2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 52-бабына, Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 98 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық комиссияның Жұмыс регламентіне № 1 қосымшаның 29-тармағына және Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2012 жылғы 20 маусымдағы № 48 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенттерін әзірлеу, қабылдау, өзгерту және күшін жою тәртібінің 46-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесі шешті:
1. Қосымшаға сәкес Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2018 жылғы 14 қыркүйектегі № 74 шешімімен қабылданған Еуразиялық экономикалық одақтың "Тасымалдауға және (немесе) пайдалануға дайындалған жанғыш табиғи газдың қауіпсіздігі туралы" (ЕАЭО ТР 046/2018) техникалық регламентіне өзгерістер енгізілсін.
2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 180 күн өткен соң күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесі мүшелері:
Армения |
Беларусь |
Қазақстан |
Қырғыз |
Ресей |
| Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2025 жылғы 23 мамырдағы № 38 шешіміне ҚОСЫМША |
Еуразиялық экономикалық одақтың "Тасымалдауға және (немесе) пайдалануға дайындалған жанғыш табиғи газдың қауіпсіздігі туралы" (ЕАЭО ТР 046/2018) техникалық регламентіне енгізілетін ӨЗГЕРІСТЕР
1. 2-тармақта:
а) "сондай-ақ Одақтың кедендік аумағынан тыс жерлерге экспортталатын өнімге" деген сөздер "дайындаушының тек өз қажеттіліктері үшін ғана пайдаланатын өнімге, Одақтың кедендік аумағынан тыс жерлерге экспортталатын өнімге, сондай-ақ үшінші мемлекеттердің тұтынушыларына Одақтың кедендік аумағы арқылы тасымалданатын шетелдік дайындаушылардың өніміне" деген сөздермен ауыстырылсын;
б) мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"Шетелдік дайындаушылардың тасымалдауға дайындалған жанғыш табиғи газы үшін тасымалдау барысында Одақтың кедендік аумағында айналыста болатын өнімге ықпал етуі көрсетілген өнім көрсеткіштерінің осы техникалық регламенттің талаптарына сәйкес келмеуіне алып келмейтіні талабымен Одақтың кедендік аумағы арқылы тасымалдауға жол беріледі.".
2. 4-тармақта:
а) бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Осы техникалық регламентті қолдану мақсаттары үшін Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде техникалық реттеу туралы хаттамамен (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 9 қосымша), Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2018 жылғы 18 сәуірдегі № 44 шешімімен бекітілген сәйкестікті бағалаудың типтік схемаларымен (бұдан әрі – Типтік схемалар) белгіленген ұғымдар, сонда-ақ мыналарды білдіретін ұғымдар падаланылады:";
б) екінші абзац алып тасталсын;
в) жетінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"сұйылтылған жанғыш табиғи газ" (СТГ) – оны отын ретінде тасымалдау, сақтау және пайдалану мақсатында сұйық күйге келтірілген жанғыш табиғи газ;";
г) сегізінші абзац алып тасталсын;
д) оныншы абзац "партия" деген сөз "өнімнің партиясы" деген сөздермен ауыстырылсын;
е) он бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"өнім сапасының паспорты" – айналысқа шығарылатын және айналыстағы өнім туралы мәліметтерді қамтитын және сынақтар (өлшеулер) нәтижесінде алынған өнім көрсеткіштері мәндерінің осы техникалық регламенттің және оған сәйкес өнім өндірілген құжаттың (бар болған жағдайда) талаптарына сәйкес келуін белгілейтін құжат;";
ж) он бірінші абзацтан кейін мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"ағындық өлшеу құралы" – Одаққа мүше мемлекеттердің ағынды қозғалыстағы өнімнің көрсеткіштерін автоматты режимде үздіксіз өлшеуді орындауға арналған өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы заңнамасымен белгіленген талаптарға жауап беретін өлшеу құралы;";
з) он үшінші және он төртінші абзацтар алып тасталсын.
