Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2014 жылғы 10 қазандағы № 85 шешімінің 2-тармағына сәйкес Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес шешті:
1. 2024 жылға Еуразиялық экономикалық одақтың Сотына жүгінген кезде шаруашылық жүргізуші субъектілер төлейтін баж мөлшері Еуразиялық экономикалық одақтың 2024 жылға арналған бюджетінің жобасын дайындау кезінде болжанатын, 4,5 пайызды құрайтын тұтынушылық бағалардың өсу индексіне сәйкес 54 859 Ресей рубльі мөлшерінде бекітілсін.
2. Осы шешім 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді.
Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің мүшелері:
Армения Республикасынан | Беларусь Республикасынан | Қазақстан Республикасынан | Қырғыз Республикасынан | Ресей Федерациясынан |