Шифрлау (криптографиялық) құралдарының және оларды қамтитын тауарлардың сипаттамалары туралы нотификация жөніндегі ереженің 5-тармағына өзгеріс енгізу туралы

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2025 жылғы 26 тамыздағы № 75 шешімі

      2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 46-бабына және Үшінші елдерге қатысты тарифтік емес реттеу шаралары туралы хаттаманың (көрсетілген шартқа № 7 қосымша) 4 және 37-тармақтарына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. Шифрлау (криптографиялық) құралдарының және оларды қамтитын тауарлардың сипаттамалары туралы нотификация жөніндегі ереженің (Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2015 жылғы 21 сәуірдегі № 30 шешіміне № 9 қосымшаға № 2 қосымша) 5-тармағының үшінші абзацы алып тасталсын.

      2. Шифрлау (криптографиялық) құралдарының және оларды қамтитын тауарлардың сипаттамалары туралы нотификациялардың бірыңғай тізіліміне осы Шешім күшіне енген күнге дейін енгізілген көрсетілген тауарларға қосалқы бөлшектер туралы мәліметтер 1-тармағында қамтылатын шифрлау (криптографиялық) құралдар мен оларды қамтитын тауарлардың сипаттамалары туралы нотификациялар осындай нотификациялардың қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін қолданылады деп белгіленсін.

      3. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
Б. Сағынтаев

О внесении изменения в пункт 5 Положения о нотификации о характеристиках шифровальных (криптографических) средств и товаров, их содержащих

Решение Коллегии Евразийской экономической комиссии от 26 августа 2025 года № 75

      В соответствии со статьей 46 Договора о Евразийском экономическом союзе от 29 мая 2014 года и пунктами 4 и 37 Протокола о мерах нетарифного регулирования в отношении третьих стран (приложение № 7 к указанному Договору) Коллегия Евразийской экономической комиссии решила:

      1. Абзац третий пункта 5 Положения о нотификации о характеристиках шифровальных (криптографических) средств и товаров, их содержащих (приложение № 2 к приложению № 9 к Решению Коллегии Евразийской экономической комиссии от 21 апреля 2015 г. № 30), исключить.

      2. Установить, что нотификации о характеристиках шифровальных (криптографических) средств и товаров, их содержащих, в пункте 1 которых содержатся сведения о запасных частях к указанным товарам, включенные в единый реестр нотификаций о характеристиках шифровальных (криптографических) средств и товаров, их содержащих, до даты вступления настоящего Решения в силу, действуют до даты истечения срока действия таких нотификаций.

      3. Настоящее Решение вступает в силу по истечении 30 календарных дней с даты его официального опубликования.

      Председатель Коллегии
Евразийской экономической комиссии
Б. Сагинтаев