3. Мынадай мазмұндағы 51 тармақпен толықтырылсын:
"51. Осы техникалық регламенттің VI бөліміне сәйкес Одақтың кедендік аумағының бір бөлігінде өндірілген және бағалау рәсімінен өткен, Одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттердің аумағы арқылы Одақтың кедендік аумағының басқа бөлігіне жеткізілетін өнімге қатысты оны айналысқа шығару алдында қосымша сәйкестікті бағалау жүргізілмейді.".
4. 6-тармақта:
а) "сатушы" деген сөзден кейін "(импортер)" деген сөзбен толықтырылсын;
б) "осы техникалық регламенттің талаптарына және" деген сөздер "және (немесе)" деген сөздермен ауыстырылсын.
5. 7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"7. Одақ нарығындағы айналыстың бірыңғай белгісімен таңбаланбаған өнімді айналысқа шығаруға жол берілмейді.".
6. 12-тармақта:
а) бірінші абзацта "айналысқа шығарылатын және (немесе) айналыста жүрген" деген сөздер алып тасталсын;
б) "г" тармақшасы "уәкілеттік берген тұлғаның" деген сөздерден кейін "не импортердің" деген сөздермен толықтырылсын;
в) "е" тармақшасында "сынақтардың іс жүзіндегі нәтижелері" деген сөздер "зертханалық сынақтардың (өлшеулердің) немесе ағындық өлшеу құралдарын пайдалана отырып алынған өлшеулердің нәтижелері" деген сөздермен ауыстырылсын.
7. Мынадай мазмұндағы 121 – 124 тармақтармен толықтырылсын:
"121. Тасымалдауға дайындалған жанғыш табиғи газға, өнеркәсіптік және коммуналдық-тұрмыстық мақсаттағы жанғыш табиғи газға, сериялық өндірістің сығылған жанғыш табиғи газға сапа паспорты әрбір мерзімдік қайталанатын партияға айына 1 реттен сирек емес ресімделеді.
Қазақстан Республикасының аумағында осы техникалық регламенттің 171 тармағына сәйкес айналысқа шығарылатын өнеркәсіптік және коммуналдық-тұрмыстық мақсаттағы жанғыш табиғи газға сапа паспортын ресімдеу әрбір партияға 6 айда 1 реттен сирек емес жүзеге асырылады.
122. Өнімнің партиясын қабылдау (тапсыру) кезінде сынақтар (өлшеулер) жүргізу, сондай-ақ олардың мерзімділігін анықтау осы техникалық регламенттің 15-тармағында көрсетілген стандарттарға сәйкес жүзеге асырылады.
123. Сығылған жанғыш табиғи газдың сапа паспортына осы техникалық регламенттің талаптарына сәйкес келетін, сығуға түсетін жанғыш табиғи газдың сапа паспортында көрсетілген сынақтардың (өлшеулердің) нәтижелерін енгізуге жол беріледі.
124. Сұйылтылған жанғыш табиғи газды қайта газдандыру кезінде алынған өнеркәсіптік және коммуналдық-тұрмыстық мақсаттағы жанғыш табиғи газдың сапа паспортына осы техникалық регламенттің талаптарына сәйкес келетін сұйылтылған жанғыш табиғи бастапқы газдың сынақтары нәтижелерін енгізуге жол беріледі.".
8. 13-тармақта "айналысқа шығарылатын" деген сөздер алып тасталсын.
9. 15-тармақта "зерттеу (сынау) әдістері" деген сөздер "сынау (өлшеу) әдістер мен мерзімділігі, қабылдау (тапсыру) қағидалары" деген сөздермен ауыстырылсын.
10. 16-тармақтың үшінші сөйлемінде "дайындаушы немесе сатушы не дайындаушы уәкілеттік берген тұлға" деген сөздер "дайындаушы (дайындаушы уәкілеттік берген тұлға) немесе сатушы (импортер)" деген сөздермен ауыстырылсын.
