Еуразиялық экономикалық одақ Кеден кодексінің 8-бабы 2-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:
1. Кеден одағы комиссиясының 2010 жылғы 20 қыркүйектегі "Кеден құжаттарын толтыру үшін пайдаланылатын сыныптауыштар туралы" № 378 шешіміне қосымшаға сәйкес өзгерістер енгізілсін.
2. Осы Шешім ресми жарияланған күннен бастап 30 күнтізбелік күн өткен соң күшіне енеді.
|
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының төрағасы |
Б. Сағынтаев |
| Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2025 жылғы 26 қарашадағы № 108 Шешіміне ҚОСЫМША |
Кеден одағы комиссиясының 2010 жылғы 20 қыркүйектегі № 378 Шешіміне енгізілетін ӨЗГЕРІСТЕР
1. Кеден төлемдерін төлеу жөніндегі жеңілдіктер сыныптауышының 1.1 ішкі бөлімінде (Қосымша 7):
ВТ коды бар позициясын "(ВК кодымен айқындалған тарифтік преференцияны қоспағанда)" деген сөздерді толықтырылсын;
ВТ коды бар позициядан кейін келесі мазмұндағы позициямен толықтырылсын:
"2015 жылғы 29 мамырдағы Бір тараптан Еуразиялық экономикалық одақ пен оған мүше мемлекеттер және екінші тараптан Вьетнам Социалистік Республикасы арасындағы Еркін сауда туралы келісімге сәйкес Вьетнам Социалистік Республикасынан шығарылатын және Еуразиялық экономикалық одақ пен оның мүше мемлекеттері арасындағы еркін сауда келісіміне сәйкес тарифтік квота шегінде Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінетін тауарларға тарифтік преференция | ВК"; |
ИЕ коды бар позициясын "(ИК кодымен айқындалған тарифтік преференцияны қоспағанда)" деген сөздерді толықтырылсын;
ИЕ коды бар позициядан кейін келесі мазмұндағы позициямен толықтырылсын:
"2023 жылғы 25 желтоқсандағы Бір тараптан Еуразиялық экономикалық одақ пен оған мүше мемлекеттер және екінші тараптан Иран Ислам Республикасы арасындағы Еркін сауда туралы келісімге сәйкес Иран Ислам Республикасынан шығарылатын және Еуразиялық экономикалық одақ пен оның мүше мемлекеттері арасындағы еркін сауда келісіміне сәйкес тарифтік квота шегінде Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінетін тауарларға тарифтік преференция | ИК". |
2. Кеден органдарына жүктелген салықтардың, алымдардың және өзге де төлемдердің түрлері сыныптауышының 1-бөлімінде (Қосымша 9):
2020 коды бар позициядан кейін келесі мазмұндағы позициямен толтырылсын:
"2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 50-бабына сәйкес қолданылатын Еуразиялық экономикалық одақ пен үшінші тарап арасындағы еркін сауда режимін белгілеу туралы халықаралық шартта көзделген екіжақты қорғау шарасы | 2030"; |
2110 коды бар позиция келесі редакцияда жазылсын:
"2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 50-бабына сәйкес қолданылатын Еуразиялық экономикалық одақ пен үшінші тарап арасындағы еркін сауда режимін белгілеу туралы халықаралық шартта көзделген триггерлі қорғау шарасы | 2110"; |
2110 коды бар позициядан кейін келесі мазмұндағы позициямен толтырылсын:
"2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 50-бабына сәйкес қолданылатын Еуразиялық экономикалық одақ пен үшінші тарап арасындағы еркін сауда режимін белгілеу туралы халықаралық шартта көзделген алдын ала екіжақты қорғаныс шарасы | 2130". |
3. Кеден органдары қабылдайтын шешімдер сыныптауышы (Қосымша 14) 52-коды бар позициядан кейін келесі мазмұндағы позициямен толықтырылсын:
"53 | Тауарларды шығару Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексінің 104-бабы 8-тармағында көзделген жағдайларда, сондай-ақ 2018 жылғы 3 тамыздағы № 289-ФЗ "Ресей Федерациясында кедендік реттеу туралы және Ресей Федерациясының жекелеген заңнамалық актілеріне өзгерістер енгізу туралы" Федералдық заңының 102-бабының 31-бөліміне сәйкес (Ресей Федерациясы үшін) тауарларға қатысты уақытша декларацияны (уақытша кедендік декларацияны) кері қайтарып алу жөніндегі әрекеттерді декларант белгіленген мерзімдерде орындамағанына байланысты күшін жойған болып есептеледі". |
4. Валюталар сыныптауышы (Қосымша 23) төмендегі мазмұндағы позициямен толықтырылсын:
"396 | XAD | Араб есептік динары". |