Келісілген макроэкономикалық саясатты жүргізу туралы хаттаманың 4-тармағының 5-тармақшасына сәйкес (Еуразиялық экономикалық одақ туралы 2014 жылғы 29 мамырдағы шартқа тіркелген № 14 қосымша) Еуразиялық экономикалық комиссия алқасы шешті:
1. Қоса беріліп отырған Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің әлеуметтік – экономикалық дамуының 2024 жылға және 2025-2027 жылдар кезеңіне арналған ресми болжамдарын дайындау үшін болжамдардың сыртқы параметрлерінің аралық сандық мәні бекітілсін.
2. Осы шешім ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.
|
Еуразиялық экономикалық комиссия алқасы төрағасының міндетін уақытша атқарушы |
Б. Сұлтанов |
| Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының 2024 жылғы 16 шілдедегі № 83 шешімімен БЕКІТІЛГЕН |
Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің әлеуметтік-экономикалық дамуының 2024 жылға және 2025 – 2027 жылдар кезеңіне арналған ресми болжамдарын дайындау үшін болжамдардың сыртқы параметрлерінің аралық сандық мәндері
Өлшеу бірлігі | Болжам | ||||
2024 жыл | 2025 жыл | 2026 жыл | 2027 жыл | ||
1. Әлемдік экономиканың даму қарқыны болжамдарының аралық сандық мәндері (сатып алу қабілетінің тепе-теңдігі бойынша есебі) | өткен жылға қосылатын пайыздар | 2,4 – 3,2 | 2,6 – 3,2 | 2,7 – 3,2 | 2,7 – 3,1 |
2. Brent маркалы мұнай бағасы болжамдарының аралық сандық мәндері | барреліне АҚШ доллары | 77,5 – 87,0 | 68,8 – 85,0 | 62,1 – 76,0 | 59,1 – 72,0 |