Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексінің 22-бабы 1-тармағының бірінші абзацына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:
1. Біртұтас корпуста орналасқан лазерлік диодтары бар оптикалық жүйе, өздігінен теңестіруге арналған компенсатор, электрондық басқару платасы сияқты компоненттерден тұратын, электрондық оптикалық аспап түрінде ұсынылған, беттің екі немесе одан да көп нүктелерінің биіктік айырмашылығын, сондай-ақ құрылыстағы инженерлік-геодезиялық жұмыстарды, геодезиялық бөлу жұмыстарын, үй-жайлардың ішіндегі және сыртындағы құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізу кезінде көлбеу бұрышын көшіруге арналған сызықтар мен жазықтықтарды анықтау кезінде бір тік және бір көлденең сызықты проекциялауға арналған лазерлік нивелир (лазерлік жазықтық түзгіш, лазерлік деңгейөлшер), Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасын түсіндірудің 1 және 6-негізгі қағидаларына сәйкес Еуразиялық экономикалық одақтың бірыңғай Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасының 9015 30 100 0 подсубпозициясында сыныпталады.
2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап 30 күнтізбелік күн өткен соң күшіне енеді.
|
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының төрағасы |
Б. Сағынтаев |