашық кілті сертификаттарының көшірмелері уәкілетті орган айқындаған тәртіппен тиісті куәландырушы орталықтарда сақталады.
7. Куәландырушы орталықтарда кері қайтарып алынған электрондық цифрлық қолтаңбаның ашық кілті сертификаттарының сақталу мерзімі кері қайтарып алынған күннен бастап кемінде бес жылды құрайды.
8. Осы баптың 7-тармағында көрсетілген мерзім өткеннен кейін кері қайтарып алынған электрондық цифрлық қолтаңбаның ашық кілті сертификаттары Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен архивтік сақтауға түседі.
56-бап. Куәландырушы орталық қызметінің тоқтатылуы
1. Куәландырушы орталықтың қызметі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тоқтатылады.
2. Өз қызметін тоқтату туралы шешім қабылдаған жағдайда куәландырушы орталық қызметі тоқтатылғанға дейін күнтізбелік тоқсан күн бұрын ол қызмет көрсететін цифрлық жүйелердің барлық қатысушыларын және киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті органды бұл туралы хабардар етуге міндетті.
3. Куәландырушы орталықтың қызметі тоқтатылған кезде ол берген электрондық цифрлық қолтаңбаның ашық кілті сертификаттары және электрондық цифрлық қолтаңбаның тиісті кілттері, электрондық цифрлық қолтаңбаның ашық кілті сертификатының иегерлері туралы мәліметтер электрондық цифрлық қолтаңбаның ашық кілті сертификатының иегерімен келісу бойынша басқа куәландырушы орталықтарға беріледі.
4. Осы баптың 2-тармағында көрсетілген мерзім өткеннен кейін электрондық цифрлық қолтаңбаның ашық кілті сертификаттары және басқа куәландырушы орталықтарға берілмеген электрондық цифрлық қолтаңбаның тиісті кілттері өз қолданысын тоқтатады және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сақталуға тиіс.
57-бап. Шетелдік электрондық цифрлық қолтаңбаны тану
1. Қазақстан Республикасының сенім білдірілген үшінші тарапы – трансшекаралық өзара іс-қимыл шеңберінде шетелдік электрондық цифрлық қолтаңбаның және Қазақстан Республикасының аумағында берілген электрондық цифрлық қолтаңбаның түпнұсқалығын растауды жүзеге асыратын цифрлық жүйе.
2. Куәландырушы орталықтардың, шет мемлекеттердің сенім білдірілген үшінші тараптарының Қазақстан Республикасының сенім білдірілген үшінші тарапымен өзара іс-қимылын тіркеу және тоқтату қағидаларын уәкілетті орган бекітеді.
3. Қазақстан Республикасының сенім білдірілген үшінші тарапының электрондық цифрлық қолтаңбасының түпнұсқалығын растау қағидаларын уәкілетті орган бекітеді.
58-бап. Электрондық цифрлық қолтаңбаның ашық кілті сертификаты иегерінің
1. Электрондық цифрлық қолтаңбаның ашық кілті сертификаты – куәландырушы орталықтың электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған цифрлық жазба, ол электрондық цифрлық қолтаңбаның осы Кодексте белгіленген талаптарға сәйкестігін растауға қызмет етеді.
2. Электрондық цифрлық қолтаңбаның ашық кілті сертификатының иегері атына электрондық цифрлық қолтаңбаның ашық кілті сертификаты берілген, электрондық цифрлық қолтаңбаның ашық кілті сертификатында көрсетілген ашық кілтке сәйкес келетін жабық кілтті заңды түрде иеленетін жеке немесе заңды тұлға болып табылады.
3. Электрондық цифрлық қолтаңбаның ашық кілті сертификатының иегері куәландырушы орталықтан осы Кодекске және уәкілетті орган бекіткен куәландырушы орталықтың электрондық цифрлық қолтаңба сертификатын беру, сақтау, кері қайтарып алу қағидаларына сәйкес электрондық цифрлық қолтаңбаның ашық кілті сертификатын кері қайтарып алуды талап етуге құқылы.
4. Электрондық цифрлық қолтаңбаның ашық кілті сертификатының иегері өзіне тиесілі электрондық цифрлық қолтаңбаның жабық кілтін заңсыз қол жеткізуден және пайдаланудан қорғау жөнінде шаралар қабылдауға міндетті.
5. Жабық кілт және куәландырушы орталық цифрлық жүйеге берген электрондық цифрлық қолтаңбаның тиісті ашық кілті сертификаты цифрлық жүйеге орнатылады және оның иегері оның сақталуын, қауіпсіз пайдаланылуын және заңсыз қол жеткізуден қорғалуын қамтамасыз етеді.
59-бап. Электрондық цифрлық қолтаңбаның ашық кілті сертификатын кері
1. Электрондық цифрлық қолтаңбаның ашық кілті сертификатын берген куәландырушы орталық мынадай жағдайларда:
1) куәландырушы орталық айқындаған тәртіппен электрондық цифрлық қолтаңбаның ашық кілті сертификаты иегерінің талап етуі бойынша;
2) электрондық цифрлық қолтаңбаның ашық кілті сертификатын алған кезде анық емес мәліметтерді не толық емес құжаттар топтамасын ұсыну фактісі анықталған кезде;
3) электрондық цифрлық қолтаңбаның ашық кілті сертификатының иегері қайтыс болғанда;
4) электрондық цифрлық қолтаңбаның ашық кілті сертификаты иегерінің тегі, аты немесе әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілген болса) өзгергенде;
5) электрондық цифрлық қолтаңбаның ашық кілті сертификатының иегері – заңды тұлғаның басшысы ауысқанда, атауы ауысқанда, қайта ұйымдастырылғанда, таратылғанда;
6) заңды күшіне енген сот шешімі бойынша тиісті хабарламаның негізінде кері қайтарып алады.
2. Куәландырушы орталық куәландырушы орталықтың электрондық цифрлық қолтаңба сертификатын беру, сақтау, кері қайтарып алу қағидаларында айқындалған тәртіппен және мерзімдерде электрондық цифрлық қолтаңбаның ашық кілті сертификатын кері қайтарып алады.
60-бап. Электрондық цифрлық қолтаңбаның ашық кілті сертификатын беруден
Куәландырушы орталық:
1) ұсынылған құжаттар толық болмаған;
2) анық емес мәліметтер ұсынылған;
3) сот актісі заңды күшіне енген;
4) адам он алты жасқа толмаған жағдайларда электрондық цифрлық қолтаңбаның ашық кілті сертификатын беруден бас тартады.
61-бап. Электрондық цифрлық қолтаңбаны қалыптастыру және оның
1. Электрондық цифрлық қолтаңбаны қалыптастыру және оның түпнұсқалығын тексеру электрондық цифрлық қолтаңбаны қалыптастыру және оның түпнұсқалығын тексеру қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.
2. Заңды тұлғаның (филиалдардың және өкілдіктердің) атынан қол қоюға арналған өкілеттіктер қол қою жүзеге асырылатын цифрлық жүйемен, Қазақстан Республикасының негізгі куәландырушы орталығының өкілеттіктерін тексеру сервисі арқылы тексеріледі.
3. Электрондық құжаттарды тексерудің сенімділігі мен біркелкілігін қамтамасыз ету мақсатында уәкілетті орган электрондық құжаттарды тексеру сервисін ұсынады.
4. Электрондық цифрлық қолтаңбаны пайдалана отырып электрондық құжаттарға қол қою жүзеге асырылатын цифрлық жүйе мұндай қолтаңбаларды жүйе иегері ұсынатын ашық сервис арқылы тексеру мүмкіндігін қамтамасыз етеді.
5. Егер Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес заңды тұлға (филиал және өкілдік) қол қойған құжат мөрмен куәландырылуға жататын болса, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осындай құжатқа қол қоюға құқығы бар заңды тұлға қызметкерінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат өз қолымен қол қойылған және мөрмен куәландырылған қағаз жеткізгіштегі құжатпен тең деп танылады.
12-тарау. ЦИФРЛЫҚ ОРТАДАҒЫ ҚҰЖАТТАР
1. Анықтығын, тиесілілігін және өзгермейтіндігін растау электрондық цифрлық қолтаңбаның көмегімен қамтамасыз етілген цифрлық жазба электрондық құжат болып танылады.
Электрондық құжат өзінің қасиеттерін өзгертпестен, өзі құрылған цифрлық жүйеден тыс айналым мен сақталу мүмкіндігіне ие болуға тиіс.