11. 17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"17. Өнімнің осы техникалық регламенттің талаптарына сәйкестігін декларациялау осы техникалық регламентте белгіленген ерекшеліктерді ескере отырып, Типтік схемаға сәйкес жүргізіледі:
а) айналысқа сериялап шығарылатын тасымалдауға дайындалған жанғыш табиғи газ, өнеркәсіптік және коммуналдық-тұрмыстық мақсаттағы жанғыш табиғи газ және сығылған жанғыш табиғи газ үшін – 1д, немесе 3д, немесе 6д схемасы бойынша;
б) Одақ аумағында айналысқа партиялармен шығарылатын өнеркәсіптік және коммуналдық-тұрмыстық мақсаттағы жанғыш табиғи газ және сығылған жанғыш табиғи газ үшін – 4д схемасы бойынша;
в) сериялап шығарылатын сұйылтылған жанғыш табиғи газ үшін –3д немесе 6д схемасы бойынша;
г) Одақ аумағында айналысқа партиялармен шығарылатын тасымалдауға дайындалған жанғыш табиғи газ және сұйылтылған жанғыш табиғи газ үшін – 2д схемасы бойынша.".
12. Мынадай мазмұндағы 171 – 173 тармақтармен толықтырылсын:
"171. Магистралдық газ құбырларымен тасымалданатын жанғыш табиғи газдан өндірілген өнеркәсіптік және коммуналдық-тұрмыстық мақсаттағы жанғыш табиғи газ үшін айналысқа шығару алдында сапа паспортын ресімдеумен сынақ нысанында сәйкестікті бағалауды жүргізуге жол беріледі.
172. Магистралдық газ құбырларымен тасымалданатын жанғыш табиғи газдан өндірілген өнеркәсіптік және коммуналдық-тұрмыстық мақсаттағы жанғыш табиғи газдың сәйкестігін бағалауды мұше мемлекеттің аумағында оның заңнамасына сәйкес тіркелген, магистралдық газ құбырларымен тасымалданатын жанғыш табиғи газдан өндірілген өнеркәсіптік және коммуналдық-тұрмыстық мақсаттағы жанғыш табиғи газды сатушы болып табылатын өтініш беруші (дара кәсіпкер ретінде тіркелген заңды тұлға немесе жеке тұлға) жүзеге асырады.
173. Магистралдық газ құбырларымен тасымалданатын жанғыш табиғи газдан өндірілген өнеркәсіптік және коммуналдық-тұрмыстық мақсаттағы жанғыш табиғи газдың сынағы осы техникалық регламентке № 2 қосымшада көзделген талаптарға сәйкес жүргізіледі және мыналарды қамтиды:
а) үлгілерді (сынамаларды) іріктеу;
б) өтініш берушінің немесе магистралдық газ құбырларымен тасымалдауды жүзеге асыратын ұйымның меншікті сынақ зертханасында немесе ағынды өлшеу құралдарын пайдалана отырып немесе Одақтың сәйкестікті бағалай жөніндегі органдарының бірыңғай тізіліміне енгізілген аккредиттелген сынақ зертханасында (орталығында) үлгілерге (сынамаларға) сынақтар (өлшеулер) жүргізу;
в) магистралдық газ құбырларымен тасымалданатын жанғыш табиғи газдан өндірілген өнеркәсіптік және коммуналдық-тұрмыстық мақсаттағы жанғыш табиғи газдың сынақтары (өлшеулері) нәтижелері мен осы техникалық регламенттің талаптарына сәйкестігі туралы қорытындыны сапа паспортына енгізу.".
13. 18-тармақта:
а) "д" тармақшасы "құжаттар" деген сөзден кейін "және мәліметтер" деген сөздермен толықтырылсын;
б) "б" тармақша "сынақ" деген сөзден кейін "(өлшеу)" деген сөзбен толықтырылсын;
в) "д" тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"д) өнім партиясын жеткізуге арналған шартты және өнім партиясын, оның ішінде мқлшерін (бар болған жағдайда) сәйкестендіретін тауарға ілеспе құжаттар (2д және 4д схемалары бойынша деклараиялау кезінде) жиынтығын қалыптастырады.".
