Үшінші елдерге қатысты арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шараларын қолдану туралы хаттаманың (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 8 қосымша) (әрі қарай – Хаттама) 107-тармағына сәйкес және Еуразиялық экономикалық комиссияның Ішкі нарықты қорғау департаментінің баяндамасы негізінде Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:
1. Қытай Халық Республикасынан шығатын және Еуразиялық экономикалық одақтың (бұдан әрі – Одақ) кедендік аумағына әкелінетін, құрғақ затқа шаққанда 80 масс. % немесе одан да көп титан диоксидін қамтитын (№ 2 қосымшаға сәйкес пигменттердің түрлерінен басқа) титан диоксиді негізіндегі пигменттерге қатысты, ЕАЭО СЭҚ ТН 3206 11 000 0 кодымен сыныпталатын (бұдан әрі – титан диоксиді) тауарларға № 1 қосымшада белгіленген мөлшерлерде демпингке қарсы баж енгізу арқылы демпингке қарсы шараны қолдансын, осы демпингке қарсы шараның қолданылу мерзімі 5 жыл болып белгіленсін.
2. № 3 қосымшаға сәйкес тізбеде көрсетілген өндірушілер қабылдаған бағалық міндеттемелерді мақұлдансын.
3. Осы Шешімде көзделген демпингке қарсы баж осы Шешімге № 3 Қосымшада қарастырылған тізбеде көрсетілген өндірушілер дайындайтын титан диоксидіне төленбейді деп белгіленсін, бұл ретте осындай тауарлар декларантында тауарларға арналған декларацияны тіркеу күні аталған өндірушінің уәкілетті қызметкері қол қойған және осындай өндірушінің мөрімен куәландырылған № 4 қосымшаға сәйкес нысан бойынша өндіруші сертификаты болуы және осындай сертификат туралы мәліметтер тауарларға арналған декларацияда мәлімделуі керек.
4. Еуразиялық экономикалық комиссияның Ішкі нарықты қорғау департаменті:
Одаққа мүше мемлекеттердің (бұдан әрі – мүше мемлекеттер) кеден ісі саласында уәкілеттік берілген мемлекеттік органдарына осы Шешімге № 3 Қосымшада қарастырылған тізімде келтірілген өндірушілердің уәкілетті қызметкерлері қолдарының және мөрлері бедерлерінің үлгілерін жіберсін;
осы Шешімде көзделген баға міндеттемелерінің орындалуын бақылауды жүзеге асырсын;
№ 5 қосымшаға сәйкес мүше мемлекеттерге тауар жеткізуді жүзеге асыруға қатысты "Титановые инвестиции" жауапкершілігі шектеулі қоғамы ұсынған ұсынылған тәсілдердің сақталуын мониторингтеуді жүзеге асырсын;
"Титановые инвестиции" жауапкершілігі шектеулі қоғамы көрсетілген ұсынылған тәсілдерді сақтамаған жағдайда, Хаттаманың 110-тармағына сәйкес қайталама демпингке қарсы тергеп-тексеруді жүргізсін.
5. Титан диоксидінің әкелінетін мөлшері туралы мәліметтерді қамтитын және оны әкелу жүзеге асырылатын мүше мемлекеттің уәкілеттік берілген мемлекеттік органы берген, тауарларға арналған декларация тіркелген күнге декларация берушінің мақсатты тағайындауды растайтын құжаты болған жағдайда Одақтың кеден аумағына титан диоксидін әкелу кезінде (бағалық міндеттемелер шегінен тыс) Армения Республикасы үшін 250 тонна, Беларусь Республикасы үшін тауарларды өндіру мақсатында 4 500 тонна, оның кемінде 2 000 тоннасы декоративті қаптамалық материалдарға арналған негіз-қағаз өндіру үшін пайдалануға арналған, Қазақстан Республикасы үшін 5 000 тонна және Қырғыз Республикасы үшін 300 тонна көлемінде жыл сайынғы көлемдер шегінде осы Шешімде көзделген демпингке қарсы баж алынбайтыны айқындалсын. Мұндай құжат туралы мәліметтер тауарларға арналған декларацияда мәлімделуге жатады.
6. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің кеден ісі саласында уәкілеттік берілген мемлекеттік органдары ЕАЭО СЭҚ ТН кодтарын да, тауардың атауын да басшылыққа ала отырып, осы Шешімде көзделген демпингке қарсы баж алуды қамтамасыз етсін.
7. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.
|
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы |
Б. Сағынтаев |
| Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2025 жылғы 14 қазандағы № 96 шешіміне № 1 ҚОСЫМША |
Демпингке қарсы баж СТАВКАЛАРЫНЫҢ МӨЛШЕРЛЕРІ
Тауар атауы | Өндіруші | Демпингке қарсы баж ставкасының мөлшері (кедендік құнның пайызы) |
Титан диоксиді негізінде жасалған және Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2025 жылғы 14 қазандағы № 96 Шешімінің 1-тармағында көрсетілген пигменттер |
LB Group Co., Ltd. | 14,27 |
Shandong Dawn Titanium Industry Co., Ltd. (заңды мекенжайы: Dawn Industry Park, North of Heping Road, Longkou Development Zone, Longkou City, Shandong Province, China) | 16,25 | |
өзгелері | 16,25 |
| Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2025 жылғы 14 қазандағы № 96 шешіміне № 2 ҚОСЫМША |
Демпингке қарсы баж алуға жатпайтын тауардың алуан түрлілігі ТІЗБЕСІ
Тауар алуан түрлілігі | Алуан түрлілікке жатқызудың негіздемелері |
1. Титан диоксиді негізінде жасалған, азық-түлік өнімдерін өндіруге арналған пигменттер (техникалық функциясы "бояғыш" болып табылатын "Титан диоксиді" (E-171) тағамдық қоспасы, оған қойылатын талаптар Кеден одағының "Тағамдық қоспалар, хош иістендіргіштер және технологиялық қосалқы құралдар қауіпсіздігінің талаптары" техникалық регламентінде (КО ТР 029/2012) белгіленген) | Кеден одағының "Тағамдық қоспалар, хош иістендіргіштер және технологиялық қосалқы құралдар қауіпсіздігінің талаптары" техникалық регламентінің талаптарына тауардың сәйкестігін бағалау туралы құжаттар (сәйкестікті бағалау құжаты туралы мәліметтер) (КО ТР 029/2012) |
2. Фармацевтикалық өнімдерді өндіруге арналған (фармацевтикалық өнімдерді өндіруге арналған шикізат, белсенді әсер етуші заттар) титан диоксиді негізінде жасалған пигменттер | Еуразиялық экономикалық одақтың Фармакопеясы талаптарына және (немесе) Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің мемлекеттік фармакопеяларының талаптарына тауардың сәйкестігін растайтын құжаттар, ал ондай құжаттар болмаған жағдайда – Кеден одағы Комиссиясының 2010 жылғы 28 мамырдағы № 299 Шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық одақтың кеден шекарасында және кеден аумағында мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауға (бақылауға) жататын өнімдердің (тауарлардың) Бірыңғай тізбесінің II бөлімі 11-тармағының төртінші абзацында көзделген құжаттарда қамтылған мәліметтер және тауардың тек фармацевтикалық өнім өндіруге ғана пайдаланылатынын растайтын құжаттар |
3. Парфюмерлік-косметикалық өнімдерді өндіруге арналған (парфюмерлік-косметикалық өнімдерді өндіруге арналған шикізат, белсенді әсер етуші заттар) титан диоксиді негізінде жасалған пигменттер | Кеден одағы Комиссиясының 2010 жылғы 28 мамырдағы № 299 Шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық одақтың кеден шекарасында және кеден аумағында мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауға (бақылауға) жататын өнімдердің (тауарлардың) Бірыңғай тізбесінің II бөлімі 11-тармағының төртінші абзацында көзделген құжаттарда қамтылған мәліметтер және тауардың тек парфюмерлік-косметикалық өнім өндіруге ғана пайдаланылатынын растайтын мәліметтер |
| Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2025 жылғы 14 қазандағы № 96 шешіміне № 3 ҚОСЫМША |
Баға міндеттемелері мақұлданған өндірушілер ТІЗБЕСІ
Өндіруші | Міндеттемелер ұсынылатын хаттардың Еуразиялық экономикалық комиссияда тіркелген күні мен нөмірі |
1. LB Group Co., Ltd. (заңды мекенжайы: Zhongzhan District, Jiaozuo City, Henan, China) |
2024 ж. 24 желтоқсан |
2. Henan Billions Advanced Material Co., Ltd. (заңды мекенжайы: Zhongzhan District, Jiaozuo City, Henan, China) |
2024 ж. 24 желтоқсан |
3. LB Lufeng Titanium Industry Co., Ltd. (заңды мекенжайы: Yangjie Street, Qinfeng Town, Lufeng County, Chuxiong Yi Autonomous Prefecture, Yunnan, China) |
2024 ж. 24 желтоқсан |
4. LB Sichuan Titanium Industry Co., Ltd. (заңды мекенжайы: Xinshi Industrial Development Zone, Mianzhu City, Sichuan, China) |
2024 ж. 24 желтоқсан |
5. LB Xiangyang Titanium Industry Co., Ltd. (заңды мекенжайы: 1 Bianhe Road, Chengguan, Nanzhang, Hubei, China) |
2024 ж. 24 желтоқсан |
