Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексінің 120-бабының 3-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:
1. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2017 жылғы 13 желтоқсандағы № 171 шешімімен бекітілген Тауарларға арналған декларация берілгенге дейін тауарларды шығару туралы өтінішті толтыру тәртібінің 36-тармағы тоғызыншы абзацтан кейін мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын:
"Таңбаланған акцизделетін тауарларға қатысты әрбір серия бойынша жеке-жеке акциздік және (немесе) арнайы маркалардың сериясы, нөмірлері және саны көрсетіледі.
Акциздік және (немесе) арнайы маркалардың сериясы, нөмірлері және саны туралы мәліметтер өтініш құрылымының тиісті деректемелерінде электрондық құжат түрінде өтініште көрсетіледі.
Қағаз жеткізгіштегі құжат түріндегі өтініште акциздік және (немесе) арнайы маркалардың сериясы, нөмірлері мен саны туралы мәліметтер бос орын арқылы, ал акциздік және (немесе) арнайы маркалардың нөмірлері – бөлгіш белгісі "," арқылы көрсетіледі.
Қатарынан қойылатын акциздік және (немесе) арнайы маркалардың нөмірлері туралы мәліметтер өтініш құрылымының тиісті деректемелеріндегі тиісті диапазонның бірінші және соңғы нөмірін, ал қағаз жеткізгіштегі құжат түріндегі өтініште – бөлгіш белгісі арқылы сызықша "–" қою жолымен көрсетіледі.
Егер тауарлар Армения Республикасының салықтар мен алымдар саласындағы заңнамасына сәйкес осындай маркалармен таңбаланса, Армения Республикасында акциздік және (немесе) арнайы маркалардың саны әрбір серия бойынша көрсетіледі.
Беларусь Республикасында акциздік маркалардың саны көрсетіледі;".
2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң, бірақ ерте дегенде 2025 жылғы 1 сәуірден кейін күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы |
Б. Сағынтаев |