Үшінші елдерге қатысты арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шараларын қолдану туралы хаттаманың (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа тіркелген № 8 қосымша) 109-тармағының бесінші абзацына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:
1. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының "Қытай Халық Республикасынан шығарылатын және Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінетін, мұнай және газ ұңғымаларын бұрғылау мен пайдалану үшін қолданылатын болаттан жасалған жіксіз құбырларға қатысты демпингке қарсы шараны қолдану туралы" 2015 жылғы 18 тамыздағы № 101 шешімімен белгіленген демпингке қарсы шараның қолданылуы 2026 жылғы 21 желтоқсанды қоса алғандағы мерзімге дейін ұзартылсын.
2. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің кеден ісі саласындағы уәкілетті мемлекеттік органдары осы Шешім күшіне енген күннен бастап 2026 жылғы 21 желтоқсанды қоса алғандағы мерзім аралығында Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2015 жылғы 18 тамыздағы № 101 шешімімен белгіленген мөлшерлемелер бойынша демпингке қарсы баждың алдын ала демпингке қарсы баждарды алу үшін белгіленген тәртіппен алынуын қамтамасыз етсін.
3. Қосымшаға сәйкес, Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2015 жылғы 18 тамыздағы "Қытай Халық Республикасынан шығарылатын және Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінетін, мұнай және газ ұңғымаларын бұрғылау мен пайдалану үшін қолданылатын болаттан жасалған жіксіз құбырларға қатысты демпингке қарсы шараның қолданылуын туралы" № 101 шешіміне өзгерістер енгізілсін.
4. Осы Шешім күшіне енгенге дейін Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2015 жылғы 18 тамыздағы № 101 шешіміне тіркелген № 4 қосымшада көзделген нысан бойынша берілген өндіруші сертификаттары олардың қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін жарамды деп белгіленсін.
5. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап 30 күнтізбелік күн өткеннен кейін, 2026 жылғы 27 сәуірден кейін күшіне енеді.
|
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының төрағасы |
Б. Сағынтаев |
| Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2026 жылғы 17 ақпандағы № 17 шешіміне ҚОСЫМША |
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2015 жылғы 18 тамыздағы № 101 шешіміне енгізілетін ӨЗГЕРІСТЕР
1. Мынадай мазмұндағы 2.1-тармақпен толықтырылсын:
"21. Егер тауарларға арналған декларация тіркелген күні осындай тауар декларантында тиісті өндірушінің уәкілетті қызметкері қол қойған және осындай өндірушінің мөрімен куәландырылған, № 4 қосымшаға сәйкес нысанға сәйкес өндіруші сертификаты болған және тауарларға арналған декларацияда осындай сертификат туралы мәліметтер көрсетілген жағдайда, осы Шешімге тіркелген № 3 қосымшада көзделген тізбеде көрсетілген өндірушілер дайындайтын, осы Шешімнің 1-тармағында көрсетілген құбырларға қатысты осы Шешімде көзделген демпингке қарсы баж алынбайтыны белгіленсін.".
2. 4-тармақтың үшінші абзацы күшін жойған деп танылсын.
3. Аталған Шешімге тіркелген № 4 қосымша мынадай редакцияда жазылсын:
| "Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2015 жылғы 18 тамыздағы № 101 шешіміне № 4 ҚОСЫМША (Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2026 жылғы 17 ақпандағы № 17 шешімі редакциясында)" |
(нысаны)
ӨНДІРУШІ СЕРТИФИКАТЫ
1. Өндіруші (атауы, мекенжайы) | 2. Сертификаттың реттік нөмірі мен берілген күні | ||||
3. Экспорттаушы (атауы, мекенжайы) | ӨНДІРУШІ СЕРТИФИКАТЫ | ||||
|---|---|---|---|---|---|
4. Баратын елі | |||||
5. Импорттаушы – Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің резиденті (атауы, мекенжайы)) | 6. Инвойс (нөмірі, күні) | ||||
7. ЕАЭО СЭҚ ТН коды | 8. Көлік құралының нөмірі | ||||
9. Тауар туралы мәліметтер | |||||
№ | Тауардың сипаттамасы, басқа да ескертпелер (міндеттемелерге сәйкес тауардың түрлері көрсетіледі) | Нетто салмағы (тонна) | Бағасы (АҚШ доллары) | Құны (АҚШ доллары) | |
10. Мен, қол қоюшы, осы сертификаттың 9-тармағында көрсетілген тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына экспорттау мақсатында сату қабылданған міндеттемелерді сақтай отырып жасалатынын растаймын. Мен осы сертификатта көрсетілген мәліметтердің толық әрі нақты екенін растаймын. | |||||
Ескертпелер:
1. орыс немесе ағылшын тілдерінде толтырылатын 1 және 3-тармақтарды қоспағанда, сертификат орыс тілінде баспа тәсілімен толтырылады.
2. Сертификаттың қолданылу мерзімі берілген күнінен бастап 90 күнтізбелік күнді құрайды.
3. Сертификаттың 4-тармағында Еуразиялық экономикалық комиссия бекітетін дүниежүзі елдерінің сыныптауышына сәйкес баратын елі көрсетіледі.
4. Сертификаттың 6-тармағында кедендік декларациялау кезінде пайдаланылатын инвойстың нөмірі мен күні көрсетіледі.
5. Сертификаттың 8-тармағында Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына тауар әкелетін көлік құралының тіркеу нөмірі көрсетіледі.
6. Сертификаттың 9-тармағында тауардың бір тонна үшін бағасы және міндеттемелерде көзделген сату схемасына сәйкес сатып алушы іс жүзінде төлеген немесе төлеуге жататын тауардың құны цифрлармен көрсетіледі.
7. Сертификатқа түзетулер және (немесе) толықтырулар қате ақпараттың үстінен сызу және түзетілген мәліметтерді үстінен басып шығару арқылы енгізіледі, олар өндірушінің мөрімен куәландырылады.
8. Сертификатта тұлғалар қолдарының факсимилесін пайдалануға, сондай-ақ осы ескертпелердің 7-тармағында көрсетілген тәртіппен куәландырылмаған өшірулерге, түзетулерге және (немесе) толықтыруларға жол берілмейді.
9. Сертификат мынадай жағдайларда жарамсыз деп танылады:
сертификаттың қолданылу мерзімі өтіп кетсе;
сертификаттың нысаны осы қосымшада көзделген нысанға сәйкес келмесе және (немесе) сертификат осы ескертпелердің 1 – 8-тармақтарының талаптарына сәйкес толтырылмаса;
сертификатта көрсетілген мәліметтер тауарларға арналған декларацияда мәлімделген мәліметтерге сәйкес келмесе және (немесе) тауарды бірмәнді сәйкестендіруге мүмкіндік бермесе;
сертификатта қойылған қол және (немесе) мөр кеден органында бар қол және (немесе) мөр бедерлерінің үлгілеріне сәйкес келмесе.