Тауарларға арналған декларацияны толтыру тәртібінің 15-тармағының 29-тармақшасына өзгеріс енгізу туралы

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2025 жылғы 26 тамыздағы № 77 шешімі

      Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексінің 105-бабының 5-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. Қосымшаға сәйкес Кеден одағы Комиссиясының 2010 жылғы 20 мамырдағы № 257 шешімімен бекітілген Тауарларға арналған декларацияны толтыру тәртібінің 15-тармағының 29-тармақшасына өзгеріс енгізілсін.

      2. Осы Шешім 2026 жылғы 1 сәуірден бастап күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
Б. Сағынтаев

  Еуразиялық экономикалық
комиссия Алқасының
2025 жылғы 26 тамыздағы
№ 77 шешіміне
ҚОСЫМША

Тауарларға арналған декларацияны толтыру тәртібінің 15-тармағының 29-тармақшасына енгізілетін ӨЗГЕРІС

      29-тармақша мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын:

      "Ресей Федерациясының заңнамасына сәйкес мониторингтеуге жататын Ресей Федерациясында дәрілік препараттарды өндіруге және дайындауға арналған 17 нөміріндегі бастапқы материалдарды (бұдан әрі – бастапқы материал) декларациялау кезінде 1 нөмірімен көрсетілген мәліметтерге қосымша, Ресей Федерациясының заңнамасына сәйкес қалыптасқан бастапқы материалдың сәйкестендіру коды, бастапқы материалдың CAS-RN жүйесі бойынша коды (бар болса), осындай код бойынша атауы (халықаралық патенттелмеген немесе химиялық (халықаралық теориялық және қолданбалы химия Одағының (ИЮПАК) номенклатурасына сәйкес келетін атау)) немесе топтастырылған), сондай-ақ оны өндіру сериясының нөмірі (бар болса) көрсетілуі мүмкін.

      Мұндай мәліметтер, сондай-ақ қадағалауды жүзеге асыру мақсатында пайдаланылатын қаптамасы бар және онсыз бастапқы материалдың сандық өлшем бірлігіндегі бастапқы материалдың саны, Еуразиялық экономикалық одақтың өлшем бірліктері мен шоттарының сыныптауышына сәйкес осындай бірліктің шартты белгіленуі КД құрылымының тиісті деректемелерінде электрондық құжат түрінде, ал КД беру кезінде КД қағаз тасығыштағы құжат түрінде – жаңа жолдан "/" бөлгіш белгісі арқылы көрсетіледі, элементтер арасындағы бос орындарға жол берілмейді.

      Қатарынан келесі бастапқы материалды өндіру серияларының нөмірлерін көрсеткен кезде тиісті диапазондағы сериялардың бірінші және соңғы нөмірлері көрсетіледі. КД-ы электрондық құжат түрінде берген кезде бұл мәліметтер КД құрылымының тиісті деректемелерін толтыру жолымен, ал КД-ы қағаз тасығыштағы құжат түрінде берген кезде – "-" бөлгіш белгісі арқылы көрсетіледі.".

О внесении изменения в подпункт 29 пункта 15 Порядка заполнения декларации на товары

Решение Коллегии Евразийской экономической комиссии от 26 августа 2025 года № 77

      В соответствии с пунктом 5 статьи 105 Таможенного кодекса Евразийского экономического союза Коллегия Евразийской экономической комиссии решила:

      1. Внести в подпункт 29 пункта 15 Порядка заполнения декларации на товары, утвержденного Решением Комиссии Таможенного союза от 20 мая 2010 г. № 257, изменение согласно приложению.

      2. Настоящее Решение вступает в силу с 1 апреля 2026 г.

      Председатель Коллегии
Евразийской экономической комиссии
Б. Сагинтаев


  ПРИЛОЖЕНИЕ
к Решению Коллегии
Евразийской экономической комиссии
от 26 августа 2025 г. № 77

ИЗМЕНЕНИЕ,
вносимое в подпункт 29 пункта 15 Порядка заполнения декларации на товары

      Дополнить подпункт 29 абзацами следующего содержания:

      "Под номером 17 в Российской Федерации при декларировании исходных материалов, предназначенных для производства и изготовления лекарственных препаратов (далее – исходный материал), подлежащих мониторингу в соответствии с законодательством Российской Федерации, дополнительно к сведениям, указываемым под номером 1, могут указываться идентификационный код исходного материала, сформированный в соответствии с законодательством Российской Федерации, код по системе CAS-RN исходного материала (при наличии), наименование по такому коду (международное непатентованное, или химическое (наименование, соответствующее номенклатуре Международного союза теоретической и прикладной химии (ИЮПАК)), или группировочное), а также номер серии его производства (при наличии).

      Такие сведения, а также количество исходного материала в количественной единице измерения исходного материала с упаковкой и без нее, используемой в целях осуществления прослеживаемости, условное обозначение такой единицы в соответствии с классификатором единиц измерения и счета Евразийского экономического союза указываются в ДТ в виде электронного документа в соответствующих реквизитах структуры ДТ, а при подаче ДТ в виде документа на бумажном носителе – с новой строки через знак разделителя "/", пробелы между элементами не допускаются.

      При указании номеров серий производства исходного материала, следующих подряд, указываются первый и последний номера серий соответствующего диапазона. При подаче ДТ в виде электронного документа эти сведения указываются путем заполнения соответствующих реквизитов структуры ДТ, а при подаче ДТ в виде документа на бумажном носителе – через знак разделителя "-".".