ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 3 т. қараңыз
2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 51-бабы 1-тармағының 11 және 12-тармақшаларында көзделген қағидаттарды іске асыру мақсатында және Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 98 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық комиссияның Жұмыс регламентіне № 2 қосымшаның 7-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:
1. Қоса беріліп отырған Оларды қолдану нәтижесінде Кеден одағының "Газ тәрізді отынмен жұмыс істейтін аппараттардың қауіпсіздігі туралы" (КО ТР 016/2011) техникалық регламенті талаптарының сақталуы ерікті негізде қамтамасыз етілетін мемлекетаралық стандарттарды, және зерттеу (сынау) және өлшеу қағидалары мен әдістерін, оның ішінде Кеден одағының "Газ тәрізді отынмен жұмыс істейтін аппараттардың қауіпсіздігі туралы" (КО ТР 016/2011) техникалық регламентінің талаптарын қолдану және орындау және техникалық реттеу объектілерінің сәйкестігін бағалауды жүзеге асыру үшін қажетті үлгілерді іріктеу қағидаларын қамтитын мемлекетаралық стандарттарды әзірлеу (өзгерістер енгізу, қайта қарау) жөніндегі бағдарлама бекітілсін.
2. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының "Оларды қолдану нәтижесінде Кеден одағының "Газ тәрізді отынмен жұмыс істейтін аппараттардың қауіпсіздігі туралы" (КО ТР 016/2011) техникалық регламенті талаптарының сақталуы ерікті негізде қамтамасыз етілетін мемлекетаралық стандарттарды, сондай-ақ зерттеу (сынау) және өлшеу қағидалары мен әдістерін, оның ішінде Кеден одағының "Газ тәрізді отынмен жұмыс істейтін аппараттардың қауіпсіздігі туралы" (КО ТР 016/2011) техникалық регламентінің талаптарын қолдану және орындау және және өнімнің сәйкестігін бағалауды (растауды) жүзеге асыру үшін қажетті үлгілерді іріктеу қағидаларын қамтитын мемлекетаралық стандарттарды әзірлеу (өзгерістер енгізу, қайта қарау) жөніндегі бағдарлама" туралы 2013 жылғы 24 сәуірдегі № 89 шешімінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.
|
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы |
М. Мясникович |
| Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2021 жылғы 25 мамырдағы № 58 Шешімімен БЕКІТІЛГЕН |
Оларды қолдану нәтижесінде Кеден одағының "Газ тәрізді отынмен жұмыс істейтін аппараттардың қауіпсіздігі туралы" (КО ТР 016/2011) техникалық регламенті талаптарының сақталуы ерікті негізде қамтамасыз етілетін мемлекетаралық стандарттарды, және зерттеу (сынау) және өлшеу қағидалары мен әдістерін, оның ішінде Кеден одағының "Газ тәрізді отынмен жұмыс істейтін аппараттардың қауіпсіздігі туралы" (КО ТР 016/2011) техникалық регламентінің талаптарын қолдану және орындау және техникалық реттеу объектілерінің сәйкестігін бағалауды жүзеге асыру үшін қажетті үлгілерді іріктеу қағидаларын қамтитын мемлекетаралық стандарттарды әзірлеу (өзгерістер енгізу, қайта қарау) жөніндегі БАҒАДАРЛАМА
№ | СМС коды | Мемлекетаралық стандарт жобасының атауы. Жұмыс түрлері | Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламентінің элементтері | Әзірлеу мерзімі | Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекет – жауапты әзірлеуші | |
басталуы | аяқталуы | |||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 27.060.20 | Сұйытылған көмірсутекті газбен жұмыс істейтін аспаптарға қойылатын техникалық талаптар. Сұйытылған көмірсутекті газбен жұмыс істейтін тасымалданатын газды аспаптар. EN 521:2019+АС:2019 негізінде МемСТ әзірлеу | 4-бап | 2022 жыл | 2024 жыл | Беларусь Республикасы |
