Еуразиялық экономикалық одақ туралы 2014 жылғы 29 мамырдағы шарттың 106-бабының 3-тармағын және ауыл шаруашылығын мемлекеттік қолдау шаралары туралы хаттаманың 8-тармағының үшінші абзацын (көрсетілген шартқа № 29 қосымша) басшылыққа ала отырып, Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес шешті:
1. 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап Беларусь Республикасы үшін Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің ауыл шаруашылығы тауарларымен өзара саудасына бұрмалаушы әсер ететін шаралар деңгейін есептеу Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесінің 2016 жылғы 18 қазандағы № 163 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің ауыл шаруашылығы тауарларымен өзара саудасына бұрмалаушы әсер ететін ауыл шаруашылығын мемлекеттік қолдау шараларының рұқсат етілген деңгейін есептеу әдіснамасына сәйкес жүзеге асырылады.
2. Осы шешімнің 1-тармағына сәйкес есептелетін Беларусь Республикасына арналған ауыл шаруашылығын мемлекеттік қолдаудың рұқсат етілген көлемі 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап 2030 жылғы 1 қаңтарға дейін 10 пайыздан аспауы тиіс деп белгіленсін.
3. Осы шешім 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді.
Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің мүшелері:
Армения |
Беларусь |
Қазақстан |
Қырғыз |
Ресей |