Тауарларға арналған декларацияны ресімдеуді тіркеу немесе тіркеуден бас тарту тәртібін бекіту туралы, транзиттік декларация және көлік құралына арналған декларация,сондай-ақ Кеден одағы комиссиясының және Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының кейбір шешімдерін өзгерту және күші жойылды деп тану туралы

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2024 жылғы 17 желтоқсандағы № 141 шешімі

      Еуразиялық экономикалық одақ Кеден кодексінің 111 бабының 3-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссияның алқасы шешті:

      1. Қоса беріліп отырған тауарларға арналған декларацияны, транзиттік декларацияны және көлік құралына арналған декларацияны тіркеуді ресімдеу немесе тіркеуден бас тарту тәртібі бекітілсін.

      2. Кеден одағы комиссиясының шешімдеріне № 1 қосымшаға сәйкес өзгерістер енгізілсін.

      3. № 2 қосымшаға сәйкес тізбе бойынша Кеден одағы комиссиясының және Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      4. Осы шешім 2026 жылғы 1 сәуірден бастап күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссиясы
алқасының төрағасы
Б. Сағынтаев

  Еуразиялық экономикалық
комиссиясы алқасының
2024 жылғы 17 желтоқсандағы
№ 141 шешімімен
БЕКІТІЛГЕН

Тауарларға арналған декларацияны, транзиттік декларацияны және көлік құралына арналған декларацияны тіркеуді ресімдеу немесе тіркеуден бас тарту ТӘРТІБІ

I. Жалпы ережелер

      1. Осы тәртіп тауарларға арналған декларацияны, оның ішінде егер үшінші тараппен Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің (бұдан әрі тиісінше – мүше мемлекеттер, Одақ) халықаралық шарттарында көзделген көліктік (тасымалдау) коммерциялық және (немесе) өзге де құжаттар тауарларға арналған декларация және транзиттік декларация ретінде пайдаланылса, транзиттік декларацияны (бұдан әрі – ТД), оның ішінде егер КҚКД ретінде көлік саласындағы үшінші тараппен мүше мемлекеттердің халықаралық шарттарында көзделген тасымалдаушының стандартты құжаттары пайдаланылса көлік құралына арналған кедендік декларацияның (бұдан әрі – КҚКД) тіркеуді ресімдеу немесе тіркеуден бас тарту қағидаларын айқындайды.

      Осы Тәртіптің мақсаттары үшін кедендік декларация деп осы тармақтың бірінші абзацында көрсетілген барлық құжаттар түсініледі.

      2. Кеден органы кедендік декларацияны Еуразиялық экономикалық одақ Кеден кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 111-бабының 2-тармағында көзделген мерзімдерде оған кеден органының ақпараттық жүйесін пайдалана отырып немесе кеден органының ақпараттық жүйесі арқылы лауазымды тұлғаның қатысуынсыз тиісті тіркеу нөмірін беру жолымен тіркейді және осындай тіркеудің күні мен уақытын тіркейді.

      ТД-ны тіркеу нөмірі (оның ішінде егер осындай декларация ретінде үшінші тараппен мүше мемлекеттердің халықаралық шарттарында көзделген көліктік (тасымалдау) коммерциялық және (немесе) өзге де құжаттар пайдаланылса) Кеден одағы комиссиясының 2010 жылғы 20 мамырдағы № 257 шешімімен бекітілген Тауарларға арналған декларацияны толтыру тәртібіне сәйкес қалыптастырылады.

      ТД-ны тіркеу нөмірі (оның ішінде егер осындай декларация ретінде үшінші тараппен мүше мемлекеттердің халықаралық шарттарында көзделген көліктік (тасымалдау) коммерциялық және (немесе) өзге де құжаттар пайдаланылса) Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының 2023 жылғы 30 мамырдағы № 73 шешімімен бекітілген Транзиттік декларацияны толтыру тәртібіне сәйкес қалыптастырылады.

      КҚКД-ның тіркеу нөмірі (оның ішінде егер осындай декларация ретінде көлік саласындағы үшінші тараппен мүше мемлекеттердің халықаралық шарттарында көзделген тасымалдаушының стандартты құжаттары пайдаланылса) Кеден одағы комиссиясының 2010 жылғы 14 қазандағы № 422 шешімімен бекітілген Көлік құралына арналған кедендік декларацияны толтыру тәртібі туралы нұсқаулыққа сәйкес қалыптастырылады.

      Кедендік декларацияның тіркеу нөмірі кедендік декларацияның нысанына және осындай кедендік декларация ретінде қандай құжаттар пайдаланылатынына қарамастан, кедендік декларацияның әрбір түрі үшін бірегей болуға тиіс.

