2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 51-бабы 1-тармағының 11 және 12-тармақшаларына және Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 98 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық комиссияның Жұмыс регламентіне № 2-қосымшаның 7-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:
1. Қоса беріліп отырған Еуразиялық экономикалық одақтың "Тасымалдауға және (немесе) пайдалануға дайындалған жанғыш табиғи газдың қауіпсіздігі туралы" техникалық регламентінің (ТР ЕАЭС 046/2018) талаптарын қолдану және орындау және техникалық реттеу объектілерінің осы техникалық регламенттің талаптарына сәйкестігін бағалауды жүзеге асыру үшін қажетті зерттеулердің (сынақтардың) және өлшеулердің қағидалары мен әдістерін, оның ішінде үлгілерді іріктеу қағидаларын қамтитын мемлекетаралық стандарттарды әзірлеу (өзгерістер енгізу, қайта қарау) жөніндегі бағдарлама бекітілсін.
2. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының "Еуразиялық экономикалық одақтың "Тасымалдауға және (немесе) пайдалануға дайындалған жанғыш табиғи газдың қауіпсіздігі туралы" техникалық регламентінің (ТР ЕАЭС 046/2018) талаптарын қолдану және орындау және техникалық реттеу объектілерінің осы техникалық регламенттің талаптарына сәйкестігін бағалауды жүзеге асыру үшін қажетті зерттеулердің (сынақтардың) және өлшеулердің қағидалары мен әдістерін, оның ішінде үлгілерді іріктеу қағидаларын қамтитын мемлекетаралық стандарттарды әзірлеу (өзгерістер енгізу, қайта қарау) жөніндегі бағдарлама туралы" 2022 жылғы 17 мамырдағы № 81 шешімінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы |
Б. Сағынтаев |
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2025 жылғы 22 сәуірдегі № 39 шешімімен БЕКІТІЛГЕН |
Еуразиялық экономикалық одақтың "Тасымалдауға және (немесе) пайдалануға дайындалған жанғыш табиғи газдың қауіпсіздігі туралы" техникалық регламентінің (ЕАЭО ТР 046/2018) талаптарын қолдану және орындау және техникалық реттеу объектілерінің осы техникалық регламенттің талаптарына сәйкестігін бағалауды жүзеге асыру үшін қажетті зерттеулердің (сынақтардың) және өлшеулердің қағидалары мен әдістерін, оның ішінде үлгілерді іріктеу қағидаларын қамтитын мемлекетаралық стандарттарды әзірлеу (өзгерістер енгізу, қайта қарау) жөніндегі БАҒДАРЛАМА
Р/с № | МКС/МТК коды | Тақырып коды | Мемлекетаралық стандарт жобасының атауы. Жұмыс түрлері | Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламентінің элементтері | Әзірлеу мерзімдері | Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекет -жауапты әзірлеуші | МТК-мен келісу туралы ақпарат (бар болса)) | |
басталуы | аяқталуы | |||||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 |
1 | 75.060/052 | 052.RU.1 | Табиғи газ. Газ хроматографиясының құрамын белгісіздікті бағалау арқылы анықтау. 3 бөлім. Дәлдік және орын ауыстыру. МемСТ 31371.3-2008 қайта қарау | № 1 – 4 қосымшалар, көрсеткіштер: "компоненттердің молярлық үлесі (компоненттік құрам)"; "оттегінің молярлық үлесі"; "көміртегі диоксидінің молярлық үлесі"; "метанның молярлық үлесі"; "азоттың молярлық үлесі"; "жанбайтын компоненттердің молярлық үлесі (жиынтық)" | 2024 жыл | 2025 жыл | Ресей Федерациясы | келісілді |
2 | 75.060/052 | 052.RU.2 | Табиғи газ. Газ хроматографиясының құрамын белгісіздікті бағалау арқылы анықтау. 4 бөлім. Анализатордың тиімділігіне қойылатын талаптар | № 1 – 4 қосымшалар, көрсеткіштер: "компоненттердің молярлық үлесі (компоненттік құрам)"; "оттегі диоксидінің молярлық үлесі"; "көміртегі диоксидінің молярлық үлесі"; "метанның молярлық үлесі"; "азоттың молярлық үлесі"; "жанбайтын компоненттердің молярлық үлесі (жиынтық)" | 2026 жыл | 2027 жыл | Ресей Федерациясы | келісілді |
3 | 75.060/052 | 052.RU.3 | Табиғи газ. Белгісіздікті бағалай отырып, газ хроматографиясы әдісімен құрамды анықтау. 7 бөлім. Компоненттердің молярлық үлесін өлшеу әдістемесі. МемСТ 31371.7-2020 өзгерістер енгізу | № 1 – 4 қосымшалар, көрсеткіштер: "компоненттердің молярлық үлесі (компоненттік құрам)"; "оттегі диоксидінің молярлық үлесі"; "көміртегі диоксидінің молярлық үлесі"; "метанның молярлық үлесі"; "азоттың молярлық үлесі"; "жанбайтын компоненттердің молярлық үлесі (жиынтық)" | 2024 жыл | 2025 жыл | Ресей Федерациясы | келісілді |
4 | 75.060/052 | 052.RU.4 | Табиғи сұйытылған газ. Газ хроматографиясы әдісімен компоненттік құрамды анықтау. МемСТ әзірлеу | № 1 – 4 қосымша, көрсеткіштер: "компоненттердің молярлық үлесі (компоненттік құрам)"; "метанның молярлық үлесі"; "азоттың молярлық үлесі"; "көміртегі диоксидінің молярлық үлесі";"оттегі диоксидінің молярлық үлесі" | 2026 жыл | 2027 жыл | Ресей Федерациясы | келісілді |