2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 93-бабының 6-тармағының ережелерін және 2017 жылғы 26 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің өнеркәсіптік тауарларға қатысты ерекше субсидияларды Еуразиялық экономикалық комиссиямен ерікті түрде келісуі және Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің ерекше субсидиялар беруіне байланысты Еуразиялық экономикалық комиссияның тексерулер жүргізуі тәртібі туралы келісімнің 12-бабын іске асыру мақсатында Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:
1. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2017 жылғы 14 қарашадағы № 155 шешімімен бекітілген Субсидиялар беруді көздейтін Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің нормативтік құқықтық актілері мен нормативтік құқықтық актілерінің жобаларына мониторингті жүзеге асыру және салыстырмалы-құқықтық талдау жүргізу тәртібіне мынадай өзгерістер енгізілсін:
а) 11-тармақта:
"в" тармақшасы күшін жойған деп танылсын;
"г" тармақшасында "ішінде" деген сөздерден кейін "өткеннен кейін 10 жұмыс күні" деген сөздермен толықтырылсын;
б) 13-тармақтың "в" тармақшасында:
"қалыптастырады және тоқсан сайын жаңартылып отырады" деген сөздер "Хаттаманың 98-тармағына сәйкес мүше мемлекеттер беретін ақпарат негізінде қалыптастырады және жыл сайын жаңартылып отыралы" деген сөздермен алмастырылсын;
"беріледі" деген сөз "берілді" деген сөзбен алмастырылсын.
2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап 30 күнтізбелік күн өткен соң күшіне енеді.
|
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының төрағасы |
Б. Сағынтаев |