      3. Кеден органы Кодекстің 111-бабының 2-тармағында көзделген мерзімдерде кеден органының ақпараттық жүйесін пайдалана отырып, кеден декларациясын тіркеуден бас тартуды ресімдеу жолымен немесе лауазымды тұлғаның қатысуынсыз кеден органының ақпараттық жүйесі арқылы кедендік декларацияны тіркеуден бас тартады.

II. Электрондық құжат түрінде берілген кедендік декларацияны тіркеуді ресімдеу немесе тіркеуден бас тарту тәртібі

      4. Электрондық құжат түрінде берілген кедендік декларацияны тіркеуді кеден органы осы Тәртіптің 2-тармағына сәйкес кеден органының ақпараттық жүйесін пайдалана отырып немесе лауазымды адамның қатысуынсыз кеден органының ақпараттық жүйесі арқылы ресімдейді және мұндай кедендік декларацияның тіркеу нөмірі, оны тіркеу күні мен уақыты туралы мәліметтер Кодекстің 362-бабына сәйкес декларантқа немесе кеден өкіліне электрондық нысанда жіберіледі.

      Лауазымды тұлғаның қатысуынсыз кеден органының ақпараттық жүйесі арқылы электрондық құжат түрінде берілген кедендік декларацияны тіркеу, егер осындай тексеру жүргізу кезінде кеден органының ақпараттық жүйесі жұмысының алгоритмдерінде (техникалық талаптарында) айқындалған кедендік декларацияны тексеру шарттары сақталған жағдайда ресімделеді.

      5. Электрондық құжат түрінде берілген кедендік декларацияны тіркеуден бас тартуды кеден органы кеден органының ақпараттық жүйесін пайдалана отырып немесе кеден органының ақпараттық жүйесі арқылы лауазымды адамның қатысуынсыз ресімдейді, кедендік декларацияны тіркеуден бас тарту күні мен уақыты туралы, Кодекстің 111-бабының 5-тармағына сәйкес кедендік декларацияны тіркеуден бас тартуға негіз болған барлық себептер туралы мәліметтер егер бұл мүше мемлекеттің кедендік реттеу туралы заңнамасында көзделсе, оларды жою жөніндегі ұсынымдар кодекстің 362-бабына сәйкес декларантқа немесе кеден өкіліне электрондық нысанда жіберіледі.

      Лауазымды тұлғаның қатысуынсыз кеден органының ақпараттық жүйесі арқылы электрондық құжат түрінде берілген кедендік декларацияны тіркеуді ресімдеу егер бұл кодекстің 78-бабына сәйкес мүше мемлекеттің заңнамасында белгіленген кедендік операцияларды жасау тәртібі мен технологиясында көзделсе осындай тексеру жүргізу кезінде кеден органының ақпараттық жүйесі жұмысының алгоритмдерінде (техникалық талаптарында) айқындалған кедендік декларацияны тексеру шарттарының бірі сақталмаған жағдайда тоқтатылады.

III. Қағаз нұсқасындағы құжат түрінде берілген кедендік декларацияны тіркеуді ресімдеу немесе тіркеуден бас тарту тәртібі

      6. Қағаз нұсқасындағы құжат түрінде берілген кедендік декларацияны тіркеуді кеден органының лауазымды тұлғасы осы Тәртіптің 2-тармағына сәйкес кедендік декларацияның тиісті бағанында кедендік декларацияның тіркеу нөмірі туралы мәліметтерді (осындай кедендік декларацияның барлық даналарында) көрсету жолымен ресімдейді.

      Егер ТД ретінде көлік (тасымалдау), коммерциялық және (немесе) өзге де құжаттар Кеден одағы комиссиясының 2010 жылғы 20 мамырдағы № 263 шешімімен бекітілген Тауарларға арналған декларация ретінде көліктік (тасымалдау), коммерциялық және (немесе) өзге де құжаттарды пайдалану тәртібі туралы нұсқаулыққа сәйкес ресімделген жазбаша өтініш бере отырып пайдаланылса (бұдан әрі –Нұсқаулық), мұндай ТД тіркеу нөмірін кеден органының лауазымды тұлғасы осындай өтініштің жоғарғы оң жақ бұрышында көрсетеді.

      Егер ДТ ретінде нұсқаулыққа 3-қосымшаға сәйкес тауарлар тізбесін ұсына отырып, көліктік (тасымалдау), коммерциялық және (немесе) өзге де құжаттар пайдаланылса, мұндай ДТ-ны тіркеу нөмірін кеден органының лауазымды тұлғасы көрсетілген тауарлар тізбесі нысанының тиісті жолында көрсетеді.