2 | 23.040.70 | Резеңке және пластмасса құбыршектері/жеңдер, икемді құбырлар және пропанмен, бутанмен және олардың қоспаларымен бу фазасында пайдалануға арналған құбыр қосылыстары. 1 бөлім. Жеңдер және икемді құбырлар. . EN 16436-1:2014+A3:2020 негізінде МемСТ әзірлеу | 4-бап | 2022 жыл | 2024 жыл | Беларусь Республикасы |
3 | 23.040.70 | Резеңке және пластмасса жеңдер, икемді құбырлар және пропанмен, бутанмен және олардың қоспаларымен бу фазасында пайдалануға арналған құбыр қосылыстары. 2 бөлім. Құбыр қосылыстары. EN 16436-2:2018 негізінде МемСТ әзірлеу | 4-бап | 2022 жыл | 2024 жыл | Беларусь Республикасы |
4 | 27.060.20 | Газ жанарғылары мен аппараттарын қорғау және басқару құрылғылары. Жалпы талаптар. ISO 23550-2018 негізінде МемСТ ISO 23550-2015 қайта қарау | 4-бап | 2022 жыл | 2024 жыл | Қазақстан Республикасы |
5 | 27.060.20 | Газ жанарғыларына және газ тұтату жабдығына арналған сақтандырғыштар мен реттегіштер. Жеке талаптар. 2 бөлім. Редукциялық клапандар. ISO ISO 23551-2: 2018 негізінде МемСТ 23551-2-2015 қайта қарау | 4-бап | 2022 жыл | 2024 жыл | Қазақстан Республикасы |
6 | 27.060.20 | Газ жанарғыларына және газды жағу жабдығына арналған сақтандырғыштар мен реттегіштер. Жеке талаптар. 4 бөлім. Клапандарды автоматты түрде ажыратуға арналған жүйелер. ISO 23551-4: 2018 негізінде МемСТ ISO 23551-4:2015 қайта қарау | 4-бап | 2022 жыл | 2024 жыл | Қазақстан Республикасы |
7 | 27.060.20 | Газ жанарғылары мен аппараттарын қорғау және басқару құрылғылары. Жеке талаптар. 5 бөлім. Қолмен басқарылатын газ клапандары. ISO 23551-5:2014 негізінде МемСТ әзірлеу | 4-бап | 2022 жыл | 2024 жыл | Қазақстан Республикасы |
8 | 27.060.20 | Газ жанарғылары мен аппараттарын қорғау және басқару құрылғылары. Жеке талаптар. 6 бөлім. Жалынды термоэлектрлік бақылау құралдары. ISO 23551-6:2014 негізінде МемСТ әзірлеу | 4-бап | 2022 жыл | 2024 жыл | Қазақстан Республикасы |
9 | 27.060.20 | Газ жанарғылары мен аппараттарын қорғау және басқару құрылғылары. Жеке талаптар. 8 бөлім. Көп функциялы басқару құрылғылары. ISO 23551-8:2016 негізінде МемСТ әзірлеу | 4-бап | 2022 жыл | 2024 жыл | Қазақстан Республикасы |
10 | 27.060.20 | Газ жанарғылары мен аппараттарын қорғау және басқару құрылғылары. Жеке талаптар. 9 бөлім. Механикалық газ термостаттары. ISO 23551-9:2015 негізінде МемСТ әзірлеу | 4-бап | 2022 жыл | 2024 жыл | Қазақстан Республикасы |
11 | 27.060.20 | Газ жанарғылары мен аппараттарын қорғау және басқару құрылғылары. Жеке талаптар. 10 бөлім. Шығару клапандары. ISO 23551-10: 2016 негізінде МемСТ әзірлеу | 4-бап | 2022 жыл | 2024 жыл | Қазақстан Республикасы |
12 | 97.100.20 | Тұрмыстық қолдануға арналмаған бір оттығы бар құбырлы радиациялық газды төбелік жылытқыштар. 2 бөлім. Энергияны ұтымды пайдалану. ЕN 416:2019 негізінде МемСТ әзірлеу | 4-бап | 2022 жыл | 2024 жыл | Қазақстан Республикасы |
13 | 97.100.20 | Таспалы радиациялық төбелік газ жылытқыштары және бірнеше қыздырғыштары бар үздіксіз жұмыс істейтін құбырлы радиациялық жылытқыштар жүйелері. Қауіпсіздік және энергия тиімділігі. EN 17175:2019 негізінде МемСТ әзірлеу | 4-бап | 2022 жыл | 2024 жыл | Қазақстан Республикасы |
14 | 27.080 91.140.30 | Таза жылу қуаты 70 кВт аспайтын жылытуға және/немесе салқындатуға арналған газ сорбциялық аспаптар. 1 бөлім. Терминдер мен анықтамалар. ҚР СТ EN 12309-1-2020 негізінде МемСТ әзірлеу | 4-бап | 2022 жыл | 2024 жыл | Қазақстан Республикасы |
