Өзара сауда шеңберінде есеп айырысуды жүзеге асыру кезінде Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің ұлттық валюталарын пайдалануды кеңейту жөніндегі одан арғы жұмыс туралы

Еуразиялық Үкіметаралық Кеңестің 2022 жылғы 26 тамыздағы № 20 Өкімі

      1. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің өзара саудасында ұлттық валюталарды пайдалануды дамыту жөніндегі ұсынымдар мақұлдансын.

      2. Еуразиялық экономикалық комиссиядан Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің үкіметтерімен және орталық (ұлттық) банктерімен бірлесіп Еуразиялық экономикалық комиссияның Кеңесін Ұсынымдардың іске асырылу барысы туралы жарты жылда бір рет хабардар етіп тұру сұралсын.

      3. Осы Өкім қабылданған күнінен бастап күшіне енеді.

      Еуразиялық үкіметаралық кеңес мүшелері:

Армения
Республикасынан

Беларусь
Республикасынан

Қазақстан
Республикасынан

Қырғыз
Республикасынан

Ресей
Федерациясынан

  Еуразиялық үкіметаралық
кеңестің
2022 жылғы 26 тамыздағы
№ 20 өкімімен
МАҚҰЛДАНҒАН

Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің өзара саудасында ұлттық валюталарды пайдалануды дамыту жөніндегі ҰСЫНЫМДАР

      Еуразиялық экономикалық одақтың дамуы және ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер арасындағы өзара сауданың дәйекті өсуі өзара есеп айырысуда ұлттық валюталардың үлесінің артуымен қатар жүреді. Одақ құрылғаннан бері жеті жыл ішінде олардың үлесі 70 %-тен асып, 2022 жылға қарай 74 % көрсеткішке жетті.

      Ұлттық валюталарды пайдалануды кеңейту ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің кооперациялық байланыстарын нығайтуға, сондай-ақ ұлттық экономикалардың сыртқы факторлардан тәуелсіздігін арттыруға ықпал етеді.

      Халықаралық сауда архитектурасының өзгеруі, логистикалық тізбектердің жаһандық қайта құрылуы ұлттық валюталарда есеп айырысудың одан әрі сапалы өсуіне жағдай жасайды. Болашақта ұлттық экономикалардың экономикалық егемендігін қамтамасыз етудің маңызды факторы ретінде есеп айырысудың рөлі дәйекті түрде артады.

      Бүгінгі таңда ұлттық валюталардың қомақты үлесіне, сондай-ақ қолайлы экономикалық конъюнктураға қарамастан, Одаққа мүше мемлекеттердің өзара саудасы шеңберіндегі есеп айырысулар экономикалық байланыстардың одан әрі дамуына кедергі келтіретін шектеулерге жиі тап болады. Бұл өзара сауда үшін тәуекелдер туғызады, белгісіздік факторын арттырады, бұл, сайып келгенде, ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің шаруашылық жүргізуші субъектілері мен тұтынушыларына теріс әсер етеді.

      Бұдан басқа, Одаққа мүше мемлекеттердің ұлттық валюталарында номинацияланған биржалық құралдардың даму үшін әлеуеті зор.

      ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің ұлттық валюталарда есеп айырысуын дамыту жөніндегі келісілген жұмысын ұйымдастыру мақсатында осы ұсынымдар осы жұмыстың түйінді бағыттары мен басым міндеттерін, сондай-ақ оларға қол жеткізу индикаторларын айқындайды.

      Басым бағыттар ретінде мыналарды бөліп көрсету керек:

      1. ЕАЭО шеңберінде тәуелсіз төлем инфрақұрылымдарын дамыту.

      Бұл бағытта мыналар ұсынылады:

      1.1 ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің төлем карталарының ұлттық жүйелерінің жүйеаралық өзара іс-қимылын қамтамасыз ету.

      Бүгінгі таңда Одаққа мүше мемлекеттерде төлем карталарының мынадай ұлттық жүйелері жұмыс істейді, олардың арасында жүйеаралық өзара іс-қимыл ұйымдастырылған – Армения Республикасында "Армениан Кард", Беларусь Республикасында "Белкарт", Қырғыз Республикасында "Элкарт" және Ресей Федерациясында "Мир". Бұдан басқа, Қазақстан Республикасында төлем карталарының ұлттық банкаралық жүйесін құру бойынша жұмыстар жүргізілуде.