2. Осы Кодекстің талаптарына сәйкес келетін және оған қол қоюға өкілеттігі бар адамның электрондық цифрлық қолтаңбасы арқылы куәландырылған электрондық құжат қағаз жеткізгіштегі қол қойылған құжатпен тең болады.
3. Электрондық құжаттар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мемлекеттік және (немесе) мемлекеттік емес цифрлық жүйелер арқылы, сондай-ақ олардан тыс қалыптастырылады, сақталады және ұсынылады.
4. Мемлекеттік құпияларға жатқызылған қорғалып орындалған цифрлық жүйелерді пайдалана отырып, электрондық құжаттарды және мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді қамтитын өзге де деректерді жинау, өңдеу, сақтау, беру, іздеу, тарату, пайдалану, қорғау, тіркеу, растау және жою тәртібін, сондай-ақ арнаулы куәландырушы орталықты құру, аккредиттеу және оның қызметін тоқтату тәртібін Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті айқындайды.
5. Мемлекеттік органдардың электрондық құжаттары Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен цифрлық архивтерге мемлекеттік сақтауға беріледі.
6. Заңды тұлғаның басшысы немесе оны алмастыратын адам осы заңды тұлғаның жұмыскеріне немесе ол тағайындаған адамға электрондық құжаттарға қол қоюға өкілеттік беруге құқылы. Бұл ретте әрбір жұмыскер өз атына алынған электрондық цифрлық қолтаңбаның ашық кілті сертификатын және оған сәйкес келетін электрондық цифрлық қолтаңбаның жабық кілтін пайдаланады.
1. Цифрлық құжат – сұрау салу немесе ұсыну кезінде ұлттық тіркелімдерде қамтылған деректер негізінде цифрлық ортада қалыптастырылатын анық мәліметтерді материалдық емес цифрлық ұсыну.
2. Цифрлық құжат онда қамтылған мемлекеттік және өзге де көрсетілетін қызметтерді алу, мәмілелер жасасу немесе өзге де құқықтық қатынастарды жүзеге асыру үшін қажетті заңдық маңызы бар фактілер мен мәліметтерді растайды.
3. Цифрлық құжатты үшінші тұлғалар ұсынуға немесе тексеруге тиіс жағдайларда ол тиісті мемлекеттік органның электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылады.
4. Цифрлық құжатты ұсыну кезінде оны дұрыс қалыптастыру мен техникалық тұтастығы үшін цифрлық құжаттар сервисінің операторы жауапты болады.
5. Төлем және қаржы қызметтерін алған кезде жеке басты куәландыратын цифрлық құжаттарды қаржы және төлем ұйымдары пайдаланады және оларға жеке тұлғалар жеке жүгінген (қатысқан) кезде цифрлық құжаттар сервисі арқылы ұсынылады.
1. Цифрлық мәліметтер – жеке құжатты ресімдемей фактілерді, құқықтар мен міндеттерді куәландыру үшін пайдаланылатын ұлттық тіркелімдерде және өзге де мемлекеттік цифрлық ресурстарда қамтылған деректер.
2. Құқықтық қатынастарда цифрлық мәліметтерді пайдалану, егер олардың анықтығын цифрлық құжаттар сервисі арқылы ұсыну кезінде растауға болатын болса, цифрлық құжатты ұсынуға теңестіріледі.
3. Мемлекеттік органдар мен ұлттық тіркелімдерге қолжетімділігі бар өзге де субъектілер қажетті мәліметтерді, егер мұндай мәліметтер ұлттық тіркелімдерде бар болса, адамнан құжаттарды ұсынуды талап етпей, тікелей эталондық деректер көздерінен алуға міндетті.
4. Цифрлық құжаттар сервисі арқылы үшінші тұлғалардың цифрлық мәліметтерге қол жеткізуі дербес деректерді қорғауды міндетті түрде қамтамасыз ете отырып, уәкілетті орган айқындаған тәртіппен пайдаланушының келісімімен жүзеге асырылады.
1. Цифрлық архив – архив ісі және басқаруды құжаттамалық қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті орган айқындаған тәртіппен ұйымдастырылған және электрондық нысанда сақталатын электрондық архив құжаттарының және архив құжаттарының электрондық көшірмелерінің жиынтығы.
2. Цифрлық архив Қазақстан халқының мәдени мұрасын сақтау мақсатында жұмыс істейді.
3. Цифрлық архив Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес сақталатын ақпараттың қолжетімділігін, сақталуын, тұтастығын және құпиялылығын қамтамасыз етеді.
4. Цифрлық архивтің жұмыс істеу тәртібін киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша архив ісі және басқаруды құжаттамалық қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті орган айқындайды.
5. Электрондық құжаттар мен цифрлық объектілерді сақтау, пайдалану және жою архив ісі және басқаруды құжаттамалық қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен жүзеге асырылады.
66-бап. Цифрлық орта субъектілеріне хабарлау
1. Цифрлық орта субъектілеріне хабарлау бірыңғай хабарламалар нүктесі арқылы цифрлық тәсілмен жүзеге асырылады.
2. Бірыңғай хабарламалар нүктесі – мемлекеттік органдардан хабарламаларды цифрлық объектілерге, ұялы байланыстың абоненттік құрылғысына және (немесе) электрондық поштаға, оның ішінде мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде атаулы таратуды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін және жеткізу мәртебелері туралы ақпаратты кепілді жеткізуді және сақтауды қамтамасыз ететін мемлекеттік цифрлық объект.
3. Бірыңғай хабарламалар нүктесінің хабархаттары тиісінше жеткізілу фактісі туралы ақпарат болған жағдайда жеткізілді деп танылады.
1. Смарт-келісімшарт – цифрлық технологияларды қолдану арқылы белгілі бір мән-жайлар туындаған кезде тараптар алдын ала келіскен талаптардың автоматты түрде орындалуын көздейтін шарт.
2. Тараптардың келісімі бойынша смарт-келісімшарт талаптарының барлығы немесе бір бөлігі бағдарламалық код түрінде, егер мұндай код тараптардың құқықтары мен міндеттерінің мазмұнын біржақты анықтауға мүмкіндік берсе және шарттарды адамның қабылдауы үшін қолжетімді нысанда жазып келтіру мүмкіндігін қамтамасыз етсе, көрсетілуі мүмкін.
3. Смарт-келісімшарт тараптар арасындағы дауларды шешу тәртібін көздеуге тиіс, онда дау бойынша түпкілікті шешімді адам Қазақстан Республикасының заңнамасында немесе тараптардың келісімінде белгіленген рәсімге сәйкес қабылдайды.
4. Құқықтық қатынастар субъектілері смарт-келісімшарт бойынша міндеттемелерді орындамауға не тиісінше орындамауға алып келген техникалық қатеге, бағдарламалық қамтылымның ақаулығына немесе цифрлық платформаның жұмыс істеуінен бас тартуға байланысты қауіп-қатерден қорғаудың сақтандыру және өзге де тетіктерін пайдалануға құқылы.
5. Қызметтің жекелеген салаларында смарт-келісімшарттарды пайдалануға қатысты талаптар осы Кодексте және (немесе) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленеді.
5-БӨЛІМ. ЦИФРЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ
13-тарау. МЕМЛЕКЕТТІҢ ЦИФРЛЫҚ АРХИТЕКТУРАСЫ
68-бап. Мемлекеттің цифрлық архитектурасы
1. Мемлекеттің цифрлық архитектурасы – цифрлық шешімдерді келісілген дамытуды, интеграциялауды және стандарттауды қамтамасыз ету мақсатында цифрлық форматта қалыпқа келтірілген және ұсынылған, мемлекеттің жұмыс істеу мақсаттарына, сондай-ақ мемлекеттік басқарудың салалары (аялары) бойынша міндеттеріне, функциялары мен процестеріне қол жеткізу үшін құрылатын және пайдаланылатын цифрлық объектілердің, цифрлық деректердің кешенді сипаттамасы.
2. Мемлекеттің цифрлық архитектурасы (оның ішінде "цифрлық үкімет" архитектурасы) мыналарды қамтиды:
1) цифрлық объектілерді (цифрлық жүйелерді және цифрлық платформаларды) құру мен дамытудың архитектуралық қағидаттары;
2) стандартталған өзара іс-қимыл интерфейстерін қоса алғанда, цифрлық жүйелердің интеграциясы мен үйлесімділігіне қойылатын талаптар;
3) бұлтты инфрақұрылымда орналастыруға дайын архитектураға қойылатын талаптар (бұлтты дайындық);
4) модульділікті, компоненттерді қайта пайдалануды және интероперабельділікті қамтамасыз ететін сервистік архитектураға қойылатын талаптар;
5) цифрлық деректердің сапасын, үйлесімділігін, қорғалуын және ұтымды пайдаланылуын қамтамасыз ететін цифрлық деректер архитектурасына қойылатын талаптар;
6) цифрлық деректерді қорғауды, киберқауіпсіздікті және киберқауіптерге төзімділікті қоса алғанда, архитектуралық қауіпсіздік пен тұрақтылыққа қойылатын талаптар.
