Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексінің 105-бабының 5-тармағына және 112-бабының 4 және 6-тармақтарына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:
1. Қосымшаға сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2019 жылғы 22 қаңтардағы № 9 шешімімен бекітілген Экспресс-жүктерге арналған тауарлар декларациясының және экспресс-жүктерге арналған кедендік жолаушылар декларациясының, экспресс-жүктерге арналған тауарлар декларациясын түзетудің және экспресс-жүктерге арналған кедендік жолаушылар декларациясын түзетудің құрылымы мен форматының 10 және 101-кестелеріне өзгерістер енгізілсін.
2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.
|
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы Төрағасының міндетін уақытша атқарушы |
Б. Сұлтанов |
| Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2025 жылғы 19 тамыздағы № 72 шешіміне ҚОСЫМША |
Экспресс-жүктерге арналған тауарлар декларациясының және экспресс-жүктерге арналған кедендік жолаушылар декларациясының, экспресс-жүктерге арналған тауарлар декларациясын түзетудің және экспресс-жүктерге арналған кедендік жолаушылар декларациясын түзетудің құрылымы мен форматының 10 және 101-кестелеріне енгізілетін ӨЗГЕРІСТЕР
1. 10-кестеде 14.3.6.13.4 және 14.3.6.13.5 позициялар мынадай редакцияда жазылсын:
"
*.13.4. Құжаттың нөмірі | "Алдыңғы құжат" бағ. | "Алдыңғы құжат" бағ. | O | 1 | егер "Экспресс-жүктерге арналған кедендік декларацияның тіркеу нөмірі" (cacdo:ExpressCargoDeclarationIdDetails)" деректемесі толтырылмаса және экспресс-жүктерге арналған тауарлар декларациясы берілгенге дейін тауарлар уақытша сақтауға орналастырылса, онда "Құжаттың нөмірі (csdo:DocId)" деректемесі толтырылуы тиіс | |
*.13.5. Құжаттың нөмірі | "Алдыңғы құжат" бағ. | "Алдыңғы құжат" бағ. | O | 1 | егер "Құжаттың нөмірі (csdo:DocId)" деректемесі толтырылса, онда "Құжаттың күні (csdo:DocCreationDate)" деректемесі толтырылуы тиіс, әйтпесе "Құжаттың күні (csdo:DocCreationDate)" деректемесі толтырылмауы тиіс | |
1 | егер "Құжаттың нөмірі (csdo:DocCreationDate)" деректемесі толтырылса, онда деректеменің мәні мына шаблонға сәйкес келуі тиіс: YYYY-MM-DD |
".
2. 101-кестеде 14.3.6.13.4 және 14.3.6.13.5 позициялары мынадай редакцияда жазылсын:
"
*.13.4. Құжатың нөмірі | "Алдыңғы құжат" бағ. | "Алдыңғы құжат" бағ. | O | 1 | егер экспресс-жүктерге арналған декларация берілгенге дейін тауарлар уақытша сақтауға орналастырылса, онда "Құжаттың нөмірі (csdo:DocId)" деректемесі толтырылуы тиіс | |
*.13.5. Құжаттың күні | "Алдыңғы құжат" бағ. | "Алдыңғы құжат" бағ. | O | 2 | AM, KG, KZ, RU | егер "Құжаттың нөмірі (csdo:DocId)" деректемесі толтырылса, онда "Құжаттың күні (csdo:DocCreationDate)" деректемесі толтырылуы тиіс, әйтпесе "Құжаттың күні (csdo:DocCreationDate)" деректемесі толтырылмауы тиіс |
2 | BY | егер "Құжаттың нөмірі (csdo:DocId)" деректемесі толтырылса, онда "Құжаттың күні (csdo:DocCreationDate)" деректемесінің мәні тауарларды уақытша сақтауға орналастыру күнін қамтуы тиіс, әйтпесе "Құжаттың күні (csdo:DocCreationDate)" деректемесі толтырылмауы тиіс | ||||
1 | егер "Құжаттың күні (csdo:DocCreationDate)" деректемесі толтырылса, онда деректеменің мәні мына шаблонға сәйкес келуі тиіс: YYYY-MM-DD |
".