      Егер ДТ ретінде өзге де құжаттар, оның ішінде АТА карнетін қоса алғанда, үшінші тараппен мүше мемлекеттердің халықаралық шарттарында көзделген құжаттар пайдаланылса, мұндай ДТ-ны тіркеу нөмірін мүше мемлекеттердің кедендік реттеу туралы заңнамасына сәйкес кеден органының лауазымды тұлғасы көрсетеді.

      Егер 1975 жылғы 14 қарашадағы ХЖТ кітапшасын қолдана отырып, Жүктерді халықаралық тасымалдау туралы кеден конвенциясының ережелеріне сәйкес оған қоса берілген көліктік (тасымалдау) және коммерциялық құжаттармен толтырылған ХЖТ кітапшасы ТД ретінде пайдаланылса мұндай ТД-ны тіркеу нөмірін кеден органының лауазымды тұлғасы № 1 және 2 үзбелі парақтардың 21-бағанының оң жақ кіші бөлімінде және ХЖТ кітапшасының №1 үзбей түбіртегінің 2-бағанында көрсетеді.

      Егер 1990 жылғы 26 маусымдағы уақытша әкелу туралы Конвенцияға сәйкес оған қоса берілген көліктік (тасымалдау) және коммерциялық құжаттармен толтырылған АТА карнеті ТД ретінде пайдаланылса, мұндай ТД тіркеу нөмірін кеден органының лауазымды адамы "Transit" көгілдір түсті АТА карнетінің үзбелі парағының (ваучерінің) "H." бағанының "с" кіші бөлімінде және "transit" көгілдір түсті АТА карнетінің түбіртегінің 3-бағанында көрсетеді.

      Көлік (тасымалдау) құжаттарын ТД ретінде пайдаланған жағдайда, мұндай ТД-ны тіркеу нөмірін жөнелту кеден органының лауазымды тұлғасы ТД-ны құрайтын құжаттар тізімдемесінің 2 данасында және көлік (тасымалдау) құжаттарында көрсетеді.

      Егер КҚКД ретінде көлік саласындағы үшінші тараппен мүше мемлекеттердің халықаралық шарттарында көзделген тасымалдаушының стандартты құжаттары пайдаланылса, мұндай КҚКД тіркеу нөмірі тиісті құжатта (кез келген бос орында) көрсетіледі.

      Қағаз нұсқасындағы құжат түрінде берілген кедендік декларацияны тіркеуді ресімдеу кезінде кеден органының лауазымды тұлғасы кеден органының ақпараттық жүйесіне тиісті ақпаратты енгізеді.

      7. Қағаз нұсқасындағы құжат түрінде берілген кедендік декларацияны тіркеуден бас тартуды кеден органының лауазымды адамы Кодекстің 111-бабының 5-тармағына сәйкес кедендік декларацияны тіркеуден бас тарту үшін негіз болған барлық себептерді көрсете отырып, осындай кедендік декларацияның 2 данасын сыртқы жағына "тіркеуден бас тартылды" деген белгі қою арқылы ресімдейді, егер бұл мүше мемлекеттің кедендік реттеу туралы заңнамасында көзделсе, оларды жою жөніндегі ұсынымдар кеден органы лауазымды тұлғаның жеке нөмірлік мөрінің бедерімен куәландырылады.

      Егер қағаз нұсқасындағы құжат түрінде берілген кедендік декларацияны тіркеуден бас тартуды ресімдеу кезінде оның сыртқы жағында қажетті мәліметтерді көрсету үшін орын жеткіліксіз болған жағдайда, мұндай мәліметтер кедендік декларацияның ажырамас бөлігі болып табылатын осындай кедендік декларацияға қосымша қоса берілетін A4 форматындағы парақтарда көрсетіледі.

      Кеден органының лауазымды адамы АТА карнеті ТД ретінде пайдаланған жағдайда осы тармақтың бірінші абзацында көзделген мәліметтерді көрсете отырып, АТА карнетінің тиісті үзбелі парағының (ваучерінің) 2 көшірмесіне "тіркеуден бас тартылды" деген белгі қояды.

      ХЖТ кітапшасын не АТА карнетін ТД ретінде пайдаланған жағдайда ХЖТ кітапшасының № 1 үзбелі парағының 2 көшірмесіне не тиісті парақтың (ваучердің) көшірмелеріне кеден органының лауазымды тұлғасыосы тармақтың бірінші абзацында көзделген мәліметтерді көрсете отырып, "тіркеуден бас тартылды" деген белгі қояды.