      Одақ шеңберінде ұлттық валюталардағы трансшекаралық төлемдер мен есеп айырысулардың дәйекті өсіп келе жатқан үлесі, сондай-ақ шетелдік төлем жүйелерін пайдалануға байланысты тәуекелдер ЕАЭО елдерінің жұмыс істеп тұрған ұлттық төлем карталары жүйелерінің жүйеаралық өзара іс-қимылын ұйымдастыру қажеттігін негіздейді.

      Осы ұсынымды іске асыру индикаторы ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің ұлттық төлем карталарын өзара қабылдауды қамтамасыз ету болып табылады.

      1.2 ЕАЭО елдері банктерінің ұлттық валюталардағы корреспонденттік шоттарының жеткілікті желісінің жұмыс істеуі.

      ЕАЭО шеңберінде Одақ елдерінің шаруашылық жүргізуші субъектілерінің трансшекаралық есеп айырысуы бүгінгі күні Одаққа мүше мемлекеттердің банктері ашқан корреспонденттік шоттардың дамыған желісін пайдалана отырып жүзеге асырылады. Корреспонденттік қатынастар ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің 200-ден астам коммерциялық банктері арасында орнатылған. Құрылған корреспонденттік шоттар желісі тұтастай алғанда Одақ елдерінің өзара саудасы шеңберінде есеп айырысуды жүзеге асыруды қамтамасыз етеді.

      Бұл ретте өзара есеп айырысудағы ұлттық валюталар үлесінің дәйекті ұлғаюын ескере отырып, корреспонденттік шоттарды пайдалана отырып есеп айырысуды одан әрі дамыту ұлттық валюталарда ашылатын шоттар үлесінің дәйекті ұлғаюымен қалыптастырылған корреспонденттік желінің жұмыс істеуін сақтауды көздейді.

      Осы ұсынымды іске асыру индикаторы ЕАЭО елдерінің ұлттық валюталарында құрылған корреспонденттік шоттар жүйесі арқылы Одақ елдерінің экономикалық операторлары арасындағы есеп айырысуларды жүзеге асыру болып табылады.

      1.3 Өзара корреспонденттік шоттар бойынша трансшекаралық есеп айырысулар шеңберінде Swift пайдаланбай қаржылық ақпарат алмасу мүмкіндігін қамтамасыз ету.

      ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің өзара саудасы шеңберінде ашық корреспонденттік шоттар бойынша есеп айырысуларды үздіксіз жүзеге асыру Swift-тен тәуелсіз қаржылық ақпарат алмасу арналарын пайдалану мүмкіндігіне тікелей байланысты.

      Бүгінгі күні Одаққа мүше мемлекеттер Одақ елдерінің ұлттық (орталық) банктерін өзара сауда шеңберінде шаруашылық жүргізуші субъектілердің есеп айырысуларын жүзеге асыру үшін қажетті қаржылық ақпараттың кепілді берілуін қамтамасыз ететін Ресей Банкінің қаржылық хабарламаларды беру жүйесіне (ҚХБЖ) қосу бойынша белсенді жұмыс жүргізуде.

      Бұдан басқа, ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер арасында қаржылық ақпаратты кедергісіз беру мүмкіндіктерін кеңейтуге ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің коммерциялық қаржы ұйымдарын Ресей Банкінің ҚХБЖ-на, оның ішінде сервис-бюро нысанында қосу да ықпал ететін болады.

      Осы ұсынымның іске асырылу индикаторы өзара корреспонденттік шоттар бойынша трансшекаралық есеп айырысуларды жүзеге асыру кезінде (2022 жылдың соңына дейін) қаржылық ақпарат алмасу үшін сыртқы сауда қызметіне қызмет көрсететін кредиттік ұйымдардың, оның ішінде Ресей Банкінің ҚХБЖ-ның баламалы Swift арналарын пайдалану мүмкіндігін қамтамасыз ету болып табылады.