14. 19-тармақтың төртінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"2д және 4д схемалар бойынша декларациялау кезінде – мерзім белгіленбейді;".
15. 20-тармақта:
а) бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"20. Осы техникалық регламенттің 18-тармағында көзделген құжаттар мен мәліметтердің жиынтығы:";
б) үшінші абзац "сатушыда" деген сөзден кейін "немесе импортерде" деген сөздермен толықтырылсын;
в) төртінші абзац "құжаттардың" деген сөзден кейін "және мәліметтердің" деген сөздермен толықтырылсын;
г) мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"Құжаттар мен мәліметтердің жиынтығын мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес электронды түрде сақтауға жол беріледі.".
16. 21 – 23 тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"21. Тасымалдауға дайындалған, айналыстағы жанғыш табиғи газ оны шаруашылық жүргізуші субъектілер арасында өткізу кезінде сапа паспортын ресімдеумен сынақ нысанында сәйкестігін бағалауға жатады.
22. Осы техникалық регламенттің 21-тармағында көрсетілген сынақтарды өнімді сақтауды және (немесе) магистралдық газ құбырларымен тасымалдауды жүзеге асыратын ұйыммдар осы техникалық регламенттің № 1 қосымшасында көзделген талаптарға сәйкес жүргізеді.
23. Осы техникалық регламенттің 21-тармағында көзделген сынақтарды жүргізу тәртібі мыналарды қамтиды:
а) үлгілерді (сынамаларды) іріктеу;
б) меншікті сынақ зертханасында немесе сақтауды және (немесе) магистралдық газ құбырларымен тасымалдауды жүзеге асыратын ұйымның ағынды өлшеу құралдарын пайдалана отырып немесе Одақтың сәйкестікті бағалау жөніндегі органдарының бірыңғай тізіліміне енгізілген аккредиттелген сынақ зертханасында (орталығында) үлгілерге (сынамаларға) сынақтар жүргізу;
в) сынақтар (өлшеулер) нәтижелері мен тасымалдауға дайындалған жанғыш табиғи газ осы техникалық регламенттің талаптарына сәйкес болуын жалғастыратыны туралы қорытындыны өнімнің сапа паспортына енгізу.".
17. 24-тармақта "сәйкестікті растау" деген сөздер "сапа паспортын ресімдеумен сәйкестікті немесе сынақты декларациялау нысанында сәйкестікті бағалау" деген сөздермен ауыстырылсын.
18. 25-тармақтың күші жойылды деп танылсын.
19. 26-тармақта "(өнім сапасының паспортына)" деген сөздер "(өнімнің сәйкестігі туралы декларацияға және (немесе) өнімнің сапа паспортына)" деген сөздермен ауыстырылсын.
20. Мынадай мазмұндағы 28 – 31 тармақтармен толықтырылсын:
"28. Осы регламенттің талаптарына сәйкес келетін және осы техникалық регламенттің VI бөліміне сәйкес сәйкестікті бағалау рәсімінен өткен тасымалдауға дайындалған жанғыш табиғи газды тасымалдауды және (немесе) сақтауды жүзеге асыратын ұйымдардың өз қажеттіліктері үшін өнеркәсіптік мақсаттағы отын ретінде пайдалануына жол беріледі.
29. Осы техникалық регламенттің талаптарына сәйкес келетін және осы техникалық регламенттің VI бөліміне сәйкес сәйкестікті бағалау рәсімінен өткен тасымалдауға дайындалған жанғыш табиғи газды шикізат және (немесе) өнеркәсіптік мақсаттағы отын ретінде тұтынушыға магистралдық газ құбырынан тікелей жеткізуге жол беріледі.
30. Осы техникалық регламенттің талаптарына сәйкес келетін және осы техникалық регламенттің VI бөліміне сәйкес сәйкестікті бағалау рәсімінен өткен іштен жану қозғалтқыштарына (Б марка) арналған қайта газдандырылған сұйылтылған жанғыш табиғи газды сығылған жанғыш табиғи газ ретінде бөлшекті өткізуге жол беріледі.