      Егер көлік саласындағы үшінші тараппен мүше мемлекеттердің халықаралық шарттарында көзделген тасымалдаушының стандартты құжаттары КҚКД ретінде пайдаланылса, осы тармақтың бірінші абзацында көзделген мәліметтер тиісті құжатта (тиісті құжаттың көшірмесі) (кез келген бос жерде) көрсетіледі.

      8. Қағаз нұсқасындағы құжат түрінде берілген кедендік декларацияны тіркеуден бас тартуды ресімдеу кезінде осы Тәртіптің 7-тармағында көзделген белгілері бар кедендік декларацияның бір данасы кеден органында сақталады, ал екіншісі декларантқа немесе кеден өкіліне қайтарылады.

      Кедендік декларацияның көрсетілген данасын декларантқа немесе кеден өкіліне тапсыру мүмкін болмаған жағдайда, кеден органы кедендік декларацияны тіркеуден бас тартуды ресімдеген күннен кейінгі 5 жұмыс күнінен кешіктірмей кеден декларациясының данасын тапсыру туралы хабарламасы бар тапсырысты пошта жөнелтілімімен жібереді немесе алу фактісін растауға мүмкіндік беретін өзге де тәсілмен береді.

      Кеден органында сақтауға жататын кеден декларациясының данасына декларант немесе кеден өкілі оған осы Тәртіптің 7-тармағында көзделген кеден декларациясын тіркеуден бас тарту туралы белгілері бар кеден декларациясының данасын тапсырған күні мен уақытын, өзінің тегі мен аты-жөнін, сондай-ақ қолын қояды.

      Декларант немесе кеден өкілі осы Тәртіптің 7-тармағында көзделген белгілері бар кеден декларациясының данасына қол қоюдан бас тартқан жағдайда, кеден органында сақтауға жататын кеден декларациясының данасына декларант (кеден өкілі) қол қоюдан бас тартатынын (кез келген бос жерде) көрсете отырып, кеден органының лауазымды тұлғасының қолы қойылады.

      Қағаз нұсқасындағы құжат түрінде берілген кедендік декларацияны тіркеуден бас тартуды ресімдеу кезінде кеден органының лауазымды тұлғасы кеден органының ақпараттық жүйесіне тиісті ақпарат енгізеді не мұндай бас тартуды лауазымды тұлғаның қатысуынсыз кеден органының ақпараттық жүйесі арқылы автоматты түрде қалыптастыруды жүзеге асырады.

      9. Қажет болған жағдайда қағаз нұсқасындағы құжат түрінде берілген кедендік декларацияны тіркеу күні мен уақыты туралы немесе тіркеуден бас тарту туралы ақпаратты кеден органы декларанттың немесе кеден өкілінің сұрау салуы бойынша ұсынуы мүмкін.

  Еуразиялық экономикалық
комиссиясы алқасының
2024 жылғы 17 желтоқсандағы
№ 141 шешіміне
№ 1 ҚОСЫМША

Кеден одағы комиссиясының шешімдеріне енгізілетін ӨЗГЕРІСТЕР

      1. Кеден одағы комиссиясының 2010 жылғы 17 тамыздағы № 438 "Кеден органдарының транзиттік декларацияны беруге, тіркеуге және кедендік транзиттің кедендік рәсімін аяқтауға байланысты кедендік операцияларды жасау тәртібі туралы" шешімінде:

      а) атауы мен мәтініндегі ", тіркеу" деген сөз алып тасталсын;

      б) Кеден органдарының көрсетілген шешіммен бекітілген транзиттік декларацияны беруге, тіркеуге және кедендік транзиттің кедендік рәсімін аяқтауға байланысты Кедендік операцияларды жасау тәртібімен:

      атауында және 1-тармағында ",тіркеу" деген сөз алынып тасталсын;

      II бөлімнің атауындағы "және тіркеу" деген сөздер алынып тасталсын;

      4 – 10-тармақтардың күші жойылды деп танылсын;

      26-тармақтағы ", тіркеу" деген сөз алынып тасталсын;

      Көрсетілген Тәртіпке № 1 қосымшаның нөмірлеу тақырыбында ", тіркеу" деген сөз алынып тасталсын.