6. Shandong Dawn Titanium Industry Co., Ltd. (заңды мекенжайы: Dawn Industry Park, North of Heping Road, Longkou Development Zone, Longkou City, Shandong Province, China) |
2024 ж. 24 желтоқсан |
| Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2025 жылғы 14 қазандағы № 96 шешіміне № 4 ҚОСЫМША |
(нысан)
ӨНДІРУШІ СЕРТИФИКАТЫ
1. Өндіруші (атауы, мекенжайы) | 2. Сертификаттың реттік нөмірі және берілген күні | ||||
3. Экспорттаушы (атауы, мекенжайы) |
ӨНДІРУШІ | ||||
4. Межелі ел | |||||
5. Импорттаушы – Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің резиденті (атауы, мекенжайы) | 6. Инвойс (нөмірі, күні) | ||||
7. ЕАЭО СЭҚ ТН коды | 8. Көлік құралының нөмірі | ||||
9. Тауар туралы мәліметтер | |||||
№ | Тауардың сипаты, басқа да ескертпелер (міндеттемелерге сәйкес тауар түрлері көрсетіледі – болат түрі, қысымы мен диаметрі) |
Саны | Бағасы (АҚШ доллары-мен) |
Құны | |
10. Мен, төменде қол қоюшы, осы сертификаттың 9-тармағында көрсетілген тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына экспорттау мақсатында сату қабылданған міндеттемелер сақтала отырып жасалатынын растаймын. Мен осы сертификатта көрсетілген мәліметтер толық әрі дәл екенін растаймын. | |||||
Ескертпелер:
1. Сертификаттың орыс немесе ағылшын тілінде толтырылатын 1 және 3-тармақтарын қоспағанда, сертификат орыс тілінде баспа тәсілімен толтырылады.
2. Сертификаттың қолданылу мерзімі берілген күнінен бастап күнтізбелік 90 күнді құрайды.
3. Сертификаттың 4-тармағында Еуразиялық экономикалық комиссия бекітетін әлем елдерінің сыныптауышына сәйкес межелі ел көрсетіледі.
4. Сертификаттың 6-тармағында кедендік декларациялау кезінде пайдаланылатын инвойстың нөмірі мен күні көрсетіледі.
5. Сертификаттың 8-тармағында тауар Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінетін көлік құралының тіркеу нөмірі көрсетіледі.
6. Сертификаттың 9-тармағында тауардың бір данасы үшін бағасы және міндеттемелерде көзделген сату схемасына сәйкес тауарды сатып алушы іс жүзінде төлеген немесе төлеуге тиіс тауардың құны цифрлармен көрсетіледі.
7. Түзетулер және (немесе) толықтырулар қате ақпаратты сызып тастау және түзетілген мәліметтерді басу арқылы сертификатқа енгізіледі, ол өндірушінің мөрімен куәландырылады.
8. Сертификатта адамдардың қолының факсимилесін пайдалануға, сондай-ақ осы ескертпелердің 7-тармағында көрсетілген тәртіппен куәландырылмаған өшірулердің, түзетулердің және (немесе) толықтырулардың болуына жол берілмейді.
9. Сертификат мынадай:
сертификаттың қолданылу мерзімі біткен;
сертификат нысаны осы қосымшада көзделген нысанға сәйкес келмеген және (немесе) сертификат осы ескертпелердің 1 – 8-тармақтарының талаптарына сәйкес толтырылмаған;
сертификатта көрсетілген мәліметтер тауарларға арналған декларацияда мәлімделген мәліметтерге сәйкес келмеген және (немесе) тауарды бірмәнді сәйкестендіруді жүргізуге мүмкіндік бермеген;
сертификатқа қойылған қол және (немесе) мөр кеден органындағы қолдардың және (немесе) мөр бедерлерінің үлгілеріне сәйкес келмеген жағдайларда жарамсыз деп танылады.
| Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2025 жылғы 14 қазандағы № 96 шешіміне № 5 ҚОСЫМША |
Тауарды Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерге жеткізуді жүзеге асырудың ҰСЫНЫЛҒАН ТӘСІЛДЕРІ
1. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердегі сатып алушылармен тауар жеткізу жөніндегі келіссөздерді жалғастыру.
2. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердегі декоративті қағаз өндіруші мүдделі тұтынушылармен бірлесіп, фосфор қосылыстарымен беті модификацияланған жаңа тауар маркасын сынақтан өткізу.
3. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердегі тұтынушылар үшін тауардың қолжетімділігін қамтамасыз ету.
4. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерге тауар жеткізуді үшінші елдерге экспорттық жеткізілімдерге қарағанда басымдылығы.
5. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердегі тауар сатып алушыларымен ұзақ мерзімді ынтымақтастыққа ұмтылу.
6. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерде сатып алушылар үшін франко-зауыт жағдайында босату бағасының күрт және негізсіз өсуіне жол бермеу.
7. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерде өткізілетін тауардың сапа деңгейін сақтау.