Бір тараптан Еуразиялық экономикалық одақ пен оған мүше мемлекеттер, екінші тараптан, Қытай Халық Республикасы арасындағы Еуразиялық экономикалық кеңестің 2021 жылғы 20 тамыздағы №17 өкімімен бекітілген, Сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамыту мүддесінде темір жол жүк тасымалдарын цифрландыру жөніндегі бірінші кезектегі іс-шаралар жоспарының орындалуына жүргізілетін мониторинг нәтижелері туралы Еуразиялық экономикалық комиссиясының баяндамасын назарға ала отырып (бұдан әрі соған сәйкес – баяндама, іс-шаралар жоспары):
1. Еуразиялық экономикалық комиссияның қатысуымен Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің үкіметтері:
баяндамада қамтылған қорытындыларды ескере отырып, іс-шаралар жоспарын 2026 жылға дейін іске асыруды қамтамасыз етсін;
Қытай Халық Республикасымен жүк тасымалдарын цифрландыру мәселесі бойынша, оның ішінде, бір тараптан Еуразиялық экономикалық одақ пен оған мүше мемлекеттер және екінші тараптан Қытай Халық Республикасы арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық туралы келісімнің 12.1-бабына сәйкес 2018 жылғы 17 мамырда құрылған Бірлескен комиссиясы 2023 жылдың 16 ақпанында қабылдаған "Көлік дәліздерін цифрландыру" бөлімінде көзделген бір тараптан Еуразиялық экономикалық одақ пен оған мүше мемлекеттер және екінші тараптан Қытай Халық Республикасы арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамыту жөніндегі жоспардың ("Жол картасы") іс-шараларын іске асыру мақсатында ынтымақтастықты жалғастырсын.
2. Еуразиялық экономикалық комиссиясы осы өкімнің 1-тармағында көрсетілген жоспарлардың іске асырылу барысы туралы 2024 жылғы І жартыжылдықта және одан әрі жыл сайын Еуразиялық үкіметаралық кеңесті хабардар етсін.
3. Осы өкім қабылданған күннен бастап күшіне енеді.
Еуразиялық үкіметаралық кеңесінің мүшелері:
Армения |
Беларусь |
Қазақстан |
Қырғыз |
Ресей |