Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексінің 8-бабының 2-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:
1. Алынуы кеден органдарына жүктелген салықтар, алымдар және өзге де төлемдер түрлері сыныптауышының 2.4-кіші бөлімінде (Кеден одағы Комиссиясының 2010 жылғы 20 қыркүйектегі № 378 шешіміне 9-қосымша) 2.4.14-тармақтағы "темекі өнімдері" деген сөздер "қыздырылатын темекісі бар өнімдер" сөздеген сөздермен ауыстырылсын.
2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.
|
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы |
Б. Сағынтаев |