Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексінің 8-бабының 2-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:
1. Қосымшаға сәйкес Кеден одағы Комиссиясының "Кеден құжаттарын толтыру үшін пайдаланылатын сыныптауыштар туралы" 2010 жылғы 20 қыркүйектегі № 378 шешіміне өзгерістер енгізілсін.
2. Осы шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.
|
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы |
Б. Сағынтаев |
| Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2025 жылғы 1 сәуірдегі № 32 шешіміне ҚОСЫМША |
Кеден одағы Комиссиясының 2010 жылғы 20 қыркүйектегі № 378 шешіміне енгізілетін ӨЗГЕРІСТЕР
1. Кедендік төлемдерді төлеу бойынша жеңілдіктер сыныптауышында (7-қосымша):
а) 1.1-кіші бөлім ПГ деген коды бар позициядан кейін мынадай мазмұндағы позициялармен толықтырылсын:
"Қазақстан Республикасына және Ресей Федерациясына әкелінетін алюминий өндіруге арналған ЕАЭО СЭҚ ТН 2826 12 000 0 кодымен сыныпталатын алюминий фторидіне, ЕАЭО СЭҚ ТН 8545 19 000 0 кодымен сыныпталатын күйдірілген анодтар мен катодтарға қатысты кедендік әкелу бажын төлеуден босату | ФА |
ЕАЭО СЭҚ ТН 5401 10 140 0, 5401 10 180 0 және 5508 10 100 0 кодтарымен сыныпталатын және Армения Республикасына, Беларусь Республикасына, Қазақстан Республикасына және Қырғыз Республикасына әкелінетін жеңіл өнеркәсіп өнімін өндіруге арналған бөлшек сауда үшін өлшеніп салынбаған тігін жіптерінің жекелеген түрлеріне қатысты кедендік әкелу бажын төлеуден босату | ШН |
ЕАЭО СЭҚ ТН 9607 19 000 0 кодымен сыныпталатын және Армения Республикасына, Беларусь Республикасына, Қазақстан Республикасына және Қырғыз Республикасына әкелінетін жеңіл өнеркәсіп өнімін өндіруге арналған сыдырма-молниялардың жекелеген түрлеріне қатысты кедендік әкелу бажын төлеуден босату | МЗ"; |
б) 4.4-кіші бөлімнің 4.4.1-тармағында ЛО деген коды бар позициядағы "күнбағыс және жүгері" деген сөздер "ауыл шаруашылығы дақылдары" деген сөздермен ауыстырылсын;
в) 6.4-кіші бөлімнің 6.4.1-тармағы мынадай мазмұндағы позициялармен толықтырылсын:
"Бақылау-касса машиналарының тізіліміне енгізілген бағдарламалық бақылау-касса машинасын орнату функциясын иеленетін операциялық жүйесі бар POS-терминалдарға және оларды жөндеуге және (немесе) жасауға немесе құрастыруға арналған жинақтаушыларға және (немесе) қосалқы бөлшектерге қатысты ҚҚС төлеуден босату | РО |
Уәкілетті салық органы бекітетін тізбеге сәйкес бағдарламалық бақылау-касса машинасын орнатуға арналған кіріктірілген чек принтері және операциялық жүйесі бар электрондық құрылғыларға қатысты ҚҚС төлеуден босату | ПЧ |
Қырғыз Республикасы Салық кодексінің 297-бабы 1-бөлігінің 24-2-тармағында көрсетілген электрондық құрылғыларға, оларды жөндеуге және (немесе) жасауға немесе құрастыруға арналған жинақтаушыларға және (немесе) қосалқы бөлшектерге қатысты ҚҚС төлеуден босату | КЗ |
Қырғыз Республикасының Министрлер Кабинеті айқындайтын субъектілер импорттайтын спортты дамытуға арналған тауарларға қатысты ҚҚС төлеуден босату | РИ". |
2. Жол көлік құралдары маркаларының сыныптауышы (26-қосымша) 766 деген коды бар позициядан кейін мынадай мазмұндағы позициялармен толықтырылсын:
"767 | AITO |
768 | AVATR |
769 | BAOJUN |
770 | CUPRA |
771 | DS |
772 | DUCATI |
773 | GENESIS |
774 | HIPHI |
775 | HOBBY |
776 | HOZON |
777 | HYMER |
778 | KNAUS |
779 | LEAPMOTOR |
780 | LYNK&CO |
781 | MENGSHI |
782 | NIO |
783 | POLAR STONE |
784 | POLESTAR |
785 | RAM |
786 | ROEWE |
787 | SERES |
788 | SHENLAN |
789 | SWIFT |
790 | WELTMEISTER (WEIMAR) |
791 | XPENG |
792 | YANGWANG". |