      2. Ұлттық валютадағы ұйымдасқан сауданы дамыту.

      Бұл бағытта мыналар ұсынылады:

      2.1. ЕАЭО ұлттық валюталарының валюталық жұптарымен сауда-саттықты дамыту

      Одақ шеңберінде ұлттық валюталардағы есеп айырысу үлесінің дәйекті ұлғаюы тиісті валюталарды сатып алу (айырбастау) жөніндегі операцияларға ұзақ мерзімді сұранысты қалыптастырады. Жасалған келісімшарттар бойынша өзара есеп айырысуларда пайдалану үшін валюта сатып алуды қамтамасыз ететін негізгі тетіктердің бірі биржалық валюта нарығы болып табылады.

      ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің ұлттық валюталарының валюталық жұптарымен биржалық сауданы дамыту әлеуетінің көрсеткіші, атап айтқанда, ұлттық валюталардың валюталық жұптары саудасының ай сайынғы көлемдерінің өсуі болуы мүмкін. Мысалы, Мәскеу биржасында Ресей рублі – Қазақстан теңгесі валюталық жұбы бойынша операциялар көлемі 2022 жылдың 1 жартыжылдығында 2021 жылдың 2 жартыжылдығына қатысты 3,05 есеге ұлғайды.

      Одақ елдері валюталарының валюталық жұптарымен биржалық сауда-саттық көлемі бүгінгі күні резервтік валюталардың валюталық жұптарымен салыстырғанда салыстырмалы түрде аз болғанына қарамастан, ЕАЭО шеңберіндегі өзара есеп айырысу құрылымымен, сондай-ақ өзара сауданың өсіп келе жатқан үлесімен түбегейлі негізделген олардың өсу әлеуеті жоғары деп бағаланады.

      Мұндай сауда-саттықтардың өтімділігін, сондай-ақ оларға тиісті валюталар бойынша өтімділік беруші Одақ елдерінің ірі банктерінің қатысуы үшін жағдайлар жасау, сондай-ақ сауда-саттыққа қатысушыларға өзара рұқсат беру және, ең алдымен, осы валюталарға ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер экономикаларының нақты секторы тарапынан сұранысты қамтамасыз ету мақсатында ЕАЭО елдерінің биржалары арасында екіжақты келісімдер жасасу жолымен ұлттық валюталарда өзара баға белгілеулерді қалыптастыруды қамтамасыз ету қажет.

      Осы ұсынымның іске асырылу индикаторы:

      – ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің биржаларында ЕАЭО ұлттық валюталарының валюталық жұптарымен сауда-саттықты іске қосу;

      2.2 ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің шаруашылық жүргізуші субъектілерінің қатысуымен ұлттық валюталарда тауар-шикізат активтерінің ұйымдастырылған саудасын іске қосу.

      Ұйымдастырылған (биржалық) сауда тауар-шикізат активтеріне кемсітусіз қол жеткізуді, сондай-ақ оларға әділ баға белгілеуді қамтамасыз етудің негізгі құралдарының бірі болып табылады.

      Осы бағытты дамыту Еуразиялық экономикалық интеграцияны дамытудың 2025 жылға дейінгі стратегиялық бағыттарында (Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2020 жылғы 11 желтоқсандағы № 12 шешімімен бекітілген) тікелей көзделген, олар ЕАЭО-ны дамытудың перспективалық мақсаттарының бірі ретінде тауарлардың ортақ ұйымдасқан нарығын қалыптастыруды айқындайды.

      Бүгінгі күні осы міндетті практикалық тұрғыдан іске асырудың басым бағыты Еуразиялық экономикалық интеграцияны дамытудың 2025 жылға дейінгі стратегиялық бағыттарына сәйкес сауда қызметі субъектілерін ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің тауар биржаларына өзара әділ жіберу үшін құқықтық және ұйымдастырушылық негіздерді қалыптастыру жөніндегі кезең-кезеңмен жұмыс болып табылады.

      Осы міндетті іске асыру ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің ұлттық нарықтарын тауар биржаларында сауда-саттықты ұйымдастырудың жаңа жағдайларына бейімдеуге мүмкіндік береді.