31. Осы техникалық регламенттің талаптарына сәйкес келетін және осы техникалық регламенттің VI бөліміне сәйкес сәйкестікті бағалау рәсімінен өткен энергетикалық қондырғыларға (В марка) арналған қайта газдандырылған сұйылтылған табиғи газды шикізат және (немесе) өнеркәсіптік мақсаттағы отын ретінде жеткізуге жол беріледі.".
21. Көрсетілген техникалық регламентке № 1 – 4 қосымшалар мынадай редакцияда жазылсын:
Магистралдық газ құбырларымен тасымалдауға дайындалған жанғыш табиғи газға қойылатын ТАЛАПТАР
№ р/с | Көрсеткіштің атауы | Өлшем бірлігі | Норма | |
ең аз | ең көп | |||
1 | Оттегінің молярлық үлесі | % | – | 0,020 |
2 | Көміртегі диоксидінің молярлық үлесі | % | – | 2,5 |
3 | Күкіртті сутегінің массалық концентрациясы | г/м3 | – | 0,007 |
4 | Меркаптанды күкірттің массалық концентрациясы | г/м3 | – | 0,016 |
5 | Массовая концентрация общей серы | г/м3 | – | 0,030 |
6 | Төменгі жанудың көлемдік жылуы |
МДж/м3 |
31,80 | – |
7 |
Су бойынша шық нүктесінің температурасы: | °С | – |
|
8 |
Көмірсутегілер бойынша шық нүктесінің температурасы: | °С | – |
|
9 | Механикалық қоспалардың массалық концентрациясы | г/м3 | – | 0,001 |
Ескертпелер: 1. Жазғы кезең – 1 мамырдан 30 қыркүйекке дейінгі аралық. Қысқы кезең – 1 қазаннан 30 сәуірге дейінгі аралық. Кезеңдер Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің арасындағы келісім бойынша нақтылануы мүмкін.
2. 3 – 6 және 9 көрсеткіштердің нормалары 101,325 кПа стандартты қысым және 20,0 °С стандартты температура кезінде белгіленген. Жанудың стандартты температурасы жанудың көлемдік жылуын есептеу кезінде 25,0 °С құрайды.
3. Қазақстан Республикасы аумағында 2030 жылғы 1 қаңтарға дейін тасымалдауға дайындалған жанғыш табиғи газды мынадай мәндерден аспайтын 3 және 4 көрсеткіш нормаларымен оның тек Қазақстан Республикасының аумағында ғана айналыста болуы талабымен Қазақстан Республикасының аумағында белгіленген талаптарға сәйкес айналысқа шығаруға жол беріледі:
күкіртті сутегінің массалық концентрациясы, г/м3, артық емес – 0,020;
меркаптанды күкірттің массалық концентрациясы, г/м3, артық емес – 0,036.
4. 5 көрсеткіші Қазақстан Республикасының аумағында 2030 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
5. 6 көрсеткішті есептеу кезінде 4,1868 Дж. тең 1 калорияны қабылдайды.
6. 7 көрсеткіштің нормалары 3,92 Мпа абсолюттік қысымы кезінде белгіленген.
7. Қабылдаушы тараптың келісімі бойынша және 7 көрсеткішті минус 20 °С аспайтын міндетті нормалау талабы кезінде көміртегі диоксидінің молярлық үлесі 3,2 % дейін жанғыш табиғи газды 2030 жылғы 1 қаңтарға дейін айналысқа шығаруға және Ресей Федерациясы аумағында айналыста болуға жол беріледі.
8. 7 және 8 көрсеткіштері үшін жақшада берілген нормалар қоса алғанда 2000 жылға дейін (Қазақстан Республикасында – 2005 жылға дейін) қолданысқа енгізілген кен орындары мен жерасты қоймалары үшін жеткізуші және қабылдаушы тараптар арасындағы келісім бойынша қолданылады.