      2. Кеден одағы комиссиясының 2010 жылғы 18 қарашадағы № 511 шешімімен бекітілген халықаралық тасымалдаудың уақытша әкелінетін және уақытша әкетілетін көлік құралдарына қатысты жекелеген кедендік операцияларды жасау тәртібі туралы нұсқаулықта:

      а) 1-тармақтағы "КҚКД-ны тіркеу тәртібі" деген сөздер алынып тасталсын;

      б) 12-тармақтың 1 және 2-тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) КҚКД беру күні мен уақытын белгілеу;

      2) КҚКД-ны тіркеу немесе КҚКД-ны тіркеуден бас тарту;";

      в) 28-тармақтың 1 және 2-тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) құжаттарды тапсыру күні мен уақытын белгілеу;

      2) ХТКҚ-ны уақытша әкелудің немесе уақытша әкетудің аяқталуын тіркеу;".

  Еуразиялық экономикалық
комиссиясы алқасының
2024 жылғы 17 желтоқсандағы
№ 141 шешіміне
№ 2 ҚОСЫМША

Күші жойылды деп танылған Кеден одағы комиссиясының және Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының шешімдерінің ТІЗБЕСІ

      1. Кеден одағы комиссиясының 2010 жылғы 18 қарашадағы № 511 шешімімен бекітілген Халықаралық тасымалдаудың уақытша әкелінетін және уақытша әкетілетін көлік құралдарына қатысты жекелеген кедендік операцияларды жасау тәртібі туралы нұсқаулықтың 162-тармағының бесінші абзацы.

      2. Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының 2014 жылғы 2 шілдедегі № 98 "Тауарларға арналған декларацияны тіркеу немесе тіркеуден бас тарту тәртібі туралы нұсқаулық туралы" шешімі.

      3. Кеден органдарының транзиттік декларацияны беруге, тіркеуге және кедендік транзиттің кедендік рәсімін аяқтауға байланысты кедендік операцияларды жасау тәртібіне енгізілетін өзгерістердің 4-тармағы (Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының 2015 жылғы 10 қарашадағы № 147 шешіміне қосымша).

      4. Кеден одағы комиссиясының және Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының шешімдеріне енгізілетін өзгерістердің 4-тармағы (Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының 2019 жылғы 21 мамырдағы № 83 шешіміне қосымша).

      5. "Транзиттік декларацияның нысанын және оны толтыру тәртібін бекіту туралы, сондай-ақ Кеден одағы комиссиясының және Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының кейбір шешімдерін өзгерту және күші жойылды деп тану туралы" Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының 2023 жылғы 30 мамырдағы № 73 шешімінің 3-тармағының "б" тармақшасы.

Об утверждении Порядка оформления регистрации или отказа в регистрации декларации на товары, транзитной декларации и декларации на транспортное средство, а также об изменении и признании утратившими силу некоторых решений Комиссии Таможенного союза и Коллегии Евразийской экономической комиссии

Решение Коллегии Евразийской экономической комиссии от 17 декабря 2024 года № 141

      В соответствии с пунктом 3 статьи 111 Таможенного кодекса Евразийского экономического союза Коллегия Евразийской экономической комиссии решила:

      1. Утвердить прилагаемый Порядок оформления регистрации или отказа в регистрации декларации на товары, транзитной декларации и декларации на транспортное средство.

      2. Внести в решения Комиссии Таможенного союза изменения согласно приложению № 1.

      3. Признать утратившими силу решения Комиссии Таможенного союза и Коллегии Евразийской экономической комиссии по перечню согласно приложению № 2.

      4. Настоящее Решение вступает в силу с 1 апреля 2026 г.

      Председатель Коллегии
Евразийской экономической комиссии
Б. Сагинтаев

  УТВЕРЖДЕН
Решением Коллегии
Евразийской экономической комиссии
от 17 декабря 2024 г. № 141

ПОРЯДОК
оформления регистрации или отказа в регистрации декларации на товары, транзитной декларации и декларации на транспортное средство

I. Общие положения

      1. Настоящий Порядок определяет правила оформления регистрации или отказа в регистрации декларации на товары (далее – ДТ), транзитной декларации (далее – ТД), в том числе если в качестве ДТ и ТД используются транспортные (перевозочные) коммерческие и (или) иные документы, включая предусмотренные международными договорами государств – членов Евразийского экономического союза (далее соответственно – государства-члены, Союз) с третьей стороной, и таможенной декларации на транспортное средство (далее – ТДТС), в том числе если в качестве ТДТС используются стандартные документы перевозчика, предусмотренные международными договорами государств-членов с третьей стороной в области транспорта.

      Для целей настоящего Порядка под таможенной декларацией понимаются все документы, указанные в абзаце первом настоящего пункта.

      2. Таможенный орган регистрирует таможенную декларацию в сроки, предусмотренные пунктом 2 статьи 111 Таможенного кодекса Евразийского экономического союза (далее – Кодекс), путем присвоения ей соответствующего регистрационного номера с использованием информационной системы таможенного органа или посредством информационной системы таможенного органа без участия должностного лица и фиксирует дату и время такой регистрации.