      Осы ұсынымның іске асырылу индикаторлары:

      - Тауарлардың ортақ биржалық нарығын дамыту бағдарламасын, оның ішінде ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің ұйымдастырылған сауда-саттықтарында ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің шаруашылық жүргізуші субъектілерінің қатысуымен тауар-шикізат активтері саудасын іске қосу үшін жағдайлар қалыптастыруға бағытталған іс-шараларды қамтитын бағдарламаны дайындау.

      3. Ұлттық валюталарды пайдалануды кеңейту мәселелері бойынша бизнес-қоғамдастықпен өзара іс-қимылды жандандыру.

      Еуразиялық экономикалық комиссияның (ЕЭК) және ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің уәкілетті органдарының бірлескен жұмысының маңызды бағыты Одаққа мүше мемлекеттердің шаруашылық жүргізуші субъектілеріне өзара сауда шеңберінде ұлттық валюталарда есеп айырысудың артықшылықтары мен мүмкіндіктері туралы ақпаратты жеткізу, сондай-ақ ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің валюталарында есеп айырысуды дамыту бойынша бірлескен ұсыныстар (оның ішінде ЕАЭО Іскерлік кеңесінің базасында) әзірлеу болып табылады.

      ЕАЭО-ға мүше мемлекеттерге өзара сауда шеңберінде ұлттық валюталарды пайдалануды кеңейту бойынша мүше мемлекеттер жүргізіп жатқан жұмысқа ұлттық бизнес-қауымдастықтарды белсендірек тарту ұсынылады.

      Бірлескен жұмыс Одаққа мүше мемлекеттердің шаруашылық жүргізуші субъектілерінің өзара сауда шеңберінде ұлттық валютадағы өзара есеп айырысуларын кезең-кезеңімен кеңейту үшін жағдай жасайды.

О дальнейшей работе по расширению использования национальных валют государств-членов Евразийского экономического союза при осуществлении расчетов в рамках взаимной торговли

Распоряжение Евразийского Межправительственного Совета от 26 августа 2022 года № 20.

      1. Одобрить Рекомендации по развитию использования национальных валют во взаимной торговле государств - членов Евразийского экономического союза.

      2. Просить Евразийскую экономическую комиссию совместно с правительствами и центральными (национальными) банками государств - членов Евразийского экономического союза информировать Совет Евразийской экономической комиссии один раз в два года о ходе реализации Рекомендаций.

      Сноска. Пункт 2 с изменением, внесенным распоряжением Евразийского Межправительственного Совета от 31.01.2025 № 3 (вступает в силу с даты его опубликования на официальном сайте Евразийского экономического союза).

      3. Настоящее распоряжение вступает в силу с даты его принятия.

      Члены Евразийского межправительственного совета:

От Республики
Армения

От Республики
Беларусь

От Республики
Казаъстан

От Кыргызской
Республики

От Российской
Федерации


  ОДОБРЕН
распоряжением Евразийского
межправительственного совета
от 26 августа № 20

РЕКОМЕНДАЦИИ
по развитию использования национальных валют во взаимной
торговле государств-членов Евразийского экономического союза

      Развитие Евразийского экономического союза и последовательный рост взаимной торговли между государствами-членами ЕАЭС сопровождаются повышением доли национальных валют во взаимных расчетах. За прошедшие с момента создания Союза семь лет, их доля превысила 70%, достигнув к 2022 году показателя в 74%.

      Расширение использования национальных валют способствует укреплению кооперационных связей государств-членов ЕАЭС, а также повышению независимости национальных экономик от внешних факторов.

      Изменение архитектуры международной торговли, глобальная перестройка логистических цепочек создает условия для дальнейшего качественного увеличения расчетов в национальных валютах. Роль таких расчетов, как значимого фактора обеспечения экономического суверенитета национальных экономик, в дальнейшем, будет последовательно возрастать.