Ресей Федерациясының қоңыр салқын климатты аудандарында орналасқан және 2000 жылға дейін қолданысқа енгізілген кен орындары үшін 7 және 8 көрсеткіштерінің нормасын жеткізуші және қабылдаушы тараптар арасындағы келісім бойынша, бірақ оның тек Ресей Федерациясы аумағында ғана айналыста болуы талабымен сынаманы іріктеу нүктесінде жұмыс қысымы кезіндегі газ температурасынан аспайтын мәнде белгілеуге жол беріледі.
9. 8 көрсеткіштің нормалары сынаманы іріктеу нүктесіндегі жұмыс қысымы кезінде белгіленген.
10. C5+ көмірсутегілердің массалық концентрациясы 1,0 г/м3 аспайтын жанғыш табиғи газ үшін 8 көрсеткішті анықтау жүргізілмейді.
C5+ көмірсутегілердің массалық концентрациясы, г/м3, жанғыш табиғи газ компоненттерінің молярлық үлесінің өлшенген мәндері негізінде мына формула бойынша есептеледі:

мұндағы:
10 – үлестегі пайызды және м3-ғы дм3 қайта есептеу коэффициенті, дм3/(м3·%);
24,05 – стандартты жағдайлар кезіндегі 1 моль жанғыш табиғи газдың (мінсіз деп қабылданатын) көлемі (20,0 °С және 101,325 кПа), дм3/моль;
Mi Mi – жанғыш табиғи газдың i-ші компонентінің молярлық массасы, г/моль;
Xi Xi – жанғыш табиғи газдағы i-ші компоненттің молярлық үлесі, %;
i – C5+C5+ көмірсутектердің массалық концентрациясын есептеу үшін пайдаланылатын жанғыш табиғи газ компоненттерін жинақтау индексі;
n – C5+C5+ көмірсутектердің массалық концентрациясын есептеу үшін пайдаланылатын жанғыш табиғи газ компоненттерінің саны.
С6+ жалған компонентіне дейінгі жанғыш табиғи газдың көмірсутекті компоненттерін өлшеу жағдайында, С5+ көмірсутектердің массалық концентрациясын есептеу кезінде пентандар мен С6+ жалған компонентінің молярлық үлесін пайдаланады.
Өнеркәсіптік және коммуналдық-тұрмыстық мақсаттағы жанғыш табиғи газға қойылатын ТАЛАПТАР
№ р/с | Көрсеткіштің атауы | Өлшем бірлігі | Норма | |
ең аз | ең көп | |||
1 | Оттегінің молярлық үлесі | % | – | 0,050 |
2 | Көміртегі диоксидінің молярлық үлесі | % | – | 2,5 |
3 | Күкіртті сутегінің массалық концентрациясы | г/м3 | – | 0,020 |
4 | Меркаптанды күкірттің массалық концентрациясы | г/м3 | – | 0,036 |
5 | Төменгі жанудың көлемдік жылуы |
МДж/м3 |
31,80 | – |
6 | Жоғары Воббе саны |
МДж/м3 |
41,20 |
54,50 |
7 | Су бойынша шық нүктесінің температурасы | °С | сынаманы іріктеу нүктесіндегі газ температурасынан төмен | |
8 | Көмірсутегілер бойынша шық нүктесінің температурасы | °С | сынаманы іріктеу нүктесіндегі газ температурасынан төмен | |
9 | Механикалық қоспалардың массалық концентрациясы | г/м3 | – | 0,001 |
10 | Иістің қарқындылығы | балл | 3 | – |
Ескертпелер: 1. 3 – 6 және 9 көрсеткіштердің нормалары 101,325 кПа стандартты қысым және 20,0 °С стандартты температура кезінде белгіленген. Жанудың стандартты температурасы жанудың көлемдік жылуын есептеу кезінде 25,0 °С құрайды.
2. 5 және 6 көрсеткіштерді есептеу кезінде 4,1868 Дж. тең 1 калорияны қабылдайды.
