Үйлестірілген (келісілген) көлік саясаты туралы хаттаманың 11-тармағының 2-тармақшасына (Еуразиялық экономикалық одақ туралы 2014 жылғы 29 мамырдағы шартқа тіркелген № 24 қосымша) және Еуразиялық үкіметаралық кеңестің 2021 жылғы 20 тамыздағы № 15 өкімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің 2021-2023 жылдарға арналған үйлестірілген (келісілген) көлік саясатының негізгі бағыттары мен кезеңдерін іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының ("жол картасы") 42-тармағына сәйкес:
1. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің үкіметтерінен әуе көлігі қызметтерінің ортақ нарығының жұмыс істеуін қамтамасыз ету және Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2016 жылғы 26 желтоқсандағы № 19 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің үйлестірілген (келісілген) көлік саясатының негізгі бағыттары мен кезеңдерін іске асыру мақсатында 2025 жылғы 1 қаңтарға дейін әуе кемелерінің ұшуға жарамдылығы саласындағы азаматтық авиация саласындағы халықаралық құқықтың нормалары мен қағидаттарына сәйкес мүше мемлекеттердің заңнамасын үндестіру жөніндегі жұмысты мынадай бағыттар бойынша ұйымдастыруды сұрау:
а) ұшуға жарамдылық сертификаты жоқ немесе ұшуға жарамдылығын уақытша жоғалтқан әуе кемесін Еуразиялық экономикалық одаққа мүше басқа мемлекеттің (Армения Республикасы, Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы және Ресей Федерациясы) аумағына өткізу кезінде хабардар ету тәртібін айқындау;
б) ұшуға жарамдылық сертификаты жоқ немесе ұшуға жарамдылығын уақытша жоғалтқан әуе кемесінің ұшуына рұқсат беру үшін негіздерді айқындау (Армения Республикасы, Беларусь Республикасы, Қырғыз Республикасы және Ресей Федерациясы).
2. Еуразиялық экономикалық комиссия осы өкімнің іске асыру шараларына мониторинг жүргізсін.
3. Осы өкім Еуразиялық экономикалық одақтың ресми сайтында жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.
Еуразиялық үкіметаралық кеңес мүшелері:
Армения |
Беларусь |
Қазақстан |
Қырғыз |
Ресей |