      На сегодняшний день, несмотря на значительную долю национальных валют, а также благоприятную экономическую конъюнктуру, расчеты в рамках взаимной торговли государств-членов Союза нередко сталкиваются с ограничениями, препятствующими дальнейшему развитию экономических связей. Это создает риски для взаимной торговли, повышает фактор неопределенности, что, в конечном итоге, негативно сказывается на хозяйствующих субъектах и потребителях государств-членов ЕАЭС.

      Помимо этого, существенный потенциал для развития имеют биржевые инструменты, номинированные в национальных валютах государств-членов Союза.

      В целях организации согласованной работы государств-членов ЕАЭС по развитию расчетов в национальных валютах, настоящие Рекомендации выделяют ключевые направления и приоритетные задачи данной работы, а также индикаторы их достижения.

      В качестве приоритетных направлений следует выделить:

      1. Развитие в рамках ЕАЭС независимых платежных инфраструктур.

      На данном направлении рекомендуется:

      1.1 Обеспечение межсистемного взаимодействия национальных систем платежных карт государств-членов ЕАЭС.

      На сегодняшний день в государствах-членах Союза функционируют следующие национальные системы платежных карт, между которыми организовано межсистемное взаимодействие - "Армениан Кард" в Республике Армения, "Белкарт" в Республике Беларусь, "Элкарт" в Кыргызской Республике и "Мир" в Российской Федерации. Помимо этого, в Республике Казахстан ведется работа по созданию национальной Межбанковской системы платежных карт.

      Последовательно возрастающая доля трансграничных платежей и расчетов в национальных валютах в рамках Союза, а также риски, связанные с использованием зарубежных платежных систем, обуславливают необходимость организации межсистемного взаимодействия функционирующих национальных систем платежных карт стран ЕАЭС.

      Индикатором реализации данной рекомендации является обеспечение взаимного приема национальных платежных карт государств-членов ЕАЭС.

      1.2 Функционирование достаточной сети корреспондентских счетов банков стран ЕАЭС в национальных валютах.

      Трансграничные расчеты хозяйствующих субъектов стран Союза в рамках ЕАЭС на сегодняшний день осуществляются с использованием развитой сети корреспондентских счетов, открытых банками государств-членов Союза. Корреспондентские отношения установлены между более чем 200 коммерческими банками государств- членов ЕАЭС. Созданная сеть корреспондентских счетов, в целом, обеспечивает осуществление расчетов в рамках взаимной торговли стран Союза.

      При этом дальнейшее развитие расчетов с использованием корреспондентских счетов, с учетом последовательного увеличения доли национальных валют во взаиморасчҰтах, предполагает сохранение функционирования сформированной корреспондентской сети с последовательным увеличением доли счетов, открываемых в национальных валютах.

      Индикатором реализации данной рекомендации является осуществление расчетов между экономическими операторами стран Союза через созданную систему корреспондентских счетов в национальных валютах стран ЕАЭС.

      1.3 Обеспечение возможности обмена финансовой информацией без использования SWIFT в рамках трансграничных расчетов по взаимным корреспондентским счетам.

      Бесперебойное осуществление расчетов по открытым корреспондентским счетам в рамках взаимной торговли государств-членов ЕАЭС прямо зависит от возможности использования независимых от SWIFT каналов обмена финансовой информацией.

      На сегодняшний день государствами-членами Союза проводится активная работа по подключению национальных (центральных) банков стран Союза к Системе передачи финансовых сообщений (СПФС) Банка России, обеспечивающей гарантированную передачу финансовой информации, необходимой для осуществления расчетов хозяйствующих субъектов в рамках взаимной торговли.

      Кроме того, расширению возможностей беспрепятственной передачи финансовой информации между государствами - членами ЕАЭС способствовало бы также подключение коммерческих финансовых организаций государств-членов ЕАЭС к СПФС Банка России, в том числе, в форме сервис-бюро.

      Индикатором реализации данной рекомендации является обеспечение возможности использования кредитными организациями, обслуживающими внешнеторговую деятельность, альтернативных SWIFT каналов для обмена финансовой информацией, в том числе СПФС Банка России, при осуществлении трансграничных расчҰтов по взаимным корреспондентским счетам (до конца 2022 года).

      2. Развитие организованной торговли в национальных валютах.