3. 5 және 6 көрсеткіштер отын ретінде пайдаланылатын жанғыш табиғи газға ғана қолданылады.
4. 7 және 8 көрсеткіштерінің нормалары сынаманы іріктеу нүктесіндегі қысым кезінде белгіленген.
5. C5+ көмірсутегілердің массалық концентрациясы 1,0 г/м3 аспайтын жанғыш табиғи газ үшін 8 көрсеткішті анықтау жүргізілмейді.
C5+ көмірсутегілердің массалық концентрациясы, г/м3, жанғыш табиғи газ компоненттерінің молярлық үлесінің өлшенген мәндері негізінде мына формула бойынша есептеледі:
![]()
мұндағы:
10 – үлестегі пайызды және м3-ғы дм3 қайта есептеу коэффициенті, дм3/(м3·%);
24,05 – стандартты жағдайлар кезіндегі 1 моль жанғыш табиғи газдың (мінсіз деп қабылданатын) көлемі (20,0 °С және 101,325 кПа), дм3/моль;
Mi Mi – жанғыш табиғи газдың i-ші компонентінің молярлық массасы, г/моль;
Xi Xi – жанғыш табиғи газдағы i-ші компоненттің молярлық үлесі, %;
i – C5+ көмірсутектердің массалық концентрациясын есептеу үшін пайдаланылатын жанғыш табиғи газ компоненттерін жинақтау индексі; C5+
n – C5+ көмірсутектердің массалық концентрациясын есептеу үшін пайдаланылатын жанғыш табиғи газ компоненттерінің саны.
С6+ жалған компонентіне дейінгі жанғыш табиғи газдың көмірсутекті компоненттерін өлшеу жағдайында, С5+ көмірсутектердің массалық концентрациясын есептеу кезінде пентандар мен С6+ жалған компонентінің молярлық үлесін пайдаланады.
6. 10 көрсеткіштің нормасы жанғыш табиғи газ көлемінің үлесі 1 % тең газ-ауа қоспасы үшін белгіленген.
10 көрсеткіші тек қана коммуналдық-тұрмыстық мақсаттағы жанғыш табиғи газға (оның ішінде СТГ қайта газдандыру кезінде алынатын) қолданылады.
Өндірістік мақсаттағы жанғыш табиғи газ (оның ішінде СТГ қайта газдандыру кезінде алынған) үшін оны 10 көрсеткіш бойынша иістендіру және нормалау қажеттілігін қабылдаушы тараптың келісімі бойынша анықтайды.
Тұтынушымен келісім бойынша және 7 көрсеткіштің нормаланатын мәнін міндетті түрде қамтамасыз ету талабы кезінде көміртегі диоксидінің молярлық үлесі 4 % дейін жанғыш табиғи газды осы тұтынушыға ғана жеткізетін газ құбырларымен беруге жол беріледі.
7. СТГ қайта газдандыру нәтижесінде алынған өнеркәсіптік және коммуналдық-тұрмыстың мақсаттағы жанғыш табиғи газ үшін оны иістендіру жағдайында 4 және 10 көрсеткіштер ғана анықталуға жатады. Өнеркәсіптік және коммуналдық-тұрмыстық мақсаттағы жанғыш табиғи газдың сапа паспортына Еуразиялық экономикалық одақтың "Тасымалдауға және (немесе) пайдалануға дайындалған жанғыш табиғи газдың қауіпсіздігі туралы" (ЕАЭО ТР 046/2018) техникалық регламентіне № 4 қосымшаның талаптарына сәйкес келетін бастапқы СТГ сынақтары нәтижелерін енгізуге жол беріледі.
