2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 45-бабына және Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексінің 19-бабына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия алқасы шешті:
1. 2021 жылғы 14 қыркүйектегі Еуразиялық экономикалық комиссиясы кеңесінің № 80 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасына ескертулерге мынадай өзгерістер енгізілсін:
а) "Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің көлік саласындағы уәкілетті атқарушы билік органы" кестесіндегі "Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі" деген сөздермен ауыстырылсын, "Ресей Федерациясының Көлік министрлігі" деген сөздер "Теңіз және өзен көлігі федералдық агенттігі" деген сөздермен ауыстырылсын;
б) "Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің өнеркәсіп саласындағы мемлекеттік саясатын әзірлеу және нормативтік-құқықтық реттеу жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын атқарушы биліктің уәкілетті органы" кестесіндегі "Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі" деген сөздермен ауыстырылсын, "Қырғыз Республикасының Энергетика және өнеркәсіп министрлігі" деген сөздер "Қырғыз Республикасының Экономика және коммерция министрлігі – жеңіл және ауыр өнеркәсіп саласында; Қырғыз Республикасының су ресурстары, ауыл шаруашылығы және қайта өңдеу өнеркәсібі министрлігі – қайта өңдеу өнеркәсібі саласында" деген сөздермен ауыстырылсын;
в) "Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің ветеринария, өсімдіктер карантині және оларды қорғау саласындағы бақылау және қадағалау жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын атқарушы биліктің уәкілетті органы" кестесіндегі "Қырғыз Республикасының Ауыл шаруашылығы және мелиорация министрлігі, Қырғыз Республикасының Үкіметі жанындағы Ветеринариялық және фитосанитариялық қауіпсіздік жөніндегі мемлекеттік инспекция" деген сөздер "Қырғыз Республикасының су ресурстары, ауыл шаруашылығы және қайта өңдеу өнеркәсібі министрлігі" деген сөздермен ауыстырылсын;
г) "Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің отын-энергетика кешені саласындағы мемлекеттік саясатты әзірлеу мен іске асыру және нормативтік-құқықтық реттеу жөніндегі функцияларын жүзеге асыратын атқарушы биліктің уәкілетті органы" кестесіндегі "Қырғыз Республикасының Энергетика және өнеркәсіп министрлігі" деген сөздер "Қырғыз Республикасының Энергетика министрлігі" деген сөздермен ауыстырылсын;
д) "Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің жер қойнауын пайдалану саласында мемлекеттік қызметтер көрсету және мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын атқарушы биліктің уәкілетті органы" кестесіндегі "Қырғыз Республикасы Үкіметінің жанындағы Геология және минералдық ресурстар жөніндегі мемлекеттік агенттік" деген сөздер Қырғыз "Республикасының Табиғи ресурстар, экология және техникалық қадағалау министрлігі" деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Осы шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссиясы алқасының төрағасы |
Б. Сағынтаев |