15 | 27.080 91.140.30 | Таза жылу қуаты 70 кВт аспайтын жылытуға және/немесе салқындатуға арналған газ сорбциялық аспаптар. 2 бөлім. Қауіпсіздік. ҚР СТ EN 12309-2-2020 негізінде МемСТ әзірлеу | 4-бап | 2022 жыл | 2024 жыл | Қазақстан Республикасы |
16 | 27.080 91.140.30 |
Номиналды жылу қуаты 70 кВт дейін жылытуға және/немесе салқындатуға арналған газды сорбциялық аспаптар. 3 бөлім. Сынақ шарттары. | 4-бап | 2022 жыл | 2024 жыл | Қазақстан Республикасы |
17 | 27.080 91.140.30 | Номиналды жылу қуаты 70 кВт дейін жылытуға және/немесе салқындатуға арналған газды сорбциялық аспаптар. 4 бөлім. Сынау әдістері. EN 12309-4:2014 негізінде МемСТ әзірлеу | 4-бап | 2022 жыл | 2024 жыл | Қазақстан Республикасы |
18 | 27.080 91.140.30 | Номиналды жылу қуаты 70 кВт дейін жылытуға және/немесе салқындатуға арналған газды сорбциялық аспаптар. 5 бөлім. Талаптар. EN 12309-5:2014 негізінде МемСТ әзірлеу | 4-бап | 2022 жыл | 2024 жыл | Қазақстан Республикасы |
19 | 27.080 91.140.30 | Номиналды жылу қуаты 70 кВт дейін жылытуға және/немесе салқындатуға арналған газды сорбциялық аспаптар. 6 бөлім. Маусымдық пайдалану көрсеткіштерін есептеу. EN 12309-6:2014 негізінде МЕМСТ әзірлеу | 4-бап | 2022 жыл | 2024 жыл | Қазақстан Республикасы |
20 | 27.080 91.140.30 | Номиналды жылу қуаты 70 кВт дейін жылытуға және/немесе салқындатуға арналған газды сорбциялық аспаптар. 6 бөлім. Маусымдық пайдалану көрсеткіштерін есептеу. EN 12309-6:2014 негізінде МемСТ әзірлеу | 4-бап | 2022 жыл | 2024 жыл | Қазақстан Республикасы |
21 | 23.060.40 | Газ аспаптарына арналған қысымды реттегіштер және олармен байланысты сақтандырғыш құрылғылар. 1 бөлім. Кірістегі қысымы 500 кПа дейінгі қысымды реттегіштерді қоса алғанда. EN 88-1:2011+A1:2016 негізінде МемСТ әзірлеу | 4-бап | 2022 жыл | 2024 жыл | Қазақстан Республикасы |
22 | 23.060.40 | Газ аспаптарына арналған қысымды реттегіштер және олармен байланысты сақтандырғыш құрылғылар. 2 бөлім. Кірістегі қысымы 50 кПа-дан 0,5 мПа-ға дейінгі қысымды реттегіштер. ҚР СТ EN 88-2-2014 негізінде МемСТ әзірлеу | 4-бап | 2022 жыл | 2024 жыл | Қазақстан Республикасы |
23 | 97.100.20 | Қуаты 300 кВт-тан аспайтын үй-жайларды жылытуға арналған тұрмыстық және тұрмыстық емес газды мәжбүрлі конвективті ауа жылытқыштар. EN 17082:2019 негізінде МЕМСТ әзірлеу | 4-бап | 2022 жыл | 2024 жыл | Қазақстан Республикасы |
24 | 91.140.10 | Тұрмыстық ыстық суды өндіруге арналған газ лездік Су жылытқыштар. EN 26:2015 негізінде МемСТ әзірлеу | 4-бап | 2022 жыл | 2024 жыл | Қазақстан Республикасы |
25 | 97.040.20 | Сұйытылған көмірсутекті газбен жұмыс істейтін аспаптарға қойылатын техникалық талаптар. Үйден тыс жерде пайдалануға арналған кіріктірілген гриль бар автономды плиталар. EN 484:2019/AC:2020 негізінде МемСТ әзірлеу | 4-бап | 2022 жыл | 2024 жыл | Ресей Федерациясы |
26 | 97.040.20 | Сұйытылған көмірсутекті газбен жұмыс істейтін аспаптарға қойылатын техникалық талаптар. Оттықтар көп мақсатты пайдалану үшін үй-жайлардан тыс. EN 497:1997 негізінде МемСТ әзірлеу | 4-бап | 2022 жыл | 2024 жыл | Ресей Федерациясы |
27 | 97.040.20 | Сұйытылған көмірсутекті газбен жұмыс істейтін аспаптарға қойылатын техникалық талаптар. Жанасатын грильдерді қоса алғанда, үй-жайлардан тыс пайдалануға арналған барбекю. EN 498:2012 негізінде МемСТ әзірлеу | 4-бап | 2022 жыл | 2024 жыл | Ресей Федерациясы |
28 | 83.140.50 | Газ аспаптары мен жабдықтардың тығыздағыштары мен мембраналарына арналған резеңке материалдар. Техникалық шарттар. EN 549:2019 негізінде МемСТ әзірлеу | 4-бап | 2022 жыл | 2024 жыл | Ресей Федерациясы |