3. Мемлекеттік органдар, мемлекеттік заңды тұлғалар, квазимемлекеттік сектор субъектілері, дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы тікелей немесе жанама түрде квазимемлекеттік сектор субъектілеріне тиесілі заңды тұлғалар, сондай-ақ мемлекеттік функцияларды іске асыруға және мемлекеттік қызметтер көрсетуге қатысатын өзге де ұйымдар уәкілетті орган бекітетін мемлекеттің цифрлық архитектурасын қалыптастыру, дамыту және мониторингтеу қағидаларын сақтауға міндетті.
69-бап. "Цифрлық үкімет" архитектурасы
1. "Цифрлық үкімет" – мемлекеттік органдардың бір-бірімен, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалармен цифрлық технологияларды кешенді пайдалануға негізделген цифрлық өзара іс-қимыл жүйесі.
2. "Цифрлық үкімет" архитектурасы негізінде "цифрлық үкімет" жұмыс істейді.
3. "Цифрлық үкіметтің" архитектурасын қалыптастыру, іске асырылуын мониторингтеу және дамыту цифрландыру және киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету салаларындағы бірыңғай талаптарға және мемлекеттің цифрлық архитектурасын қалыптастыру, дамыту және мониторингтеу қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.
70-бап. Смарт-қалалар мен смарт-өңірлер
1. Смарт-қалалар мен смарт-өңірлер – басқару, инфрақұрылым және көрсетілетін қызметтерді ұсыну цифрлық деректер мен цифрлық объектілер арқылы жасанды интеллект негізінде ұйымдастырылған қалалар мен өңірлер.
2. Смарт-қалалар мен смарт-өңірлерді дамыту мемлекеттің цифрлық архитектурасына және уәкілетті орган бекітетін "смарт-қалалар" мен "смарт-өңірлер" құру жөніндегі әдістемеге сәйкес жүзеге асырылады.
71-бап. Мемлекеттің цифрлық объектілерінің архитектуралық порталы
1. Мемлекеттің цифрлық объектілерінің архитектуралық порталы – цифрландыру саласындағы мониторинг, талдау және жоспарлау үшін мемлекеттік органдардың одан әрі пайдалануы мақсатында мемлекеттің цифрлық объектілері, мемлекеттің цифрлық архитектурасы, платформалық бағдарламалық өнімдер туралы мәліметтерді есепке алуды, сақтауды және жүйелеуді жүзеге асыруға арналған цифрлық объект.
2. Мемлекеттік органдар, мемлекеттік заңды тұлғалар, квазимемлекеттік сектор субъектілері, дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы тікелей немесе жанама түрде квазимемлекеттік сектор субъектілеріне тиесілі заңды тұлғалар, сондай-ақ мемлекеттік функцияларды іске асыруға және мемлекеттің цифрлық объектілерінің архитектуралық порталында мемлекеттік қызметтер көрсетуге қатысатын өзге де ұйымдар цифрлық объектілер мен олардың техникалық құжаттамасы туралы мәліметтерді орналастырады, мемлекеттің цифрлық архитектурасын қалыптастыру, дамыту және мониторингтеу қағидаларына сәйкес оларды есепке алуды және жаңартып отыруды жүргізеді.
3. Цифрлық объектіге техникалық құжаттаманың тізбесі мемлекеттің цифрлық архитектурасын қалыптастыру және іске асырылуын мониторингтеу қағидаларында айқындалады.
Техникалық құжаттама цифрлық объектіге арналған құжаттама жиынтығы болып табылады, оның негізінде цифрлық объектіні құру және дамыту, сондай-ақ оны тәжірибелік және өнеркәсіптік пайдалану жүзеге асырылады.
4. Мемлекеттің цифрлық объектілерінің архитектуралық порталы Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан цифрлық инфрақұрылымда жұмыс істейді.
72-бап. Архитектуралық-үйлестіруші орталық
1. Архитектуралық-үйлестіруші орталық – Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын заңды тұлға.
Архитектуралық-үйлестіруші орталық мемлекеттік органдардың, мемлекеттік заңды тұлғалардың, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің, дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы тікелей немесе жанама түрде квазимемлекеттік сектор субъектілеріне тиесілі заңды тұлғалардың, сондай-ақ мемлекеттік басқару процестеріне қатысатын өзге де ұйымдардың цифрлық архитектурасының тұтастығын, үйлесімділігін және тиімділігін қамтамасыз етеді.
2. Архитектуралық-үйлестіруші орталық:
1) цифрландыру және жасанды интеллект саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруға қатысады;
2) мемлекеттің цифрлық архитектурасын қалыптастыру, дамыту және мониторингтеу қағидаларына сәйкес мемлекеттің цифрлық архитектурасын қалыптастыруды, дамытуды және іске асыруды мониторингтеуді жүзеге асырады;
3) мемлекеттің цифрлық архитектурасын дамытуды және мемлекеттік басқарудың цифрлық трансформациясын ұйымдастырушылық-әдіснамалық қамтамасыз етуді жүзеге асырады;
4) процестердің реинжинирингіне сараптаманы жүзеге асырады;
5) "смарт-қалаларды" және "смарт-өңірлерді" құру жөніндегі әдістемені әзірлейді;
6) цифрландыру саласында инвестициялық ұсынысқа, бюджеттік инвестициялардың қаржы-экономикалық негіздемесіне, сондай-ақ "цифрлық үкіметтің" цифрлық объектілерін құруға және дамытуға арналған техникалық тапсырмаға сараптама жүргізеді;
7) уәкілетті органға цифрландыру саласындағы тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуға арналған шығыстардың есеп-қисабына сараптамалық қорытынды береді;
8) цифрландыруды қолдану бойынша мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігіне бағалау жүргізуді және мемлекеттік қызметтер көрсетуді автоматтандыру процесін бағалауды сүйемелдейді;
9) "цифрлық үкіметтің" цифрлық объектілерін құру және дамыту жөніндегі жобаларды басқаруды, сондай-ақ стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды іске асыру жөніндегі жобаларды басқаруды жүзеге асырады;
10) "цифрлық үкіметтің" цифрлық объектілерін құру және дамыту, цифрлық деректерді, жасанды интеллектіні басқару, Қазақстан Республикасының мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарын іске асыру шеңберінде жобалық басқару барысында мемлекеттік органдарға консультациялық, әдіснамалық және практикалық көмек көрсетеді;
11) мемлекеттің цифрлық объектілерінің архитектуралық порталында "цифрлық үкімет" цифрлық объектілерінің мәліметтерін және техникалық құжаттамасын есепке алуды жүзеге асырады;
12) "цифрлық үкімет" цифрлық объектілерінде қамтылған толық емес және жаңартылмаған мәліметтерді анықтау бөлігінде олардың интеграцияларын талдауды жүзеге асырады және оларды жою жөнінде ұсынымдар әзірлейді;
13) цифрландыру және киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету салаларындағы бірыңғай талаптардың сақталуын қамтамасыз етеді;
14) жасанды интеллект саласындағы стандарттау жөніндегі құжаттарды әзірлеуге қатысады;
15) мемлекеттік органдар, мемлекеттік заңды тұлғалар, квазимемлекеттік сектор субъектілері, дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы тікелей немесе жанама түрде квазимемлекеттік сектор субъектілеріне тиесілі заңды тұлғалар, сондай-ақ өзге де ұйымдар қалыптастыратын деректерге, оның ішінде ашық деректерге талдау жүргізеді;
16) цифрландырудың сервистік моделі бойынша цифрлық объектілерді құруды және дамытуды ұйымдастырады.
14-тарау. "ЦИФРЛЫҚ ҮКІМЕТ"
73-бап. Мемлекеттік органдардың қызметін цифрландыру
1. "Цифрлық үкіметтің" цифрлық объектілеріне мемлекеттік органдардың және өзге де адамдардың мемлекеттік органдардың қызметін жүзеге асыруға, мемлекеттік функцияларды орындауға және мемлекеттік қызметтер көрсетуге арналған цифрлық объектілері жатады.
