Бәсекелестіктің жалпы қағидаттары мен қағидалары туралы хаттаманың (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 19 қосымша) 11-тармағына және Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 98 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық комиссияның Жұмыс регламентіне № 1 қосымшаның 65-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесі шешті:
1. Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2013 жылғы 30 қаңтардағы № 7 шешімімен бекітілген Бәсекелестіктің жай-күйін бағалау әдістемесінің 66-тармағы мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"Комиссияның құрылымдық бөлімшесі талдамалық қорытынды бекітілген күннен бастап 3 жұмыс күні ішінде оның куәландырылған көшірмесін ілеспе хатпен коммерциялық және (немесе) заңмен қорғалатын құпияны қамтитын ақпаратты және (немесе) мәліметтерді қоспай танысу үшін уәкілетті органдарға жібереді.".
2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесі мүшелері:
Армения |
Беларусь |
Қазақстан |
Қырғыз |
Ресей |