      Регистрационный номер ДТ (в том числе если в качестве такой декларации используются транспортные (перевозочные) коммерческие и (или) иные документы, включая предусмотренные международными договорами государств-членов с третьей стороной) формируется в соответствии с Порядком заполнения декларации на товары, утвержденным Решением Комиссии Таможенного союза от 20 мая 2010 г. № 257.

      Регистрационный номер ТД (в том числе если в качестве такой декларации используются транспортные (перевозочные) коммерческие и (или) иные документы, включая предусмотренные международными договорами государств-членов с третьей стороной) формируется в соответствии с Порядком заполнения транзитной декларации, утвержденным Решением Коллегии Евразийской экономической комиссии от 30 мая 2023 г. № 73.

      Регистрационный номер ТДТС (в том числе если в качестве такой декларации используются стандартные документы перевозчика, предусмотренные международными договорами государств-членов с третьей стороной в области транспорта) формируется в соответствии с Инструкцией о порядке заполнения таможенной декларации на транспортное средство, утвержденной Решением Комиссии Таможенного союза от 14 октября 2010 г. № 422.

      Регистрационный номер таможенной декларации должен быть уникален для каждого вида таможенной декларации независимо от формы таможенного декларирования и от того, какие документы используются в качестве такой таможенной декларации.

      3. Таможенный орган отказывает в регистрации таможенной декларации в сроки, предусмотренные пунктом 2 статьи 111 Кодекса, путем оформления отказа в регистрации таможенной декларации с использованием информационной системы таможенного органа или посредством информационной системы таможенного органа без участия должностного лица.

II. Порядок оформления регистрации или отказа в регистрации таможенной декларации, поданной в виде электронного документа

      4. Регистрация таможенной декларации, поданной в виде электронного документа, оформляется таможенным органом с использованием информационной системы таможенного органа или посредством информационной системы таможенного органа без участия должностного лица в соответствии с пунктом 2 настоящего Порядка, и сведения о регистрационном номере такой таможенной декларации, дате и времени ее регистрации направляются в электронной форме декларанту или таможенному представителю в соответствии со статьей 362 Кодекса.

      Регистрация таможенной декларации, поданной в виде электронного документа, посредством информационной системы таможенного органа без участия должностного лица оформляется в случае, если соблюдены условия проверки таможенной декларации, определенные алгоритмами (техническими требованиями) работы информационной системы таможенного органа при проведении такой проверки.

      5. Отказ в регистрации таможенной декларации, поданной в виде электронного документа, оформляется таможенным органом с использованием информационной системы таможенного органа или посредством информационной системы таможенного органа без участия должностного лица, и сведения о дате и времени отказа в регистрации таможенной декларации, обо всех причинах, послуживших в соответствии с пунктом 5 статьи 111 Кодекса основанием для отказа в регистрации таможенной декларации, и, если это предусмотрено законодательством государства-члена о таможенном регулировании, рекомендации по их устранению направляются декларанту или таможенному представителю в электронной форме в соответствии со статьей 362 Кодекса.

      Оформление регистрации таможенной декларации, поданной в виде электронного документа, посредством информационной системы таможенного органа без участия должностного лица прекращается в случае несоблюдения одного из условий проверки таможенной декларации, определенных алгоритмами (техническими требованиями) работы информационной системы таможенного органа при проведении такой проверки, если это предусмотрено порядком и технологией совершения таможенных операций, установленными в соответствии со статьей 78 Кодекса законодательством государства-члена.

III. Порядок оформления регистрации или отказа в регистрации таможенной декларации, поданной в виде документа на бумажном носителе

      6. Регистрация таможенной декларации, поданной в виде документа на бумажном носителе, оформляется должностным лицом таможенного органа в соответствии с пунктом 2 настоящего Порядка путем указания в соответствующей графе таможенной декларации сведений о регистрационном номере таможенной декларации (на всех экземплярах такой таможенной декларации).

      Если в качестве ДТ используются транспортные (перевозочные), коммерческие и (или) иные документы с предоставлением письменного заявления, оформленного в соответствии с Инструкцией о порядке использования транспортных (перевозочных), коммерческих и (или) иных документов в качестве декларации на товары, утвержденной Решением Комиссии Таможенного союза от 20 мая 2010 г. № 263 (далее – Инструкция), регистрационный номер такой ДТ указывается должностным лицом таможенного органа в правом верхнем углу такого заявления.