2. Цифрландыру деп процестерді цифрлық нысанға ауыстыруға, мемлекеттік органдардың, ұйымдар мен азаматтардың қызметін автоматтандыру үшін цифрлық технологияларды қолдануға бағытталған іс-шаралар жиынтығы түсініледі.
3. Мемлекеттік органның қызметін, оның ішінде мемлекеттік функцияларды және мемлекеттік қызметтер көрсетуді цифрландыру:
1) "цифрлық үкіметтің" цифрлық объектілерін құру, дамыту, сатып алу;
2) мемлекеттің цифрлық архитектурасына сәйкес және жүргізілген процестердің реинжинирингі ескеріле отырып, платформалық бағдарламалық өнімдерді әзірлеу және орналастыру;
3) цифрландырудың сервистік моделі бойынша цифрлық көрсетілетін қызметтерді сатып алу арқылы жүзеге асырылады.
Цифрландырудың сервистік моделі деп цифрлық шешімдерге рұқсат беру шарттарында немесе сервис форматында мемлекеттік органның оларды дербес әзірлеуінің қажеттілігінсіз, оның ішінде мұндай шешімдерді кейіннен Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік органның балансына беру мүмкіндігімен цифрлық көрсетілетін қызметтерді ұсыну тәсілі түсініледі.
4. "Цифрлық үкіметтің" цифрлық объектілері оларды сәйкестендіру, санаттарға бөлу және уәкілетті орган қалыптастыратын "цифрлық үкімет" цифрлық объектілерінің сыныптауышында сипаттау арқылы жүйелендіруге жатады.
74-бап. "Цифрлық үкімет" операторы
1. "Цифрлық үкімет" цифрлық объектілерінің жұмыс істеуін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын оператор, заңды тұлға қамтамасыз етеді.
2. Оператор:
1) уәкілетті орган бекіткен тізбеге және оны қалыптастыру қағидаларына сәйкес "цифрлық үкіметтің" цифрлық инфрақұрылым объектілеріне жүйелік-техникалық қызмет көрсетуді және оларды сүйемелдеуді жүзеге асырады;
2) уәкілетті орган бекіткен тізбеге сәйкес мемлекеттік органдарға, квазимемлекеттік сектор субъектілеріне цифрлық қызметтер көрсетеді;
3) мемлекеттік органдарға, квазимемлекеттік сектор субъектілеріне платформалық бағдарламалық өнімдерді әзірлеуді жүзеге асырады;
4) "цифрлық үкімет" платформасында және "цифрлық үкіметтің" цифрлық инфрақұрылымында орналастырылған мемлекеттік цифрлық ресурстарды Қазақстан Республикасының киберқауіпсіздік туралы заңнамасына сәйкес сақтау және өңдеу кезінде сақтаудың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді;
5) цифрлық объектілерді және (немесе) платформалық бағдарламалық өнімдерді әзірлеу, дамыту және орналастыру үшін "цифрлық үкімет" платформасын ұсыну бойынша қызметтер көрсетеді;
6) "цифрлық үкіметтің" цифрлық объектілерін "цифрлық үкімет" шлюзіне және Қазақстан Республикасының ұлттық шлюзіне интеграциялайды және қосады, сондай-ақ мемлекеттік органдардың цифрлық объектілерін "цифрлық үкіметтің" цифрлық инфрақұрылымына қосады;
7) уәкілетті орган айқындаған цифрлық орта субъектілеріне олардың цифрлық ресурстары мен цифрлық жүйелерінің жұмыс істеуі үшін бірыңғай көліктік ортаны қосу қызметтерін және байланыс қызметтерін көрсетеді.
Байланыс қызметтерін көрсету үшін көрсетілетін қызметтердің қосалқы мердігерлері (бірлесіп орындаушылары) ретінде өзге тұлғаларды тартуға құқығы бар;
8) "цифрлық үкімет" платформасын, мемлекеттік органдардың бірыңғай көліктік ортасын құрады және дамытады;
9) Қазақстан Республикасының ұлттық шлюзін дамыту жөніндегі жобаларға жүйелік-техникалық қызмет көрсетуді, басқаруды сүйемелдейді және жүзеге асырады;
10) деректерді басқару жөніндегі талаптарға сәйкес цифрлық деректерді, цифрлық жазбаларды "цифрлық үкімет" платформасында жинауды, өңдеуді, сақтауды, беруді жүзеге асырады;
11) "цифрлық үкіметтің" цифрлық инфрақұрылымын дамыту үшін өзге тұлғалардың, сондай-ақ мемлекеттік органдардың цифрлық объектілерін сүйемелдеуді және оларға жүйелік-техникалық қызмет көрсетуді жүзеге асыру үшін басқа да тұлғалардың цифрлық инфрақұрылым объектілерін тартады;
12) деректерді басқару жөніндегі талаптарға сәйкес деректерді талдауды жүзеге асыру үшін цифрлық деректерді, цифрлық жазбаларды жинауды, өңдеуді, сақтауды, беруді, сондай-ақ цифрлық деректерді, цифрлық жазбаларды "цифрлық үкімет" платформасына беруді жүзеге асырады;
13) заңды тұлғаларға ақпараттық-анықтамалық және консультациялық қызметтер көрсету үшін цифрлық инфрақұрылымды ұсыну бойынша қызметтер көрсетеді;
14) деректерді басқару жөніндегі талаптарға сәйкес деректерді талдау бойынша қызметтер көрсетеді;
15) дербес деректерді қорғау саласындағы уәкілетті органнан алынған ақпарат негізінде дербес деректер субъектілерін дербес деректер қауіпсіздігінің бұзылуы туралы не дербес деректерді өңдеу туралы ақпаратты қысқа мәтіндік хабарлама түрінде "цифрлық үкімет" веб-порталындағы жеке кабинетке, "цифрлық үкіметтің" мобильдік қосымшасына және (немесе) олардың ұялы байланыс абоненттік нөміріне жіберу арқылы хабардар етуді жүзеге асырады.
75-бап. "Цифрлық үкіметтің" веб-порталы
1. "Цифрлық үкіметтің" веб-порталы – нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, мемлекеттік қызметтер көрсетуге қатысатын мемлекеттік органдар мен өзге де субъектілер орналастыратын шоғырландырылған ақпаратқа, сондай-ақ электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік және өзге де көрсетілетін қызметтерге қол жеткізудің "бірыңғай терезесін" білдіретін цифрлық объект.
2. "Цифрлық үкіметтің" веб-порталында жеке және заңды тұлғалардың мемлекеттік қызметтер көрсету, аталған тұлғалардың өтініштерін қарайтын субъектілерге жүгіну, сондай-ақ дербес деректерді пайдалану мәселелері бойынша қызметтер көрсету субъектілерімен өзара іс-қимылы жеке кабинет арқылы жүзеге асырылады.
3. Мемлекеттік органдар мен мемлекеттік қызметтер көрсетуге қатысатын өзге де субъектілер операторға "цифрлық үкіметтің" веб-порталын ақпараттық толықтыруға арналған қажетті цифрлық деректер мен цифрлық жазбаларды ұсынады.
4. "Цифрлық үкімет" веб-порталының мазмұнына, жүргізілуіне және цифрлық деректермен және цифрлық жазбалармен ақпараттық толықтырылуына қойылатын талаптарды уәкілетті орган белгілейді.
5. Мемлекеттік және өзге де көрсетілетін қызметтер "цифрлық үкіметтің" веб-порталы, "цифрлық үкіметтің" мобильдік қосымшасы және (немесе) ұялы байланыстың абоненттік құрылғысы арқылы көрсетіледі.
6. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер "цифрлық үкіметтің" веб-порталы және (немесе) "цифрлық үкіметтің" мобильдік қосымшасы арқылы оларға қол жеткізуді міндетті түрде қамтамасыз ете отырып, Қазақстан Республикасының мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы заңнамасында көзделген тәсілдермен ұсынылады.
7. Электрондық нысанда көрсетілетін өзге де қызметтер уәкілетті орган айқындаған тәртіппен белгіленетін өлшемшарттарға сәйкес келген кезде оларға "цифрлық үкіметтің" веб-порталы және (немесе) "цифрлық үкіметтің" мобильдік қосымшасы арқылы міндетті түрде қол жеткізу қамтамасыз етіледі.
8. Ұялы байланыс операторы ұсынған ұялы байланыс желісінің абоненттік нөмірін ұялы байланыстың абоненттік құрылғысы арқылы мемлекеттік және өзге де көрсетілетін қызметтерді электрондық нысанда алу үшін "цифрлық үкіметтің" есептік жазбасына, веб-порталына тіркеу және қосу уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен жүзеге асырылады.
