2019 жылғы 25 қазандағы Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде ауыл шаруашылығы жануарларымен селекциялық-асыл тұқымдық жұмыс жүргізуді біріздендіруге бағытталған шаралар туралы келісімнің 4-бабын іске асыру мақсатында Еуразиялық үкіметаралық кеңес шешті:
1. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің олардың негізінде мүше мемлекеттерде жүргізілетін асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы селекциялық-асыл тұқымдық жұмысты талдамалық қамтамасыз ету жүзеге асырылатын мекемелерінің (ұйымдарының) тізбесінің III бөлімі (2021 жылғы 5 ақпандағы Еуразиялық үкіметаралық кеңестің № 2 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерде жүргізілетін асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы селекциялық-асыл тұқымдық жұмысты үйлестіру және талдамалық қамтамасыз ету тәртібіне қосымша) мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"Агроөнеркәсіптік кешендегі экономикалық саясаттың талдау орталығы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.
2. Осы шешім Еуразиялық экономикалық одақтың ресми сайтында жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.
Еуразиялық үкіметаралық кеңес мүшелері:
Армения |
Беларусь |
Қазақстан |
Қырғыз |
Ресей |