      Если в качестве ДТ используются транспортные (перевозочные), коммерческие и (или) иные документы с предоставлением перечня товаров согласно приложению 3 к Инструкции, регистрационный номер такой ДТ указывается должностным лицом таможенного органа в соответствующей строке формы указанного перечня товаров.

      Если в качестве ДТ используются иные документы, в том числе предусмотренные международными договорами государств-членов с третьей стороной, включая карнет АТА, регистрационный номер такой ДТ указывается должностным лицом таможенного органа в соответствии с законодательством государств-членов о таможенном регулировании.

      Если в качестве ТД используется книжка МДП, заполненная в соответствии с положениями Таможенной конвенции о международной перевозке грузов с применением книжки МДП от 14 ноября 1975 года, с прилагаемыми к ней транспортными (перевозочными) и коммерческими документами, регистрационный номер такой ТД указывается должностным лицом таможенного органа в правом подразделе графы 21 отрывных листов № 1 и 2 и в графе 2 неотрывного корешка № 1 книжки МДП.

      Если в качестве ТД используется карнет АТА, заполненный в соответствии с Конвенцией о временном ввозе от 26 июня 1990 года, с прилагаемыми к нему транспортными (перевозочными) и коммерческими документами, регистрационный номер такой ТД указывается должностным лицом таможенного органа в подразделе "c" графы "H." отрывного листа (ваучера) карнета АТА голубого цвета "transit" и в графе 3 корешка карнета АТА голубого цвета "transit".

      В случае использования в качестве ТД транспортных (перевозочных) документов регистрационный номер такой ТД указывается должностным лицом таможенного органа отправления на 2 экземплярах описи документов, составляющих ТД, и транспортных (перевозочных) документах.

      Если в качестве ТДТС используются стандартные документы перевозчика, предусмотренные международными договорами государств-членов с третьей стороной в области транспорта, регистрационный номер такой ТДТС указывается на соответствующем документе (в любом свободном месте).

      При оформлении регистрации таможенной декларации, поданной в виде документа на бумажном носителе, должностное лицо таможенного органа вносит соответствующую информацию в информационную систему таможенного органа.

      7. Отказ в регистрации таможенной декларации, поданной в виде документа на бумажном носителе, оформляется должностным лицом таможенного органа путем проставления на оборотной стороне 2 экземпляров такой таможенной декларации отметки "В регистрации отказано" с указанием всех причин, послуживших в соответствии с пунктом 5 статьи 111 Кодекса основанием для отказа в регистрации таможенной декларации, и, если это предусмотрено законодательством государства-члена о таможенном регулировании, рекомендаций по их устранению, и заверяется оттиском личной номерной печати должностного лица таможенного органа.

      В случае если при оформлении отказа в регистрации таможенной декларации, поданной в виде документа на бумажном носителе, на ее оборотной стороне недостаточно места для указания необходимых сведений, такие сведения указываются на дополнительно прикладываемых к такой таможенной декларации листах формата A4, которые являются неотъемлемой частью таможенной декларации.

      В случае использования в качестве ДТ карнета АТА должностным лицом таможенного органа проставляется отметка "В регистрации отказано" с указанием сведений, предусмотренных абзацем первым настоящего пункта, на 2 копиях соответствующего отрывного листа (ваучера) карнета АТА.

      В случае использования в качестве ТД книжки МДП либо карнета АТА на 2 копиях отрывного листа № 1 книжки МДП либо на копиях соответствующего листа (ваучера) карнета АТА должностным лицом таможенного органа проставляется отметка "В регистрации отказано" с указанием сведений, предусмотренных абзацем первым настоящего пункта.

      Если в качестве ТДТС используются стандартные документы перевозчика, предусмотренные международными договорами государств-членов с третьей стороной в области транспорта, сведения, предусмотренные абзацем первым настоящего пункта, указываются на соответствующем документе (копии соответствующего документа) (в любом свободном месте).

      8. При оформлении отказа в регистрации таможенной декларации, поданной в виде документа на бумажном носителе, один экземпляр таможенной декларации с отметками, предусмотренными пунктом 7 настоящего Порядка, хранится в таможенном органе, а другой возвращается декларанту или таможенному представителю.

      В случае невозможности вручения декларанту или таможенному представителю указанного экземпляра таможенной декларации таможенный орган не позднее 5 рабочих дней, следующих за днем оформления отказа в регистрации таможенной декларации, направляет экземпляр таможенной декларации заказным почтовым отправлением с уведомлением о вручении или передает иным способом, позволяющим подтвердить факт получения.