9. Мемлекеттік және өзге де көрсетілетін қызметтерді "цифрлық үкіметтің" веб-порталы және ұялы байланыстың абоненттік құрылғысы арқылы алу үшін Қазақстан Республикасының мобильді азаматтарының базасында тіркелген ұялы байланыс желісінің абоненттік нөмірі пайдаланылады.
Мобильді азаматтар базасы – "цифрлық үкімет" пайдаланушыларының ұялы байланыс желісі абоненттік нөмірлерінің цифрлық ресурсы.
1. Цифрлық оқиға – цифрлық орта субъектісінің іс-қимылдары немесе цифрлық объектінің жұмыс істеуі нәтижесінде туындаған және олардың цифрлық ортадағы өзара іс-қимыл параметрлерін көрсететін цифрлық нысанда тіркеп-белгіленген мән-жай.
2. Цифрлық оқиғалар туралы деректер цифрлық объектілердің жұмыс істеу процесінде сақталады және олардың жұмыс істеуін қамтамасыз ету, техникалық ерекшеліктер мен шектеулер ескеріле отырып, қызметтер көрсету және операциялар журналдарын жүргізу үшін пайдаланылады.
3. Цифрлық оқиғалар туралы деректерді өңдеуге Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларда:
заңды фактілерді растау үшін;
цифрлық ортаның қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жол беріледі.
77-бап. Қазақстан Республикасы азаматының цифрлық кеңістігі
1. Қазақстан Республикасы азаматының цифрлық кеңістігі – Қазақстан Республикасы азаматының тіркеп-белгіленген цифрлық оқиғалар туралы мәліметтерге, оларды қарауға, басқаруға және пайдалануға қол жеткізуін қамтамасыз ететін "цифрлық үкімет" веб-порталындағы жеке кабинетінің бөлімі.
2. Оператор цифрлық кеңістікте қамтылған цифрлық оқиғалардың құпиялығын, тұтастығын және пайдаланылуын Қазақстан Республикасының азаматы тарапынан бақылау мүмкіндігін қамтамасыз етеді.
3. Қазақстан Республикасы азаматының цифрлық кеңістігіне қойылатын талаптарды уәкілетті орган айқындайды.
4. "Цифрлық үкіметтің" цифрлық объектілерінен Қазақстан Республикасы азаматының цифрлық деректерін сұрату кезінде сұрау салу сол арқылы жіберілген цифрлық объектілер осындай деректерді пайдалану фактісі туралы цифрлық оқиғаны қалыптастыруға және оны азаматтың цифрлық кеңістігіне беруге міндетті.
1. Ашық үкімет – ашық деректердің, ашық бюджеттердің, ашық нормативтік құқықтық актілердің өзара байланысты интернет-порталдары арқылы мемлекеттің қызметі туралы ақпаратқа қол жеткізуді және Қазақстан Республикасы азаматтарының шешімдерді талқылауға және қабылдауға қатысуын қамтамасыз ететін цифрлық объект.
2. Ақпаратты ашық деректердің интернет-порталдарында орналастыру осы Кодекске және Қазақстан Республикасының ақпаратқа қол жеткізу туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
79-бап. Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай
1. Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарын орналастыруға арналған цифрлық платформа мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы болып табылады.
2. Мемлекеттік органдар цифрлық ресурстарды мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасына міндетті түрде орналастырады, сондай-ақ Қазақстан Республикасының ақпаратқа қол жеткізу туралы заңнамасына сәйкес олардың мазмұнының анықтығын және жаңартылып отыруын қамтамасыз етеді.
80-бап. "Цифрлық үкіметтің" төлем шлюзі
1. "Цифрлық үкіметтің" төлем шлюзі – өтеулі қызметтер көрсету шеңберінде төлемдер жүргізу туралы ақпаратты беру процестерін автоматтандыратын цифрлық объект.
2. "Цифрлық үкіметтің" төлем шлюзі мыналарды:
1) төлемдер жүргізуге сұрау салуларды беруді;
2) қызмет көрсеткені үшін төлемді жүзеге асыру туралы хабардар етуді қамтамасыз етеді.
3. Екінші деңгейдегі банктер, төлем ұйымдары және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар қызметтер көрсету шеңберінде төлемдерді қабылдау және жүргізу процестеріне қатыса отырып, осы процестерге тартылған меншікті цифрлық объектілердің "цифрлық үкіметтің" төлем шлюзімен тікелей не ұлттық цифрлық қаржы инфрақұрылымын басқару жөніндегі ұлттық орталықтың объектісі арқылы интеграциялануын қамтамасыз етеді.
81-бап. Мемлекеттік органдардың бірыңғай көліктік ортасы
1. Мемлекеттік органдардың бірыңғай көліктік ортасы – "цифрлық үкіметтің" инфрақұрылымына кіретін және киберқауіпсіздіктің талап етілетін қажетті деңгейі сақтала отырып, мемлекеттік органдардың, олардың ведомстволық бағынысты ұйымдары мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, сондай-ақ уәкілетті орган айқындаған цифрлық ортаның өзге де субъектілерінің жергілікті (Интернетке қолжетімділігі бар жергілікті желілерді қоспағанда), ведомстволық және корпоративтік телекоммуникация желілерінің өзара іс-қимылын қамтамасыз етуге арналған телекоммуникациялар желісі болып табылады.
2. Мемлекеттік органдар, олардың ведомстволық бағынысты ұйымдары және жергілікті өзін-өзі басқару органдары, сондай-ақ уәкілетті орган айқындаған цифрлық ортаның өзге де субъектілері жергілікті (Интернетке қолжетімділігі бар жергілікті желілерді қоспағанда), ведомстволық және корпоративтік желілердің өзара іс-қимылы үшін мемлекеттік органдардың бірыңғай көліктік ортасын ғана пайдалануға міндетті.
3. Киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік органдардың бірыңғай көліктік ортасына қосылған жергілікті, ведомстволық және корпоративтік желілерді ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желілеріне және басқа да телекоммуникация желілеріне қосу цифрландыру және киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету салаларындағы бірыңғай талаптарға сәйкес жүзеге асырылады.
82-бап. "Цифрлық үкімет" платформасы
1. "Цифрлық үкімет" платформасы – оператордың платформалық бағдарламалық өнімдерді әзірлеуге, дамытуға, орналастыруға, интеграциялауға және (немесе) цифрлық объектілерді орналастыруға арналған цифрлық платформасы.
2. Әзірленген және "цифрлық үкімет" платформасында орналастырылған бағдарламалық қамтылым платформалық бағдарламалық өнім болып табылады.
3. Оператор цифрлық қызметтер көрсету арқылы платформалық бағдарламалық өнімді ұсынуға құқылы.
Цифрлық көрсетілетін қызмет цифрлық объектілерді құру, дамыту және орналастыру қағидаларына сәйкес цифрландырудың сервистік моделі арқылы осы көрсетілетін қызметтердің жұмыс істеуі қамтамасыз етілетін байланыс қызметтерін қоса алғанда, мүліктік жалдау (жалға алу, уақытша пайдалану) және (немесе) есептеу ресурстарын орналастыру, бағдарламалық қамтылымды, бағдарламалық өнімдерді, техникалық құралдарды пайдалануға беру жөніндегі көрсетілетін қызметтерді қамтиды.
4. Мемлекеттік функцияларды іске асыратын цифрлық объектілер және олардан туындайтын мемлекеттік көрсетілетін қызметтер мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша уәкілетті орган бекітетін "цифрлық үкімет" цифрлық объектісінің қолданыста болу циклінің кезеңдерін іске асыру қағидаларына сәйкес әзірленеді және "цифрлық үкімет" платформасында орналастырылады, сондай-ақ деректерді басқару талаптарына сәйкес цифрлық деректерді "цифрлық үкімет" платформасына береді.
5. Егер Қазақстан Республикасының заңнамасында немесе олардың арасындағы келісімде өзгеше көзделмесе, "цифрлық үкімет" платформасына меншік құқығы оның көмегімен құрылатын және (немесе) онда орналастырылған, басқа меншік иелеріне және (немесе) иегерлеріне тиесілі цифрлық деректер мен жазбаларға меншік құқығын тудырмайды.
