Еуразиялық экономикалық одақ туралы 2014 жылғы 29 мамырдағы шарттың 43 және 45-баптарына, Еуразиялық экономикалық комиссиясы туралы ереженің 16-тармағына (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа тіркелген № 1 қосымша), Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 98 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық комиссияның Жұмыс регламентіне тіркелген № 1 қосымшаның 7 және 16-тармақтарына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссиясының кеңесі шешті:
1. Кеден одағы комиссиясының 2009 жылғы 27 қарашадағы № 130 "Еуразиялық экономикалық одақтың бірыңғай кедендік-тарифтік реттеуі туралы" шешімінің 7-тармағы мынадай мазмұндағы 7.1.69-тармақшамен толықтырылсын:
"7.1.69. Трансформаторларды өндіруге арналған және Беларусь Республикасына, Қазақстан Республикасына, Қырғыз Республикасына және Ресей Федерациясына әкелінетін ЕАЭО СЭҚ ТН 4413 00 000 0 және 8535 90 000 8 кодтарымен жіктелетін тауарлар.
Көрсетілген тарифтік жеңілдікті ұсынудың шарты тиісінше Беларусь Республикасының, Қазақстан Республикасының, Қырғыз Республикасының немесе Ресей Федерациясының атқарушы билігінің уәкілетті органы берген және осындай тауарлардың номенклатурасы, саны, құны, сондай-ақ оларды әкелуді жүзеге асыратын ұйымдар туралы мәліметтерді қамтитын тауарлардың нысаналы мақсатын растаудың болуы болып табылады.
Тарифтік жеңілдік қолданылатын тауарларды пайдалану осы тармақшаның бірінші абзацында көрсетілген мақсаттарда және кеден органы оларды шығарған мүше мемлекеттің аумағында ғана жол беріледі. Тауарлардың осындай кәсіпорынның қоймасына түскенін растайтын құжат тауарларды қабылдау немесе қабылдау-тапсыру актісі болып табылады.
Осы тармақшада көзделген тарифтік жеңілдік оларға қатысты тауарларға арналған декларация ішкі тұтыну үшін шығарудың кедендік рәсімімен орналастырылатын (орналастырылған) тауарларға қатысты беріледі, ал тауарлар тауарларға декларация берілгенге дейін шығарылған жағдайда – тауарларға декларация берілгенге дейін тауарларды шығару туралы өтінішті Еуразиялық экономикалық комиссиясы кеңесінің 2024 жылғы 1 наурыздағы № 17 шешімі күшіне енген күннен бастап 2026 жылғы 28 ақпанды қоса алғанда Беларусь Республикасының, Қазақстан Республикасының, Қырғыз Республикасының немесе Ресей Федерациясының кеден органы тіркеді.".
2. Кеден одағы комиссиясының 2011 жылғы 15 шілдедегі № 728 шешімімен бекітілген Кеден одағының бірыңғай кедендік аумағына тауарлардың жекелеген санаттарын әкелу кезінде кедендік баждарды төлеуден босатуды қолдану тәртібінің 15-тармағында "7.1.68" деген сандар "7.1.69" деген сандармен ауыстырылсын.
3. Осы шешім ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік 10 күн өткен соң күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссиясы кеңесінің мүшелері:
Армения |
Беларусь |
Қазақстан |
Қырғыз |
Ресей |
| М. Григорян | И. Петришенко | С. Жұманғарин | А. Касымалиев | А. Оверчук |
|---|