      На экземпляре таможенной декларации, который подлежит хранению в таможенном органе, декларантом или таможенным представителем проставляются дата и время вручения ему экземпляра таможенной декларации с отметками об отказе в регистрации таможенной декларации, предусмотренными пунктом 7 настоящего Порядка, свои фамилия и инициалы, а также подпись.

      В случае отказа декларанта или таможенного представителя от проставления подписи, даты и времени вручения экземпляра таможенной декларации с отметками, предусмотренными пунктом 7 настоящего Порядка, на экземпляре таможенной декларации, который подлежит хранению в таможенном органе, проставляется подпись должностного лица таможенного органа с указанием, что декларантом (таможенным представителем) в подписи отказано (в любом свободном месте).

      При оформлении отказа в регистрации таможенной декларации, поданной в виде документа на бумажном носителе, должностным лицом таможенного органа вносится соответствующая информация в информационную систему таможенного органа либо осуществляется автоматическое формирование такого отказа посредством информационной системы таможенного органа без участия должностного лица.

      9. При необходимости информация о дате и времени регистрации или об отказе в регистрации таможенной декларации, поданной в виде документа на бумажном носителе, может быть представлена таможенным органом по запросу декларанта или таможенного представителя.

  ПРИЛОЖЕНИЕ № 1
к Решению Коллегии
Евразийской экономической комиссии
от 17 декабря 2024 г. № 141

ИЗМЕНЕНИЯ,
вносимые в Решения Комиссии Таможенного союза

      1. В Решении Комиссии Таможенного союза от 17 августа 2010 г. № 438 "О Порядке совершения таможенными органами таможенных операций, связанных с подачей, регистрацией транзитной декларации и завершением таможенной процедуры таможенного транзита":

      а) в наименовании и тексте слово ", регистрацией" исключить;

      б) в Порядке совершения таможенными органами таможенных операций, связанных с подачей, регистрацией транзитной декларации и завершением таможенной процедуры таможенного транзита, утвержденном указанным Решением:

      в наименовании и пункте 1 слово ", регистрацией" исключить;

      в наименовании раздела II слова "и регистрацией" исключить;

      пункты 410 признать утратившими силу;

      в пункте 26 слово ", регистрацией" исключить;

      в нумерационном заголовке приложения № 1 к указанному Порядку слово ", регистрацией" исключить.

      2. В Инструкции о порядке совершения отдельных таможенных операций в отношении временно ввозимых и временно вывозимых транспортных средств международной перевозки, утвержденной Решением Комиссии Таможенного союза от 18 ноября 2010 г. № 511:

      а) в пункте 1 слова "порядок регистрации ТДТС," исключить;

      б) подпункты 1 и 2 пункта 12 изложить в следующей редакции:

      "1) фиксирование даты и времени подачи ТДТС;

      2) регистрация ТДТС либо отказ в регистрации ТДТС;";

      в) подпункты 1 и 2 пункта 28 изложить в следующей редакции:

      "1) фиксирование даты и времени подачи документов;

      2) регистрация завершения временного ввоза или временного вывоза ТСМП;".

  ПРИЛОЖЕНИЕ № 2
к Решению Коллегии
Евразийской экономической комиссии
от 17 декабря 2024 г. № 141

ПЕРЕЧЕНЬ
решений Комиссии Таможенного союза и Коллегии Евразийской экономической комиссии, признанных утратившими силу

      1. Абзац пятый пункта 162 Инструкции о порядке совершения отдельных таможенных операций в отношении временно ввозимых и временно вывозимых транспортных средств международной перевозки, утвержденной Решением Комиссии Таможенного союза от 18 ноября 2010 г. № 511.

      2. Решение Коллегии Евразийской экономической комиссии от 2 июля 2014 г. № 98 "Об Инструкции о порядке регистрации или отказа в регистрации декларации на товары".

      3. Пункт 4 изменений, вносимых в Порядок совершения таможенными органами таможенных операций, связанных с подачей, регистрацией транзитной декларации и завершением таможенной процедуры таможенного транзита (приложение к Решению Коллегии Евразийской экономической комиссии от 10 ноября 2015 г. № 147).

      4. Пункт 4 изменений, вносимых в решения Комиссии Таможенного союза и Коллегии Евразийской экономической комиссии (приложение к Решению Коллегии Евразийской экономической комиссии от 21 мая 2019 г. № 83).

      5. Подпункт "б" пункта 3 Решения Коллегии Евразийской экономической комиссии от 30 мая 2023 г. № 73 "Об утверждении формы транзитной декларации и порядка ее заполнения, а также об изменении и признании утратившими силу некоторых решений Комиссии Таможенного союза и Коллегии Евразийской экономической комиссии".