6. Мемлекеттік органдардың қызметін, оның ішінде олардың мемлекеттік функцияларын цифрландыру және мемлекеттік қызметтер көрсету, сондай-ақ оператордың деректерге талдау жүргізу кезінде "цифрлық үкімет" платформасында орналастырылған цифрлық жазбаларды пайдалануы Қазақстан Республикасының дербес деректер және оларды қорғау туралы заңнамасының және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамасының талаптары сақтала отырып, олардың меншік иелерінің және (немесе) цифрлық деректер иегерлерінің келісімінсіз жүзеге асырылады.
7. "Цифрлық үкімет" платформасы Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан цифрлық инфрақұрылымда жұмыс істейді.
83-бап. Цифрлық объектілерді интеграциялау
1. Цифрлық объектілерді интеграциялау – деректерді берудің стандартты хаттамалары пайдаланыла отырып, интеграциялық сервистер арқылы цифрлық объектілер арасындағы өзара іс-қимылды ұйымдастыру және қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар.
2. Интеграциялық сервистер – уәкілетті орган айқындаған стандартты интерфейстер, хаттамалар және қол жеткізу тетіктері арқылы цифрлық объектілер арасындағы өзара іс-қимылды, деректермен алмасуды және келісілген операцияларды орындауды қамтамасыз ететін функционалдық цифрлық объектілер.
3. "Цифрлық үкіметтің" цифрлық объектілерін интеграциялау Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген киберқауіпсіздік және дербес деректерді қорғау талаптары сақталған жағдайда, киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті органмен және Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетімен келісу бойынша уәкілетті орган бекітетін "цифрлық үкіметтің" цифрлық объектілерін интеграциялау қағидаларына сәйкес "цифрлық үкімет" шлюзі арқылы жүзеге асырылады
4. Мемлекеттік емес цифрлық объектілерді "цифрлық үкіметтің" цифрлық объектілерімен, оның ішінде өтеулі негізде интеграциялау Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген киберқауіпсіздік және дербес деректерді қорғау талаптары сақталған жағдайда, "цифрлық үкіметтің" цифрлық объектілерін интеграциялау қағидаларына сәйкес "цифрлық үкіметтің" сыртқы шлюзі арқылы жүзеге асырылады.
5. "Цифрлық үкіметтің" цифрлық объектілерін өзге де цифрлық объектілермен интеграциялауға арналған цифрлық объект "цифрлық үкіметтің" шлюзі болып табылады.
6. Мемлекеттік органдардың бірыңғай көліктік ортасындағы цифрлық объектілердің мемлекеттік органдардың бірыңғай көліктік ортасынан тыс орналасқан цифрлық объектілермен өзара іс-қимылын қамтамасыз етуге арналған "цифрлық үкімет" шлюзінің кіші жүйесі "цифрлық үкіметтің" сыртқы шлюзі болып табылады.
"Цифрлық үкіметтің" жұмыс істеу қағидалары мен сыртқы шлюзіне қойылатын техникалық талаптарды уәкілетті орган киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша айқындайды.
7. Цифрлық объектілердің халықаралық (мемлекетаралық) ақпараттық өзара іс-қимылын қамтамасыз етуге арналған цифрлық объект Қазақстан Республикасының ұлттық шлюзі болып табылады.
8. Цифрлық технологияларды қолдана отырып халықаралық (мемлекетаралық) ақпараттық өзара іс-қимыл жасау Қазақстан Республикасының ұлттық шлюзі арқылы жүзеге асырылады.
9. Қазақстан Республикасының ұлттық шлюзі арқылы халықаралық (мемлекетаралық) ақпараттық өзара іс-қимыл жүзеге асырылатын цифрлық объектілердің тізбесін уәкілетті орган бекітеді.
15-тарау. ЦИФРЛЫҚ ОБЪЕКТІНІҢ ҚОЛДАНЫСТА БОЛУ ЦИКЛІ
84-бап. "Цифрлық үкімет" цифрлық объектісінің қолданыста болу циклі және
1. "Цифрлық үкімет" цифрлық объектісінің қолданыста болу циклі – оның тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз етуге бағытталған "цифрлық үкіметтің" цифрлық объектісін жоспарлау, құру, тәжірибелік пайдалану, киберқауіпсіздік талаптарына сәйкестігін сынау, өнеркәсіптік пайдалануға беру, дамыту, өнеркәсіптік пайдалануды тоқтату, модификациялау, архивтеу және есептен шығару кезеңдерінің жиынтығы.
2. "Цифрлық үкімет" цифрлық объектісінің қолданыста болу циклі "цифрлық үкімет" цифрлық объектісінің қолданыста болу циклінің кезеңдерін іске асыру қағидаларына сәйкес цифрлық объектінің түріне және оны пайдалану ерекшеліктеріне байланысты кезеңдердің барлығын немесе бір бөлігін қамтуы мүмкін.
85-бап. "Цифрлық үкіметтің" цифрлық объектісін жоспарлау, құру және дамыту
1. Жоспарлау – цифрлық объектінің қолданыста болу циклінің бастапқы кезеңі, ол оны құру қажеттігін негіздеу, цифрлық объектіні іске асырудың мақсаттарын, талаптарын, ресурстары мен шарттарын айқындау бойынша жұмыстар жиынтығын қамтиды.
"Цифрлық үкіметтің" цифрлық объектісін жоспарлау ағымдағы процестерді талдаудан, нормативтік құқықтық актілердің цифрлық сараптамасынан, жаңа процестерді жобалаудан тұратын процестердің реинжинирингін қамтиды және уәкілетті орган бекітетін цифрлық трансформациялау қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.
2. "Цифрлық үкіметтің" цифрлық объектілерін жоспарлау, құру және дамыту кезінде әзірленген нормативтік-техникалық құжаттамаға, сондай-ақ "цифрлық үкімет" цифрлық объектісінің қолданыста болу циклінің кезеңдерін іске асыру қағидаларына сәйкес цифрландыру саласындағы тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуға арналған шығыстардың есеп-қисаптарына уәкілетті органның және киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті органның қорытындысын алу қажет.
3. Цифрлық объектілерді құру және дамыту Қазақстан Республикасының цифрлық және бюджет заңнамасына сәйкес нормативтік-техникалық құжаттамаға (мемлекеттік инвестициялық жоба, техникалық тапсырма, бағдарламалық өнімге қойылатын талаптардың өзіндік ерекшелігі, мемлекеттік жекешелік әріптестік жобасының құжаттамасы) сәйкес жүзеге асырылады.
4. "Цифрлық үкіметтің" цифрлық объектісін дамыту оны өнеркәсіптік пайдалануға бергеннен кейін жүзеге асырылады.
5. Осы бап Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының цифрлық объектілеріне қолданылмайды.
86-бап. "Цифрлық үкіметтің" цифрлық объектісін тәжірибелік пайдалануды
1. "Цифрлық үкіметтің" цифрлық объектісін тәжірибелік пайдалануды өткізу цифрландыру және киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай талаптарға сәйкес, оның ішінде:
1) тәжірибелік пайдалануды өткізу рәсімдерін құжаттауды;
2) анықталған ақаулар мен кемшіліктерді кейіннен түзете отырып, оларды оңтайландыру мен жоюды;
3) тәжірибелік пайдаланудың аяқталуы туралы актіні ресімдеуді қоса алғанда, жүзеге асырылады.
Тәжірибелік пайдалануды өткізу мерзімі бір жылдан аспауға тиіс.
2. "Цифрлық үкімет" цифрлық объектісінің киберқауіпсіздік талаптарына сәйкестігін сынау осы Кодекске және Қазақстан Республикасының киберқауіпсіздік туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
87-бап. "Цифрлық үкіметтің" цифрлық объектісін өнеркәсіптік пайдалануға
1. "Цифрлық үкіметтің" цифрлық объектісін өнеркәсіптік пайдалануға беру уәкілетті орган мен киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті органның қатысуымен тәжірибелік пайдалану оң аяқталған жағдайда нормативтік-техникалық құжаттаманың талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.