      На данном направлении рекомендуется:

      2.1 Развитие торгов валютными парами национальных валют ЕАЭС

      Последовательное увеличение доли расчҰтов в национальных валютах в рамках Союза формирует долгосрочный спрос на операции по покупке (обмену) соответствующих валют. Одним из ключевых механизмов, обеспечивающих приобретение валюты для использования во взаимных расчетах по заключенным контрактам, является биржевой валютный рынок.

      Показателем потенциала развития биржевой торговли валютными парами национальных валют государств-членов ЕАЭС может, в частности, служить рост ежемесячных объемов торговли валютных пар национальных валют. Например, объем операций по валютной паре российский рубль - казахстанский тенге на Московской бирже за 1 полугодие 2022 года по отношению ко 2 полугодию 2021 года увеличился в 3,05 раз.

      Несмотря на то, что объемы биржевых торгов валютными парами валют стран Союза на сегодняшний день сравнительно невелики по сравнению с валютными парами резервных валют, потенциал их роста, фундаментально обусловленный структурой взаимных расчҰтов в рамках ЕАЭС, а также возрастающей долей взаимной торговли, оценивается как высокий.

      Необходимо обеспечить ликвидность таких торгов, а также формирование взаимных котировок в национальных валютах, путем создания условий для участия в них крупных банков стран Союза - поставщиков ликвидности по соответствующим валютам, а также заключения двусторонних соглашений между биржами стран ЕАЭС в целях взаимного допуска участников торгов и, прежде всего, обеспечением спроса на эти валюты со стороны реального сектора экономик государств - членов ЕАЭС.

      Индикатором реализации данной рекомендации является:

      - запуск на биржах государств-членов ЕАЭС торгов валютными парами национальных валют ЕАЭС;

      2.2 Запуск организованной торговли товарно-сырьевыми активами с участием хозяйствующих субъектов государств-членов ЕАЭС в национальных валютах.

      Организованная (биржевая) торговля служит одним из ключевых инструментов обеспечения недискриминационного доступа к товарносырьевым активам, а также справедливого ценообразования на них.

      Развитие данного направления прямо предусмотрено Стратегическими направлениями развития евразийской экономической интеграции до 2025 года (утверждены Решением Высшего Евразийского экономического совета от 11 декабря 2020 года № 12), определяющими в качестве одной из перспективных целей развития ЕАЭС формирование общего организованного рынка товаров.

      На сегодняшний день приоритетным направлением практической реализации данной задачи является поэтапная работа по формированию правовой и организационной основ для взаимного справедливого допуска субъектов торговой деятельности на товарные биржи государств-членов ЕАЭС в соответствии со Стратегическими направлениями развития евразийской экономической интеграции до 2025 года.

      Реализация данной задачи позволит адаптировать национальные рынки государств-членов ЕАЭС к новым условиям организации торгов на товарных биржах.

      Индикаторами реализации данной рекомендации являются:

      - подготовка Программы развития общего биржевого рынка товаров, в том числе включающей мероприятия, направленные на формирование условий для запуска на организованных торгах государств-членов ЕАЭС торговли товарно-сырьевыми активами с участием хозяйствующих субъектов государств-членов ЕАЭС.

      3. Активизация взаимодействия с бизнес сообществом по вопросам расширения использования национальных валют.

      Важным направлением совместной работы Евразийской экономической комиссии (ЕЭК) и уполномоченных органов государств- членов ЕАЭС является доведение до хозяйствующих субъектов государств- членов Союза информации о преимуществах и возможностях расчетов в национальных валютах в рамках взаимной торговли, а также выработка совместных предложений (в том числе на базе Делового совета ЕАЭС) по развитию расчетов в национальных валютах государств-членов ЕАЭС.

      Государствам-членам ЕАЭС рекомендуется активнее вовлекать национальные бизнес-ассоциации в проводимую государствами-членами работу по расширению использования национальных валют в рамках взаимной торговли.

      Проводимая совместная работа создаст условия для поэтапного расширения взаиморасчетов хозяйствующих субъектов государств-членов Союза в национальных валютах в рамках взаимной торговли.