Сығылған жанғыш табиғи газға қойылатын ТАЛАПТАР
№ р/с | Көрсеткіштің атауы | Өлшем бірлігі | Норма | |
ең аз | ең көп | |||
1 | Төменгі жанудың көлемдік жылуы | МДж/м3 | 31,80 | – |
2 | Ауаға қатысты салыстырмалы тығыздық | – | 0,55 | 0,70 |
3 | Метанның есептік саны | – | 70 | – |
4 | Күкіртті сутегінің массалық концентрациясы | г/м3 | – | 0,02 |
5 | Меркаптанды күкірттің массалық концентрациясы | г/м3 | – | 0,036 |
6 | Жанбайтын компоненттердің молярлық үлесі (жиынтық) | % | – | 7,0 |
7 | Оттегінің молярлық үлесі | % | – | 1,0 |
8 | Су буының массалық концентрациясы | г/м3 | – | 0,009 |
9 | Механикалық қоспалардың массалық концентрациясы | г/м3 | – | 0,001 |
Ескертпелер: 1. 1, 4, 5, 8 және 9 көрсеткіштердің мәндері 101,325 кПа стандартты қысым және 20,0 °С стандартты температура кезінде белгіленген. Жанудың стандартты температурасы жанудың көлемдік жылуын есептеу кезінде 25,0 °С құрайды.
2. Іштен жану қозғалтқыштарына (Б марка) арналған СТГ-дан алынған сығылған жанғыш табиғи газ үшін 8 және 9 көрсеткіштер анықталмайды.
3. Сығылған жанғыш табиғи газдың сапа паспортына 1 – 7 және 9 көрсеткіштері бойынша Еуразиялық экономикалық одақтың "Тасымалдауға және (немесе) пайдалануға дайындалған жанғыш табиғи газдың қауіпсіздігі туралы" (ЕАЭО ТР 046/2018) техникалық регламентіне № 1 қосымшаның немесе № 2 қосымшаның талаптарына сәйкес келетін, сығылуға түсетін жанғыш табиғи газдың сапа паспортында келтірілген сынақтар (өлшеулер) нәтижелерін енгізуге жол беріледі.
Сұйылтылған жанғыш табиғи газға қойылатын ТАЛАПТАР
№ р/с | Көрсеткіштің атауы | Өлшем бірлігі | Норма | |||||
Авиациялық газотурби-налық қозғалтқыш-тарға арналған |
Іштен жану қозғалтқыш-тарына арналған СТГ |
Энергетикалық қондырғыларға арналған | ||||||
ең аз | ең көп | ең аз | ең көп | ең аз | ең көп | |||
1 | Метанның молярлық үлесі | % | 99,0 | – | 80,0 | – | 75,0 | – |
2 | Жоғары Воббе саны | МДж/м3 | 47,2 | 49,2 | – | 41,2 | 54,5 | |
3 | Төменгі жанудың көлемдік жылуы | МДж/м3 | – | 31,8 | – | 31,8 | – | |
4 | Азоттың молярлық үлесі | % | – | – | 5,0 | – | 5,0 | |
5 | Көміртегі диоксидінің молярлық үлесі | % | – | 0,005 | – | 0,015 | – | 0,030 |
6 | Оттегінің молярлық үлесі | % | – | 0,020 | – | 0,020 | – | 0,020 |
7 | Күкіртті сутегінің массалық концентрациясы | г/м3 | – | 0,020 | – | 0,020 | – | 0,020 |
8 | Меркаптанды күкірттің массалық концентрациясы | г/м3 | – | 0,036 | – | 0,036 | – | 0,036 |
9 | Метанның есептік саны | – | – | 70 | – | – | ||
______________
* Оның ішінде қайта газдандыру және сығылудан кейін іштен жану қозғалтқыштарына арналған отын ретінде пайдалану үшін.
** Оның ішінде қайта газдандырудан кейін коммуналдық-тұрмыстық мақсаттағы газ өндіру үшін өндірістік отын және шикізат ретінде пайдалану үшін.
Ескертпе. 2, 3, 7 және 8 көрсеткіштердің нормалары 101,325 кПа стандартты қысымы және 20,0 °С стандартты температура кезінде белгіленген. Жанудың стандартты температурасы жанудың көлемдік жылуын есептеу кезінде 25,0 °С құрайды.".

