2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 51-бабы 1-тармағының 11 және 12-тармақшаларына және Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 98 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық комиссия жұмысының регламентіне № 2 қосымшаның 7-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:
1. 2023 жылғы 21 наурыздағы Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының № 35 Шешімімен бекітілген Қолдану нәтижесінде ерікті негізде "Қаптаманың қауіпсіздігі туралы" Кеден одағының техникалық регламентінің (КО ТР 005/2011) талаптарын сақтау қамтамасыз етілетін мемлекетаралық стандарттарды, сондай-ақ "Қаптаманың қауіпсіздігі туралы" Кеден одағының техникалық регламентінің (КО ТР 005/2011) талаптарын қолдану мен орындау және техникалық реттеу объектілерінің осы техникалық регламенттің талаптарына сәйкестігін бағалауды жүзеге асыру үшін қажетті зерттеу (сынау) және өлшеу қағидалары мен әдістерін, оның ішінде үлгілерді іріктеу қағидаларын қамтитын мемлекетаралық стандарттарды әзірлеу (өзгерістер енгізу, қайта қарау) жөніндегі бағдарламаға қосымшаға сәйкес өзгеріс енгізілсін.
2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап 30 күнтізбелік күн өткен соң күшіне енеді.
|
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының төрағасы |
Б. Сағынтаев |
| 2025 жылғы 9 желтоқсандағы Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының № 121 Шешіміне ҚОСЫМША |
Қолдану нәтижесінде ерікті негізде "Қаптаманың қауіпсіздігі туралы" Кеден одағының техникалық регламентінің (КО ТР 005/2011) талаптарын сақтау қамтамасыз етілетін мемлекетаралық стандарттарды, сондай-ақ "Қаптаманың қауіпсіздігі туралы" Кеден одағының техникалық регламентінің (КО ТР 005/2011) талаптарын қолдану мен орындау және техникалық реттеу объектілерінің осы техникалық регламенттің талаптарына сәйкестігін бағалауды жүзеге асыру үшін қажетті зерттеу (сынау) және өлшеу қағидалары мен әдістерін, оның ішінде үлгілерді іріктеу қағидаларын қамтитын мемлекетаралық стандарттарды әзірлеу (өзгерістер енгізу, қайта қарау) жөніндегі бағдарламаға енгізілетін ӨЗГЕРІС
Келесі мазмұндағы 42 – 46 позициялармен толықтырылсын:
"42 | 83.080.01 | Пластмассалар. Қордалауға қойылатын талаптар. ISO 17088:2021 негізінде МЕМСТ әзірлеу | 5-баптың 11-тармағы | 2027 жыл | 2029 жыл | Беларусь Республикасы |
43 | 13.060.50 |
Су сапасы. Индуктивті байланысқан плазмасы бар атомдық-эмиссиялық спектрометрия (ICP-OES) әдісімен кейбір элементтерді анықтау. | 5-баптың 4 және 5-тармақтары | 2027 жыл | 2029 жыл | Беларусь Республикасы |
44 | 83.080.01 |
Пластмассалар. Су ортасында пластмассалық материалдардың толық анаэробты биологиялық ыдырау қабілетін анықтау. Газ түзілуін өлшеу әдісі. | 5-баптың 6-тармағының 6.1-тармақшасы | 2027 жыл | 2029 жыл | Беларусь Республикасы |
45 |
13.030.99 |
Пластмассалар. Қордалану қабілетін бағалау. Сынақ сызбасы және техникалық талаптар. | 5-баптың 6-тармағының 6.3-тармақшасы | 2027 жыл | 2029 жыл | Беларусь Республикасы |
46 | 83.080.01 |
Пластмассалар. Қатты бөлшектердің жоғары мөлшері жағдайында анаэробты ашыту кезінде толық анаэробты биологиялық ыдырауын анықтау. Бөлінетін биогазды талдау әдісі. | 5-баптың 6-тармағының 6.1-тармақшасы | 2027 жыл | 2029 жыл | Беларусь Республикасы |
"