2. "Цифрлық үкіметтің" цифрлық объектісін өнеркәсіптік пайдалану кезінде:
1) цифрландыру және киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету салаларындағы бірыңғай талаптарды сақтау;
2) цифрлық ресурстар істен шыққан немесе бүлінген жағдайда оларды сақтау, қорғау, қалпына келтіру;
3) цифрлық ресурстарды резервтік көшіру және олардың уақтылы жаңартылып отыруын бақылау;
4) мемлекеттік органның цифрлық жүйесіне жолданымдар туралы мәліметтерді автоматтандырылған есепке алу, сақтау және мерзімдік архивтеу;
5) "цифрлық үкіметтің" цифрлық объектісін сүйемелдеу;
6) "цифрлық үкімет" цифрлық объектісінің пайдаланылатын лицензиялық бағдарламалық қамтылымын техникалық қолдау;
7) жүйелік-техникалық қызмет көрсету;
8) құжаттарды қағаз жеткізгіште пайдалануды, сондай-ақ мемлекеттік функцияларды жүзеге асыру және мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде оларды ұсыну жөніндегі талаптарды қысқарту (алып тастау);
9) өнім берушінің кепілдік мерзімі кезеңінде анықталған қателер мен кемшіліктерді жоюды қамтитын "цифрлық үкіметтің" цифрлық объектісіне кепілдендірілген қызмет көрсетуі. Кепілдендірілген қызмет көрсету "цифрлық үкіметтің" цифрлық объектісі өнеркәсіптік пайдалануға енгізілген күннен бастап кемінде бір жыл мерзімде қамтамасыз етіледі.
88-бап. "Цифрлық үкіметтің" цифрлық объектісін модификациялау
1. Модификациялаудың жиынтық құны мемлекеттік инвестициялық жобаны құру кезінде онда белгіленген "цифрлық үкімет" цифрлық объектісінің бастапқы сметалық құнының жиырма пайызынан аспайтын жағдайда, "цифрлық үкіметтің" цифрлық объектісін модификациялау Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес инвестициялық ұсынысты немесе бюджеттік инвестициялардың қаржы-экономикалық негіздемесін әзірлеуді талап етпейтін жұмыстарға жатады.
2. "Цифрлық үкіметтің" цифрлық объектісін модификациялау мынадай шарттар орындалған кезде жүзеге асырылуы мүмкін:
1) модификациялаудың техникалық тапсырмаға немесе техникалық тапсырмаға толықтыруларға сәйкестігі;
2) жүргізілетін жұмыстардың Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген киберқауіпсіздік талаптарына сәйкестігі;
3) уәкілетті органның модификациялауды жүргізуге келісімінің болуы.
89-бап. "Цифрлық үкіметтің" цифрлық объектісін өнеркәсіптік пайдалануды
1. "Цифрлық үкіметтің" цифрлық объектісін одан әрі пайдалану қажеттілігінің болмауы цифрландыру және киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету салаларындағы бірыңғай талаптарға сәйкес цифрлық объектілердің архитектуралық порталында "цифрлық үкіметтің" цифрлық объектісін өнеркәсіптік пайдалануды тоқтатуға және ол туралы мәліметтерді өзгертуге алып келеді.
2. "Цифрлық үкіметтің" цифрлық объектісін одан әрі пайдалану қажеттілігінің болмауы туралы шешімді "цифрлық үкіметтің" цифрлық объектісі интеграцияланған цифрлық объектілердің меншік иелерін және (немесе) иегерлерін хабардар ете отырып, уәкілетті органмен келісу бойынша меншік иесі және (немесе) иегерлері қабылдайды.
90-бап. "Цифрлық үкіметтің" цифрлық объектісін архивтеу және есептен
1. "Цифрлық үкіметтің" цифрлық жазбалары, техникалық құжаттамасы, бастапқы кодтары және (немесе) цифрлық объектісі "цифрлық үкімет" цифрлық объектісінің қолданыста болу циклінің кезеңдерін іске асыру қағидаларына сәйкес архивтеуге жатады.
2. Бұрын құрылған цифрлық объект "цифрлық үкімет" платформасында әзірленген және оның бүкіл функционалын (немесе одан көп) іске асыратын платформалық бағдарламалық өнімдермен ауыстырылған жағдайда, мұндай цифрлық объект есептен шығарылуға жатады.
3. "Цифрлық үкіметтің" цифрлық объектілерін есептен шығару уәкілетті органмен келісу бойынша меншік иесі қабылдаған шешім бойынша Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес жүзеге асырылады.
91-бап. "Цифрлық үкіметтің" технологиялық жағынан күрделі цифрлық
1. Ерекше архитектуралық және технологиялық сипаттамаларға ие, оларды жобалауға, әзірлеуге, жаңғыртуға, енгізуге, интеграциялауға және пайдалануға арнаулы талаптарды белгілеу қажеттілігін белгілейтін "цифрлық үкіметтің" цифрлық объектілері "цифрлық үкіметтің" технологиялық күрделі цифрлық объектілеріне жатады.
2. "Цифрлық үкіметтің" технологиялық жағынан күрделі цифрлық объектілеріне жатқызу өлшемшарттарын уәкілетті орган айқындайды.
3. "Цифрлық үкіметтің" технологиялық жағынан күрделі цифрлық объектілерін құру және дамыту ерекшеліктері Қазақстан Республикасының цифрлық және бюджет заңнамасымен реттеледі.
92-бап. Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының цифрлық
объектілерін құру және дамыту тәртібі
Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының міндеттерін іске асыруға арналған цифрлық объектілер мынадай тәртіппен құрылады немесе дамиды:
1) цифрлық объектіні құру немесе дамыту туралы шешім қабылдау;
2) цифрлық объектіні құруға немесе дамытуға арналған техникалық тапсырманы әзірлеу;
3) цифрландыру саласындағы тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алуға не бюджет қаражатын бөлмей жұмыстарды жүзеге асыруға техникалық ерекшелік пен есеп-қисаптарды әзірлеу;
4) цифрландыру саласында тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру не бюджет қаражатын бөлмей жұмыстарды жүзеге асыру;
5) Қазақстан Республикасының аумағында қолданыстағы стандарттарға сәйкес цифрлық объектіні әзірлеу, тәжірибелік пайдалануды жүргізу, ендіру, өнеркәсіптік пайдалануға беру.
Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының цифрлық объектілерін құруға және дамытуға арналған шығындар арнаулы сараптамалық кеңестің (бюджеттік бағдарлама әкімшісінің дербес) қорытындысы негізінде жоспарланады.
16-тарау. ЦИФРЛЫҚ ТРАНСФОРМАЦИЯЛАУ
93-бап. Цифрлық трансформациялау
1. Цифрлық трансформация – басқару мен қызметтер көрсетудің тиімділігін, ашықтығын, проактивтілігін арттыру мақсатында цифрлық технологияларды, архитектуралық және платформалық шешімдерді, деректерді талдауды және жасанды интеллектіні ендіруге негізделген жүйелі өзгерістер процесі.
2. Цифрлық трансформациялау мыналарға бағытталған:
1) процестер санын азайту есебінен цифрлық орта субъектілерінің өзара іс-қимыл жасау арналарын жетілдіру;
2) деректерді талдау негізінде шешімдер қабылдау;
3) көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді проактивті көрсетілетін қызметтерге барынша ауыстыру;
4) цифрлық ортадағы құқықтар мен дербес деректерді қорғауды сақтай отырып, цифрлық объектілердің қолжетімділігін, ақаулыққа төзімділігін және инклюзивтілігін қамтамасыз ету.
3. Мемлекеттік органдар, мемлекеттік заңды тұлғалар, квазимемлекеттік сектор субъектілері ішкі процестерді қоса алғанда, өз қызметін цифрлық трансформациялау бағдарламаларын міндетті түрде әзірлейді, бекітеді және іске асырады.
4. Мемлекеттік органдарды, мемлекеттік заңды тұлғаларды, квазимемлекеттік сектор субъектілерін цифрлық трансформациялау цифрлық инфрақұрылым объектілерін жаңғыртуды және "цифрлық үкімет" архитектурасы негізіндегі платформалық шешімдерге ауысуды қамтиды және мемлекеттік басқаруды цифрлық трансформациялау қағидаларына сәйкес жүргізіледі.
5. Мемлекеттік органдарды, мемлекеттік заңды тұлғаларды, квазимемлекеттік сектор субъектілерін цифрлық трансформациялауды салааралық үйлестіруді уәкілетті орган жүзеге асырады.
94-бап. Цифрландыру саласындағы ұлттық даму институты
1. Цифрландыру саласындағы ұлттық даму институтын цифрлық ортаның бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін қолайлы жағдайлар жасау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
2. Цифрландыру саласындағы ұлттық даму институты:
1) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес мемлекеттік қолдау шараларын іске асыруды жүзеге асырады;
2) цифрландыру саласында талдамалық және консультациялық қызметтер көрсетеді, сондай-ақ цифрландыру саласында ұсынымдар береді;
3) цифрландыруды дамыту мақсатында халықаралық ұйымдармен және шетелдік заңды тұлғалармен ынтымақтасады;
4) цифрландыру саласын дамытуды талдауды жүзеге асырады;
5) Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
1. Цифрлық даму индексі – мемлекеттік органдардың, мемлекеттік заңды тұлғалардың, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің цифрлық технологияларын ендіруге, пайдалануға және дамытуға институционалдық, технологиялық және процестік дайындық деңгейін көрсететін кешенді көрсеткіш.
