Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексінің 22-бабы 1-тармағының бірінші абзацына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:
1. Құрамында шамамен 74 пайыз селитрасы бар эмульсия болып табылатын (мұнай өнімдері мен эмульгаторлар қоспасында дисперсті аммиак селитрасының сулы ерітіндісі болып табылатын), 60 oС температурада тығыздығы кемінде 1,33 г/см3 болатын, жарылыс жұмыстары үшін қолданылатын өнеркәсіптік жарылғыш заттарды дайындауға арналған эмульсиялық өнеркәсіптік жарылғыш заттардың жарылмайтын компоненті, Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасын түсіндірудің 1 негізгі ережесіне сәйкес Еуразиялық экономикалық одақтың Сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасының 3824 тауар позициясында сыныпталады.
2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.
|
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы |
М. Мясникович |