2022 жылғы 19 сәуірдегі Еуразиялық экономикалық одақта Тасымалдарды қадағалау үшін навигациялық пломбаларды қолдану туралы келісімнің 5 бабы 2 тармағының төртінші абзацына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:
1. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының "Навигациялық пломбаларды пайдалана отырып және мүше мемлекеттердің ұлттық операторларының ақпараттық жүйелерінде есепке алуға және сақтауға жататын Еуразиялық экономикалық одаққа мүше екі және одан да көп мемлекеттердің аумақтары бойынша қадағалау объектілерін әрбір бақыланатын тасымалдауға қатысты мәліметтер туралы" 2023 жылғы 14 қыркүйектегі № 138 шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:
а) 1-тармақтың "б" тармақшасы мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын: "навигациялық пломбаның идентификаторы;";
б) 2-тармақтың "б" тармақшасы "көрсетілген" деген сөздерден кейін "б" және" тармақшасының екінші абзацындағы" деген сөздермен толықтырылсын.
2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап 30 күнтізбелік күн өткен соң күшіне енеді.
|
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы |
Б. Сағынтаев |