2. Цифрлық даму индексі облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдары қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау шеңберінде жыл сайынғы негізде айқындалады.
3. Цифрлық даму индексін айқындау әдістемесін Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасымен келісу бойынша уәкілетті орган бекітеді.
6-БӨЛІМ. ЦИФРЛАНДЫРУ САЛАСЫНДАҒЫ ҚАУІПСІЗДІК ЖӘНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ
17-тарау. ЦИФРЛЫҚ ОРТАДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК БАҚЫЛАУ ЖӘНЕ ТӘУЕКЕЛДЕРДІ БАСҚАРУ
96-бап. Цифрландыру саласындағы, сондай-ақ электрондық құжат және
электрондық цифрлық қолтаңба саласындағы мемлекеттік бақылау
1. Цифрландыру саласындағы мемлекеттік бақылау, егер осы баптың 4-тармағында өзгеше белгіленбесе, тексерулер, бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау және бақылау объектісіне (субъектісіне) бармай профилактикалық бақылау нысанында жүзеге асырылады.
2. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы тексеру және профилактикалық бақылау Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жүзеге асырылады.
3. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау "Киберқауіпсіздік туралы" Қазақстан Республикасының Заңына және Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жүзеге асырылады.
4. Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба саласындағы мемлекеттік бақылау, егер осы тармақтың екінші бөлігінде өзгеше белгіленбесе, Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы жоспардан тыс тексеру және профилактикалық бақылау нысанында жүзеге асырылады.
Мемлекеттік органдарға қатысты "Киберқауіпсіздік туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба саласында мемлекеттік бақылау жүзеге асырылады.
Осы тармақтың талабы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне және оның құрылымына кіретін ұйымдарға және дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан көп пайызы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне тиесілі немесе оның сенімгерлік басқаруындағы заңды тұлғаларға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдарына қолданылмайды.
1. Киберқауіпсіздік – цифрлық объектілердің құпиялылығын, тұтастығын немесе қолжетімділігін бұзудан қорғалу жағдайы.
2. Цифрлық объектілерді қорғауды цифрлық объектілердің меншік иелері және (немесе) иегерлері жүзеге асырады.
3. Цифрлық объектілерді қорғау шаралары "Киберқауіпсіздік туралы" Қазақстан Республикасының Заңында, цифрландыру мен киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету салаларындағы бірыңғай талаптарда, сондай-ақ Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында айқындалады.
98-бап. Цифрлық деректерді қорғауды қамтамасыз ету
1. Цифрлық деректерді қорғау киберқауіптердің алдын алуға, анықтауға және жоюға бағытталған техникалық, ұйымдастырушылық, құқықтық және өзге де шаралар жиынтығымен қамтамасыз етіледі.
2. Техникалық қорғау құралдарына ақпаратты криптографиялық және өзге де қорғау құралдары жатады.
3. Техникалық қорғау құралдарын қолдану, оларды сертификаттау және сәйкестігін бағалау тәртібі Қазақстан Республикасының киберқауіпсіздік туралы заңнамасында айқындалады.
99-бап. Цифрлық объектілердің киберқауіпсіздік талаптарына сәйкестігін сынау
1. Цифрлық объектілердің киберқауіпсіздік талаптарына сәйкестігін сынау міндетті түрде немесе цифрлық объектінің меншік иесінің және (немесе) иегерінің бастамасы бойынша жүргізіледі.
2. Киберқауіпсіздік талаптарына сәйкестігін міндетті сынауға жататын цифрлық объектілер, сондай-ақ оларды өткізу тәртібі "Киберқауіпсіздік туралы" Қазақстан Республикасының Заңында айқындалады.
3. Цифрлық объектілердің меншік иелерінің және (немесе) иегерлерінің бастамасы бойынша киберқауіпсіздік талаптарына сәйкестігін сынау осы Кодекске, "Киберқауіпсіздік туралы" Қазақстан Республикасының Заңына және Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы заңнамасына сәйкес жүргізіледі.
4. Цифрлық объектілердің киберқауіпсіздік талаптарына сәйкестігіне аудит, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, олардың меншік иесінің және (немесе) иегерінің бастамасы бойынша Қазақстан Республикасының киберқауіпсіздік туралы заңнамасына сәйкес жүргізіледі.
100-бап. Цифрлық объектілердің сапасына аудит
1. Цифрлық объектілердің сапасына аудит олардың функционалдығы мен цифрлық архитектурасын бағалау мақсатында жүргізіледі.
2. Цифрлық объектілерді құру, ендіру және пайдалану кезеңінде цифрлық объектілердің меншік иесінің және (немесе) иегерінің бастамасы бойынша цифрлық объектілердің сапасына аудит жүргізілуі мүмкін.
3. Цифрлық объектілер сапасының аудитін арнаулы білімі мен жұмыс тәжірибесі бар тәуелсіз жеке және (немесе) заңды тұлғалар уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен жүргізеді.
4. Жасанды интеллект жүйелерінің сапасына аудит жасанды интеллект модельдерін оқыту үшін қолданылатын дерекнамалардың сапасын және оларды пайдаланудың құқыққа сыйымдылығын, сондай-ақ "Жасанды интеллект туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жасанды интеллект жүйелерінің тыйым салынған функционалдық мүмкіндіктерінің бар-жоғын бағалау ескеріле отырып жүргізіледі.
5. Мемлекеттік құпияларға жатқызылған, қорғалған орындаудағы цифрлық объектілердің сапасына аудит жүргізілмейді.
18-тарау. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЦИФРЛАНДЫРУ САЛАСЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҒЫНЫҢ МАҚСАТТАРЫ, ҚАҒИДАТТАРЫ, НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ
101-бап. Қазақстан Республикасының цифрландыру саласындағы халықаралық
Цифрландыру саласындағы халықаралық ынтымақтастықтың мақсаттары деп Қазақстан Республикасы мен өзге де мемлекеттердің, халықаралық ұйымдардың цифрлық технологияларды дамыту мәселелері бойынша бірлескен іс-қимылдарына өзара көмек және үйлестіру танылады.
102-бап. Қазақстан Республикасының цифрландыру саласындағы халықаралық
1. Басқа мемлекеттермен және халықаралық ұйымдармен ынтымақтастық өзара құрмет, сенім, өзара көмек, ымыраға келу, кемсітпеу, бір-бірінің істеріне араласпау, қабылданған халықаралық міндеттемелерді уақтылы орындау, дауларды бейбіт жолмен шешу қағидаттарына негізделеді.
2. Мемлекет инвестицияларды тарту және цифрлық ортадағы қызметті ұйымдастыруға арналған нарықтық тәсілдер негізінде заманауи цифрлық технологияларды ендіру үшін қолайлы жағдай жасау бойынша күш-жігер жұмсайды.
103-бап. Қазақстан Республикасының цифрландыру саласындағы халықаралық
ынтымақтастығының негізгі бағыттары
Қазақстан Республикасының цифрландыру саласындағы халықаралық ынтымақтастығының негізгі бағыттары:
1) цифрлық технологияларды құру, ендіру және дамыту;
2) цифрландыруды ендіруге кедергі келтіретін реттеушілік кедергілерді жою;
3) Интернетті дамыту;
4) киберқауіптер мен киберқылмысқа қарсы күрес;
5) цифрлық алаяқтықпен күресу.
19-тарау. ҚОРЫТЫНДЫ ЖӘНЕ ӨТПЕЛІ ЕРЕЖЕЛЕР
104-бап. Цифрландыру саласындағы дауларды шешу тәртібі
Цифрландыру саласындағы дауларды шешу Қазақстан Республикасының заңдарына және Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес реттелуге жатады.
105-бап. Қазақстан Республикасының цифрлық заңнамасын бұзғаны үшін
1. Қазақстан Республикасының цифрлық заңнамасын бұзу Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа алып келеді.
2. Әкімшілік немесе қылмыстық жауаптылыққа тарту кінәлі адамдарды жіберілген бұзушылықтарды жою міндетінен босатпайды.
106-бап. Осы Кодексті қолданысқа енгізу тәртібі және өтпелі ережелер
1. Осы Кодекс алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі.
2. "Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы" 2003 жылғы 7 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының күші жойылды деп танылсын.
|
Қазақстан Республикасының Президенті |
Қ. Тоқаев |